КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Исходные данные 9 страница
Инфляцияның үшінші белгісі бойынша – күткен және күтпеген инфляцияны айтуға болады. Күткен инфляцияны алдын-ала анықтауға және алдын-ала шаралар қолдануға болады. Күтпеген инфляция стихиялы түрде пайда болады, алдын-ала болжау мүмкін емес, баға кенеттен өседі, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Инфляция ашық түрде болуы мүмкін, яғни тауарлардың бағалары әр түрлі факторлар әсерінен өсіп, ең жоғары деңгейге жетуі мүмкін. Басыңқы (подавленная) инляция кезеніңде бағалардың өзгеруі байқалмайды. Бұл инфляция қызметтер мен тауарлар тапшылығы арқылы көрінеді. Инфляцияның бұл түрі жабық экономикалық жүйеге тән құбылыс. Бағалардың өсуі және артық ақшалардың пайды болуы – бұл инфляцияның сырт көрінісі, оның түпкі себептері экономикадағы тепе-теңдіктің бұзылуында.
3. Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдары. Инфляцияның салдары күрделі және көп түрлі болып келеді: Біріншіден, инфляция ұлттық табысты және ұлттық байлықты қоғамның әр түрлі топтары арасында қайта бөлуге әкеп соғады. Қаржылар жеке сектордан (фирмалардан, үй шаруашылығынан) мемлекеттің пайдасына қайта бөлінеді. Инфляцияның бір факторы ретінде, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы салықтар арқылы өтелінеді(жабылады). Салықтарды табысы барлардың барлығы төлейді. Табыстардың мемлекеттің пайдасына қайта бөлінуінің тағы бір каналы ол мемлекеттің ақша шығарудағы монополиялық құқығы. Қосымша шығарылған ақшалар мен оларды шығаруға кеткен шығындар арасындағы айырманы сеньоряж деп атайды. Ол мемлекеттің қосымша шығарған ақшаға ала алатын нақты ресуртсар санына тең болады. Инфляция жағдайында тұрақты (фиксированные) табыстары бар адамдардың жағдайы нашарлай түседі. Нарықта монополиялық жағдайдағы сатушылар нақты табыстарын өсіре алады. Күтпеген инфляция жағдайында қарыз берушілер (кредитор) ұтылады, ал қарыз алушылар ұтады. Бұл жағдайда банктер шығындарын азайту мақсатында қарыз процентінің мөлшерін өсіреді. Нәтижесінде, өндіріске жұмасалатын инвестицияның көлемі взвяды. Бұндай жағдай ұзақ мерзімге созылатын болса, онда нақты ЖҰӨ көлемі азаяды, ал инфляция өседі. Халықтың тұрмыс жағдайына салық салудың прогрессивті жүйесі әсер етеді. Бұл салық салу жүйесі бойынша, индексация есебінен ақшалары өскен адамдар салық төлеушілер тобының басқа тобына өтеді. Мысалы, 10 мың теңге айлық жалақысы бар салық төлеуші 10500 теңге табыс тобынан, жалақысы индексациялау негізінде 1000 теңгеге өссе, онда ол салық төлеушілердің басқа тобына ауысады, айталық 12500 теңге табысы барлар тобына. Демек, адамдар салық төлеушілердің бір тобынан екінші тобына өту барысында жалақыларының көбейген мөлшерін мемлекетке беріп отырады. Екіншіден, инфляция табыстарды бай адамдардың пайдасына қайта бөлуге мүмкіндік туғызады. Бюджет тапшылығын өтеу мақсатында өкімет мемлекеттік құнды қағаздар шығарады. Осы құнды қағаздар бойынша процент бюджеттің кірісі есебінен төленеді, ал бюджеттің кірісі адамдардың барлық топтары төлейтін салықтардан құрылады. Нәтижесінде, салықтар арқылы табыстар адамдардың бір тобынан екінші тобына қайта бөлінеді, яғни халықтың бір бөлігі екінші бөлігі есебінен баййды. Үшіншіден, инфляциның өсуі және бағалардың құрылымының өзгеруі фирмалардың жоспарлауын (әсіресе, ұзақ мерзімді) қиындатады. Нәтижесінде, бизнесті жүргізуде белгісіздік, тәуекелділікке бару (риск) өседі. Осының нәтижесінде процент ставкасы өседі. Инвестициялвр тек қысқа мерзімді қамтиды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі құрылыстың үлесі азаяды. Болашақта бұндай жағдай халықтың әл-ауқатын және жұмысбастылықтың төмендеуіне әкеліп соғады. Төртіншіден, экономикада бағаның қарқынды өсуі ұлттық тауарлардың басқа елдердің тауарларымен салыстырғанда бәсекелестігі төмендейді, жұмыссыздық өседі және тауар өндірушілердің жағдайлары қиындай түседі. Бесіншіден, шетел валютасына сұраныс ұлғаяды. Шетелге капитал көптеп кете бастайды, валюта нарығында спекуляция (алып старлық) көбейеді. Нәтижесінде баға тез өсе бастайды. Алтыншыдан, инфляция өндіріске де әсер етеді. Жасырын инфляция жағдайында (тауар тапшылығы тән) мемлекет өнімдерді әр түрлі теңгермешілік бөлу варианттарын қолдануға мәжбүр болады, ол біздің елдегі тәжірибе көрсеткендей жоғары тиімді еңбекке деген ынталықты төмендетеді. Сонымен, инфляциялық процесс адам өмірінің барлық жағын қамтитын құбылыс. Сондықтан инфляциямен күрес комплексті түрде жүргізілуі қажет.
4. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптарына шалдыққан елдердің үкіметтерінің инфляцияға қарсы саясат жүргізу негізгі міндеттері болып табылады. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының екі тәсілін айтуға болады. Бірінші тәсіл (кейнсиандық бағыт) бюджеттік саясатқа бағытталған, яғни салықтар мен мемлекеттік шығыстарды реттеу негізнде төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал етуді көздейді. Артық сұраныс кезінде үкімет салықтарды өсіруімен қатар шығындарын шектейді. Нәтижесінде сұраныс азаяды, инфляция қарқыны төмендейді. Мұндай саясат тек қысқа мерзім ішінде ғана тиісті нәтиже береді. Себебі ақырында экономикаға инвестиция жұмсау, жоғары қарқынды еңбекке деген ынталылық, экономиканың дамуы баяулай бастайды және мемлекеттік бюджетке салықтардың түсімі азаяды. Екінші жағынан тлеу қабілеті бар сұраныс жеткіліксіз болғандықтан мемлекет салықтарды төмендетеді және шығындарын өсіреді. Мысалы, пайдадан алынатын салық ставкасын төмендету жағдайында инвестициялық процесс жандана бастайды, яғни капитал жұмсау өседі, ол жұмысбастылық пен өндірістің өсуіне жағдай жасайды, сондай-ақ табыстардың салық салу бөлгн өсред. Түбінде бұның бәрі бюджеттің тапшылыған азайтуына әкеледі. Төлеу қабілеті бар сұраныстың өсуіне табыс салығының ставкасының төмендеуі әсер етеді. Оның төмендеуі де салық төлеушілердің табыстарын өсіреді, олар бара-бара ел экономикасының дамуына жұмсалады. Екінші тәсілдің авторлары неоклассиктер- экономикадағы инфляциялық құбылыстарды ақша-несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрін Орталық банк жүзеге асырады. Орталық банк үкіметтен дербес, туелсіз ақша-несие саясат жүргізу арқылы қарыз процентнң ставкасы мен айналыстағы ақшалардың санын өзгерту арқылы экономикаға ықпал етеді. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының тағы бір маңызды мндеті – экономикаға сер ететін сыртқы факторларға қарсы шаралар қолдану. Олар сыртқы экономикалық факторлардың әсер етуін, валюта курсын тұрақтандыру және төлем балансын теңестіретін р түрлі шараларды қолдану арқылы мүмкін болады. Сонымен бірге, ұлттық валютаның курсының өсуі, шетелдерден келетін қызмет пен тауарлардың бағалары төмендетеді, нәтижесінде экономикадағы бағалардың жалпы деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді.Экспорт керісінше қымбаттайды. Бұл экспорттың бсекелестік қабілетін төмендетеді, сауда және төлем балансын қиындатады. Қорыта айтқанды, қазіргі нарық экономикасындағы инфляцияны мүлдем жоюға болмайды, себебі инфляция нарық экономикасының ішкі құрылысына тән тұрақты құбылыс. Сондықтан, мемлекеттердің көпшілгі инфляция қарқынына жәй, орташа жүргізуді мақсат етіп қояды. 15-тақырып. Экономикалық дамудың халықаралық аспектісі 1. Дүниежүзілік шаруашылықты интернационалдандыру және халықаралық еңбек бөлінісі. 2. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізі формалары. 3. Сыртқы экономикалық реттеудің механизмі. Протекционизм, фритредерство. 4. Халықарлық валюта жүйесі және валюта курсы. Төлем, сауда балансы.
§1. Дүниежүзілік шаруашылықты интернационалдандыру және халықаралық еңбек бөлінісі. Бүкіл дүиежүзілік қоғам дамуының аса ірі түпкі нәтижелерінің бірі. XIX ғасырдың аяғында адам өмірінің дамуындағы жағдайлар мүлдем өзгерді. Оған саяси-әлеуметтік экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық жағдайларда болған өзгерістер тікелей әсер етті. Біріншіден, дүниежүзілік ынтымақтастық формаларының көптігі; олардың қайшылықтарының шегіне жетуі. Екінші, мемлекеттердің өзара байланыстығы күшейе түсуі. Үшіншіден, дүниеде қандай да бір мәселені шешу бір мемлекеттің немесе дүние жүзіндегі бір ғана шаруашылықтың қолынан келмейтін жағдайлардың тууы және басқа да процестердің дүниежүзілік шаруашылықтың құрылуын жеделдетті. Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылық – ол өзіндік өзара байланысты, өзара тәуелді, біртұтас халықаралық еңбек бөлінісіне қатынасушы жеке мемлекеттердің ұлттық шаруашылық жүйесінен тұрады. Өсіп келе жатқан мемлекеттердің өзара тәуелділіктерінің маңызды сферасы – халықаралық экономикалық қатынатар жүйесінен көрініс алуда. Ол мемлекеттер арасындағы шаруашылық айырбастарды реттеу негізінде өндіргіш күштердің интернационализациялануы күшеюін, ұлтаралық механизмдердің қалыптасуын сипаттайды. Дүние жүзілік шаруашылықтың материалдық негізін қызмет көрсету, тауарлар, капитал, құнды қағаздар және т.б. нарықтар құрады. Дүниежүзілік шаруашылық байланысрының сан салалы жүйесі мемлекеттер арасындағы материалдық және қаржылық ресурстар қозғалысына негізделеді. Ол қазіргі кезеңде экономикалық прогрестің маңызды факторы болып табылады. Осы шарттарсыз ешқандай мемлекет ғылыми-техникалық прогресті, қымет көрсету мен тауарларды өндіру толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселелер тек халықаралық байланыстарды дамыту негізінде ғана оң шешімін таба алады. Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтың экономикалық негізі шаруашылық өмірді интернационализациялау болып табылады. Инернациоалиация деп мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы жиынтық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну туралы өндірістік-экономикалық байланыстардың қалыптасу және даму процесін айтамыз. Осы байланыстардың тереңдеуінің арқасында жеке ұлттық шаруашылықтар елден тыс шығып дүние жүзілік шаруашылықтың бір бөлігіне айналады. Сонымен қатар, итернационализациялау объективті процес ретінде дүниежүзілік коперация мен мамандандырудың дамуынан, интеграциялық поцестердің тереңдеуінен және ұлғаюынан, ғылыми-техникалық зерттеулердің дамуынан, өндіргіш күштердің халықаралық миграциясынан, дүиежүзілік инфрақұрылымының дамуынан және т.б. көрініс алады (көрінеді). Интернационализация алғашында-табиғи климаттық жағдайлар әсер ететін материалдық өндіріс әсіресе, ауылшаруашылық өндірісі салаларында және шикізат ресурстарын, өндірумен байланысты экономиканың кейбір сфераларында пайда болды. Атап айтқанда, табиғи жағдайлар мемлекеттердің кейбір өнімдердің түрлерін өндіру мүмкіндіктерін шектейді. Осындай жағдай ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қарамастан осы күнге дейін сақталуда. Сондықтан, қазір көптеген елдердің шикізат және азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етулері өскенімен, қажетті азық-түлік өнімдерінің бір бөлігін басқа елдерден алып отыр. Қазіргі кезеңдегі өндірісті интернационализация процестерінің күшеюі ғылыми-техникалық революцияның өрістеуі себебінен болып отыр. Соның салдарынан халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеу тенденциясының күшеюі байқалуда. Осы процестің негізгі қозғаушы фактор ретінде мыналарды атауға болады: - Ұлттық табиғи ресурстардың тапшылығы; - Прогрессивті технологияны игерумен байланысты ғылыми-техникалық процесс; - Дүниежүзілік нарықтың инфрақұрылымының дамуы. Қазіргі кезеңде өндірісті интернационализациялау процесінің жедел дамуы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты. Халықаралық еңбек бөлінісі ел ішіндегі және салааралық еңбек бөлінісінің қорытындысы. Мемлекеттер арасындағы қызмет көрсету мен тауарларды айырбастау барысында халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтары жүзеге асырылады. Осының негізінде кез келген елдерге, шет елге шығаратын тауарлар мен қызмет көрсетудің ұлттық және интернационалдық құндарының айырымын алуларына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, ішкі шығындарды үнемдеу мақсатында арзан импорт есебінен кейбір қызметтер мен тауарларды ұлттық экономикада өндіруден бас тартуды көздейді. Бұл міндеттер салыстырмалы артықшылық принципіне негізделеді. Бұл теория негізінде кез келген елдердің өндіріс жағдайлары әр түрлі, өнім өндіру шығындары да әркелкі болатындығы туралы идея жатыр. Осы идеяға сәйкес, кез келген елдер табиғат және басқа жағдайларға қарамастан, өнімдердің белгілі бір түрлерін өндіре алады. Сондықтан салыстырмалы артықшылық теория бойынша, басқа елдермен салыстырғанда өнімдердің басым көпшілігін аз шығынмен өндірген елдер ғана, халықаралық еңбек бөлінісінің тиімділігіне қол жеткізе алады. Артықшылық екі түрге, «абсолютті» және «салыстырмалы» бөлінеді. Абсолюттік артықшылық (преимущество) – бұл географиялық, тарихи жағдайларға қарай елдің қарамағындағы ерекше табиғи-климаттық, шикізат және еңбек ресурстар жиынтығы. Относителді (салыстырмалы) артықшылық – бұл әр түрлі елдердегі біртекті өнімдердің альтернативті құндарын салыстырмалы принципіне негізделген артықшылық. Сол себепті, относителді артықшылықты көп жағдайда салыстырмалы артықшылық деп те атайды. АВ – сызығы бұл Қазақстанның өндірістік мүмкіншілігін көрсетеді. Осы сызық бойынша мұнай мен мақтаның ара қатынасын анықтауға болады, ол сұраныс пен ұсыныс негізінде белгіленеді. Қазақстан басқа елдерден оқшауланған жағдайда, осы екі тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Яғни, республика 20 млн. тонна мұнай және 30 мың тонна мақта немесе 30 млн. тонна мұнай және 20 мың тонна мақта өндіре алады. Егер сыртқы сауданы ескеретін болсақ, жағдай мүлдем өзгереді. Онда соңғы жылдары республиканың оңтүстік аймақтарында судың тапшы болуына байланысты Қазақстанға мақта өндірудің орнына басқа елдерден сатып алғаны тиімді болады. Демек, Қазақстан барлық ресурстарын мұнайды өндіруге жұмылдыру арқылы, өндірістік мүмкіншілік сызығына сәйкес оны мақтаға айырбастай алады.
§2. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі экономикалық қатынастар белгілі нышандарда іске асады. Олардың қатарына: - Қызмет көрсету мен тауарлардың халықаралық саудасы; - Шетел инвестициялары мен капитал қозғалысы; - Жұмыс күшінің халықаралық миграциясы жатады. Енді осы экономикалық қатынастардың нышандарын қарастырайық. Қызмет көрсету мен тауарлардың халықаралық саудасы. Халықаралық еңбек дамып, тереңдеген сайын, жеке мемлекеттер өндірген тауарлар мен қызмет көрсетуді айырбастау объективті қажеттілікке айналады. Мемлекеттер арасында экономикалық қатынастардың арнайы нысаны – халықаралық сауда дамиды және тереңдейді. Халықаралық сауда деп мемлекеттер мен ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар мен қызмет көрсету өзара айырбасталуын айтамыз. Жоғарыда айтқандардың барлығы толыққанды дүниежүзілік саудаға да қатысты. Қазіргі кезеңдегі дүниежүзілік сауда халықаралық еңбек бөлінісінің дамуында жеке мемлекеттердің табиғи-географиялық жағдайына қатысты тауарлардың жеке түрлеріне мамандануы нәтижесі болып табылады. Сыртқы сауда операцияларын іске асыру үшін, әрбір мемлекеттің дүние жүзілік нарықта сұраныс бар тауарлар, импортты төлеу үшін валюта көздері, сондай-ақ сыртқы сауда инфрақұрылымы, көлік құралдары, қойма мекемелері, байланыс құралдары және т.б. болуы керек. Қызмет көрсетулер мен тауарлардың шетелге шығарылуы экспорт деп, қызмет көрсету мен тауарлар шетелден алынып келінсе, импорт деп аталады. Шет елден келетін тауарлар (импорт) мен шетелге кететін (экспорт) тауарлар сомасы мемлекеттің сыртқы саудадағы тауар айналысын құрайды. Импорт пен экспорт айырмашылығы сыртқы сауда сальдосы (қалдығы) деп аталады. Бұл сальдо (қалдық) активті деп есептеледі – егерде экспорт импорттан асып кетсе; ал тауарлар сырттан көп әкелінсе, ол пассивті деп есептеледі. Сыртқы тауар сальдосы пассивті болған жағдайда, мемлекет басқа елдерге алтынмен немесе валютамен төлеуі керек, немесе ол тауар мен тұтыну заттары түрінде өтелуі керек. Сыртқы сауда айналысының активті сальдосы экспорттың импорттан жоғары болғанын, байқатады. Осыған байланысты, экспорт құнының ішкі өнім құнына қатынасын экспорттық квота деп атайды. Батыстың дамыған елдері ғылым жетістіктері тауарларын экспортқа шығарушы, ал дамушы мемлекеттер оларды импорттаушы ретінде болуда. Осымен қатар, дүние жүзілік саудадағы қазіргі заманғы өндіріс заттарының негізгі бөлігі дамыған мемлекеттердің өзара саудасынан тұрады. Оларға дүниежүзілік сауданың 70% тиесілі болса, дамушы елдер еншісіне дүниежүзілік тауар айналымының небәрі 20%-і ғана тиеді. Негізгі тауар ағындары «үлкен тирада» - АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония аясында жүруде. Дүниежүзілік экспортта АҚШ 12,3%, Батыс Еуропа 43%, Жапония 9,5% алады. Шетел инвестициясы және капитал қозғалысы. Халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылығы тек халықаралық саудада ғана көрінбейді, сонымен қатар экономикалық қатынастардың капиталды сыртқа шығару, оның иесіне өз капиталын шетелде орналастыру арқылы түсім акелетін нышандарында да көрінеді. Экономикалық қатынастардың бұл нысаны – капитал иесіне шетелге тауарды шығару тек бір ғана түсім беретін кірістен гөрі бірнеше есе артық кіріс алуына мүмкіндік береді. Егер алғашқы кезеңде дамыған елдер капиталы дамушы елдерге шығарылса, ал қазір мемлекеттер арасында капитал қозғалысы кең түрде дамып отыр. Олардың әрқайсысы бір мезгілде экспортер де, импортер де болады, яғни оларда капитал салынымдарының қарама-қарсы қозғалысы тән. Капитал негізгі екі нысанда сыртқа шығарылады: іскерлік және қарыз нысанында. Іскерлік капитал, өз кезегінде, сыртқа тікелей түрінде немесе портфельдік инвестиция түрінде шығарылады. Тікелей инвестициялар – бұл жаңа кәсіпорындар салу немесе қызмет істеп жатқан компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін сатып алу үшін капиталды сыртқа шығару нысаны. Басқа елдерде жаңа кәсіпорындарды ашудың немесе жергілікті компаниялар акциялардың бақылау пакеттерін сатып алудың мәні неде? Біріншіден, дамыған елдер дамушы елдерде кәсіпорындар салуға жұмыс күшінің арзандығына байланысты. Екіншіден, тікелей инвестициялардың өзі басқа елдердің нарығына кіруге мүмкіндік береді. Біздің республикамызда тікелей инвестициялардың басқа басқа нысаны қолданылады – ол тек акцияның бақылау пакетін ғана емес, сонымен бірге бүкіл кәсіпорынды сатып алады. Сонымен қатар, мемлекет бюджетке тұрақты табыс алу, республикада жұмыссыздық мәселесін және басқа да әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Шет ел инвестициялары мемлекетке пайда әкелумен қатар, кейбір қиыншылықтарды да туғызады. Мысалы, шет ел капиталының араласуымен салынған немесе шетелдіктер сатып алған кәсіпорындар ішкі нарық үшін емес, басқа елдерге өнім өндіреді. Сонымен бірге, бұндай кәсіпорындар шикізатпен жартылай фабрикаттарды жергілікті өндірушілерден сатып алмайды, олар шет елден әкеледі. Қазақстан экономикасына бағытталған шетелдік тікелей инвестициялардың 80%-і мұнай-газ секторына тиесілі болып отыр. Тікелей инвестициялар тиімсіз бола қалған жағдайда, капитал иелері портфельдік инвестиция қолданады. Портфельдік инвестициялар – бұл шетелдік құнды қағаздарға салынған кәсіпорындарға үстінен бақылау құқығын бермейтін капитал. Портфельдік инвестицияның ерекше нысаны акцияның бақылау пакеті ұлттық мемлекеттің немесе жергілікті жекеменшік фирмалардың өзінде қалады немесе шет ел капиталы қатысқан бірлескен кәсіпорындар құрады. 70-80 жылдары халықаралық несиенің қазіргі заманғы жүйесінің негізі болып табылатын ссудалық (қарыз) капитал экспортының маңызы тез өсіп кетті. Бұндай несие елдер арасындағы тауар айырбасының өсуіне жағдай тудырды, олардың өзара ақшалай есеп айырысу қызметін жеңілдетеді, экономикалық даму үшін сыртқы қаржы ресурстарын қызықтыру мүмкіндігін береді, ағымдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі. Дүниежүзілік экономиканың дамуына жұмыс күшінің халықаралық миграциясы маңызды ықпалын тигізеді. Мемлекетаралық жұмысшылар күшінің миграциясы дамушы елдер алдына қиын мәселелер тудырады. Олар еңбек ресурстарының әдеттегі жақсы бөлігінен айырылады. Осыған байланысты кейбір елдердің үкіметі маман жұмысшылардың шет елге ағылуын тоқтату саясатын жүргізеді. Жоғары дәрежелі мамандардың кетуінен экономикалық және әлеуметтік жағынан төмендеуге қарамастан, дамушы елдер объективті жағдайларға байланысты миграцияны валюта табудың көзі және мамандар арасында жұмыссыздықтың төмендеу құралы деп бағалауға мәжбүр болды. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы позициясы тұтыстығында жұмысшы күшінің тұрақтылық дәрежесінің өсуін ілгерішіл процесс деп бағалау қажет.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 83; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |