Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Исходные данные 6 страница




Жалпы ұлттық өнімнің есептелуінің үшінші әдісі – өндіріс бойынша. Бұл әдіс бойынша ЖҰӨ қосылған құн бойынша есептелінеді. Ол туралы біз жоғарыда қарастырдық.

ЖҰӨ есептеудің барлық әдістері бірдей нәтиже береді.

Жалпы ұлттық өнімді есептегенде қызметтер мен туарлардың бағалары маңызды орын алады. Себебі, ЖҰӨ мөлшерін бір мезгілдегі оның жылдық ағымдағы бағаларын және салыстырылатын кезеңдегі бағаларын есептеу қажет. Ағымды бағалармен есептелген ЖҰӨ-ді номиналды ЖҰӨ деп атайды. Номиналды ЖҰӨ тек оны есептелген уақыттағы нақты жағдайды көрсете алады. Ал салыстырылып отырған кезеңдегі нақты жағдайды білуүшін инфляция деңгейі ескерілген нақты ЖҰӨ есептеу керек:

Нақты ЖҰӨ = х100%

Сонымен қатар осы көрсеткіштер арқылы елдегі инфляция деңгейі де есептелінде. Тұтыну тауарлары мен инвестициялық және басқа тауарлырдың бағалар өзгерісін сипаттайтын баға тндексін ЖҰӨ дефляторы деп атайды. Ол номиналды ЖҰӨ-ді нақты ЖҰӨ-мен салыстыру негізінде анықталады.

Жалпы ішкі ұлттық өнім және ұлттық табыс.

Кейбір жағдайда сол елдің территориясында басқа мемлекеттердің меншік иелері және сол елдің азаматтары өндірген өнімдердің көлемін (мөлшерін) анықтау қажеттілігі туады. Ол үшін ЖҰӨ басқа түрі жалпы ішкі өнім көрсеткіші қолданылады.

ЖІӨ – сол елдің территориясында барлық меншік иелерінің (шетелдік және отандық) өндірген қызметтер мен өнімдерінің нарықтық құнының жалпы сомасы.) Бұл жерде мынадай сұрақ туады ЖІӨ-ң ЖҰӨ-нен қандай айырмашылығы бар? Бұл айырмашылық мынада: жалпы ішкі өнімді есептегенде алдымен ЖҰӨ-ге сол елде жұмыс істеп жатқан шетел жұмыс істеп жатқан сол елдің азаматтарының табыстары алынып тасталынады. ЖІӨ-нің көлемі, біріншіден, экономиканың сол секторында өндірілген тауарларының құндарын есептеу арқылы, екіншіден, өндіріс процесінің әр сатысындағы қосылған құндарды қосу арқылы есептелінеді.

Макроэкономикалық көрсеткіштерге таза ұлттық өнім де жатады. Таза ұлттық өнім ЖҰӨ-нен амортизацияны алып тастағаннан кейін алған қалған ЖҰӨ-нің бір бөлігі:

Таза ұлттық өнім = ЖҰӨ - амортизация

Келесі макроэкономикалық көрсеткіш – ол ұлттық табыс. Ұлттық табыс бұл – жыл ішінде өндірілген жаңа құн немесе өндіріс факторларының меншік иелерінің жыл ішінде алған табыстарының (жалақы, процент, пайда, рента) мөлшерімен сипатталынады. Ұлттық табыс ттаза ұлттық өнімнен барлық жанама салықтарды (акциздер, қосымша құн салығы, баж салықтары және т.б.) алып тастау арқылы есептелінеді.

Ұлттық табыс = таза ұлттық өнім жанама салықтар.

Елдің дамуының негізгі және жинақтаушы көрсеткіші – ұлттық байлық болып табылады.

Ұлттық байдық – бұл адамдардың бүкіл ғұмырында жасалған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы. Ұлттық байлықтың көлемі елдің экономикалық қуаттылығының маңызды өскен сайын, оның құрылымы жақсарған сайын, қоғам экономиканы қарқынды дамытуға мүмкіншілік болады.

Ұлттық байлықтың құрамына мыналар жатады: негізгі және айналмалы қорлар, айналым қорлары (сақтандару қоры мен мемлекеттік резервтер, кәсіпорындардың материалдық резевтер (қор) және запастары); қоғамның өндіріс емес қорлары (тұрғын үйлер, оқу орындары, мемлекеттің меншігіндегі медициналық және мәдени-тұрмыстық мекемелер және т.б.); азаматтардың жеке мүліктері.

Ұлттық байлықтың ерекше түрлеріне өндіріс процесіне тартылған қоршаған ортаның элементтері: ауыл шаруашылығы пайдаланатын жерлер, орман, қазба байлықтар, гидроресурстар және т.б. жатады. Оларды тиімді және ұтымды пайдалану қоғамдағы экономикалық прогресстің қарқында өсуіне байланысты болады.

1 Еңбек нарығы және тепе-теңдік проблемалары

Нарықтық экономикадағы табыстарды бөлу туралы тақырыпта біз жалақы жұмыс күшінің құны мен бағасының өзгерген формасы екендігін және нарықта жұмысшы еңбегін емес, жұмыс күшін сататындығын анықтадық. Бұл жерде мына жағдайды ескеруіміз қажет. Нарықта жұмыс күші толық қанды тауар болу үшін, мына төмендегідей шарттар қажет:

1) Жұмыс күші иесінің жеке еркіндігі болу қажет, яғни ол өзінің жұмысқа деген қабілеттілігіне билік ете алуы қажет.

2) Жұмыс күші иесінде өндіріс -жабдықтары болмауы керек.

3) Жұмыс күші иесінде өмірге қажетті игіліктер болмауы керек, сол себептен ол өмір сүруге қажетті заттар үшін өзінің жұмыс күшін сатуға мәжбүр болады.

Қорыта айтқанда, жұмысшы өзінің жұмысқа деген қабілетін нарықта сатуға мәжбүр болады. Бұл нарықты еңбек нарығы деп атайды.

Еңбек нарығының басқа нарықтардан түбегейлі айырмашылығы бар. Себебі, басқа нарықтарға тауарлар мен мүдделерін және өмірлік мақсаттарын жүзеге асыра алады. Еңбек нарығы деп сұраныс пен ұсыныс арқылы жанама түрде жұмыс күшімен оны сатып алушылардың арасындағы экономикалық қатынастарды айтамыз.

Еңбек нарығы жетілген бәсекемен сипатталанады. Бұл нарыққа мынадай белгілер тән: жеке жұмысшы, немесе жеке жұмыс беруші жалпы нарықтық жағдайға әсер ете алмайды, жалақының мөлшері жеке фирмаға немесе жұмысшыларға байланысты емес, ол нарықтың конъюктурасына байланысты болады.

Жалақы өскен сайын жұмыс күшінің ұсынысы өсіп отырады.

Жұмысшы күшіне деген сұраныс жұмыс берушілердің тауарлар өндіруге қажетті мамандығы бар жұмысшыларды жалдау қажеттілігімен анықталады.

Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс әртүрлі факторлар негізінде қалыптасады, олар мыналар: қалыптасқан баға деңгейі, шығындар, жалақы, еңбек өнімділігі, халықтың саны, жұмысшылардың кәсіби мамандықтары; несие-қаржы, салық, жүйелері; кәсіподақтар іс-әрекеті және т.б

Сұраныс қисығы және ұсыныс қисықтарының қиылысқаны жалақының тепе-теңдік дәпежесін көрсетеді. Жалақының осы деңгейінде нарықта барлығы жұмыспен қамтамасыз етілгендігін, яғни жұмысшыға деген сұраныс, оның ұсынысына тепе-теңдігін көрсетеді.

Егер жалақының мөлшері әр түрлі септермен жалақының тепе-теңдік деңгейінен PE.P1 деңгейіне дейін өсірілсе, онда еңбек нарығында жаңа нарықтық жағдай қалыптасады.

Бұндай жағдайда, фирма сұраныс қисығындағы А нүктесіне сәйкес келетін жұмыс күшін ұсынады.

Осы нарықтық сәйкессіздіктің нәтижесінде ұсынылып отырылған жұмыс күші саны АВ мөлшеріне артық болады, оның нәтижесі жұмыссыздық болып табылады.

Жұмыс күшінің ұсынысының артық болуы жалақының тепе-теңдік деңгейіне дейін төмендеуіне ықпал етеді. Егер жалақы тепе-теңдік деңгейден төмен болса, онда кері процесстер қалыптасады. Жалпы бәсеке нарығы ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігімен сипатталады.

 

2.Жұмыссыздық мәні және түрлері

Еңбек нарығының нақты көрінісі жұмыссыздық болып табылады.

Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген ұсыныстың оның сұранысынан үнемі артық болуы жұмыссыздықты туғызады немесе обьективті жағдайларға байланысты уақытша жұмысы жоқ және жалақы алмайтын,еңбекке деген қабілеті бар азаматтарды жұмыссыздар деп атаймыз.

Жұмыссыздықтың негізгі себептері еңбек нарығындағы тепе-теңдіктің бұзылуы.Оны біз бірінші тақырыпшада қарастырдық.

Қазіргі экономикалық теория жұмыссыздықтың үш түрін ерекше бөледі:фрикциондық,құрылымдық,циклдық.

1. Фрикциондық жұмыссыздық,жұмыс күшінің аймақтық,кәсіптік және жасына қатысты қозғалысымен байланысты.Өзінің мазмұны жсғынан фрикциондық жұмыссыздықты өз еркімен болатын жұмыссыздарға жатқызуға болады.Жұмыссыздықтың бұл түрі еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен толық қамтамасыз етілген кезде де болады.

2. Құрылымдық жұмыссыздық- жұмыс күшіне деген ұсыныстың сұранысына тура келмеуі негізінде орын алады.Бұндай жағдай,өндірісте ғылыми-техникалық прогресстің нәтижесін пайдалану негізінде болуы мүмкін.Жұмыс орынның жаңа қалыптасқан құрылымның жұмыс күші құрылымына сәйкес келмеуіне орай өндірістегі жұмысшылардың бір бөлігі жұмыстан ығыстырылады.Бұл процестің негізгі себебі-жұмыссыз қалған жұмысшылардың бұрынғы кәсіби мамандығы,тәжірбиесі,білііктілігі жаңа теххнология жағдайына сай келмеуі.

3. Циклдық жұмыссыздық экономикалық коньюктураның(экономикалық жағдайын сипаттайтын белгілер) өзгерумен анықталады.Ол циклдық өрлеу кезінде азайып,дағдарыстар тұсында көбейіп отырады.Сондай-ақ,циклдық жұмыссыздық тауарларға деген сұраныстың төмендеуімен байланысты болады.Осы себептерге сәйкес циклдық жұмыссыздықты кейбірде сұраныс тапшылығымен байланысты жұмыссыздық деп атайды.

 

Маусымдық жұмыссыздық- экономиканың кейбір салаларындағы жұмыс күшіне деген сұраныстың маусымды қозғалыстарымен байланысты болады.

Жарым-жартылай жұмыссыздық жұмыс уақытын жартылай істейтін жұмысшыларды қамтиды.

Бүркеме жұмыссыздық-формальды түрде жұмысы бар,бірақ нақты түрде артық жұмыс орнына ие болып отырған адамдарды қамтиды.

Сонымен қатар, жалған немесе шынайы жұмыссыздық болуы мүмкін. Жоғарыдағы атап өткен жұмыссыздықтардың түрлерін шынайы жұмыссыздыққа жатқызуға болады. Яғни,шынайы жұмыссыздарға еңбек нарығындағы жағдайларға байланысты жұмысқа қабілеті бар адамдардың жұмыс таба алмауы жатады. Жалған жұмыссыздарға,әр түрлі себептермен жұмыс істегісі келмейтіндер жатады.

Жоғарыда атап өткен жұмыссыздықтың үш түрі:фрикциондық, құрылымдық және маусымдық экономикада әрқашанда орын алады.Сондықтан олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрады және толық жұмысбастылық деігейін айқындайды.

Еңбек нарығын талдау үшін жұмыссыздықтың деңгейін мына төменгі формуламен есептейді.

Жұмыссыздық деңгейі=жұмыссыздар саны х100%

жұмыс күшінің саны

Жұмыссыздықты есептеу.Статистика бойынша жұмысы бар адамдарды жұмыспен қамтамасыз етілген деп есептесе, ал жұмыссыздарды жұмыссыз немесе жұмыс іздеп жүргендер деп есептейді.

Статистикада: оқушыларды,зейнеткерлерді,мүгедектерді, сондай-ақ, жұмыс орнынан табудан үміт үзген,жұмыс іздеуді қойған адамдарды жұмыссыздарға жатқызбайды.

Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі жұмыссыздықтың табиғи деіңгейінен артып кетсе,онда тауар шығынына әкеп соғады.Соның нәтижесінде,қоғам жалпы ішкі өнімді кем алады.Жұмыссыздықтың деңгейінің өсуімен байланысты тауардың нақты шығындарын американ экономисі Оукеннің тұжырымдаған заңы негізінде есептеуге болады.Оукеннің заңы бойынша,жұмыссыздықтың нақты деңгейі оның табиғи деңгейінен 1% артса, онда жалпы ішкі өнімнің көлемі орта есеппен 2,5% төмендейді екен.Мысалы, жыл ішінде нақты ішкі өнім 1800млрд теңге болса,жұмыссыздықтың деңгейі 5%, оның табиғи деңгейі 3% болса,онда ел экономикасы 90млрд.теңге кем өнім алады екен. Толық жұмысбастылық жағдайында жалпы ішкі өнімнің көлемі 1890млрд.теңге тең болар еді.

3 Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау.Еңбек биржасы.

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және қолдау мемлекеттің әлеуметтік саясатында ерекше орын алады.

Мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саясаты әртүрлі формада жүзеге асырылады. Соның ішіндегі аса маңызды бағыты қоғамдық өндірісте мемлекеттік бюджет есебінен қосымша жұмыс орындарын құру,жұмыссыз азаматтарды кәсіптік даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет адамдарға өзін-өзі жұмыспен қамтуға жағдай жасайды.Осы саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру.Сонда-ақ, кооперативтерді,акционерлік кәсіпорындарды,жеке кәсіпкерлікті,шаруа қожалықтарының дамуына жағдай жасау. Осы шараларды жүзеге асырудағы мемлекеттің негізгі міндеті тиісті құқықтық база құруды, кәсіпкерлерге салық жағынан жеңілдік жасауды несие жағынан да жеңілдіктер беруді көздейді.

Мемлекет жұмыссыздарды жұмыспен қамту мәселелерін шешу мен қатар, жұмыссыздарға әр түрлі әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.Оларға жататындар:

1.Жұмыссыздарға жәрдем ақы төлеу.Бұндай жәрдем ақы әр мемлекетте бірдей болмайды. Жәрдем ақыны жұмыс бастылық қорына жарна төлеген, еңбек стажы бар және еңбек биржасында тіркелінген адамдар алады.

2.Жұмыссыздарға ақшалай көмек көрсету.Бұл жұмысы жоқтарға көмек көрсетудің екінші түрі.Көмек көрсету кейбір елдерде тұрақты ставка түрінде болса, ал кейбір елдерде жәрдем ақы сияқты жалақының бір бөлігін құрайды.Ал, АҚШ-та және Жапонияда жұмыссыздарға мұндай көмек көрсетілмейді.

3.Қоғамдық транспортта жүру үшін жол ақысын төлеу, коммуналдық төлемдердің белгігі бір бөлігін төлеу үшін мемлекеттің жанұяяға берілетін ақша қаражаты.

4. Жұмыссыздарға кәсіптік қайта дпярлау және мамандықты көтеру кезінде төленетін стипендия.

Еңбек нарығын реттеуде еңбек биржасы маңызды орын алады. Еңбек биржасы дегеніміз жұмыс күшін сату-сатып алу туралы кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы делдалдық қызмет атқаратын мекеме.

Еңбек биржасының негізгі қызметтері:

1 Жұмыссыздарды есепке алу және оларды жұмысқа орналастыру туралы делдалдық қызмет көрсету

2 Жұмыс күшіне сұранысыт және ұсынысты зерттеу және бос жұмыс орындары туралы мәлімет беру;

3 Жұмыссыздардың төлем ақыларының мөлшерін және төлейтін уақыттарын анықтау.

Қазіргі кезеңде, еңбек биржасының қызметін мемлекеттік еңбек биржасы, сондай-ақ жекеменшік агенттіктер атқарады.

 

4. Халықтың табыстары және олардың көздері.Халықты әлеуметтік қорғау

 

Халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайы алдымен қоғамның әр мүшесінің алатын табыстарының деңгейіне байланысты болады. Табыстар деп адамдардың тиісті бір мезгілд табатын ақша қаржысының сомасы айтылады.

Табыстардың негізгі көздеріне жалақы,пайда,дивиденд,рента,әлеуметтік төлемдер:зейнетақы, жәрдем ақының әр түрлері, сондай-ақ, көлеңкелі экономиканың табыстары жатады.

Халықтың табыстарының деңгейін анықтау үшін номиналды және нақты табыс көрсеткіштері пайдаланады.

Номиналды табыс жеке адамдардың бір мезгіл ішінде алатын ақшалары. Ұлттық табыстан міндетті төлемдерді және салықтарды шегеріп тастағаннан кейін қалған табысты қолда бар табыс деп атайды. Нақты табыс деп адамның қолында бар табысына сатып ала алатын тауарлар мен қызмет көрсету саны.

Бірақта, қоғамдағы табыстардың құрылу принциптері бір болғанымен табыстардың теңсіздік шарттары сақталады.

Табыстардың теңсіздік дәрежесін анықтау үшін дүние жүзілік практикада Лоренц қисығы қолданылады. Көлденең сызығында халық санының пайызын, тік сызықта – табыс пайызын белгілейік.Егер халықтың барлық топтарының табысы бірдей болса онда халықтың 20%- на 20% табыс келеді.Онда ОЕ табыстың абсолюттік теңдігін көрсетеді. Лоренц қисығы АВСДЕ ОЕ сызығынан алыстаған сайын қоғамдағы табыстардың дұрыс бөлінбейтінің көрсетеді. Тұтыну қоржыны рационалды және минималды деп бөлінеді. Егер халықтың табысы минималды қоржынның құнынан төмен болса, онда ондай адамдар кедейшілік өмір сүрушілер тобына жатқызылады. Тұтыну қоржыны дегеніміз не? Бұл адамдардың өмір сүруіне қажетті тауарлар мен қызметтердің және басқа да игіліктердің жиынтығын білдіретін ұғым. Тұтыну қоржынының көлемін, құрылымын қалай анықтауға болады? Медицина ғылымының айтуынша, адам организмінің қалыпты жұмыс істеуі үшін тәулігіне 2344 килокалорий мөлшерінде күш-қуат керек. Ал бұған жету үшін белгілі көлемде тамақ өнімдері қажет. Осы тұтыну қоржының құнына киім-кешек, рухани қажеттіліктердің табыстары мен шығындарын, тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету бағаларының өсуін ескере отырып, республикада халықтың ақшалай табыстары индекстелініп саласындағылардың табыстары зейнетақы және т.б әлеуметтік төлемдер жатады. Дүние жүзілік практика көрсетіп отырғандай, бюджеттік мекемелерінің қызметкерлерінің табыстары екі индекс негізінде –өндіріс салаларындағы жалақының өсу индексі және тұтыну бағалары негізінде индекстеленеді.

Тұтыну қоржыны минималды тұтыну бюджетін есептеу үшін қолданылады.

Минималды тұтыну бюджет жалақының ең аз мөлшерін анықтауға пайдаланылады. Күнкөріс минимумы жанұяның ең аз қажетті материалдық игіліктерінен құралады.

Күнкөріс минимумының мөлшері халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын көрсеткіш.

12-тақырып: Ақша-несие жүйесі.

1. Ақша жүйесі түсінігі және типтері

2. Несиенің мәні, қызметтері және формалары

3. Несие жүйесі. Банктер, олардың қызметтері және түрлері

 

§1. Ақша жүйесі түсінігі және типтері

Нарықтық экономикада ақша аса маңызды рөл атқарады. Ақшасыз, ақша айналысынсыз нарықтың болуы мүмкін емес. Ақша айналысы деп тауарларды өткізуді, сондай-ақ қарыз капиталын қамтамасыз ететін ақша қозғалысын айтамыз. Қазіргі кезеңде дүние жүзінде ақша айналысының әртүрлі жүйелері қалыптасқан. Олар әр мемлекеттің заңдарында бекітілген. Ақша жүйесінің негізгі компоненттеріне (бірнәрсенің құрамындағы бөлік) жататындар:

1. Ұлттық ақша (доллар, сом, теңге, евро және т.б.)

2. Қолма-қол ақша айналысындағы заңды төлем құралдары ретінде монета, несие және қағаз ақша жүйесі.

3. Ақша эмиссия жүйесі, яғни айналысқа қолма-қол ақшаны заңды шығару тәртібі.

4. Ақша айналысын реттеумен айналысатын мемлекеттік мекемелер.

Айналыстағы ақша түрлеріне қарай ақша айналысының жүйесі екі негізгі түрге бөлінеді:

1. Темір ақша айналыс жүйесі, яғни айналыста күміс және алтын монеталардың қолдануы, оны биметализм дейді, кейін монеметализм орын алды, онда ақшаның рөлін бр металл алтын атқарды, ал несиелік ақшалар темір ақшаға еркін айырбасталды.

2. Алтынға еркін айырбасталмайтын қағаз және несиелік ақша айналыс жүйесі.

Алтын айналыстан ығыстырылды. Яғни, бүгін айналыс сферасын несиелік және қағаз ақшалар қамтамасыз етеді. Қазіргі кезеңде қағаз ақша мен несиелік ақшаны тек мемлекет қана шығара алады, яғни мемлекет монополияланған. Мемлекеттің меншігіндегі орталық банк айналыстағы ақша массасын көбейту немесе азайту арқылы ақша айналысын реттеп отырады. Ақша массасы деген не, оны қалай түсінуге болады?

Ақша массасы – ұлттық экономикада қызмет көрсету мен тауар айналысын қамтамасыз ететін қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жүргізілетін төлем құралдарының жиынтығы болып табылады. Ақша массасы сонымен қатар, қор жинау, төлем және айналым құралының қызметін атқарады. Қазіргі кезеңде ақша массасының құрамында қағаз ақша үлесі өте төмен 25% болады, ал ақша массасының басқа бөлігі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында банктік есепшот арқылы жүргізіледі. Нарықтық экономика жағдайында банктік ақша дәуірі басталған. Банктік ақшаға чектер, несие карточкалары және т.б. жатады. Тауар мен қызметі төлеуде сатып алушы чек пен несие карточкасы арқылы банкке өз депозитінен қажетті соманы сатушының есепшотына аударады немесе қолма-қол беруді бұйырады. Ақша массасының құрамына тікелей сатып алу немесе төлем құралы ретінде пайдаланылмайтын компоненттер де кіреді. Әңгіме коммерциялық банктердегі мерзімді есепшоттағы жинақ салымдары, басқа да несие-қаржы ұйымдарының қаржылары, депозиттік сертификаттар, инвестициялық қорлардағы акциялар болып отыр. Ақша айналымының аталған компоненттері «квази ақша» деп немесе ақша дерлік (почти деньги) деп аталады. Бұлар байлықтардың өтімді түрлеріне жатады. Себебі, ұзақ мерзімді салымдар, облигацияларды және акциялардың кейбір түрлерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыруға болады, қандай да болмасын мүліктің немесе активтің өтімділігі дегенде оның оңай сатылуы және құнын жоғалтпай ақша түріне айналуы мүмкіндігін айтады. Демек, активтердің ең өтімді түрі – ақша. Жоғары өтімді мүліктерге алтын, бағалы металдар мен тастар, мұнай, өнер шығармалары жатады.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, ақша массасының өтімділігіне қарай оның құрылымының жиынтық көрсеткіштерін немесе ақша агрегаттарын (Мо, М1, М2, М3) (ақша массасын өлшеу үшін қолданылады) бөліп көрсетуге болады. (Бұл ақша ұсынысы жағынан қарастыру болып табылады). М0 агрегаты немесе ақша массасының көрсеткішіне қолма-қол ақшалар мен монеталар және кәсіпорындардың қаласындағы ақшалар кіреді. М1 агрегатына М0 және халықтың, кәсіпорындардың депозиттегі ақшалары мен жеке адамдар мен юридикалық тұлғалардың есепшоттарындағы ақшалар жатады, М2 агрегатына М1 және халықтың ұзақ мерзімдік салымдары кіреді, М3 – М2 және депозитты сертификаттар мен мемлекеттің қарыз облигацияларынан құрылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 121; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopediasu.com - Студопедия (2013 - 2026) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.