Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Исходные данные 5 страница




Пайда- кәсіпкердің табысы ретінде. Экономикалық және бухгалтерлік пайда.

Пайда – экономиикалық теорияда ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Сондай-ақ, пайда кәсіпкерлікті дамытудың қозғаушы күші ретінде көрініс алады. Атап айтқанда, фирманың қаржы жағынан тәуелсіздігі, тұрақтылығы пайдамен байланысты. Сондықтан, фирманың негізгі мақсаты пайданы барынша көп табу. Сол себептен әр кәсіпкерді бір-ақ мәселе мазалайды: қанша тауар өңдіргенде (сатқанда) және қандай бағамен сатқанда барынша көп пайда табуға болатындығы. Пайда теориясы әр түрлі ғылыми мектептердің назарында болды.

Пайда мәселесінде ең бірінші болып меркантилистер көңіл аударды, олардың пікірінше пайда заттарды жоғары бағамен сату нәтижесінде айналыс сферасынан, сыртқы саудадан пайда болды деп есептелген. Физиократтар пайда тек ауыл шаруашылығында өндіріледі десе, ал А.Смит және Д.Рикардо пайда жалпы материалдық өндіріс салаларында пайда болатындығын дәлелдеді.

К.Маркс пайданы жалдамалы жұмысшылардың еңбегімен жасалған қосымша құнның өзгерген формасы ретінде қарастырады. Ол қосымша құнның пайдаға және орташа пайдаға өзгеру шараттарын зерттеді.

Бұл категория туралы қазіргі экономикалық ғылымда келесі негізгі теориларды көрсетуге болады:

- өндірістік капитао теориясы (пайда – барлық өндіріс факторларынан алынған табыс, яғни рента, процент, жалақы).

- ұстамдық теориясы (воздержание), бұл теория бойынша пайда – кәсіпкер капиталын жеке тұтынбай кейінге қалдырғаны үшін сый ақысы, тәуекелділік және белгісіздік үшін төлем.

- пайда кәсіпкерлік қызметтен түсетін еңбек табысы.

Көрсетілген теориялардың жалпы белгісі, пайданың көзі ретінде кәсіпкердің творчестволық әрекетін негізге алуы.

Пайданың мәнін эволюциялық тұрғыдан қарастыру, оның көпжақты және күрделі екенін көрсетеді. Фирма шеңберінде пайда өндірістің түпкі нәтижемі ретінде өндріс процесіне қатысушылар арасындағы элемент болып табылады.

Фирма шеңберінде пайда келесі қызметтер атқарады:

- бөлу – капиталдың қолдайлы құрылымын қолдану, қабылданған бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ақша қорын құру;

- ынталандыру – өндіріс шығындарын азайту, жаңа техника мен технологияны өндірісте кеңінен пайдалану.

Пайда өндірістің түпкі нәтижесі ретінде фирманың жалпы табыстың жалпы өндіріс шығындарынан (сыртқы және ішкі шығындар, соғысына кәсіпкердің қалыпты пайдасы да кіреді) артық болғаные сипаттайды. Бұл экономикалық таза пайда (жалпы табыс пен экономикалық шығындар арасындағы айырма) немесе кәсіпкердің бухгалтерлік пайдадан артық алатын табысы. Бухгалтерлік пайда – бұл жалпы табыс пен өндірісті бухгалтерлік шығындар (өзіндік құн) арасындағы айырма. Бұл пайданың құрамына қалыпты пайда да кіреді. Қалыпты пайдакәсіпкерлі сол салада жұмыс (әрекет етуіне) істеуіне ынталандырады және кәсіпкердің алатын пайдасы табысы. Кәсіпкердің бухгалтерлік пайдадан артық алатын пайдасы, яғни экономикалық таза пайдасы, кәсіпкердің фирманы басқарудағы тәуелділік, таланттылық, жаңашылдықпен байланысты. Бұнда табыстар тұрақты болмайды, себебі, жаңа өнімдерді өндірушінің саны өсуіне байланысты, олар біртіндеп жойылады.

Кәсіпкер бухгалтерлік пайдадан немесе экономикалық пайдадан бөлек мнополиялық пайда алуы мүмкін. Бұндай пайданы, ол монополист болса және нарықты бақылай алса ала алады.

Фирма жалпы, орташа және шекті табысты есептейді.

Жалпы табыс (TR) – тиісті тауарды сатылғаннан түскен жалпы ақша түсімі.

TR=PxQ

Р – сатылған тауарларың бағасы

Q – сату көлемі.

Орташа табыс (АR) – сатылған өнімінің бір данасына таққандағы табыс:

Шекті табыс (МR) – өнімді өндіруді өсіру есебінен алынатын табыс.

Өндіріс шығындары мен пайданы арттыруға өсер ететін факторлар.

Өндіріс шығындары мен пайда өндірістің дамуына аса маңызы рөл атқарады. Өндіріс шығындарының орнын толтырмай ешқандай өндіріс процесі тиімді болмайды. Фирманың рентабелділігінің (бір мезгілде алынған пайданың шығындарға қатынасы) өсуі шығындардың төмендеумен байланысты.

Өндіріс шығындарын үнемі кемітіп отыру, жалпы шаруашылықтың заңдылығы болып табылады. Ол еңбек өнімділігін үнемі өсіру, материалдық және ақша ресурстарын тиімді пайдалану, өндіріс пен басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру арқылы қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, өндіріс шығындарын кеміту қазіргі кезеңде өте маңызы зор мәселе болып отыр.

Сондықтан, өндіріс шығындарын кемітудің негізгі жолдарына тоқталайық.

Біріншіден, өндірістің техникалық дәрежесін арттыруға шығындары кемітудің көп ықпалы бар. Жаңа техниканы еңгізу және өнім дайындау технологиясын жетілдіру өндіріс шығындарды азайтуға комплексті әсер етеді. Олар материалдық ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануға, бұйымды жасауға жұмсалатын еңбекті азайтуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, жұмыс істеп тұрған жабдықтарды жаңғырту және қолданылатын техниканың пайдаланылуын жақсарту есебінен өндірістің артық шығындарын едәуір қысқартуға болады. Жаңа техника мен технология, сондай-ақ өндірісті басқаруды жетіліру негізінде еңбек өнімділігі артады, мұнын өзі шығындарды кемітуге жол ашады.

Үшіншіден, материалдық және ақшалай қаржыларды жұмсауда үнем тәртібін қатаң сақтаудың зор маңызы бар. Жабдықтарды ұстау жөніндегі шығындарды қысқарту, материалдарды, сондай-ақ өндіріс қалдықтардын барынша пайдалану, қор қайтарымын арттыру, жалақы жалақы қорын тиімді жұмсау және т.б. Осының юәрі өнімінің арзандауына белгілі бір дәрежеде ықпал етеді.

Төртіншіден, материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту, шығындарды кемітуге жағдай жасайды. Кәсіпорынға шикізатты, материалдарды, отынды және энергияны мезгілінде жеткізбеу өндірістің бір қалыпты қарқынының бұзылуына, соның салдарынан өнімсіз шығындарға ұрындырады.

Бесіншіден, еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіру шығындардың кемуіне әсер етеді. Кез келген техниканы өндірісті дұрыс ұйымдастырылмайынша, оны барынша тиімді пайдалануға болмайды. Сондықтан технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру мен бірге еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыруға барынша көңіл бөлу қажет.

Кәсіпорынның өндіріс шығындары азайған сайын, оның алатын пайдасы өсіп отырады. Пайда өндірісті дамытуда ынтадандыратын аса маңызды фактор болып табылады. Өндіріс көлемі өскен сайын, кәсіпкердің алатын пайдасы да өседі. Сондай-ақ, кәсіпкер қосымша пайда алу үшін қосымша шығындар жұмсау арқылы өндірісті жетілдіреді.

9-тықырып: Ұлттық экономика – жүйе ретінде

1. Макроталдауың ерекшеліктері. Ұлттық экономика – жүйе ретінде.

2. Қоғамдық өндірістің нәтижесі және олардың жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көрсеткішіндегі көрінісі.

3.Жалпы ішкі ұлттық өнім және ұлттық табыс.

Макроталдаудың ерекшеліктері. Ұлттық экономика жүйе ретінде.

Макроэкономика – бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейін экономикалық теорияның бөлімі.

Макроэкономиканың деңгейінде зерттелетін негізгі проблемалар:

- ұлттық табыстың және ұлттық өнімің құралымы мен көлемін анықтау;

- ұлттық экономика шеңберінде жұмысбастылықты реттейтін факторларды анықтау;

- инфляцияны зерттеу;

- экономикалық өсудің факторлары мен механизм зерттеу;

- экономикада конъюнктуралық өзгерістер мен циклдық тербелістердің себептерін қарастыру;

- ұлттық экономиканың сыртқы экономикалық байланыстарың зерттеу;

- мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жүзеге асыру формаоарын, мазмұнын және мақсаттарын теория жағынан дәлелдеу.)

Макроэкономика жүйе ретінде, қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың үш негізгі деңгейі – жұмыс орнының, фирманың, ұлттық шаруашылықтың ара қатынастарының нәтижесі болып табылады. Бұл жүйенің әр элементі спецификалық (ерекше) қызметтер атқарады.

Мемлекет деңгейде әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтары, жаңа құбылыстар мен даму бағыттары (тенденции) айқындалады. Сонан соң олар барлыық субъектілердің шаруашылық іс әрекетінде ескеріледі. Фирма деңгейінде экономикалық заңдылықтар практика жүзінде жүзеге асырылады. Сондай-аққ, егер фирманың әрекетін сипаттайтын басты экономикалық көрсеткіштер: пайда, шығындар болса, макродеңгейдегі экономикалық процесстер жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс, қоғамдық өндірістің тиімділігі және т.б. категориялар көрініс алады.

Макроэкономикалық талдаудың мақсаты – ұдайы өндіріс процесін объективті бейнелейтін көрсеткіштерді пайдалану арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қалыптасқан жағдайларды анықтау болып табылады.

Ресурстар, жұмыс бастылық, өндіріс дамуының динамикасын және оның экономикалық тиімділігі, халықтың табыстары туралы нақты жағдайы білу шаруашылық субъектілердің экономикалық бағытып анықтауға көмектеседі. Мемлекет деңгейдегі экономиканың нәтижесі елдің әр азаматына қатысты. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туралы әр азамат, жұмыс істейтін де, жұмыс істеметін де хабарлар болулары қажет.

Макроэкономикалық талдаудың мақсатына жету үшін келесі талаптар:

1) макроэкономикалық процестердің негізгі динамикасын объективті көрсетеін статистикалық мәлеметтер қажет;

2) елдің халық шаруашылығына тарихи тұрғыдан талдау жасау қажет;

3)экономикалық жүйенің потенциалын объективті бағалаусыз, мемлекеттің экономикаға араласуы қауіпті екендігін мойндау;

4) макроэкономикалық теория нақты бір елдің экономикасын объективті зерттеу негізінде құрылады және бұл зерттудің нәтижесін басқа елдер абайлап қолданулары қажет;

Макроэкономикалық талдау батыс елдердің нарықтық экономикасында өткен ғасырдың 30-шы жылдары және КСРО жоспары директивалық шаруашылық моделінің құрылу барысында пайда болады.

30-шы жылдардығы дүние жүзілік экономикалық дағдарыс нарықтық экономикаға мемлекеттің араласуын қажет етті. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының объективті дәлделеді. Д.М.Кейнске дейінгі де экономистер экономикадағы ұлттық өндірістің көлеміне, жұмыспен экономикадығы инфляцияға және т.б. макроэкономикалық мәселелрге көп біртұтас макроэкономика жүйесі ретінде қарастырмады. Д.М.Кейнс экономикалық теорияның макроэкономикалық бөлімінің негізін қалаушысы болып табылады. Кейнс елдегі қоғамдық өндірістің маңызды заңдылықтарын зерттеу негізінде, оларға мемлекеттің араласуы арқылы экономикадағы келеңсіз құбылыстарды жою жолдарын айқындауға әрекет жасады.

Кейнстің зерттеу тақырыбы бір-біріне өзара тәуелді мынадай халық шаруашылық көрсеткіштері: ұлттық табыс және тәуелді мынадай халық шаруашылық көрсеткіштері: ұлттық табыс және ақша қаражатын салу, қор жинау және тұтыну; инвестиция және жұмысбастылық, айналыстағы ақшалардың массасы, баға деңгейі, жалақыпайда және процент және т.б.

Кейнс шекті пайдалықтың теоретиктері сияқты айырбасты үдайы өндіріс процесінің шешуші фазасы ретінде санады. Сол себептен, оның пікірінше мемлекеттік реттеудің негізгі қызметтерінің бірі ретінде сұранысқа ықпал ету арқылы нарықтық экономикада дағдарыс жағдайын болдырмау неемесе бәсеңдету мүмкін болды. АҚШ-қа және Англияға соғысқа дейінгі кезеңде айырбас мемлекеттік реттеудің басты сферасы ретінде өте маңызды болды.

Бірақ, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жағдай өзгерді:ғылыми-техникалық стратегияны және оны жүзеге асыру механизмін қалыптастыруда, ғылыми-зерттеу жұмыстарды қаржыландыруда, әлеуметтік сфераны дамытуда және т.б. мемлекеттің рөлі өсті.

Қазіргі кезеңдегі мемлекет тек айырбас сферасына ғана емес, ұдайы өндірістің басқа да фазаларына, соның ішінде ең алдымен экономикалық өсудің қарқынына, факторларына және тиімділігіне араласа алады.

Макроэкономиканың басты міндетті ұлттық экономиканы зерттеу.

Макроэкономикалық модельді таңдау ұлттық экономиканың сол кезеңдегі жағдайына байланысты болады. Қазіргі кезде кез келген мемлекеттердің ұлттық экономикасы бір-біріне баланысты күрделі шаруашылық жүйе болып табылады. Бұл жүйеде адамның орны ерекше, ол экономикада бір жағынан қызметтер мен өнімдері өндіруші болса, екінші жағынан игіліктерді тұтынушы болады.

Ұлттық экономиканың екінші бөлімін табиғи байлықтар, яғни, сол елдің территориясындағы барлық табиғи ресурстар (жер,су ресурстары және т.б.) құрайды.

Ұлттық экономиканың үшінші бөлімін капитал құрайды. Капитал бір жағынан өндіріс факторлары ретінде (еңбек заттары, еңбек құралдары, тұтыну заттары және т.б.), екінші жағынан ақша құралы ретінде (экономиканы инвестициялауға арналған ақша сомасы экономикада көрініс алады.

Кез келген ұлттық экономика жүйесі халықшаруашылығының салаларының жиынтығынан тұрады.Экономиканың салалық құрылымы екі топтан: материалдық өндіріс сферасының салаларрынан және әлеуметтік сферадағы салалардан құрылады. Бірінші топтағы салаларға: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, байланыс және көлік, сауда және т.б. жатады. Екінші топтағы салаларға: мәдениет, ғылым мен білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, басқару, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және халыққа тұрмыстыұ қызмет көрсету сфералары жатады.

Ұлттық экономика функционалды және салалық жағынан ғана емес, аймақтық немесе территориялық экономикалық құрылымы жағынан да сипатталынады. Аймақтық экономика елдің белгілі территориясында шоғырланған барлық экономикалық объектілердің жиынтығы болып табылады. Аймақтық экономика экономикалық аудандардан тұрады.Қазақстанның экономикалық территориялық құрылымы: шығыс, батыс, орталық, оңтүстік, солтүстік экономикалық аудандардан тұрды. Қазақстанның экономикалық аудандары туралы мәселелерді сендер экономикалық география пәнінде қарастырдыңдар.

Ұлттық экономинаның негізгі мақсаты елдің экономикасын дамыту негізінде қоғамның барлық мүшелеріне қолайлы өмір сұрулеріне жағдай жасау. Бұл мақсатқа жету үшін ғылым мен техниканы дамытулы, шектеулі экономикалық ресурстарды тиімді пайдалануды, жұмыссыздықпен инфляцияны тежеуді, әлеуметтік міндеттерді комплексті шешу туралы тұрақтақты жұмыстар істелінуі қажет.

Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық мақсаттар негізгі екі талаптарға сәйкес келуі керек. Біріншіден, бұл мақсаттар өлшемді және нақты болуы керек (мысалы, инфляцияның деңгейінің немесе жұмыссыздың тиісті бір мөлшерге дейін төмендеуі). Екіншіден, нарық тікелей қамтамасыз ете алмайтын мақсаттарды алға шығару (мысалы, жеке адамдардың табыстарын қайта бөлу, қорғанысқа қаржыны өсіру және т.б.)

Макроэкономикалық мақсаттарға жету үшін және жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру үшін мемлекетте тиісті құралдар болуы керек. Оларға сол елдің бюджеттік, салықғ несие, ақша және валюта жүйесі жатады. Осы интсрументтер арқылы мемлекеттің наақты экономикалық саясаты жүзеге асырылады. Осындай саясаттың екі түрін: монетарлық және фискалды саясатын атап өтуге болады. Біріншісі қоғам, экономикалық мақсатына валюта және ақша-несие жүйесін реттеу арқылы жетуді көздесе, ал екіншісі салық жүйесі арқылы жүзеге асыруды көздейді.

Макроэкономикалық саясаттың негізгі міндетті нарық экономикасының тиімділігін арттыру және әлеуметтік бағытта жұмыс істеуді қамтамасыз ету. Мемлекеттің макроэкономикалық саясаты осы міндеттерді шешу барысында келесі негізгі мақсаттарды көздейді:

- экономикалық өсүдің тұрақтылығын және тиімділігін;

- толық жұмысбастылықты;

- бағаның жалпы деңгейінің тұрақты болуын;

- әлеуметтік әділеттілікті;

- елдің сауды және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуді.

Экономикалық саясаттың түпкі мақсаты адам басына шаққандағы қоғамдық өнімнің өсу қарқынын көбейту болып табылады.

Қоғамдық өндірістің нәтижесі және олардың жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көрсеткішіндегі көрінісі.

Ұлттық экономиканың нәтижесін өлшеу үшін түрлі макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады, олардың жиынтығы «ұлттық есептеу жүйесі» деп аталады. Ұлттық есептеу жүйесі экономиканың негізгі секторларының арасында болатын қатынастардың сандық кестесі түріне негізделеді. Олар экономикалық әрекеттерді және шығындар мен кірістерді, өндіріс арасындағы байланыстарды сипаттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұлттық есептеу жүйесі халықаралық салыстыруды, мемлекет аралық қатынастарды жеңілдетеді.

Ұлттық есептеу жүйесі бойынша, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге жалпы ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), ұлттық байлық жатады.

Бұл көрсеткіштердің ішінде ең негізгісі жалпы ұлттық өнім болып есептелінеді. ЖҰӨ шет елде және ұлттық территория шеңберінде сол елдің азаматтары бір жыл ішінде өндерген түпкі өнімдердің барлық көлемінің нарықтық құнымен анықталады. Мұнда мына жағдайды ескеру қажет, түпкі өнімге тек тұтынуға арналған тауарлармен қызметтер ғана жатады. Ал қайта сатуға, өндеуге арналған тауар мен қызметтер ЖҰӨ-ді есептегенде есепке алынбайды. Бұл тауарлар мен қызметтердің құндары ЖҰӨ-ге кіретін болса, онда осы тауарлар құндары (аралық) екі рет есепке алынып, ЖҰӨ дұрыс бағаланбайтын болады. Екі рет есептеуді болғызбауға қосылған құн көрсеткіші мүмкіндік береді. Қосылған құн- ол фирманың нарық бағасымен өндірген өнімінің өнімді өндіруге жұмсалған материалдарымен шикізаттардың құндарынның айырмасы, яғни қосылған құн жалпы ұлттық өнімді айтарлықтай толық сипаттайды. Осы пікірді келесі мысал арқылы көрсетейік. Мысалы, жүннен тоқталған мата тұтынушының қолына тигенге дейін бес өндіріс сатысынан өтеді екен.

Өндіріс сатылары Өнімің сату бағасы (теңге) Қосылған құн (теңге)
1. А фирмасы қой өсіретін ферма 2.Б- фирмасы, жүнді оңдейтін кәсіпорын 3.В фирмасы, жүннен мата жасап шығаратын кәсіпорын 4. Г фирмасы, матаның көтерме сауда нарығы 5. Д фирмасы, матаның бөлшек сауда нарығы. Сауда-саттықтың жалып құны. Қосылған құн (жалпы табыс)         - 600 (600-0) 400 (100-600) 250 (1250-1000) 500 (1750-1250) 750(2500-1750)   -

 

Кестеде көрсетілгендей А фирмасы, қой өсіретін ферма, жүнді өңдейтін кәсіпорынға, Б фирмаға жүнді 600теңгеге жеткізіп береді. А фирма жүнді сатқаннан түскен 600 теңгені жалақыға, рента төлемдеріне, процентке және пайдаға бөледі. Б фирмасы жүнді өндеп В фирмасына 1000 теңгеге сатады. Б фирмасы фирма В-дан алған ақшасының 600 теңгесін А фирмасына, ал қалған 400 теңгені фирма Б жалақы төлеуге, рента төлеуге, ресурстар сатып алуғаа жұмсайды. Мата өндіру процесінің қалған сатылары жоғарыда көрсетілген схемадағыдай жүзеге асырылады.

Жоғарыда келтірілген мысал бойынша, ЖҰӨ-ді анықтағанда өндірілген матаның құнынның қай бөлігін есепке алу керек деген сұрақ туады. Әрине, тек 2500 теңгені, яғни түпкі (соңғы) өнімінің құнын есепке алу керек. Егер, біз барлық аралық өнімдердің құндарының қосындысын ЖҰӨ көрсеткішіне қосатын болсақ, онда ЖҰӨ көлемі 7100 теңгеге дейін көтеріледі, біз бұл жерде матаның құны бірнеше рет есептеп өткенің көреміз.Сондықтан, бұл жерде тек 2500 теңгеге ғана жаңа құн жасалды. Яғни, ЖҰӨ есептегенде әр фирманың қосқан құны мұқиятескерілуі қажет. Бұл жалпы ұлттық өнімінің көлемін жұрыс есептеу үшін қажет.

Дегенмен, қосылған құнның мөлшері ЖҰӨ барынша объективті сипаттағанымен бұл көрсеткішті есепту үшін басқа үш әдіс қолданылады: шығындар, табыстар және өндіріс бойынша. Шығындар бойынша есептелінген ЖҰӨ жеке және өндірістік тұиынуға кеткен шығындардың ел үшін жалпы сомасы болып табылады.

ЖҰӨ көрсеткішінің құрылымы келесі шығындар бойынша есептелінеді.

1)халықтың материалдық игіліктерді сатып алу үшін жұмсалған шығындырады; (С);

2)ұлттық экономикаға тартылған жалпы инвестиция, фирманың негізгі капиталды көбейтуге жұмсалған шығындардың сомасы (Ұ);

3)мемлекеттің билік органдарының тауарды сатып алуға кеткен шығындары (М);

4)таза экспорт (Х);\.

Демек, шығындар бойынша есептелген ЖҰӨ:

ЖҰӨ = С +Ұ + М+ Х

Табыстар байынша есептелінген ЖҰӨ өндіріс факторлырының меншік иелері алған табыстарының жалпы сомасы болып табылады.

Табыстар бойынша есептелінген ЖҰӨ құрылымы қоғамда белгілі кезеңде жалақы, процент, пайда, рента формаларында алынған табыстар жиынтығынан тұрады. Сонымен қатар, ЖҰӨ-ге амортизацияның және салықтардың жалпы сомалары да кіреді. Дегенмен, бұл сома табыстар формасында болмағанымен, ол ЖҰӨ құнының бір бөлігін құрайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 112; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopediasu.com - Студопедия (2013 - 2026) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.