Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Исходные данные 3 страница




Кәсіпкерліктің тәуелсіздік белгісін абсолютті түрде түсінуге болмайды. Себебі, экономикада абсолютті еркінділік болмайды. Кәсіпкердің дербестілігі әрқашанда нарық экономикасының заңдылықтарымен шектеліп отырылады.

Дербестілік экономикалық ынталық принципі мен тікелей байланысты. Кәсіпкерліктің бұл белгісі кәсіпкерді табысты барынша көп алуға ынталандырады және кәсіпкерліктің дамуының негізгі қозғаушы факторы болып табылады. Көп жағдайда осы мол табысты алу үшін өндіріс ұйымдастырылады және оның көлемі ұлғайтылады. Сонымен қатар, кәсіпкер нарықтық экономиканың негізгі субъектісі ретінде өзінің ерекше мүддесі үшін өндірісті ұйымдастыра отырып, ол сондай-ақ түбінде қоғам үшін, қоғамдық мақсатқа жету үшін жұмыс істейді – бұл товар өндірісінің диалектикасы, (бұл жағдайда кезінде А.Смит назар аударған). Мысалы, Г.Форд кезінде автокөлік шығара бастағанда, ол өзінің жеке мүддесін, яғни пайда табуды көздеді, бірақ ол бара-бара автокөлік империясын құрғаны бәрімізге мәлім.

Кәсіпкерлікке творчестволық ізденіс, жаңашылдық белгілері тән. Себебі, шиеленіскен бәсеке жағдайында ешнәрсені өзгертпей тек бағаны өсіру есебінен пайда аламын деуге болмайды. Бәсеке күресінде өнімнің сапасына, оның ассортиментіне көр көңіл бөлгендер ғана және өнімді неғұрлым аз шығынмен өндіргендер ғана жеңіп шығады. Ол үшін тауар өндірушінің назарында жаңа технология, өндірісті ұйымдастырудың алдыңғы қатардығы әдістері болуы керек.

Кәсіпкерліктің тағы бір белгісі – шаруашылық тәуелділік пен жауапкершілік. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, тәуекелділік белгісіздікті білдіреді. Себебі, тәуекелге барған кәсіпкер өз ісін алдын ала болжауға мүмкіншілігі болмайды, өйткені кәсіпкер бір іс әрекет туралы шешімді тез арада қабылдауы керек. Мұндай жағдайда кәсіпкер нарықтағы жағдайды қаншалықты мұқият есептегенімен барлық факторларды алдын ала толық ескере алмайды. Себебі, тәуелділікке бел байлаған кәсіпкер нарық конъюктурасын алдын ала толық ескере алмайды. Сондықтан, көп жағдайда тәуекелділіктің дәрежесін экономикалық бағалау өте қиынға түседі, немесе мүмкін болмайды. Ал жауапкершілік шаруашылық өмірде нақты көрініс алады, оны тиісті көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Кәсіпкерліктің осы белгісі кәсіпкердің іскерлігіне, қиындықтарға қарсы тұра алатындығына, бәсекелесе білетіндігіне негізделген.

Кәсіпкерліктің экономикалық табиғатына толық сипаттама беру үшін, кәсіпкердің экономикалық ойлау қабылетін ескеру керек. Кәсіпкерді өнертапқышпен салыстыруға болады. Кәсіпкер өнертапқышқа қарағанда, ашқан жаңалықпен ғана шектеліп қана қоймай, ол оны практика жүзінде тез арада пайдалануды және қысқа мерзімде тиісті нәтиже алуға тырысады. Ол үшін кәсіпкердің сол салада тиісті арнайы білімі болуы керек, сондай-ақ нарық экономикасының заңдылықтары туралы хабары болуы тиіс.

 

 

§ 3.Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары

Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны (агенті) фирма болып табылады. Фирма- иелігінде бір немесе бірнеше кәсіпорындары бар және пайда алу мақсатында қызмет көрсету және тауар өндіру үшін ресурстарды пайдаланатын ұйым. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі белгілер негізге алынады. Олар көп жағдайда екі белгі негізінде жіктелінеді: меншік формасы және фирманың көлемі негізінде. Меншіктің әр түрлі формалары кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының пайда болуының және дамуының негізі болып табылады.

Меншіктің формаларына қарай кәсіпкерліктің келесі ұйымдық-құқықтық формаларын көрсетуге болады. Олар мыналар: жеке меншіктегі кәсіпкерлік фирмалар, серіктестік, акционерлік қоғам (корпорация).

Жеке меншіктегі кәсіпкерлік фирма деп бір адамның иелігіндегі бизнесті айтамыз, яғни фирманың мүлкі бір адамның меншігінде болады. Сондай-ақ жеке меншіктегі кәсіпкерлік фирмалар жеке-дара кәсіпкерлікпен айналысатын, бизнестен түскен пайданы, табысты толық иемденетін, сонымен бірге оның бар ауыртпалығын, жауапкершілігі мен тәуекелшілігін өз мойнымен көтеретін жекеленген адам немесе жеке жанұя. Егер фирма нашар жұмыс істесе немесе күйресе, фирма иесі заң талаптарына сәйкес өз міндеттерін өзінің барлық жеке мүлкімен жауап береді. Яғни, бұндай фирмаларда шексіз, толық мүліктік жауапкершілік болады.

Жеке меншіктегі кәсіпкерлік фирмаларды ұйымдастыруға көп қаржы кетпейді. Жеке фирмалардың кемшіліктері қаржы көздерінің шектеулігінде және тез күйреп кетуіне байланысты коммерциялық банктер көп мөлшерде несие бермейді. Олар заңды құқығы бар мекемелерге жатпайды, сондықтан, олар тек табыс салығын ғана төлейді. Корпорация төлейтін салықтарды төлемейді. Бұндай фирмалар көп жағдайда сауда және қызмет көрсету салаларында кеңінен қолданылады.

Кәсіпкерліктің тағы бір түрі серіктестік қоғамдар – бірнеше адамдардың меншігіндегі фирмалар. Олар серіктестік мүшелерінің осы фирмаға қосқан мүліктерінің үлесі негізінде құрылады және пайының (үлесінің) көлеміне байланысты, түскен пайдадан өз үлестерін алып отырады. Егер оның бір мүшесінің пайы бүкіл фирма капиталының 10% құраса, онда ол фирманың таза пайдасының 10% иеленуге құқылы. Серіктестіктің міндетті шарттарының бірі олардың мүшелерінің арасында өзара келісімнің болуы.

Серіктестіктердің экономикалық қатынастарына байланысты: жауапкершілігі шектелмеген (толық) және жауапкершілігі шектеулі серіктестікке бөлінеді.

Толық серіктестік ұжымының барлық мүшелері фирма міндеттемелері бойынша толық жауапкершілікте болады. Фирманың пайдасы құрылтайшылардың жарғылық капитал үлесіне қарай бөлінеді. Егер толық серіктестік сәтсіздікке ұшыраған жағдайда, оның мүшелері фирманың барлық қарыздарына өз пайының көлеміне қарамастан бүкіл мүліктерімен жауап береді.

Сонымен қатар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мүшелері керісінше, өздерінің серіктестікке қосқан мүліктерінің үлесіне байланысты ғана жауап береді. Сондықтан да, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер барлық елдерде кеңінен қолданылады. Серіктестіктің жарғысында серіктестікті басқару органдарының құзіреті, олардың шешімдер қабылдау және серіктестіктер атынан әрекет жасау тәртібі белгіленеді. ЖШС-нің жалпы жиналысының құзіретіне жататындар:

1) Серіктестіктің жарғысын өзгерту;

2) Атқарушы органдарын құру және кері шақыру;

3) Жылдық есебімен бухгалтерлік балансын бекіту және оның пайдасы мен зиянын бөлу;

4) Серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы шешім шығару;

5) Серіктестіктің тескеру комиссиясын сайлау. Бұл мәселе серіктестіктің атқарушы органының шешуіне берілмейді.

Акционерлік қоғамдар – бұл да кәсіпкерлікпен айналысатын, заңды тұлғалардың бірі. Акционерлік қоғамдардың иесі және оны басқарушы, осы фирманың акциясын сатып алған азаматтар болып табылады. Акционерлік қоғамның капиталы – акцияларды шығару мен оны стау арқылы құрылады. Акция иесі осы компанияның пайдасының бір бөлігін дивиденд ретінде алуға құқылы. Әрбір акция оның иесіне акционерлер жиналысында 1дауыс береді. Акционерлік қоғамды басқару мүмкіндігін беретін акцияның 51% бақылау пакеті деп аталады. Акционерлік қоғам басшылығы жыл сайын алынған пайданың бір бөлігін дивидент түрінде, ал бір бөлігін өндірісті кеңейтуге жұмсайды. Дивиденттер акцияның құнына байланысты процент түрінде беріледі. Мысалы,бір акцияның номиналды құны 1000 теңге дивиденд 5% мөлшерінде болса, онда акция иесі бір акцияға 50 тенге алады. Егер акционерлік қоғам жыл аяғында шығынмен шықса, онда дивидендттер төленбейді. Акционерлік қоғам жауапкершілігі шектеулі компаниялардың қатарына жатады. Акционерлік қоғамның мүшелерінің жауапкершілігі акционерлік қоғамға кіру үшін салынған қаражат шеңберімен шектеледі.

Акционерлік қоғамның акционері кез келген уақытта өз акциясын басқа біреуге сатып, қоғамнан шығуына болады.

Ұйымдық форма жағынан акционерлік қоғамдар ашық немесе жабық түрде болуы мүмкін. «Жабық» акционерлік қоғамда – акциялар бірнеше құрылтайшылардың иелігінде болады, қор биржасында сатылмайды. Ал “Ашық” акционерлік қоғамның акциялары қор биржасында еркін түрде сатылады және сатып алынады.

Кәсіпкерлік салада қызмет ететін фирмалар, сондай-ақ көлемі бойынша жіктеледі. Соған байланысты фирмалар шағын, орта және ірі болып бөлінеді.

Фирманың көлемі оның технологиялық ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, кейбір салаларда капитал сыйымдылығы жоғары болғандықтан, онда өндіріс көлемі де ірі болады. Ал экономиканың басқа салалары үшін фирманың көлемінің ірі болғаннан гөрі, шағын болғаны ел экономикасының дамуына едәуір маңызды ықпал етеді.

Қазіргі кезде шағын және орта бизнес саласында фирмалар көлемі жағынан әр түрлі көрсеткіштер негізінде жіктелінеді. Мұндай көрсеткіштер қатарына: фирмаларда жұмыс істейтін адамдар саны, жарғылық капитал көлемі, активтер мөлшері, фирманың табыстарының мөлешрі жатады. Осылардың ішіндегі ең басты көрсеткіш- фирмадағы жұмыс істейтін адамдардың саны мен жылдық капитал айналымы болып табылады.

Қазіргі экономикада шағын және орта бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды, онда еңбекке жарамдылардың 50 пайыздан астамы жұмыс істейді. Шағын бизнестің әдетегі формаларына франчайзинг (жеңілдік) және венчурлық (тәуекелділік) фирма.

Франчайзинг – шағын жеке меншік фирмалар жүйесі. Олар тиісті сферада және территорияда ірі фирмалардың фабрика маркасын пайдалану туралы келісім негізінде сол компаниялардың өнімдерін сатумен шұғылданады. Бұндай келісім шарттар екі жаққа да тиімді болады. Бір жағынан шағын фирмалар ірі компаниялардан тиісті көмек, несие ала алады, екіншілері өз өнімдерін сатуға ақша шығармайды, нәтижесінде ақшаларын үнемдейді.

Венчурлық фирмалар – олар ғылыми зерттеулерді жүзеге асырумен шұғылданатын коммерциялық ұйымдар, яғни ғылыми жаңалықтар негізінде бизнес жасайды. Егер жаңа өнім сатып алушылардың қажеттіліктеріне, нарық талаптарына сай келмесе, онда олар шығынға ұшырауы мүмкін. Сондықтан, венчурлық фирмалар жаңа өнімдердің бірін тез арада өңдеуді аяқтап, өнімнің басқа түрін өңдеуге көшуге тырысады. Венчурлық фирмалар Қазақстанда жаңадан құрылып, дамуда.

 

§ 4.Фирма қорларының ауыспалы айналымы мен айналысы

Жоғарыда көрсетілген фирмалар шаруашылықты ұйымдастыра отырып, еңбек құралдары мен еңбек заттарын өндірістік мақсатқа тұтынады, өндірілген өнімді өткізеді, сатады, ал ақша қорларын жаңадан қажетті өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға, жалақыға, мемлекет алдындағы қарызды өтеуге жұмсайды.

Өндіріс процесін тікелей қамтамасыз ететін фирмалардың қарамағындағы материалдық және ақша қаржылары, осы фирмалардың өндірістік қорларын құрайды.

Өндіріс құрал-жабдықтары осы фирмалардың өндірістік қорларында басты орын алады. Өндіріс құрал-жабдықтарының құрамы техникалық жағынан алғанда өндірілген өнімнің және өндіріс технологиясының қасиетімен анықталады. Мысалы, шойынды дайындап шығару домна пешті, темір руданы, коксты пайдаланумен байланысты, аяқ киімді дайындап шығару тігін машиналарды, тері, шеге және т.б қажет етеді.

Фирмалардың қарамағында қызметкерлердің әлеуметтік-мәдени қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдаланатын өндірістік емес қорлары болады. Олар тұрғын үйлерден, емдеу мекемелерінен, санаториялардан және демалыс үйлерінен т.б тұрады. Өндіріс процесіне тікелей қатыспағанымен, олар қызметтердің өмірлік қажеттерін қанағаттандыруда үлкен рөл атқарады және сонымен байланысты өндіріске белгілі дәрежеде ықпал етеді.

Өндірістік қорлар фирманың құрал-жабдықтарының тек бір бөлігі, ал қалған бөлігін айналыстағы қорлар құрайды. Айналыстағы қорлар тауарлы формада (запастағы, өткізілмеген дайын өнімдер) және ақша қорынан тұрады (шикізат материалдар, отын сатып алуға, жалақыға арналған ақша қаражаты). Егер өндірістік қорлар тікелей материалдық игіліктерді өндіру саласында болса, ал айналым қорлары өнімдерді сату және ақшалай есеп айырысу саласында болады.

Қорлардың біртіндеп үш формасының (өндіргіш, тауарлы, ақшалай) бір-бірімен алмасуын қамтитын үздіксіз қозғалысын қорлардың ауыспалы айналымы дейді. Осы қозғалыста барлық экономикалық заңдардың бір-бірімен байланысын, әрекет ету ерекшеліктерін көруге болады. Ауыспалы айналыс процесінде қорлар үш сатыны қамтиды, яғни олардың бір формадан екіншісіне ауысып отыруын көрсетеді.

А – Т ... Ө...

 

Бұл жерде А-фирманың ақша қоры, - құрал-жабдықтары,

- жұмыс күші, Ө- өндіріс процесі, Т- тауар қорлары, - тауарды сатудан түскен ақша. Осы айналымдағы негізгі саты өндіріс, себебі, еңбек процесінде тұтыну құны мен құн өндіріледі. Қазір нарық қатынасына көшуге байланысты, өндірілген тауарларды уақытында өткізудің де маңызы өте зор. Өндірістік қорлардың үздіксіз ауыспалы айналымда болуы экономикалық қажеттілік. Фирма қорларының ауыспалы айналымының үнемі қайталанып отыруы олардың айналымы деп аталады.

Айналысына қарай өндірістік қорлар негізгі және айналмалы болып екіге бөлінеді. Негізгі қорларға машина-жабдықтар, ұзақ мерзімге пайдаланылатын әр түрлі инструменттер, өндірістік үйлер, станоктар, электр желісі мен құбырлар т.б еңбек құралдары жатады. Олар өзінің тозуына қарай құнын өндірілген өнімге бірте-бірте бөлшектеп ауыстырып отырады. Айналмалы қорларға шикізат, материалдар, отын, қосалқы материалдар мен әр түрлі ыдыстар т.б еңбек заттары жатады. Бұл қорлар өндіріс процесінде түгел тұтынылады және құны даяр өнімге бүтіндей аударады.

Өндірістік қорлар өздерінің үздіксіз айналысында өндіріс және айналыс сатыларынан өтеді. Демек, уақыт бойынша қорлар айналымының құрамы екіге бөлінеді: өндіріс және айналыс уақыттары.

Өндіріс уақытына мыналар жатады: еңбек құралы мен заттарының өндірістік запастарда болу; жұмыс кезеңі; еңбек затына табиғи процестердің ықпал ету қажеттілігі және ұйымдастыру мәселелерінен тұратын уақыт мерзімдері.

Айналыс уақыты- өндіріс құрал-жабдықтарын тауып алуға және дайындалған өнімді өткізуге кеткен уақыттарды қамтиды.

Өндіріс процесінде негізгі қорларды пайдалану нәтижесінде, мысалы, айталық машина, өндіріс процесінде ұзақ уақыт қатыса отырып бірте-бірте тозады, өздерінің бастапқы тұтыну қасиеттерін кемітеді. Бұл негізгі қорлардың табиғи тозуы. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында негізгі қорлар табиғи тозуға ғана ұшырап қоймайды, сонымен қатар моральдық, сапалық тозуға да ұшырайды. Моральдық тозу мынаған әкеп саяды: жабдықтар, машиналар және басқа да негізгі қорлар табиғи тозып басталғанға дейін-ақ құнының бір бөлігін жояды.

Негізгі қорлар қай түрде тозса да, олардың құны із түссіз жоғалып кетпейді, ол өндірілген өнімге бірте-бірте көшіріледі. Негізгі қорлар құнының осылай бірте-бірте жаңа өнімнің құнына көшуін амортизация деп айтады, бұл тозған негізгі қорлардың орнын толтыруға жұмсалады. Сондай-ақ бұл қорлардың белгілі бір бөлігі тозған қорларды жөндеу мақсатына да пайдалануға мүмкін.

§5.Қор жинау: мәні және факторлары. Инвестиция және оның түрлері.

Қор жинау өндірісті жаңартуға және дамытуға пайдаланылатын қосымша өнімнің бір бөлігі болып табылады.

Қор жинау процесін кез келген ұлғаймалы ұдайы өндіріс заңы ретінде қарастыруға болады. Себебі, ұлттық табыстағы қор жинаудың үлесі өспей экономикалық өсуді қамтамасыз ету мүмкін болмайды. Қор жинау бір субъектінің – өндіріс құрал жабдықтарына меншік иесінің қызметі болып табылады. Әкімшіл-әміршіл экономикада бұндай субъект ретінде мемлекет болды, ол қор жинау мақсатында қосымша өнімді жұмылдыру арқылы ел, аймақтар, салала арасында қаржыны бір орталықтан бөліп отырады. Нарықтық экономикада қор жинау қызметін кәсіпкерлер, фермерлер немесе олардың өкілдері-менеджерлер, еңбек ұжымының кеңесі, акционерлік қоғамның басқару органы және т.б атқарады.

Демек, қор жинау экономикалық категория ретінде қоғамдағы барлық шаруашылық субъектілер арасындағы қосымша өнімді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну туралы қатынастарды сипаттайды.

Нарықтық экономикада қор жинаудың мөлшері мен даму қарқыны кәсіпорын немесе фирма деңгейінде айқындалады және жүзеге асырылады. Нарықтық қатынастар жағдайында бұл сферада қор жинау процесі ұсыныс және сұраныс, еркін бағалар, бәсеке арқылы реттеледі. Бірақ дүние жүзі тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекет қор жинау процесіне қолайлы (тиісті) инвестициялық жағдай жасап отырады,яғни салық-бюджет, ақша-несие, инвестициялық-құрылымдық саясат арқылы. Сонымен қатар, мемлекеттің өзі қор жинау процесінде негізгі субъекті ретінде әрекет ете алады. Мысалы, Адам Смиттің “көрінбейтін қолы” жетпейтін сфераларды (ғылым,әлеуметтік сфера және т.б) қамтиды.

Қор жинаудың негізгі көздеріне қосымша өнім мен халықтың жинақталған (жинақ) ақшалары жатады.

Қор жинаудың мөлшеріне және дамуына қоғамдық өндірістің тиімділігінің жиынтық факторлары әсер етеді.

Адамдар өздерінің қызмет көрстеу мен тауарларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндірісті үнемі ұлғаймалы түрде дамытып отыруы қажет. Ол үшін олар табыстарының бір бөлігін өндірісті ұлғаймалы түрде дамытуға, яғни инвестиция түрінде пайдаланып отырады.

Инвестиция – деп табыс алу үшін ел экономикасында жаңа өндіріс қуаттарын құру мақсатында күрделі қаржыны пайдалануды айтамыз. Инвестиция құрамына құрылыс-монтажды жұмыстарды жүргізуге, машина және құралдарды сатып алуға жұмсалған барлық шығындар кіреді.

Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, сондай-ақ одан ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары да тәуелді болады.

Ел аумағыдағы инвестициялар (күрделі қаржы) қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қаржымен қамтамасыз етеді. Жаңа құрылыстар салу, яғни жаңа жұмыс орындарын жасау инвестициялық процестерге байланысты болады.

Инвестицияның негізгі көзі ретінде халықтың жинақталған ақшалары, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағын (сбережения) қарастыруға болады. Бірақ біз бұл жерде мына жағдайды ескеруіміз керек, еге жинақ пен инвестициялау процестері сәйкес келмесе, экономикадағы тепе-теңдік бұзылуы мүмкін.

Инвестициялар мына факторларға байланысты болады: біріншіден, пайда нормасынан немесе рентабелділіктен, екіншіден, процент ставкасының деңгейінен. Егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан жоғары болса, онда кәсіпкер қаржысын бұл салада жұмсамайды, ол процент нормасы төмен болғанда ғана жұмсайды. Үшіншіден, инвестиция сол елдегі салық салудың деңгейіне байланысты болады. Салық ставкасы жоғары болса, инвестицияны ынталандырмайды. Төртіншіден, инвестиция процестеріне инфляция да әсер етеді.

Инвестициялардың келесі түрлерін атап өтуге болады:

1) Қаржылы және нақты;

2) Тікелей және портфелдік.

Қаржылық инвестициялар – ол мемлекет және жеке меншік компаниялардың шығарған акция, облигация және басқа құнды қағаздарға салынған қаржылары. Қаржылық инвестиция көп жағдайда өндірістік емес капиталға салынады.

Нақты инвестициялар – ол материалдық-өндірістік запастарды өсіруге және негізгі капиталға салынатын қаржы.

Тікелей инвестицияларға шетел капиталының отандық экономика салған қаржылары жатады.

Портфелдік инвестициялар – ол шетел кәсіпорындарының акцияларына, басқа елдердің облигациялары мен басқа құнды қағаздарына салынған капитал.

8-тақырып:Фирманың (кәсіпорынның) шығындары мен табыстары

1.Шығындардың мәні, құрылымы және жіктеулі.

2.Жалақының мәні, оның негізгі формалары.

3.Капитал – өндіріс факторы және процент-капитал иесінің табысы ретінде.

4.Жер – ауылшаруашылығының негізгі факторы ретінде. Жер рентасы және оның түрлері.

5.Пайда кәсіпкердің табысы ретінде. Экономикалық және бухгалтерлік пайда.

6.Өндіріс шығындары мен пайданы арттыруға әсер ететін факторлар.

Шығындардың мәні, құрылымы және жіктеулі.

Әр фирманың мақсаты пайданы көп мөлшерде табу болып табылады. Кез келген жағдайда фирманың осы стратегиялық мақсаты фирманың шығарған өніміне сұраныс және өндіріс шығындарымен шектеледі. Сондықтан, фирма тауарды өндіру туралы шешімді, бұрынғы шығындарды талдау негізінде қабылдайды.

Сонымен, өндіріс шығындары деп өнімді өткізу және өндірісті ұйымдастыру мен байланысты фирманың материалдық және ақшалай шығындарын айтамыз.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 68; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopediasu.com - Студопедия (2013 - 2026) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.