Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Исходные данные 8 страница




Мемлекеттік бюджетті орындау барысында, оның шығындары толық өтеулі қажет. Себебі, қазір мемлекеттердің көпшілігінде бюджеттің шығысы кірісінен артып кету орын алуда. Оның нәтижесі бюджет тапшылығы болып табылады.

Бюджет тапшылығының негізгі себептері қандай?

Бюджет тапшылығының негізгі себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

-экономикалық дағдарыс жағдайында табыстың төмендеуі және ұлттық табыстың өсуінің азаюы;

-мемлекеттің шығындарының өсуі;

-артық ақшалары көп шығару;

-«колеңкелі» экономика көлемінің өсуі;

-қорғанысқа кететін шығындардың қсуі;

-қаржыны заңсыз жұмсау;

-қаржы-экономикалық саясаттың тұрақсыздағы.

Мемлекеттік бюджет тапшылығын негізінен мына төрт жолдарымен шешуге болады:

1)бюджеттің шығынын азайту;

2)салықтарды өсіру негізінде бюджеттің кірісін көбейту;

3)ақша эмиссияны – ең оңай, бірақ қауіпті жол. Бұл жағдайда тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақша массасын шығару, түбінде инфляцияға әкеліп соғады;

4)мемлекеттік займ (халықтан, кәсіпорындардан, шет ел мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан). Бірақ, бұл шара бюджеттің тапшылығын кеміткенмен мемлекеттің қарызының өсуіне әкеліп соғады.

Бюджет тапшылығының артуы мемлекеттің қарыздарын өсіреді.

Мемлекеттік қарыз – белгілі бір кезеңде бюджет профцитін шегенгеннен кейін қалған бюджет тапшылығының сомасы.

Сондықтан, мемлекеттік қарызға талдау жасалмай бюджет тапшылығының қандай көлемі экономикаға қауіпті екендегін анықтау мүмкін емес. Яғни, бюджет тапшылығымен мемлекеттік қарыз арасында тығыз байланыс бар.

Мемлекеттік қарыз: сыртқы және ішкі болады.

Сыртқы қарыз – мемлекеттің басқа елдердің жеке азаматтарына, ұйымдарына, өкіметтеріне қарызы. Ішкі мемлекеттік қарыз – мемлекеттің өз ішіндегі кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке азаматтарына қарызы. Ішкі қарызға жеке және заңды тұлғалардың алдындағы үкіметтің қарыз міндеттемелері жатады.Қарыз мендеттемелері мынадай формада болуы мүмкін: өкіметтің атынан шығарылған құнды қағаздарының басқа түрлері. Ішкі қарыз ұлттық экономикаға аса қауіпті емес.

Аса қауіпті сыртқы қарыз. Себебі, мемлекет қарыздың өзін және оған төленетін пайызды өтеу үшін басқа елдерге өз еліне қажет болып тұрған тауарларды беруге мәжбүр болады. Осыған байланысты сыртқы қарыз елдің экономикалық жағдайына теріс әсер етеді. Сонымен қатар сыртқы қарыздың шамадан тыс өсіп кетуі мемлекеттің халықаралық беделін төмендетеді.

Ішкі қарыздарды өтеу барысында тауарлар сыртқа кетпейді, бірақ ол ішкі нарықта бірқатар проблемаларды туғызады:

Біріншіден, мемлекеттік қарыз бойынша процент төлеу барысында табыстар халық арасында қайта бөлінеді. Халықтың бір тобы екінші тобы есебінен байып отырады. Мемлекеттің құнды қағаздарын көп жағдайда бай адамдар сатып ала алады, ал салықтарды азаматтардың бәрі төлейді.

Екіншіден, өкімет қарызды және процентті төлеу үшін салықтарды өсіруі мүмкін, ал ол экономикаға инвестицияның жұмсалуын азайтады. Сонымен қатар, салық ставкаларының өсуі қоғамда әлеуметтік жағдайларды шиеленістіруі мүмкін.

Үшіншіден, мемлекет қарызын шығаруды қолданса, онда қарыз процентінің ставкалары өседі, ол негізгі капиталға инвестицияны төмендетеді.

Төртіншіден, ішкі қарыздың көлемдігі шетел инвестицияның келуін азайтады және халықтың ертеңі күнге деген сенбеушілігін туғызады.

 

 

3. Салықтар. Салықтың қызметтері. Лаффер қисығы

Өнеркәсібі дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, салық-нарықтық экономиканың дамуының қажетті шарты. Себебі, әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар-мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.

Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

Осы ьұрғыдан алып қарағанда, салықтардың маңыздылығы олардың мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі болып табылатындығына.

Салықтарға мемлекеттің заңдары негізінде жеке және заңды тұлғалардан алынатын міндетті алымдар жатады. Салықтар мемлекеттің қаржы ресурстарын құрудағы заңды және жеке тұлғалардың міндеттерін және экономиканың әртүрлі сфералары арасындағы қаржы ресурстарын қайта бөлуді білдіреді.

Салықтың мәнін толық түсінц үшін, олардың экономикалық маңызын білу қажет. Ал, бұл оның атқаратын қызметтеріне тікелей қатысты.

Салықтар мынадай негізгі қызметтер атқарады: фискалдық, реттеушлік және қайта бөлу қызметі. Бұлармен қатар, салықтардың ынтадандыру, бақылау қызметтерін де атауға болады.

Реттеушілік – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызметі арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді.Мемлекет салық жеңілдіктері арқылы экономикалық өсу мен өндіріске инвестицияны тартуды, шағын бизнесті және өндірісті модернизациялауды (өндірісті жаңа техника негізінде жаңартуды) қамтамасыз етеді. Сонымен, салықтың реттеушілік қызметінің ең басты мақсаты – өндірістің дамуына ықпал ету.

Салықтың екінші қызметі – фискалдық – салықтың бұл қызметі елдің экономикасын дамыту үшін қажетті қаржы салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, т.б. шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.

Салықтың қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Одан кейін мемлекет бюджетте жиналған салық түсімдерін әртүрлі бағдармаларды қаржыландыру үшін (ауыл шаруашылықты, ғылымды, әлеуметтік сфераны, қошаған ортаны қорғау үшін) қайта бөле алады.

Нарықтық экономиканың қалыптастыру кезеңінде салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

Барлық салық түрері мен оларды жинау әдісі салық жүйесі деп аталады.

Жеке және заңды тұлғалардың арасындағы қаржы өатынастарының жиынтығы, салықтар және алымдар, салық салу әдістері мен тәсілері, салық заңдары және салықтарға қатысты актілер, салықтарды реттеуші органдар мен салықтар қызметтерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды. Салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болумен қатар ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғаюна, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толық іске асыралуына мүмкіндік туғызады.

Салық жүйесінің негізгі элементтеріне: салық ставкасы, салық базасы, салық жеңілдіктері жатады.

Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек. Сонда ғана, салық жүйесі өз қызметін жан-жақты және тиімді түрде іске асыра алады. Дүние жүзілік тәжірибеде қолданылып келе жатқан бірнеше принциптер бар. Оларды кезінде А.Смит көрсеткен:

1.Салық әр салық төлеушінің табысына қарай алынуы керек.

2.Салықтың мөлшері мен төлеу уақыты алдын ала белгіленіп қойылуы керек.

3.Әр салық салық төлеушіге ыңғайлы тәсіл арқылы алынуы қажет.

4. Салық жинау шығындары неғұрлым аз болғаны қажет.

Салық жүйесі мемлекеттің заң актілеріне негізделеді. Олар салықтарды алу және құрудың нақты әдістерін белгілейді. Салықтарды мынадай белгілері бойынша топтастыруға немесе жіктеуге болады:

-салық салу объектілеріне қарай;

-салықтарды алу әдістеріне қарай;

-салықтың мөлшерін анықтау әдісіне қарай;

-салықтарды пайдалану тәртібіне қарай.

1.Салық салу объектісіне қарай: табыстар (жалақыға, рентаға, табысқа және т.б.) және мүлік (жерге, кәсіпорындарға, үйге, пәтерге және т.б.) түрлеріне бөлінеді.

2.Алу әдістеріне қарай – салықтар жанама және тікелей болып бөлінеді. Тікелей салық негізінен табысқа салынатын салық болса, жанама салық –тұтыну салығы болып табылады. Тікелей салық мемлекеттің жалпы қажеттеріне қаржыны жұмылдыратын инструмен. Тікелей салық табыстардан тікелей алынатын салық (табыс салығы) немесе мүлік иелерінен алынатын салық (меншікке салық немесе мүлік салығы).

Жанама салықтар тауарлардың бағасының құрамына кіреді және тауарлар сатылғанда тұтынушылардан алынады. Бұл жерде жанама салықтың екі позициясын – акциз және баж салығын атап өтуге болады. Акциздер – ішкі нарықта сатылатын тауарларға салық. Сонымен қатар, акциздер, біріншіден, жеке акциздерге, яғни кейбір жеке тауарлардың бағаларына қосылатын қосылымдар (мысалы, темекі өнімдері, ішімдіктерге), екіншеден, универсалды акциздер – сатылатын тауарлардың жалпы құнына салынатын салықтар (мысалы, сатудан түсетін салық (налог с продажи), қосылған құнға салық және т.б.).

Баж салығы – мемлекеттік шекарадан өтетін тауарлардан, яғни транзиттік тауарлар мен ипорттық тауарлардан алынатын салықтар.

3.Салықтың мөлшерін анықтау әдісіне қарай, пропорционалды салық мөлшері – мүліктің құнына немесе табыстың сомасына байланысты емес тұрақты процент ставкалы салықтар жатады. Прогрессивтік (үдемелі) салықтар мөлшері, салық ставкасының өсуі табыстың өсуімен байланысты болады. Регрессивті салықтар жағдайында табыс өскен сайын салық ставкасы төмендеп отырады.

4. Пайдалану тәртібіне қарай – салықтар жалпы және арнайы немесе мақсатты болып бөлінедң.

Жалпы салықтар мемлекеттің орталықтандырылған қорына немесе мемлекеттік бюджтке түседі. Мақсатты немесе арнайы салықтар белгілі бір нақты бір әрекеттерге немесе шараларды жүзеге асыру үшін пайдаланады.

5.Салықты алатын және иелік ететін мекемелерге қарай – салықтар мемлекеттік және жергілікті болып екі топқа бөлінеді. Мемлекеттік салықтарды орталық басқару органдары белгілейді және алып отырады. Жергілікті салықтарды тиісті территориядағы жергілікті басқару органдары реттейді.

Мемлекет салық механизмі арқылы экономикалық өсуді ынталандыра алады. Экономиканың тиімділігін арттыру үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер бері жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың өсуі үшін өолайлы жағдай жасайды. Бүкіл экономикалық конъюктураны ынталандырудың басты шараларына, мысалы, 80-жылдарда АҚШ үкіметінің басына келген Рейган әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американ экономисі А.Лаффердің теориясы алынған. Ол салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді. (Лаффердің қисық сызығы деп аталады). Лаффердің ойынша, корпорациялар табысына шектен тыс салық ставкасын көтеру олардың күрделі қаржыға деген ынтасын жояды, ғылыми-техникалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік ьюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.

А. Лаффердің қисық сызығы Графикте мынадай төменгі көрініс алады (Сурет 1). Ординат сызығында салық ставкаларын (R), абциссада бюджетке түсімдер (У) көрсетілген.Салық ставкасы өскенде мемлекет табысы ұлғаяды. Салық ставкасының қолайлы мөлшерін R1, белгілесек, ал салықты одан әрі көбейту еңбек пен кәсіпкерлік ынтасын төмендетеді, 100%-дық салық салу мемлекеттік табысты нөлге теңейді, өйткені, ешкім де тегін жұмыс істегісі келмейді. Басқаша айтқанда, салықты азайту қор жинауды, инвестицияны, жұмыспен қамтуды арттырып жиынтық табыстың көлемін ұлғайтады.

R

100%

R1

 

 

У

O У1

Сурет 1. Лаффер қисығы.

Нарық қатынастары қанат жайған кезде кәсіпкерлер мен үкіметтің, басқа да қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өзара экономикалық қатынастары қатаң түрде салық пен төлем арқылы реттеліп отырылуы қажет. Ол меншіктің көп түрлігімен де тығыз байланысты. Үкімет қаржысын толықтырудың басты жолы – салық жүйесі. Айталыұ, 1989 жбұрынғы КСРО-ның ұлттық табысы құрамындағы тікелей және жанама салықтың үлесі 70% астам болса, Францияда ол 45,6%, Новегияда – 47,8%, ал Швейцарияда – 50,6 %.

Кәсіпкерледі тауарларды көп өндіруге ынталандырудың бір жолы салықтың дұрыс қойылуында жатыр. Сондықтан, салық жүйесінің осы бастап дұрыс қалаптасуын қамтамасыз ету өте маңызды проблема.

Тақырып 14. Инфляция және инфляцияға қарсы саясат.

1. Инфляцияның мәні және себептері.

2. Инфляция деңгейі және негізгі түрлері.

3. Инфляцияның леуметтік- экономикалық салдары.

4. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты.

 

1. Инфляцияның мәні және себептері.

Инфляция- қазіргі нарықты экономикалық жүйенің дамуының ерекшелігін сипаттайтын экономикалық құбылыс болып табылады.

Инфляцияның әдеттегі жалпы анықтамасы – тауар айналысының қажеттілігнен ақша массасының артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Бірақта инфляцияның бұл анықтамасын толық деп есептеуге болмайды. Себебі, өткен ғасырдың 60-70-ші жылдарынан бастап инфляцияны көп факторлы процесс ретінде қарастыра бастады. Қазргі кезеңде инфляция теориясын экономистердің көпшілгі ақша теориясы негізінде емес, баға теориясы арқылы, яғни бағаға сер ететін факторлар, негізінде түсіндіреді. Мұндай тұрғыдан қарастыру сұраныс инфляциясының және ұсыныс инфляциясының концепцияларының негізін құрайды.

Демек, инфляцияның дәлірек анықтамасы – ол жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың арақатынасының бұзылуын көрсететін процесс. Ол нарықтағы жеке бір тауардың емес, елдегі тауарлардың барлық бағаларының жалпы деңгейінің өскенін көрсетеді. Инфляция кезінде кейбір тауарлардың бағалары қайта төмендеуі мүмкін, оны дефляция деп атайды, ал кейбір бағалар тұрақты болуы мүмкін. Сонымен, инфляцияны күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс және қарама-қайшы процесс ретінде қарастыра отырып, екі жағдайды ескеру қажет: біріншіден, алтын ақшаға қарағанда, құнсыздануға тек қағаз ақшалар ғана ұшырайды. Екіншіден, жоғарыда көрсеткеніміздей инфляция елдегі бағалардың деңгейінің жалпы өскенінен байқалады, ал жеке тауар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы құн заңымен реттеліп отырылады.

Инфляция ақша нарығында туады, сондықтан оның негізгі себептерін ақша айналысындағы келеңсіз өзгерістерден (деформация) байқауға болады. Олар мыналар:

1. Мемлекетің экономикаға араласуы және мемлекеттік сектордың өсуі. Бұның барлығы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы өсуіне, яғни мемлекеттік шығындардың кірісінен асып түсуіне әкеліп соғады. Егер, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы айналысқа қосымша қағаз ақша шығару арқылы немесе Орталық банкінің несиесі есебінен қаржыландырылса, онда айналыстағы ақша массасы (көлемі) өседі. Осындай ұқсас құбылыстар ұлттық табысты тиімсіз (мысалы, әскери шығындар) пайдалану негізінде пайда болуы мүмкін. Әскери шығындар тауармен қамтамасыз етілмеген қосымша сұранысты туғызады, оның нәтижесінде айналыстағы ақша массасы өседі.

2. Инфляциялық процестердің дамуына монополиялар мен кәсіподақтар да ықпал етеді. Кез келген монополист немесе олигополист тапшылықты тудыруға ынталы болады. (тауарларға деген ұсынысты және өндірісті кеміту негізінде. Бұл жағдайда олар бағаларды жоғары деңгейде ұстауына мүмкіндік алады. Кәсіподақтар да осындай ұқсас жағдайларда әрекет етеді. Олар өз мөшелерінің тіршілік деңгейін қолдау қажеттілігіне сүйену арқылы жалақыны өсіруді талап етеді. Сондықтан, монополиялар мен кәсіподақтар бағалардың және жалақының өсуіне ықпал етеді.

3. Дүние жүзілік экономиканың ғаламдық сипатының күшею жағдайында инфляцияның дүние жүзілік сауда бойынша арнасының ауысуы ұлғаяды. Мысалы, кейбір тауарлардың дүние жүзілік бағалардың өсуі, елге импорттайтын тауарлардың бағаларын өсіреді. Мұндай инфляцияға қарсы қолданатын шаралар шектеулі болады.

4. Қағаз ақшаның айналысқа жөнсіз шығарылуы және ақша массасына тиісті бақылаудың болмауы. Бұндай жағдайда нарықта тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасы пайда болады. Нәтижесінде, нарықтағы барлық тауарлардың бағалары өсу негізінде экономикада біртіндеп инфляция процестері дами бастайды.

5. Инфляция “инфляцияны күту” нәтижесінде орын алады. Экономистердің көпшілігінің пікірлерінше, өндірушілер мен халықтың инфляцияны күту себептерін жою мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының ең басты міндеті. Себебі, бағаның ертең тағы да өсу мүмкіндігін ескере отырып, тауарларды көптеп алады. Сонымен қатар, өндірушілер алдағы уақытта шикізаттардың материалдардың, қосалқы бөлшектердің бағаларының өсу мүмкіндігін ескере отырып, өз өнімдеріне жоғары баға белгілейді.

Сөйтіп, инфляцияны күту жағдайында жиынтық сұраныстың тез өсуі және жиынтық ұсыныстың баяу дамуы бағалардың жалпы өсуіне әкеліп соғады.

Инфляция процесі барлық елдерге тән құбылыс, бірақ оны қоздыратын факторлардың түрлері жеке елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты болады.

Жоғарыдағы атап өткен инфляцияның себептері сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасындағы тепе-теңдікке әсер етеді. Нәтижесінде, осы диспропорциялардың әсерінен, ең алдымен сұраныс жағынан тепе-теңдік бұзылады. Бұл жағдайда сұраныс инфляциясы пайда болады, яғни халықтың және шаруашылық субъектілрдің ақшалай табыстары, тауар ұсынысына қарағанда тез өседі. Сұраныс жағынан сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы, барлық ресурстардың толық қамтылуы жағдайында өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі нәтижесінде болуы мүмкін. Егер қоғам барлық ресуртсарын өндірісте толық пайдаланатын болса, онда өндірушілер артық төлей алатын сұранысқа бірдей (адекватный) жауап бере алмайды. Осының бәрі ақырында бағалардың жалпы өсуіне әкеп соғады.

Ұсыныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы жағдайында бағалардың жалпы өсуі өндіріс шығындарының өсу нәтижесінде болады, яғни жалақының өсуі, шикізат, отын, энергия бағаларының өсу салдарынан кәсіпорындардың шығындары өседі. Өндірілген өнімдердің шығындары өскен сайын кәсіпорындардың қызметтер мен тауарларды өндруд өсіру үшін қажетті пайдасы кемиді. Нәтижесінде, тауарлар (өндіруі) ұсынысы азаяды, соның салдарынан бағалар жалпы өсе бастайды. Практика жүзінде сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясын бір-бірінен ажырату қиынға соғады. Мысалы, жалақының өсуін, сұраныс инфляциясына немес ұсыныс инфляциясына жатқызуға болады.

2. Инфляция деңгейі және негізгі түрлері.

Инфляция бағаның өсу динамикасын айқындайтын баға индекстері арқылы өлшенеді. Дүние жүзілік практикада олардың келесі түрлері пайдаланылады: көтерме сауда баға индексі, бөлшек сауда (тұтыну) баға индексі, баға индекстері – ЖҰӨ дефляторы, экспорттық және импорттық бағалар индексі және басқалары.

Көтерме сауда баға индексі – тауарлардың үш тобынан – түпкі (конечные) тауарлардан, аралық (промежуточные) тауарлардан жне өңдеу үшн дайындалған шикізаттардан құрылады. Ол құрылыс және өнеркәсіп кәсіпорындарының сату бағаларының отраша деңгейінің өзгеріун көрсетеді.

Тұтыну (бөлшек сауда) бағалары индексі – тұтыну қоржынына кіретін, қызметтер мен товарлар үшн есептелнеді:

Тұтыну бағалар = ағымдағы бағалар бойынша тұтыну қоржыны 100% индексі базалық жылдың бағалары бойынша тұтыну қоржыны

ЖҰӨ дефляторы түпкі өнімнің маңызды компоненттерінің нарық бағаларының өзгеруін сипаттайтын индекстер тобы болып табылады.

ЖҰӨ дефляторы = белгілі бір жылдың ағымды бағалар бойынша өндіріс көлемі индексі базалық жылдың бағалары бойынша белгілі бір жылдағы өндіріс көлемі

Баға индексі инфляциянынң түрлерін анықтайтын үш белгілердің біріншісі болып табылады. Екінші белгісі – тауарлардың әр түрлі топтарының өзгеру дәрежесін көрсетеді, үшнші белгісі - күткен жне күтпеген инфляция.

Инфляция бірнші белгісі бойынша үш түрге бөлінеді: қалыпты(умеренная) инфляция (бағаның өсуі 10% - тен аспайды, ақшаның құны өзгермейді); жоғары қарқынды (голопирующая) инфляция (бағаның өсуі 20% - дан 200 пайызға дейін жетеді, контрактар, келісімдер жасалғанда бағаның мұндай өсу қарқыны есепке алынады); шексіз инфляция (гиперинфляция) (бағалар өте жоғары қарқынмен өседі, айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді).

Бағалардың өсуінің тепе-теңдік (сбалансированность) дәрежесі бойынша инфляция балансталған (тепе-теңдік) болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі; балансталмаған (тепе-теңдік емес) инфляция жағдайында тауарлардың бағалары әр түрлі пропорцияда тұрақты өзгеріп отырады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 82; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopediasu.com - Студопедия (2013 - 2026) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.