Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Исходные данные 2 страница




5. Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі

Сұраныс пен ұсынысты талдау теориялық жағынан ғана емес, практикалық мағынасы жөнінен де маңызды. Себебі, сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары өзгергенде тауар (Q1) мен тепе-тең (Р1) бағаның өзгеру бағыттарын дұрыс бағалау қажет. Мысалы, ұсыныс қисық сызығы оңға қозғалыс жасаса Q өседі де, баға Р кемиді. Бірақ, сатушы баға өзгергенде тауар көлемі қандай мөлщерде өзгеретіндігін білігісі келеді? Осы сұраққа жауапты сұраныс икемділігі мен ұсыныс икемділігі бере алады. Мысалы, егер теледидардың құны 5% қымбаттаса, оның сатылу саны қаншалықты өзгереді? Немесе: егер тұрғындардың табыстары 20 пайызға өссе, онда телеидарға деген сұраныс қалай өзгереді?

Икемделік, сұраныс пен ұсыныс мөлшеріне бағаның өзгеруі қаншалықты әсер ететіндігін көрсетеді.

Икемділікті өлшеу көрсеткіші ретінде пайыз көрсткіш қолданылады.

Өнімдердің бағаларының өзгеруіне тұтынушылардың реакциясын сұраныстың баға икемділігі көрсеткішімен өлщенеді, бұл коэффициент ретінде келесі формула бойынша есептелінеді.

Ер (баға икемдігі) = сату көлемінің өзгеруі (%) = Q(%)

Бағаның өзгеруі (%) P(%)

Тауардың бағасының өзгерісіне тұтынушылар реакциясы күшті, әлсіз және нейтралды болуы мүмкін. Олардың әрқайсысына сай сұраныстар бар: икемді, икемсіз, бірлік (единичная) икемді.

Сұраныстың баға бойынша икемділігі іс жүзінде кем дегенде бес түрлі орын алуы мүмкін.

- икемді сұраныс – егер баға көп көтерілмеген жағдайда сату көлемі анағұрлым өссе;

- сұраныстың бірлік (единичная) икемділігі жағдайында, егер баға 1 % өссе тауарды сату көлемі 1 % өзгереді;

- икемсіз сұраныс, баға баға елеулі төмендегенде, сату көлемі онша көп өзгермесе;

- шексіз икемді сұраныс: егер бағаның азғантай төмендеуі тұтынушыларды өз мүмкіндіктеріне дейін сатып алуға итермелесе;

- сұраныс тіпті де икемді емес, егер тұтынушылар тауардың бағасына қарамастан тауарлардың тұрақты бір көлемін сатып алатын болса.

 

 

болады. Сондықтан, олигополиялық нарық, бәскелестердің бағаны төмендеткеніне, мтк көлемін өсірумен емес, қайта бағаны төмендетумен бәсекелстеріне қарс ы тұра алады.

Сондықтан, олигополия көп жағдайда баға бәсекесі орнына баға арқылы жетекшілік етумен келісімге бейімделеді.

Баға арқылы жетекшілік ету дегеніміз алдыңғы қатардағы бір фирма өз бағасын белгілейді, ал қалған олигополистер соған ілеседі.бірнеше фирмалардың арасында баға мен нарықты өзара бөлісу жөнінде келісім жабық түрде жүргізіледі.

Олигополиялық нарықта әр түрлі тауар өндіріледі. Өнім түрлеріне байланысты олигополия: таза және дифференциялды болып бөлінеді. Таза олигополия біртектес тауарды, мысалы цемент, газ, мұнай, шойын, рудалар шығарумен айналысады.

Дифференциялды немесе бөлшектенген олиополияға тұтыну тауарларды өндірумен шұғылданатын фирмалар жатады. Жетілмеген бәсекелестіктің үшінші түрі – таза монополия. «Монополия» ұғымы грек сөзінен аударғанда «монос» - біреу, «полео»- сату,яғни монополия дегеніміз ұсыныстың көлемін толығымен бақылайтын бір ғана сатушыдан немесе өндірушіден тұратын нарықты үстемдік ете алады. Мысалы, олар тиісті шеңберде бағаны өзгерте алады.

Монополия келесі белгілермен ерекшеленеді:

- Өнімді бір фирма немесе бір сала өндіреді;

- Тауардың алмастырушысы жоқтығынан, тұтынушылар тауарды тек сол фирмадан алуға мәжбүр болады;

- Фирма – монополист бағаны толығымен бақылайды;

- Бәсекелес фирмаларға бұл нарыққа кіру шін тосқауыл қойылған.

Бұл тосқауылдар табиғи және жасанды болуы мүмкін.

Табиғи тосқауылдар кейбір өндіріс процесінің спецификалық ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы, орны толмайтын өндіріс элемнттеріне меншік иелері – табиғи монополияға жатады.мұндай монополиялар тек мемлекетті бақылауында болады.

Жасанды тосқауылдарға нарықта жұмыс істеу үшін берілген патенттер мен лицензиялар жатады. Мысалы, патенті бар фирмалар біршама уақытқа дейін монополист болып есептелінеді. Сондай-ақ, лицензия арқылы мемлекет сол салада жұмыс істеуге шектеу жасайды. Сондықтан, патент және лицензия арқылы жасанды монополия пайда болады. Ғылым, техника, кәсіпкерлік дамыған сайын кеміп отырады. Жетілмеген бәсекенің әр түрлі формаларына қоғаммен мемлекеттің көзқарасы әрқашан екі жақты болады. Монополия нарықта өнім шығаруды шектейді.

6 такырып..Экономикалық өсу - мәні типі факторлары

экономикалық өсу деп белгілі уақыт аралығанда қызмет көрсетумен тауралар көлемән арртыру айтамыз.

удайы өндіріс процессінде экономика өсу басты орын алады. себебі,

біріншіден экономикалық өсу өмір сүру деңгеін және қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін, елдің экономикалық даму деңгеін,

екінщіден - экономика өсу мемлекетін дүниежүзінің елдерінің арасындаға орын және дүние жүзілік жкономикалық және саяси процестерге ықпал ету мүмкіндігін,

ушіншіден -

экономика өсу елдің даму ашығын айқындайды.

экономика өсудің шарттарымен нәтижесін айыра бәлу керек. Экономикалық өсудің шарттарына:

қоғамның материалдық техникалық базасының жағдайы, жоғарғы дәрежелі (сапалы) жұмыс күші, ғылыми техникалық процессс және өндіріс құрал жабдықтарының үнемі жанарып отырады.

Өндіріс құралының үлесімділігі - инфроқұрылымдық дамуы, кәсіпорыннің табиғи қамтамасыз етіілуіқамтамасыз етілуі, кәсіпорындарының экономикалық дербестілігі, нарықтық дамуы жатады.

экономикалық өсудідің нәтижелігі тұрғындарының өмір сүру деңгейінен дәрежелігі қанағаттандыру, ұлттық табыс және жалпы ұлттық өсу қарқындылығының еңбек дәрежесі көрінеді.

Экономикалық өсудің негізгі көрсеткіштеріне жататындар.-

қоғамның экономикалық патенциялы., -

елдің экономикалық күш қуаты -

мелекеттің эко - дамуы -

қоғамның экономикалық патенциялына (табиғи, өндірістік, қаржы, еңбек рессурстары) жатады.

Елдің экономикалық күш қуаты - қоғамда нақты жасалған материалдық игіліктеріне жатады. Елдің өкономикалық күш қуатының негізгі көрсеткіші өндірілген жалпы ұлттық өнім мен ұлттық өніммен табыстық көлемі болып табылады.

мелекеттік экономикалық даму деңгеін жан басына шаққандағы өндірілген материалдық игіліктер, әсіресе ұлттық табысының көлемі айқындайды, соңғы уақытта қытай халық республикасының экономикалық өсу қарқыны бойынша АҚШ - пен салыстырғанда 3-4 есеге жағары бірақ ҚХР - сы басына шаққандағы өндірілген өнім бойынша дамушы елдер қатарына кіреді.

Экономикалық өсуді сипаттау үшін жалпы ұлттық өнімнің номиналды көрсеткіші емес нақты көрсеткіші пайдалынады.

мысалы - 2003 жылы 1000 тенге өнімі өндіріледі, негізділік бойынша 2004 жылы сол өнімнің бағасы 2000 тенгеге жететін болса, онда ол нақты экономикалық өсу емес жалпы өнімнің өсуін көрсетеді.

Эономикалық өсуінің даму қарқыны өткен кезде салыстырмалы абсолютті өлшеммен ппайызбен өлшенеді. Мысалы - егер 2004 жылы нақты жалппы ұлттық өнім 5138 млд тенге өлшемінде болса, ал 2003 жылы 4449,8 млрд құраса онда абсолютті өсуі 6888 млрд тенгені, ал пайыз есебінен 13 пайыз құрайды, ол экономикадағы мұндай өзгерістерді көрсетеді.

Экономика өсу факторларына жататындар - шаруашылыққа таратылған табиғи рессурстарға сапасын жақсаруы.,

- еңбек сапасымен санының өсуі

- негізгі капиталды көлемімен сапалығы

- өндірісту ұйымдастыру

Экономикалық өсуінің осы 4 факторлар әсер етеді.Ұсыныс факторларына жатқызуға болады

Себебі - олар өндіріс дамуына нақты мүмкіндік туғызады және сапалы роессуртарына қол жеткізу негізіне нақты өндіруге жағдай жасайды.

Сонымен қатар - ол жерді ескеруі қажет

- ұсыныс

- сұраныс

байланыс болады.

Пайдалану үшін ресурстарды экономиқалық айналымға толық тартуды ғана емес, оларды тиімді бөлуді де қажет етеді. Бұл мәселені көп жағдайда мемлекет емес нарық шешіп отырады. Ал экономикалық өсудің табыстарды бөлу факторына келетін болсақ, бұл фактор тек жұмысшыларды жоғары және тиімді еңбекке ынталандыру негізінде ғана жүзеге асады.

Экономикалық өсудің қарқыны жоғары немесе төмен болады. Бұл жерде мынандай сұрақ тууы мүмкін: қоғамға экономикалық өсудің қандай қарқыны қажет. Әрине, қоғамға экономикалық өсудің жоғары қарқыны дурыс болады, себебі, қоғам көп өнім өндіріп, алдынды тұрған мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндіктер алады.

Бұл жерде, мынндай жағдайларды ескеру қажет: егер қоғам экономикалық өсудің жоғары қарқындылығын сапасы төмен тауарларды өндіру есебінен арттырса немесе өндірілген қоғамдық өнімнің құрылымында тұтыну тауарлардың үлес салмағы төмен болса, онда халықтың тұрмыс жағдайы нашарлай түседі, аяғында экономика құлдырауға ұшырайды. Бұл негізінде әкімшіл-әміршіл экономикалық жүйеге тін құбылыстар.

Қазіргі таңда экономикалық өсу көптеген жағдайларға: материалдық-ткхникалық базаға, маманданған жұмыс күшіне, ғылыми техникалық прогрестің, инфрақұрылымның, кооперациямен мамандандырудың дам деңгейне, өндіріс құрылымының тиімділігіне байланысты. Экономикалық өсудің сапалық құрылымдылық қарқыны осыларды тиімді пайдалануға байланысты.

Тарихта экономикалық өсудің екі түрі белгілі: экстенсивті және интенсивті. Экономикалық өсудің экстенсивті түрінде материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуді өсіру, пайдаланатын өндіріс факторларының көлемін ұлғайту негізінде қамтамасыз етіледі.

Ал, экономикалық өсудің интенсивті түрінде өндірістің өсуі өндіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі. Мысалы, өндіріске жаңа технологияны енгізу, еңбек және өндірісті тиімді ұйымдастыру негізінде.

Сонымен, экономикалық өсудің экстенсивті түрі өндіріс факторларын сан жағынан көбейтуді көздесе, ал интенсивті түрі оларды тиімді пайдалануды, техника мен технологияны жетілдіруді көздейді. Қазіргі кезде экономикалық өсудің түрін тауарлар мен қызмет көрсету көлемінің сандық немесе сапалық өсуі есебінен даму көлемі бойынша қай түрге жатқызылатыны белгілінеді.

Қазір экономикалық өсудің 70-75 пайызына өндірістің интенсивті факторы есебінен, ал 25-30 пайызына экстенсивті факторлар есебінен қол жеткізіледі. Практика жүзінде экономикалық өсудің екі түрін бір-бірінен бөліп қарау өте қиынға соғады.

Экономикалық өсудің модельдері кейсиандық макроэкономикалық тепе-теңдік теория және неоклассикалық өндіріс теория негізінде қалыптасты.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін, Кейнстің шәкірттері тепе-теңдік динамикасының әр түрлі жағдайын түсіндіре алатын жаңа модельді жасауды міндет қойды. Экономикалық өсудің неокейнсиандық моделдерінің өкілдері Р.Харрод (Англия) және Е.Домар (АҚШ). Бұл моделдер екі алдыңғы шарттарға негізделген. 1) ұлттық табыстың өсуі капитал қорлануының тек қызметі ретінде ғана болады, басқа факторларды капитал қайтарымының өсуіне ықпал ететін барлық факторлар (жұмысбастылықтың өсуі, ғылыми-техникалық прогресстін нәтижесін пайдалану, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру) шығарып тасталынады. Сондықтаң, Харрод және Домар моделдері – бұл бір факторлы моделдер, яғни капиталға деген сұраныс тек ұлттық табыстың өсу қарқынына тәуелді болады. 2) капитал сыйымдылығы өндіріс факторларының бағаларының ара қатынастарымен байланысты емес, ол тек өндірістін техникалық жағдайларымен анықталады.

Неокейнсиандықтардың пікірінше. экономикалық өсудің айқындаушы факторы инвестицияның өсуі болып табылады. Қарастырып отырған экономикалық моделде инвестициялар маңызды рөл атқарады: бір жағынан олар (инвестиция) ұлттық табыстың өсуіне мүмкіндік туғызады, екінші жағынан өндірістің қуатын өсіреді. Сонымен бірге, табыстың өсуі жұмысбастылықтың өсуіне мүмкіндік туғызады. Р. Харродтың моделін қарастырайық. Р. Харрод динамиканың бірқатар тендеуін (уравнение) тұжырымдады, олар экономикалық өсудің ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен, олар мыналарды көрсетеді: 1) өсудің қарқынына кепіл болу (GW), яғни инвестиция және қор жинауға тең жағдай жасау; 2) өсудің табиғи қарқыны (Gn) еңбек өнімділігінің және халықтың санының өсу деңгейне сай болуы. Экономикалық өсу тұрақты болу үшін мемлекет сұранысты реттеуі керек.

Е. Домардың моделі Р. Харродтың моделіне қарағанда инвестицияның екі жақты рөлін ескерумен еркешеленеді. Ол жиынтық сұраныстың көлеміне әсер ететін маңызды фактор ретінде табысты ғана емес, өндірістің қуатын да өсіреді.

Демек, жиынтық ұсынысты ұлғайтады. Осы тәсіл негізінде Домар экономикалық өсу теориясының негізгі міндетін табысты өсіретін инвестицияның көлемін аңықтауды, яғни, оның пікірінше, өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде тауарлар ұсынысын жабатын сұраныс көлемін анықтау болды. Экономикалық өсудің қарқыны табыстар өсуімен өнім өсуі арасындағы теңдікті қаматамасыз етеді, сондықтан экономикалық өсу процесінде жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңдегіне қол жеткізу.

Экономикалық өсу проблемаларына неоклассиктар де айтарлықтай көңіл бөлген. Неоклассиктер экономикалық өсуді талдауда мыналарға сүейнеді: біріншіден, өнімнің құнын жасауға өндірістік факторлардың бәрі қатысады; екіншіден, өнімнің құнын жасауға әр өндіріс факторы өз үлесін қосады, үшіншіден, өндіретін өнім мен ресурстар арасында сан жағынан байланыстар бар, сондай-ақ ресурстар арасында да байланыстар болады.

Неокейсиандық бір факторлы моделге қараңанда неоклассиктердің моделі көп факторлы деп аталады.

Некоалссикалық моделіне дүние жүзіне әйгілі Кобба-Дуглас өндірістік қызметі моделін келтіруге болады.

 

2. Нарықтық эконмиканың циклді дамуы.

Циклділік, ұдайы өндіріс процессінің бір қалыпты жұмыс істемеу (неравномерность) көрінісі. Ғалымдардың пікірінше, циклділік, қоғам мен табиғаттың қозғалысының жалпылама формасы болып табылады. Егер табиғаттың циклділігі бір қалыпты және заңды түрде болса, қоғамдағы циклділік көрінісі көп жағдайда қайшылық сипатта болады.

“Экономикалық цикл” термині бірнеше жылдар бойы экономикалық белсенділіктің (активность) бірінен біріне ауысып отыратын тоқырау, жандану, өрлеу және дағдарыс деңгейлерін көрсетеді.

Ұдайы өндіріс процессінің циклділік дамуы туралы экономикалық әдебиетте әр түрлі көзғарастар қалыптасқан. Осы мәселені зерттеушілерді екі ғылыми бағытқа бөдуге болады. Бірінші бағыттың өкілдері циклдардың тұрақты қайталанып отыратынын мойындамаса және циклдар экономикалық жүйеге кездейсоқ жағдайлардың әсер ету нәтижесі деп қана есептесе, екіншілері циклді жалпы материалдық дүниенің және соның ішінде экономикалық дүниенің бастапқы негізі (первооснова) ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, цикл үнемі және түрақты қайталанып отырылатын құбылыс.

Дүние жүзі ғылымда циклділік идеясы (ой, пікір) дүниенің бастапқы негізі (первооснова мира) ретінде сонау көне Қытай және Грекия уақыттарынан бастау алады. Бірақта, экономистер бұл мәселеге XIX ғасырдың басында көңіл аудара бастады. Дәл сол уақытта Сисмонди, Робертус, Мальтустің еңбектерінде эконмикада,ы дағдарыс және циклділік құбылыстарды зерттеулер көрініс тапты.

Осы зерттеулердің пайда болуына нарық жүйесіндегі 1825 жылғы бірінші экономикалық дағдарыс себеп болды. Сондай-ақ, экономикалық теория 1929-1933 ж.ж. дүние жүзілік экономикалық дағдарыспен байланысты макроэкономикалық процестерді зерттеуге және экономиканы мемлекеттік реттеудін қажеттілігі туралы түбегейлі бет бұрыс жасады.

Үнемі қайталанып отырылатын экономикалық дағдарыстардың табиғатын және себептерін ең бірінші болып К.Маркс ашып берді. Ол дағдарыстардың тек табиғатын ғана есес, ол олардың сөзсіз болатындығын дәлелдеп берді.

К.Маркс іліміне қарама-қарса (противовес) марксистік емес мектептердің өкілдері басында эконмикалық цикілдердің заңдылықтарын мойындамады. Кейін XX ғасырда дүние жүзілікэконмиканың дамуына байланысты олар ұдайы өндіріс процесінің циклділігі туралы көзғарастарын өщгертті.

Батыс экономистері (Кейнстің ықпалымен) циклділікті мойындаумен қатар, циклдердің формаларын, құрылымн және себептерін терең зерттеуге тырысты. Циклділік туралы марксимзді жақтаушылардың көзқарастары да өзгеріске ұшырады. Еңді, эконмикалық теория экономикалық циклдердін табиғатын және сипатын терең зерттеуге бағыт алды.

а) Экономикалық циклі және оның құрылымды

Өнеркөсіптік немесе экономикалық циклдер теориясын зерттеуде К.Маркс едәуір үлес қосты. Оның әлсін-әлсін болып, өайталанып тұратың негізін құрайды. К.МАркс циклдің фазаларына анықтама берді және әр фазасына ғылыми талдау жасады. Бүгінсол анықтамаларды барлық экономикалық мектептердің өкілдері өздерінің зерттеулерінде кеңінен қолдануда.

Бір дағдарыстан екінші дағдарысқа дейінгі, кезеңді К.Маркс өнеркәсіп циклі деп атады. Ол төрт фазадан тұрады: дағдарыс, тоқыру, жандану, өрлеу.

7-Тақырып. Кәсіпкерлік. Фирмалар

1. Кәсіпкерліктің мәні, субъектілері және объектілері.

2. Кәсіпкерліктің негізгі белгілері.

3. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.

4. Фирма қорларының ауыспалы айналымы мен айналысы.

5. Қор жинау: мәні және факторлары. Инвестиция және оның түрлері.

 

§ 1.Кәсіпкерліктің мәні, субъектілері және объектілері.

 

Экономиканы тұрақтандыру және нарықтық өзгерістерді жүзеге асыру көп жағдайда кәсіпкерліктің дамуымен байланысты болады. Кәсіпкерліктің экономикалық мәнінің мазмұны шаруашылық іс-әрекеттің әртүрлі жақтарын сипаттаудан көрініс алады.

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр «Кәсіпкер», «Кәсіпкерлік» ұғымдары ежелгі арабтарда пайда табу, кіріс, мамандық, тіршілік, шаруашылық мағынасында орын алған. Атақты араб ғұламасы Ибн-Халдун кәсіпкерлікті адамдардың өз мүмкіндігі мен адал еңбегі арқылы молшылыққа кенелу іс-әрекеті деп бағалаған.

Кәсіпкерлік мәселесіне экономикалық теория XVIII ғасырлар кезеңінде көңіл аудара бастады. Мәселен, А.Смиттің пікірі бойынша кәсіпкер – ол меншік иесі ретінде пайда алу және бір коммерциялық идеяны жүзеге асыру үшін тәуекелге бара алатын адам, сондай-ақ ол өзі өндірісті жоспарлайды, ұйымдастырады және оның нәтижесіне иелік етеді деп түсінген. Ал Ж.Б Сэй кәсіпкерді өндіріс факторларын қиыстыра (ұштастыра) алатын экономикалық агент ретінде қарастырған.

Қазіргі экономикалық ғылым кәсіпкерді жаңа мүмкіншіліктерді іздейтін және оны жүзеге асыратын, жаңа идеяларды, жаңа технология мен өнімдерді меңгеретін тұтынушыларға қызмет көрсетудің жаңа әдістерін таба алатын капиталдың қолдануының жаңа сфераларын іздейтін, істі қалай бастауын және қалай жүргізуді білетін, өз қалауынша тәуекелге бара алатын, инициативаны толық пайдаланатын субъект ретінде қарастырады. Кәсіпкерлік шаруашылық жүргізудің түрі ретінде экономиканың барлық сферасында мемлекеттік секторынан басқа, адамдардың әрекет ету өрісін, яғни дайын өнім өндіру немесе қызмет көрсетуді қамтиды. Мысалы, өндірістік сауда, инновациялық және адамдардың басқа әрекет ету өрісі жатады.

Қоғамдағы кәсіпкерліктің табысты болуы келесі экономикалық жағдайларға: күшті жеке меншік секторының, бәсекелестік ортаның, монополияға қарсы заңдардың және салық, валюта, ақша жүйесін реттейтін заңдардың болуына, шағын және орта бизнесті мемлекеттің қолдануына байланысты болады.

Кәсіпкерліктің іс-әрекеті – кәсіпкерліктің субъектілері (тұлға) арасындағы экономикалық қатынастарды сипаттайды, олардың объектісі (нысан) ретінде өндіріс факторларының бүкіл жүйесі қарастырылады.

Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоцияциялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжымдар, кооперативтер және мемлекет) бола алады. Бұл жерде біз кәсіпкерлік пен меншік субъектілері арасындағы тікелей байланыстардың барын байқауымызға болады. Бірақ та, кәсіпкерді меншіктің субъектісі ретінде қарастырғанда, кез келген меншік иесі кәсіпкер бола алмайтындығын ескеруіміз керек. Іс-әрекетпен шұғылданатын кәсіпкер әрқашанда меншіктің субъектісі болып табылады. Сонымен қатар, меншік иесі кәсіпкер болмаса да табыс алуы мүмкін (меншік иесінің арендатордан алатын табысы).

Шаруашылық субъектілердің кәсіпкерлік іс әрекеті әртүрлі өндіріс факторларын пайдалану арқылы өнім өндіруін және тиісті табыс табуға бағытталған.

 

§ 2. Кәсіпкерліктің негізгі белгілері.

Шаруашылықты жүргізу әдісі ретінде кәсіпкерліктің бірнеше белгілері бар. Оның негізгі белгісіне шаруашылықпен айналысатын субъектілердің дербестілігі мен тәуелсіздігін жатқызуға болады.

Кәсіпкерліктің тәуелсіздік белгісі кәсіпкерге заңдарға қайшы келмейтін іс-әрекет жасауына еркіндік береді. Яғни, ақша қаржысы және бір істі бастайын деген ниеті бар адамдар меншіктің белгілі бір формасына негізделген өз өндірісін (жеке немесе ұжымдық) ұйымдастыруына құқылары бар. Сондай-ақ, нарықтан қанша және қандай өндіріс факторларын сатып алатындығын, қанша және қандай мөлшерде өнімдерді өндіретіндігін, кімге және қандай бағамен сататындығын кәсіпкер нарықтың конъюктурасына қарай дербес өзі шешеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 75; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopediasu.com - Студопедия (2013 - 2026) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.