Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Исходные данные 4 страница




Өндіріс шығындарын жіктеудің әр түрлі варианттары (басқа түрлері) бар. Сондықтан, ең алдымен шығындардың мына түрлеріне тоқталайық – олар бухгалтерлік және экономикалық шығындар.

Бухгартерлік шығындар өнімнің белгілі мөлшерін өндіру үшін жұмсалған өндіріс факторларының шығындары. Кәсіпорынның шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде (отчет) өзіндік құн формасында көрініс алады.

Өнімнің өзіндік құны, кәсіпорнынның өнімді өндірумен өткізуге жұмсалған шығындарының ақшалай көрінісі. Өзіндік құн, өнімді өндіріп, өткізудің, кәсіпорындарға қаншаға түсетіндігін көрсетеді. Өзіндік құнға өнімге ауыстырылған бұрынғы еңбектің шығыны (негізгі қорлардың амортизациясы, шикізаттың, материалдың, отынның және басқа да материалдық ресурстардың құны) және кәсіорын қызметкерлерінің, жұмысшыларының еңбегіне ақы төлеу шығындары (жалақы) кіреді.

Өндірістиік шығындары экономикалық тұрғыдан ұғыну шектеулі ресурстарды альтернативті пайдалану мүмкіншіліктерге негізделеді.

Кез келген ресурстардың экономикалық шығындары альтернативті шығындар болып табылады. Альтернативті шығындар – ресурстарды пайдаланудың мүмкін болатын альтернативті әдістерінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша сомасы. Альтернативті шығындар айқын (сыртқы) (явные) және айқын емес (ішкі) (неявные) шығындар формасында болады. Айқын шығындарда аралық өнімдердің және өндіріс факторларының меншік иелеріне төленетін ақша төлемдері жатады. Айқын емес шығындар өндіріс иелерінің меншігіндегі ресурстарды пайдаланумен байланысты шығындар.

Бухгалтерлік шығындардың экономикалық шығындардан айырмашылығы бухгалтерлік шығындарға өндіріс иелеріндегі өндіріс факторларының альтернативті құны кірмейді. Бухгалтерлік және экономикалық шығындарды тұрақты, өзгермелі, жалпы, орташа және шекі шығындармен толықтыру керек.

Тұрақты шығындар (FC) – ол өндірілген өнімнің көлеміне байланысты емес немесе кәсіпорын өнім шығармаған жағдайда да орын алатын шығындар. Тұрақты шығындарды келесі графиктен көруге болады:

C ТС

 

VC

FC

 

 

 


Q

 

Тұрақты шығындарға жататындар: облигациялық займ бойынша міндеттемелерді төлеу, арендалық төлемдер, өндіріс құрал-жабдықтарының және құрылыстардың амортизациясы, сақтандыру жарналарды төлеу, кәсіпорын басшыларынын жалақылары және т.б.

Өзгермелі шығындар (VC) – шығарылған өнімдердің көлемімен тікелей байланысты шығындар. Оған жататындар: шикізатқа, материалға, жалақыға, отынға және т.б. жұмсалған шығындар.

Тұрақты және өзгермелі шығындардың арасында мынадай айырмашылықтар бар: тұрақты шығындар өнім шығарылмасада төленуі керек, ал өзгермелі шығындардың көлемі өндіріс көлеміне қарай өзгертіп отырады.

Жалпы шығындар (ТС) – тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы болып табылады немесе өндірісті ұйымдастыруға және өндіріс факторларына жұмсалған фирманың жиындық шығындары.

Бұл жерде мына жағдайды ескеру керек. Шығындардың көпшілігі бір жағдайда тұрақты болса басқа жағдайда өзгермелі болуы мүмкін. Шығындары тұрақты немесе өзгермелі түрлеріне жатқызу фирманың әрекет ететін кезеңіне байланысты болады.

Қысқа мерзім кезеңінде фирма пайданы өсіру мақсатында өзгермелі өндіріс шығындарын өзгерту арқылы шығындардың ең аз мөлшерін қамтамасыз етуге ынталы болады. Ұзақ мерзім кезеңде фирма өндірістегі барлық ресурстарды, сондай-ақ өндіріс қуатын да өзгертеді. Сол себептен шығындардың барлығы өзгермелі болады.

Пайдаланудағы ресурстардың санының, сондай-ақ кәсіпорындардың көлемінің өсуі бір уақытқа дейін жалпы шығындарды азайтады. Бірақ бір мезілден бастап өндіріс тиімділігі минимум деңгейіне жетеді, осы уақыттан бастап жалпы шығындар өсе бастайды. Бұл жағдайда фирма өндіріс шығындарын азайту үшін өндірісті ұлғайтуды немесе өндіріске қосымша өзгермелі факторларды қосу туралы шешім қабылдайды.

Кәсіпкерді жалпы өндіріс шығындарымен қатар өнімінің бір единицасының (дана) шығындары, яғни орташа шығындары қызықтырады. Орташа шығындар (АТС) – шығарылған өнімнің бір единицасына шаққандағы жалпы шығындар. Ол мына формуламен шығындарға қатынасы арқылы есептелінеді:

ATC=

Орташа өндіріс шығындары орташа тұрақты шығындар (АҒС) және орташа ауыспалы шығындар (АVC) мен айқындалады.

AFC= ; AVC= ;

AFC,AVC,ATC қисық сызықтары келемі графикте көрсетілген:

C АТС

AVC

М

 

AFC

О Q

Графикте көрсетілгендей (сурет-2) орташа шығындар (АТС) басында жоғары деңгейде болса, кейін өндіріс көлемі ұлғайған сайын, өндіріс көлемі өскен сайын өндіріс тиімділігі төмендеп отырады, яғни қайтарым (закон убывающей отдачи) кему заңы әрекет ете бастайды. Осы заңның әрекеттің салдарынан қисық сызығы өрге қарай жалжып, әрбәр қосымша ауыспалы ресурстар өндіріс көлемін аз мөлшерге әсіріп отырады. Сол себептен, бұл жағдайда фирма өндірістен қай көлемінде қосымша шығындар ең аз болатындығын анықтап алуы қажет. Ол үшін тек орташа шығындарды ғана емес, сондай-ақ шекті шығындарды да ескері керек.

Шекті шығындар (МС) – қосымша өнімді өндіру үшін жұмсалатын қажетті қосымша шығындар.

MC=

Шекті шығындарды анықтағанда тек ауыспалы шығындар ғана ескеріледі, тұрақты шығындар қосымша өнімді өндіуге ықпал етпейді, сондықтан ол ескерілмейді (есепке өнімді өндіруге ықпал етпейді, сондықтан ол ескерілмейді (есепке алынбайды) болып табылады, себебі, өнім көлемінің өсуі шығынның қай көлемімен байланысты екендігін және өндірісті ұлғайтуды, өндірістің қай көлемінде тоқтату керектігін анықтауға мүмкін болады. Яғни, кәсіпкер әрбір, қосымша өндерілген өнім әзірше қосымша кірісті өсіргенге дейін өндірісті ұлғайтады. Сондықтан шекті шығындар, шекті кірістен төмен болғанға дейін фирма өндірісті ұлғайта алады.

Транскрипциялық шығындар – бұл фирманың информацияны жинауға, келісөз жүргізуге және т.б. кеткен шығындары. Транскрипциялық шығындардың басты ерекшелігі, оның тікелей өндіріс процесіне қатысы жоқтығы. Бүгінгі фирмалар бұл шығынсыз жұмыс істей алмайды.

Жалақының мәні, оның негізгі формалары.

Меншік иелері арасында өндіріс факторларынан алынатын табыстарды бөлу маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселе. Мұндай факторларға еңбек, капитал және жер жатады. Осы факторларға сәйкес жеке шаруашылық субъектілері шеңберінде табыстардың негізгі формалары: жалақы, пайда, процент және жер рентасы қалыптасады.

Қай экономикалық жүйе болмасын табыстардың көпшілігі жалақы формасында болады.

Қазіргі экономикалық ғылымда жалақының мәні туралы әртүрлі көзқарастар айтылып жүр. Батыс экономикалық ғылымының өкілдері жалақыны еңбектің бағасы ретінде қарастырады. Мысалы, Макконелл мен Брюдің пірінше «жалқы немесе жалақының ставкасы – ол еңбекті пайдаланғаны үшін төленетін баға». Басқа концепция бойынша (К.Маркс), жалақы жұмыс күшінің бағасымен құнының өзгерген формасы ретінде анықталады. Жалақының негізін тауар жұмыс күшінің құны құрайды. Жалақының жұмыс күшінің құнының төңірегіндегі қозғалысы, жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс заңдары арқылы реттеліп отырылады.

Ақшамен бейнеленген жұмыс күшінің құны – жұмыс күшінің бағасы табылады. Жұмыс күшінің бағасы әртүрлі факторлардың ықпалымен оның құнынан ауытқи алады. Бұл тенденция жұмыс күшінің тауар ретіндегі спецификалық қсиеттерімен байланысты болады. Ол ұдайы өндіріс процесінде жұмыс күшінің құнына басқа туарларға қарағанда жұмысшы мен оның жанұясының қажетті тіршілік заттарының құны кіретіндігін білдіреді. Бұл ерекше товардың тағы бір спецификалық қасиеті, оның бағасының ерекшеліктерінен байланысты. Сұраныс пен ұсыныс ықпалымен тауарлардың бағасы, оның құнының төңірегінде ауықтып отырады. Бұл құбылыстың жоғарыда көрсеткеңіміздей жұмыс күшіне де қатысы бар, оны номиналды және нақты жалақының дәрежесінен көруге болады.

Номиналдыы жалақы деп жұмысшының өзінің еңбегі үшін алатын ақшалай табысы. Жұмысшы номиналды жалақасына өзіне және жанұясына қажетті азық-түлік өнімдерін, киімкешек және басқа тауарларды сатып алуға, коммуналдық және т.б. төлемдерді төлуге тиіс. Сондай-ақ, ол белгілі бір мөлшерде салық төлуге тиіс. Мұның өзі жұмысшының өзін және өз жанұясын асыруға жұмсайтын ақшаның сомасын елеулі түрге кемітеді. Номиналды жалақыдан нақты жалақыны айыра болу керек. Нақты жалақы дегеніміз бағаның белгілі бір дәрежесәі кезінде, номиналды жалақыдан салықтар мен басқа да төлемдер алынып тасталғаннан кейін, жұмысшының өзінің номиналды жалаұысына сатып ала алатын тұтыну құндарының (тауарлар мен көрсететілетін қызметтің) мөлшері болып табылады.

Нақты жалақы, ең алдымен номиналды жалақынын мөлшерімен анықталады. Нақты жалақының мөлшеріне тұтыну заттардың бағасы, пәтер ақы, коммуналдыық қызмет, қоғамдық көлік және қызметтің басқа да түрлеріне белгіленген тарифтер ықпал етеді. Бұл факторлар нақты жалақыны төмендетеді.

Жалақының негізгі формаларына – мерзімді және кесімді түрлері жатады.

Мерзімді жалақы істелінген жұмыс уақытының мөлшеріне және қызметкерлер мен жұмысшылардың мамндығына байланысты төленеді.

Кесімді жалақы – өндірілген өнімнің саңына және сапасына байланысты төленетін ақы. Ол еңбек өнімділігін арттыруға жұмысшыны тікелей ынталандырады, әркімнің орындаған жұмысына дәлме-дәлесеп жүргізуге мүмкіндік береді. Бірақ, қазіргі уақытта өндіріс технологиясының ерекшеліктеріне байланысты көп жағдайда жалақының мерзімді формасы қолданылады.

Қазіргі кезде жұмысшының творчестволық қбілетін дамуына, еңбек өнімділігінің өсуін ынталандыруға бағытталға жалақының әр түрлі жүйесі қолданылады. Мәселен, кесімді ақы төлеу түріне: тура кесімді жалақы, кесімді-прогрессивтік жалақы кесімді сыйлық жалақы. Кесімді жалақының тағы бір түріаккордық жалақы жүйесі. Бұл жүйеде жалақы жұмысшыларға өндірістің ең соңғы нәтижесіне байланысты төленеді. Сонымен қатар, жәй мерзімді және мерзімді-сыйлық жалақы жүйесі де пайдаланылады.

Жұмысшының жалақысының мөлшері мен деңгейіне ұлттық ресурстар жағдайы (табиғи, еңбек, технологиялық), жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы және еліне экономикасының жағдайы елеулі әсер етеді. Жалақыны деңгейіне ықпал ететін факторлардың ішінен бірінші қатарға жұмыс күшіне деген сұраныс және ұсыныс шығады. Атап айтқанда, сұраныс пен ұсыныс еңбек өнімділігіндегі өзгерістері бейнелейді. Еңбек өнімділігі неғұрлым жоғары болса, жұмыс күшіне деген сұраныс та соғұрлым жоғары болады және жалақының орташа деңгейі де жоғары болады.

Жалақының деңгейіне және динамикасына кәсіподақтар әсер етеді. Кәсіподақтың іс әрекеті ең алдымен, жалақыны өсіруге, еңбектің қауіпсізділігін, еңбектің жағдайын жақсартуға бағытталған. Мемлекет, кәсіпкерлермен қатар кәсіподақтар жұмысшы күші нарығының тең құқылы субъектісі ретінде әрекет етеді. Сондай-ақ, жұмысшы күшіне сұранысты, сонымен бірге жалақыны өсіруге әсер етіп, өндіріске де қолдау көрсетеді.

Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы атынан келісім шарт жасау арқылы, кәсіподақ жұмыс күші нарығын реттеуге ықпал ете алады. Ол ұжымдық келісім шарт негізінде кәсіпорын, мекеме және ұйымдар қызметкерлерімен кәсіпкерлер арасындағы еңбек, әлеуметтік-экономикалық және кәсіпшілік қатынастарды реттейді.

Капитал-өндіріс факторы және процент-капитал иесінің табысы ретінде.

Өндіріс факторларына адамның еңбегімен қатар капитал да жатады. Бұл категорияның мәні туралы қазіргі кезеңде әр түрлі пікірлер бар. Солардың ішінен екі ірі топтың көзқарастарында тоқталайық. Олардың біріншілері капиталды өндіріс құрал жабдықтарының жиынтығы ретінде, ал екіншілері капиталды шаруашылықтан табыс табу мақсатында пайдаланатын ақша сомасы ретінде қарастырады.

Капитал категориясы туралы әр түрлі пікірлердің болуына байланысты, капитал нарығы туралы да бірыңғай пікір қалыптаспаған. Сондықтан, нарықтағы сатушы мен сатып алушының ара қатынасындағы объектілерге қарай капитал нарығы туралы көзқарастардың екі бағытына тоқталайық.

Біріншілері, капитал мен өндіріс факторлары нарығындағы капиталдарды: машиналарды, станоктарды, құрылыстарды, материалдарды және т.б. айтады. Сол себептен, бұл жағдайда капитал – өндіріс факторлар нарығының бір бөлігі ретінде көрінеді.

Екіншілері, капитал нарығына қаржы нарығындағы ақша капиталын жатқызады. Сондықтан олар капиталды қарыз капиталының бір бөлігі ретінде қарастырады.

Қарыз капиталы нарығы ақша нарығына және капитал нарығына бөлінеді. Ақша нарығы бір жылға дейінгі қысқа мерзімдік банк операцияларымен байланысты. Капитал нарығы орта мерзімді және ұзақ мерзімді банк операцияларына қызмет етеді. Ол ипотекалық нарыққа (салынған заттарға берілген қағаздарммен (закладные листы) операция жүргізуге) бөлінеді.

Қаржы н.арығының субъектісіне банктер, олардың клиенттері және қор биржалары жатады, ал объектісі ретінде жеке кәсіпкерлердің құнды қағаздарымен қатар, мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары да кіреді.

Ақша нарығы және капитал нарығы қарыз капиталынын екінші қайтара нарығы (вторичный рынок ссудых капиталов) болып табылады. Бұл нарықтың әр біреуіне тән құнды қағаздары болады. Олардың бір-бірінен айырмашылықтары төмендегідей:

- статусы (акция немесе облигация) бойынша;

- меншік типі (жеке меншік немесе мемлекеттік) бойынша;

- өтімділігі дәрежесі бойынша;

- тәуекелділік сипаты бойынша;

Мысалы; АҚШ-тың капитал нарығына:

- қазыналық облигациялар (АҚШ федералық өкіметінің ұзақ мерзімді саясатын қаржыландыруға арналған);

- мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары (әлеуметтік бағдарламалары қаржыландыру үшін шығарылады)

- муниципалды облигациялар (жергілікті билік орнадары шығарады)

- корпорациялардың акциялары және облигациялары (жеке меншік фирмалардың құнды қағаздары) жатады.

Капитал – нарық субъектілердің ақша ресурстарынан құрылады. Ал, оны пайдаланатындар фирмалар, үй шаруашылықтары. Капитал жинақтаушылар мен оны пайдаланушылардың ара қатынастары көптеген делдалдық қаржы жүйесі: коммерциялық банктер, инвестициялық қорлар, брокерлық кеңселер және т.б. арқылы жүзеге асырылады. Олардың негізгі қоғамдағы уақытша бос ақшаларды шоғырландыру және оларды капиталды пайдаланатындар арасында таратып үйлестіру болып табылады. Капиталды пайдалану әр түрлі формада беріледі: - корпорацияның облигациясын сатып алу немесе фирмаларға тікелей қарыз беру арқылы. Бұл процесте берілген капиталға төленетін процент маңызды рөл атқарады.

Процент (капиталдың бағасы) оған сұраныс пен ұсыныс арақатынасы арқылы реттеледі және капиталды қолданғаны үшін төлем процент нормасы арқылы көрінеді, ол қарыз капиталынан (мысалы 10 мың теңге) жылдық табысты барлық қарыз капиталына (100ммың теңге) қатысы арқылы өлшенеді.

х100%=10%

Процент нормасына келесі факторлар әсер етеді:

- тәуекелділік. Қарыздың қайтарылмау мүмкіндігі жоғары болған сайын соғұрлым қарыз беруші жоғары (қарыз) процент алып отырады.

- жекелдік. Қарыз мерзімі ұзартылған сайын, процент нормасы да жоғары болады.

- қарыз мөлшері. Берілетін қарыздың мөлшері аз болса, процент соғұрлым жоғары болады. Себебі, ірі және ұсақ қарыздардың әкімшілік шығындары ұқсас болады.

Процент нормасына инфляция деңгейі де әсер етеді. Сондықтан инвестиция туралы шешім қабылданғанда проценттің номиналды және нақты ставкалары анықталады. Номиналды проценттік ставкасы – ол ағымдағы қарыз капиталының құны бойынша анықталатын проценттік ставкасы. Нақты проценттік ставка – ол инфляция деңгейін есепке алғандағы номиналды проценттік ставкасы. Мысалы, номиналды проценттік ставка 20% тең болады десек, бұл жағдайда банкіге 600мың теңге қайтару керек. Бірақ инфляцияның 10% өсуіне байланысты 600 мың теңгенің төлеу қабілеті жылдың соңында 10% төмендеп, 50 мың теңгеге кемиді. Сондықтан, капитал қарызға берілгенде міндетті түрде инфляция деңгейі ескеріледі.

Жер – ауылшаруашылығының негізгі факторы ретінде. Жер рентасы және оның түрлері.

Өндіріс процесінің тағы бір факторы – жер болып табылады. Жер ұғымына жердің өзімен қатар, жердің үстіндегі немесе жер астындағы табиғи байлықтар да жатады. Жермен адамның тіршілік жағдайы тікелей байланысты екені бәрімізге мәлім. Ол адам өмірінде әр түрлі рөл атқарады. Егер өнеркәсіпке жер кәсіпорындарға тұрған орны ретінде ғана болса, ал ауыл шаруашылығында ол негізгі фактор (құрал) болып табылады. Бұл фактордың ауылшаруашылығында көптеген ерекшеліктері бар. Соның ішінде, ең негізгісі ретінде жердің шектеулігі, яғни оның көлемін көбейтуге келмейтінділігі және жаңадан өндіруге мүмкін есемтігін атауға болады. Жер ресурстары шектеулі болғандықтан, сондай-ақ жерсіз (бірде-бір әрекет адам өмір сүруі мүмкін есестігімен байланысты жерге меншік, меншіктің ең табысты және маңызды түрлеріне жатады.

Меншіліктің бұл түрі экономикалық жағынан көп жағдайда жалға беру және рента формасында табыс алу арқылы жүзеге асырылады.

Ренталық қатынастар жерге жеке меншік мелері мен жалгерлердің арасында жерді және басқа табиғи ресурстарды пайдаланғанынан түскен табыстарды бөлу туралы пайда болады. Соның нәтижесінде табыс екі бөлікке бөлінеді. Табыстың бір бөлігі пайда түрінде желгерге тисе, екіншісін-үстеме пайда түрінде жер иесі алады. Жер иесі алатын табыстың бөлігін жер рентасы деп атайды. Жер рентасы жалгердің жер иесіне төлейтін аренда төлемі формасында алынады. Аренда төлеміне рентамен қатар, жалға бергенге дейін жер учаскесіндегі салынған құрылыстардың амортизациясы, жерді өңдеуге жұмсалған капиталға процент кіреді.

Ренталық қатынастардың халық шаруашылығының әр түрлі салаларында (ауыл шаруашылық, құрылыс және т.б.) пайда болуының маңызды себептері, жоғарыда көрсеткеніміздей, жердің ерекшеліктерімен байланысты. Жер экономикалық ресурс ретінде еңбек процесінің нәтижесі емес, сондықтан оның құны болм айды. Әр түрлі учаскелердің құнарлығы бірдей болмайды және тұрақты орналасуымен сипатталады. Бірақ жердің басты ерекшелігі оны көбейтуге келмейтіндігінде және шектеулігінде. Сол себепті, жердің шектеулілігіне байланысты оның ұсынысы абсолютті икемсіз болады. Егер абцесса осінде жердің көлемін (гектар) үшін төлейтін ақшасының сомасы), онда графика ұсыныстың қисық сызығы S ордината осіне параллелді (салыстырмалы) болады.

 

Рента (теңге) Р D2 D1

 

P1 E1

P0 D1

E0

P2 E2 D

Жер көлемі (гектар)

График жерді ұсыну абсолюті икемсіз екенін көрсетіп отыр. Себебі, оның көлемі үнемі бірдей болады және өзгермейді. Сондықтан, егер шаруашылықта пайдалануғв тартылатын жерлердің көлемі үнемі шектеулі болса, онда рентаның мөлшерін анықтайтын фактор ретінде жеоге тек сұраныс қана болады. Сол себептен, осы экономикалық ресурсқа әсер ететін әр түрлі факторлардың және жердің құнарлығының төмендеуі салдырынан сұраныстың қисық сызығының еңкіштігі жердің әр гектарынан алынатып табыстың бірге-бірге төмендеуін көрсетеді. Ұсыныс қисық сызығының (SS) сұраныс қисық сызығымен (DD) қисылуы жер нарығындағы тепе-теңдікті – әр гектар жерден ай саын алынатын жер рентасының деңгейін көрсетеді (E0 ). Бір гектар жер үшін ай-сайын алынатын рентаның деңгейінің өсуі немесе төмендеуі сол жер учаскісінде өндірілетін ауылшаруашылық өніміне сұраныстың өзгеруімен тығыз байланысты болады. Сұраныс өскенде рента P0 P1 –ге дейін өседі, ал сұраныс төмендегенде жер рентасы P2 дейін төмендейді. Демек, экономикалық рента көлемі жердің ұсынысының шектеулі жағдайында, негізгі өнімге сұраныстың өзгеруіне байланысты болады.

Сонымен қатар, жер рентасының мөлшері жкр учаскесінің сату нарығына, яғни жердің нарыққа алыс жақындығына немесе жердің сапасына (құнарлы, орташа құнарлы, құнарсыз жерлер) байланысты болады. Бұндай учаскелерде жер иесі иемденетін дифференциялық рента – үстеме қосымша құн жасалады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 90; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopediasu.com - Студопедия (2013 - 2026) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.