КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Исходные данные 10 страница
§3. Сыртқы экономикалық реттеудің механизмі. Протекционизм, фритредерство. Жоғарыда аталған проблемаларды әр мемлекет өзінің сыртқы экономикалық саысатында ескереді. Енді мемлекеттің осы сыртқы экономикалық саясатын толығырақ қарастыралық. Сыртқы экономикалық саясат басқа мемлекеттермен экономикалық қатынастарды дамытуға және реттеуге бағытталған мемлекеттің іс-әрекеті. Сыртқы экономикалық саясат жеке елдермен және мемлекеттің жалпы сыртқы экономикалық қатынастардағы стратегиялық мақсатын анықтауды және қойылған мақсаттарды қамтамасыз ететін әдіс амалдарды жасауды көздейді. Сыртқы экономикалық саясаттың басты міндеті – ел ішіндегі ұлғаймалы ұдайы өндіріс үшін қолайлы сыртқы экономикалық жағдай жасау болып табылады. Сыртқы экономикалық саясаттың тарихта екі түрі қалыптасқан: протекционизм және фритредерство (еркін сауда) Протекционизм – бұл ұлттық экономиканы шет ел тауарларынан қорғауға бағытталған мемлекеттің саясаты. Капиталдың алғашқы қорлану дәуірінен бастап және кейінгі кезеңдерде дамыған мемлекеттің көпшілігі экономиканы қайта құру кезінде өз экономикаларын шетелдік бәсекеден қорғау үшін протекционистік әдістерді кеңінен қолданған. Протекционистік саясаттың негізгі бағыттарына баж салықтары (таможенные пошлины) және тарифтік емес кедергілер жатады. Баж салығы – әкелінетін (импорттық) тауарларға төленетін міндетті төлемдер. Экспорттық баж салығы көп жағдайда – мемлекеттің табысын өсіру үшін пайдаланылады. Олар бағаны өсіреді және дүние жүзілік нарықта бәсекені қиындатады, сондықтан баж салығының бұл түрі дүниежүзілік практикада сирек пайдаланылады. Протекционистік практикада импорттық үлес (импортная квота) пайдаланылады. Олардың көмегімен бір мезгіл ішінде импортталатын тауарлардың максималды көлемі белгіленеді. Ұлттық экономиканы қорғауда импорттың үлесі баж салығына қарағанда тиімді болады. Протекционистік саясатта тарифтік емес кедергілер кеңінен қолданылады. Оларға лицензиялау әдісі жатады. Кейбір мемлекеттер елге шетелден тауар әкелушілерден лицензия алуды талап етеді. Лицензия беруді шектеу арқылы импортқа шек қоюға болады. Кейбір жағдайда лицензиялауды баж салығымен үйлестіру арқылы мемлекет қосымша табыс ала алады. Контингент (контингентирование) – жеке тауар импорты мен экспортына квота (үлес) қою. Осы квота шеңберінде сыртқы сауда операциялары относителді еркін жүреді. Бірақ белгіленген квотадан тыс тауарларды сатуға тиым салынады. Шетелден әкелінетін тауарларға шек қою мақсатында ұлттық стандарт қолдануы мүмкін. Егер алып келінетін өнім ұлттық стандарттың талабына сай болмаса, онда өкімет ондай өнімді импорттауға және ішкі нарықта сатуға тиым салады. Протекционистік қызметтер атқаратын тарифтік емес сауда кедергілеріне өз еркімен экспортқа шек қоюды жатқызуға болады. Яғни, шетел фирмалары өз еркілерімен экспорт көлемін шектейді. Бұл дүниежүзілік саудада жаңа құбылыс. Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, мына жағдайды атап өту қажет. Протекционистік саясат ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, сонымен қатар жаңа проблемаларды туғызады. Ішкі нарықта бағаларды өсіреді, бәсекенің ынталандыру рөлін төмендетеді, экономикада монополизациялау процестерін күшейтеді, бара-бара экономикалық өсуі баяулайды, тоқырауға әкеліп соғады. Дүние жүзілік экономикада протекционистік саясатпен қатар фритредерство (еркін сауда) саясаты қолданылады. Еркін сауда саясаты мемлекеттің сыртқы саудаға араласпау саясатына негізделеді. Еркін сауда саясаты әртүрлі баж салықтарын, квоталарды және басқа шектеулерді алып тастау немесе төмендетуге негізделеді.
§4. Халықаралық валюталық жүйесі және валюта құны (курс).
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты тауар-ақша айналысы ұлттық шеңберден шығып, халықаралық саудаға қызмет ете бастайды. Бұл жағдайда кейбір мемлекеттердің ұлттық валюталары дүние жүзілік ақша рөлін атқаратын болды. Қазіргі дүние жүзілік экономика үшін, халықаралық айырбастың ұлғаюы тән. Осы өзгерістер негізінде валюта қатынастарының рөлі де күшейе түсуде. Валюталық қатынастар дүние жүзілік ақшалардың қолданылуына байланысты пайда болатын экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады. Дүние жүзілік ақша сыртқы саудаға, капитал миграциясына, табыстардың инвестицияға ауысуына, ғылыми-техникалық айырбасқа, туризмге және т.б. қызмет етеді. Валюта қатынастары бөлу мен айырбас саласында қолданылады. Бірақ валюта қатынастары біршама дербестікке ие бола отырып төлем баланстары, валюталық курстар, несие және есеп айырысу операциялары арқылы дүниежүзілік экономиканың жай-күйіне, қоғамдық ұдайы өндірістің барысына, жекелеген елдердің экономикалық дамуының бағытына, қарқынына және пропорциясына, солардың халықаралық экономикалық қатынастарна және пропорциясына, солардың халықаралық экономикалық қатынастарына сан қырлы әсер етеді. Қазіргі заманғы валюта қатынастарының әлеуметтік-экономикалық қызметі бүкіл дүние жүзілік шаруашылық шеңберінде ұдайы өндіріс үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады. Халықаралық валюта қатынастарын ұлттық және халықаралық валюта жүйелеріне бөлуге болады. Ұлттық валюта жүйесі елдің валюта қатынастарын ұйымдастырудың формасы болып табылады. Ұлттық валюта жүйесі – ақша жүйесінің құрамдас бөлігі. Оның ерекшеліктерін ел экономикасы дамуының жағдайларымен және дәрежесімен, сондай-ақ оның сыртқы экономикалық байланыстарымен айқындауға болады. Ұлттық валюта жүйесі келесі элементтерден тұрады: - Елдің ұлттық валютасы; - Алтын – валюта резерві; - Валюта курсының тәртібі; - Валютаның айналымдылығының шарттары; - Валюталық шектеулердің болуы немесе жоқтығы және т.б. Халықаралық еңбек бөлінісі, ұлттық валюта жүйесі дамуының нәтижесінде біртіндеп халықаралық валюта жүйесі құрылды. Халықаралық валюта жүйесі – дүние жүзілік шаруашылықтың дамуына байланысты халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру формасы. Халықаралық валюта жүйесінің негізгі міндеті – экономикалық өсу үшін қажетті жағдай жасау мақсатында валюта нарықтарын және халықаралық есеп айырысу сферасын реттеу, сондай-ақ сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымының тепе-теңдігін қолдау болып табылады. Халықаралық валюта жүйесінің дамуы үш кезеңді қамтиды. Халықаралық валюта жүйесінің негізін елдің ұлттық валютасы құрайды. Валюта дегеніміз халықаралық сыртқы экономикалық байланыстарды және ұлттық нарықтың дамуын қамтамасыз ететін бір елдің ақшасы. (доллар, теңге, рубль, сом т.б.). Олар толық айналымды немесе жартылай айналымды немесе айналымды емес болуы мүмкін. Халықаралық валюта ретінде пайдаланылатын елдің ұлттық ақшасының бағасы валюта курсы арқылы көрініс табады. Валюта курсы -ол бір елдің ақшасының бағасы екінші елдің ақшасынан көрінуі. Валюта курсына сәйкес валюталарды сату-сатып алу операциялары жасалады. Валюта курсы валюта биржаларында белгіленеді, оны валютаның бағасын белгілеу (котировка) деп атайды. Валютаның котировкасы валюта жүйесімен байланысты, сонымен қатар ол елдердегі экономикалық процестердің өзгерістерімен де байланысты болады. Валюта курсының өзгеруі сатып алу қабілеттілік паритет теориясына негізделген. Бұл теория бойынша, валюта курстарының ара қатынасын анықтау үшін екі елдің тұтыну тауарларының шартты (условный) «қоржынның бағаларын» салыстыру қажет. Валюта курстарына (бағалары) көпетеген себептер әсер етеді. Ұлттық валютаның курсының өзгеруі нарықтың субьектілеріне әр түрлі әсер етеді. Мысалы, ұлттық валютаның курсы төмендеуі.
Вариант 2 Установленная мощность ТЭЦ, N - 18, МВт Максимально возможный отпуск тепла от ТЭЦ, Q – 72 Гкал/ч Удельный расход топлива на выработку электроэнергии по теплофикационному циклу, bэт – 235 г у.т./кВт ч Удельный расход топлива на выработку электроэнергии по конденсационному циклу, bэк – 355 г у.т./кВт ч Удельный расход топлива на выработку тепловой энергии, bт – 200 кг/Гкал Удельные капитальные вложения в ТЭЦ, Куд – 2400 руб/кВт Штатный коэффициент, Кшт - 3,4 чел./МВт Вид топлива – уголь Число часов использования установленной электрической и тепловой мощности ТЭЦ hэ- 4500 ч, hт- 4000 ч, соответственно. Доля выработки электроэнергии по теплофикационному циклу γт=0,9 Тарифы на отпускаемую энергосистемой электро- и теплоэнергию принять равными Цэ=0,35руб/кВтч и Цт=110руб/Гкал, соответственно Цена топлива Цтоп – 320 руб./т н.т
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 67; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |