КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Исходные данные 7 страница
Айналыстағы ақша массасының көлемі орталық банктің жаңа қолма-қол ақша шығаруымен шектелмейді. Айналыстағы ақшаның көлемінің өсуіне коммерциялық банктерде ықпал етеді. Банктер ссуда бергенде айналыстағы ақша көбейеді, ал ссудалар банкке қайтарылғанда айналыстағы ақша массасы азаяды. Мысалы: Бірінші банк активі 100 мың доллар делік, ал капитал резервінің нормасы 20% (бұны орталық банк белгілейді) мөлшерінде белгіленсе, онда банк 80 мың доллар көлемінде ссуда бере алады. Банк осы соманы клиенттің есепшотына аударады, яғни айналыста жаңа ақшалар пайда болады. Клиент алған ссуданы қайтарған кезде айналыстағы ақша кемиді. Қорыта айтқанда, банктердің жаңа ақша жасау негізінде айналыстағы ақша мөлшерін көбейтуді жалғастыра береді, бірақ бұл процестің шегі болады. Бұл процесс банктер депозиттерінің ұлғаю мултипликациялық тиімділігін сипаттайды. Банктердің ақша массасының көлемін ұлғайтуды анықтау үшін ақша ұсыну мултипликаторлары немесе банктік мультипликатор қолданылады. Банк мультипликаторы мына формула арқылы анықталады: m= Бұл банктің мультипликатырын мемлекет өзінің ақшанесие саясатында ескереді. Мысалы, егер экономикада ресурстардың бәрі жұмыс істесе (толық жұмыс бастылық болса), онда бұндай тиімділік инфляцияның болуына жол ашады. Банктер пайда алу мақсатында артық несиелер береді, ал ол тауарларға деген сұранысты өсіреді және соның нәтижесінде бағалар да өсе бастайды. Бұл жағдайда мемлекет арзан және қымбат ақша саясатын қолданады. Арзан ақша саясаты ақша-несие ресурстарын ұсынуды өсіруді көздесе, қымбат ақша саясаты керісінше, ақша-несие русурстарын ұсынуын азайту негізінде жүзеге асырылады. Сонымен, арзан ақша-несиенің өсуін ынталандырады, экономикада инвестиция көлемін, сондай-ақ өндіріс және жұмыс бастылықты да өсіреді. Ал, ақшаның қымбаттауы несие және инвестициялырды азайтады, соның нәтижесінде тауарға деген сұраныс және инфляция төмендейді. §2. Несиенің мәні, қызметтері және формалары Ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін жүзеге асыру барысында ақша қаржыларын бөлу тек бюджеттік әдіс арқылы ғана емес, несие арқылы да бөлінеді. Яғни, несие қатынастары да ақша қаражаттарын бөлу процесінде маңызды рөл атқарады. Несие әдісінің бюджеттік қаржыландырудан айырмашылығы уақытша бос ақша қаржыларын ұлғаймалы ұдайы қажеттіліктеріне қайтарым, мерзімді және ақылы шарттар негізінде пайдалануды көздейді. Несие экономикалық категория ретінде кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдардың, бюджеттің уақытша бос ақша қаржыларын бір жерге шоғырлау арқылы қайтарым, мерзімділік және ақылылық принциптер негізінде пайдалану процесінде пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Несиенің негізгі көздері. Өндірістік қорлардың ауыспалы айналымы мен айналысы пройесінде кейбір шаруашылық буындарының біреулерінде ақша қаржысына деген уақытша қажеттілік туады, ал енді біреулерінде ақша қаржысы артылып қалады. Мысалы, амортизациялық қор бірқатар жылдар бойы бірте-бірте жиналады, ал тозған негізгі қорларды қалпына келтіретін кезде бірден жұмсалады. Шикізатты, отынды, материалдарды сатып алу және дайын өнімдерді сату әртүрлі уақытта жүріп жатады. Еңбек ақы төлеуге арналған ақша қаржысының келіп түсу мерзімі оларды жұмсау мерзімімен сәйкес келмейді. Пайда және одан құрылатын кәсіпорындардың қорлары бірден пайдаланбайды. Бұлардың бәрі кәсіпорындарда уақытша бос ақша қаражаттарының құрылуына әкеп соғады. Сондай-ақ уақытша бос ақша қаражаты мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табысты бөлу процесінде де пайда болады. Бұған бюджет кірісін, оның шығынынан арттыру нәтижесінде алынған мемлекеттік ақша резерві. Бюджетті орындау барысында қаржының бюджетке түсу уақыты мен оларды жұмсау уақыты сәйкес келмейтін қаржыдан құрылатын ағымдағы бюджет ресурстары жатады. Уақытша бос қаражаттың көзі – халықтың, кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың депозиттегі ақша қаражаттары да жатады. Сонымен қатар, өндірілген өнімге ақша келіп түскенге дейін жалақы төлеу үшін, жекелеген өнеркәсіп салаларында (жеңіл, тамақ, ағаш т.б.) маусымдық өндірістік запастарын жасау үшін уақытша қаржы қажет болады. Халық шаруашылығында ресурстарды ұтымды пайдалану үшін бос ақша қаражаттарын уақытша қайтару негізінде қайта бөлуді талап етеді. Бұл қайта бөлу банктің несиесі арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік қорлардың ауыспалы айналу процесінде шаруашылықтың кейбір бөлімдерінде ақша қаражаттарына уақытша қажеттілік туса, басқаларында бос ақшалар пайда болады. Несие осы уақытша қайшылықты шешуге көмектеседі. Ол шаруашылық субъектілерге қажетті ақша қаржыларын процент төлеу, бір мезгілде қайтарылу шарттары негізінде беру арқылы шешіледі. Несие төмендегідей қызмет атқарады: Біріншіденғ несие қайта бөлу қызметін атқарады. Несие арқылы жеке адамдардың табыстары, кәсіпорындардың пайдалары, мемлекеттің табыстары қарыз капиталына айналады және олар халық шаруашылығын дамытуға жұмсалады. Яғни, несиенің көмегімен қорлардың өндіргіш және тауар формаларын ақша формасына айналу процесін жеделдетеді. Соның нәтижесінде, өндіріс уақыты және айналыс уақыты қысқарады, демек қаржының айналымдылығы да жеделдейді. Сонымен, несие өндірісті кеңейту үшін қажет ақша қаржысының бір көзі ретінде әрекет етеді. Екіншіден, несие айналыс шығындарын үнемдейді. Банктер есепшоттардағы әртүрлі ақшалар әртүрлі құралдар арқылы (несиелік карточкалар, депозиттік сертификаттар, әр түрлі есеп шоттар) пайдаланылады. Көп жағдайда қолма-қол ақшасыз айналыс орын алады. Үшіншіден, несие капиталдың орталықтандыру және шоғырландыру пройестерін жеделдету қызметін атқарады. Несиенің формаларына банктік және коммерциялық несие жатады. Коммерциялық несие тауарды сатқан кезде оның төлеу мерзімін кейінге қалдыру арқылы пайдаланылады. Оның объектісі ретінде тауарларды атауға болады. Мақсаты – қызмет көрсету мен тауарларды өткізуді (сатуды) тездету. Коммерциялық несие формасындағы келісім құжаты ретінде вексель қолданылады. Вексель құнды қағаздарға жатады. Вексель деген онда көрсетілген соманы белгілеген уақытта оны қарыз берушінің төлеуді талап етуіне құқық беретін құнды қағаз, оның екі түрі бар – аудармалы және жай вексельдер. Банк несиесі банктердің кәсіпкерлерге қарыз ақша формасында беріледі. Несие (қарыз) беруші – банк болып табылады. Банк несиесі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Коммерциялық несие кәсіпорынның резервтік қорының көлемімен шектелсе, банк несиесінде, несие беру уақыты да, несиенің сомасы шектелмейді. Коммерциялық несиені, банк несиесіне қарағанда мысалы, жалақы төлеуге пайдалануға болмайды, ол тек тауарлы формада беріледі. Несиенің келесі формасы мемлекеттік несие. Несиенің бұл формсы халықтың мемлекеттік облигацияларды сатып алу арқылы өз өкіметіне беретін қарыз ақшалары. Мемлекеттік қарыздың орнын толтыруда басқа жолдардың болмауына байланысты мемлекет халқынан қарызға ақша алады. Тұтынушылық несие – жеке тұлғаларға ұзақ мерзім пайдаланылатын тұтыну тауарларды сатып алу үшін үш жылға дейін берілетін несие. Ипотекалық несие – жылжымайтын мүлікті (жер, құрылыс, үй т.б.) кепілдік негізінде берілетін ұзақ мерзімді несие. Халықаралық несие – бұл қарыз капиталының халықаралық экономикалық қатынастар аумағындағы қозғалысы. Оны тауарлы немесе ақшалай (валюта) түрінде басқа елдердің үкіметі, банктері, жеке формалары, жеке адамдары ьере алады. Қазіргі кезеңдегі нарық экономикасында несие қатынастарының жаңа формалары лизинг, факторинг, фарфейтинг қолдау табуда. Лизинг – несиенің ақшасыз формасында берілуі. Машина, басқа да өндіріс құрал-жабдықтарының құндарын біртіндеп төлеу негізінде пайдалануға берілетін (жалға беру), аренданың формасы, Лизинг шарты бір жылдан 10-15 жылға дейін жасалды. Факторинг – басқа біреудің қарызын сатып алу. Банк кәсіпорынның қарызын сатып алады, содан кейін борышкерден қарызды талап етеді. Фарфейтинг – ұзақ мерзімді факторинг. Бір немесе бес жылдан кейін төленетін төлемдерді банктер сатып алады. Кейін банк сол ақшаны талап етеді. §3. Несие жүйесі. Банктер, олардың түрлері және қызметтері. Несие жүйесін – қайтару, төлеу арқылы және мерзімділік шарттар негізінде ақша қаржыларын шоғырландыратын, қарыз беретін, несие-қаржы мекемелерінің жиынтығын құрайды. Мемлекеттің несие жүйесіне банк жүйесі және мамандырылған несие-қаржы институттары кіреді. Несие жүйесінде жетекшілік орынды банктер атқарады. Банктер-ақша айналымы мен несие қатынастарын қамтитын және есеп айыру, касса операциялары арқылы фирмалардың шаруашылық қызметіне есеп және бақылау жүргізуді жүзеге асыратын мекемелер. Несие орталықтары ретінде, банктер уақытша пайдаланбай жатқан ақша қаржысын әрекет ететін ақша қаржысына айналдырады, халық шаруашылығын тікелей, мақсатты және қайтаруға тиісті қысқа мерзімді несиелеу ісін жүзеге асырады, сондай-ақ, халыққа тұтыну қажеттері үшін қарыз береді. Несие арқылы уақытша бос ақша қаржыларын қайта бөлуді, банктер мына принциптер: мерзімді, мақсатты және ақылы негізінде жүзеге асырады. Банктер қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиені өндірістік қорларды ұлғайту үшін, немесе оларды қалпына келтіру үшін береді. Банк несие бергені үшін қарыз процентін алдады. Оның көзі қоғамның таза табысы. Қарыз проценті есебінен банк өз аппаратын ұстайды, жұмсалған шығынның орнын толтырады, олардың пайдасы құрылады. Нарықтық экономикада банктердің атқаратын қызметтері: 1. Өндірістік капитал мен ақша капиталы арасындағы несие арқылы делдалдық қызметі; 2. Клиенттер арасындағы банктердің делдалдық қызметтері; 3. Депозиттерге бос ақшаларды жұмылдыру және оларды капиталға айналдыру қызметі; 4. Қағаз және металл ақшалар орнына несие айналыс құралдарын пайдалану қызметі (банкноттар және чектер). Қазіргі кезде нарық экономикасы дамыған елдерде банк жүйесі екі деңгейден тұрады. Банк жүйесінің бірінші деңгейін орталық банктер құрайды (немесе бірнеше банктер орталық банктің қызметтерін атқарады). Орталық банктер көптеген қызметтер атқарады, солардың ішіндегі бастылары: - банкнот эмиссиясы (шығару); - мемлекеттің алтын-валюта резервін сақтау; - басқа банктердің және несие мекемелерінің резервтік қорын сақтау; - экономиканы ақша-несие арқылы реттеу; - коммерциялық банктер несие беру және мемлекеттік мекемелерге касалық қызмет көрсету; - коммерциялық банктердің қызметіне бақылау жасау. Несие жүйесіндегі орталық банктің негізгі ерекшелігі, ол пайда алу мақсатын көздемейді, бизнес сферасында коммерциялық банктермен бәсекелеспейді, кәсіпорындарға және халыққа қызмет көрсетпейді. Банк жүйесінің екінші деңгейін коммерциялық банктер құрайды. Олар негізінен халық шаруашылығына қызмет көрсетумен шұғылданады. Экономикадағы уақытша бос ақшаларды шоғырландыру арқылы қосымша капиталға мұқтаж болғандарға уақытша пайдалануға береді. Демек, коммерциялық банктер ақша капиталын жұмылдыру (мобилизация) мен жинақтау (шоғырландыру) қызметтерін атқарады. Сонымен қатар, коммерциялық банктер экономикада әртүрлі қаржы қызметтерін көрсете отырып, тиісті пайда табады. Коммерциялық банктер жарғы капиталына қарай: жеке меншік, коллективтік, мемлекеттік, акционерлік (шетел капиталының қатысуымен), көрсетілген қызметтеріне қарай (мамандырылған және универсалды); аймақтық белгілеріне қарай (аймақтық, федералдық, халықаралық) болып бөлінеді. Коммерциялық банктер көрсететін қызметтеріне қарай мына түрлерге бөлінеді: - депозитті банктер – депозиттер және ссуда бойынша клиенттерге қызмет көрсетеді. - инвестициялық банктер ұзақ мерзімге экономиканың өндіріс секторын күрделі қаржымен қаржыландырады. Бұл банктер ақша қаржыларын фирмалардың құнды қағаздарына немесе халық шаруашылығының нақты салаларына жұмсайды. - ипотекалық банктер – жеке және юридикалық тұлғаларға жылжымайтын мүлікті кепілдік негізінде ұзақ мерзімді несие беруге мамандырылған банк мекемелері. Жинақ банкілері халыққа тұтыну несие (оқуға, ұзақ мерзімді тауарларды сатып алу үшін) берумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің ісін орталық банк бақылап отырады. Мысалы, акционерлердің банкті жабу туралы шешімі елдің орталық банкісімен келісіледі. Банктердің операциялары – пассивті және активті болып бөлінеді. Пассивті операцияларына жеке және юридикалық тұлғалардың бос ақша қаржыларын шоғырлау (мобилизация) жатады. Бұндай операциялардың нәтижесі банк ресурстарын құру болып табылады. Олар банктің балансында (дебетінде) көрсетіледі. Банк ресурстарының негізгі көздеріне банктің өз қаржылары, қарызға алынған жеке тартылған қаржылары жатады. Банктің өз ресурстары банктің пайдасынан құрылады. Тартылған қаржыларға клиенттердің салымдары немесе депозиттер жатады. Қарызға алынған қаржыларға басқа банктерден алынған несиелер жатады. Активтік операцияларға банктердің қаржылары таратып орналастыру операциялары жатады. Банктің активті операцияларына: - фирмаларға, кәсіпорындарға ссуда беру; - ссуданы кепілдікке беру; - несие жүйесінде маманданған несие-қаржы институттары ерекше рын алады. Оларға зейнетақы қорлары, инвестициялық, қаржы және сақтандыру компаниялары, ломбардтар мен несие кооперациялары және т.б. кіреді. Бұлар банк жүйесіне жатпағанымен, банктердің көптеген қызметтерін атқарады және банк сферасының қолы жетпейтін экономикалық нишаны (қуыс) қамтиды. 13 такырып.Қаржы және қаржы жүйесі 1.Қаржы жүйесі қаржы туралы жалпы түсініктеме. 2.Мемлекеттік бюджет: мәні құрылымы. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз. 3.Салықтар. Салықтардың қызметтері. Лаффер қисығы Қаржы жүйесі және қаржы туралы жалпы түсініктеме. Жалпы ұлттық өнімді өндіру, бөлу және пайдалану процесстерінде, ақша, тауар айналысынан оқушауланып, дербес қозғалыста болады. Соның негізінде, біріншіден, ақша айналысы және екіншіден мемлекеттің, халықтаң, шаруашылық субъектілерінің ақша қорлары құралады. Әрекет ету, пайдалану әдістеріне қарай ақша қоры қаржы формасына ие болады. Ақша қорларын құру, бөлу және пайдалану туралы мемлекеттер арасындағы, мемлекетпен заңды және жеке тұлғалар арасындағы пайда болатын экономикалық қатынастар жүйесін қаржы деп атайды. Қаржының мәні оның атқаратын қызметтерінен көрінеді. Оларды іріленген төрт топқа бөлуге болады: бөлу, реттеу, бақылау, ынталандыру және фискалды. Қаржының бөлу қызметі қоғамдық өндірістің әртүрлі сфералары арасында ұлттық табысты, жалпы ұлттық өнімді бөлу және қайта бөлу процестерімен байланысты. Мемлекет салықтар арқылы өндіріс және әлеуметтік салаларды дамыту мақсатында кәсіпорнындардың, фирмалардың пайдаларының, азаматтардың табыстарының бір бөлігін бөледі және қайта бөледі. Қаржының бақылау қызметі қоғамдық өндірістегі макро-микроэкономикалық процестерді реттейтін маңызды құрал ретінде көрінеді. Қаржының бақылау қызметі қаржы ресурстарының дұрыс бөлінуін және падаланылуын бақылауды қамтиды. Қаржының ынталандыру қызметі ғылыми-техникалық прогрестің дамуын ынталандырады, сондай-ақ салық ставкаларыын реттеу арқылы, мемлекет кейбір өндірістерді және салаларды жедел дамуына жұмыс орындарының көбеюіне жағдай жасайды. Қаржының фискалды қызметі салықтар арқылы кәсіпорындардың және азаматтардың табыстарының бір бөлігін мемлекет аппараты, елдің қоғанысы және өндіріс емес сфераларды қаржыландыру болып табылады. Қоғамдағы ақша қорларын құру, бөлу және пайдалану процесінде туатын экономикалық қатынастар қаржы қатынастарын құрайды. Қаржы қатынастары кез келген елде мемлекетпен заңды және жеке тұлғалар, жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалар, жеке мемлекеттер араларында қалыптастырады. Ұлттық экономика шеңберіндегі қаржы қатынастарының жиынтығы мемлекеттің қаржы жүйесін құрайды. Ол орталықтанған (мемлекеттік)және орталықтаебаған (мемлекеттік емес) қаржылардан құрылады. Орталықтаған қаржылар – қаржы жүйесінің басты бөлігі. Оған мемлекеттік бюджет жүйесі (мемлекеттік несие, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, мемлекеттік және жеке мүліктік сақтандыру) кіреді. Орталықтанбаған қаржыларды шаруашылық субъектілердің және халықтаң қаржылары құрайды. Сонымен қатар, өндірістің салалық ерекшеліктеріне қарай қаржы жүйесі өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, білім, ғылым, денсаулық сақтау және т.б. қаржыларына бөлінеді. Мемлекттік қаржы – қаржы жүйесінде маңызды орын алады. Мемлекеттік қаржы – мемлекеттің қызметтерін (халық шаруашылығын басқару, қоғаныс, әлеуметтік сфера және т.б.) қаржыландыруға арналған ақшалай қорлар жүйесі. Мемлекеттік қаржы және басқа қаржы ресуртарын жұмылдыру механизмін де қамтиды. Шаруашылық субъектілердің қаржылары экономиканың алғашқы буынының деңгейіндегі ұдайы өндіріс және өндіріс процессін қамтамасыз ететін ақшаа қорларының жүйесі болып табылады. Халықтың қаржысы – халықтың еңбек басқадай қызмет етуінің нәтижесінде құралатын ақша қорлары. Халық бұл қорларды өз меншігін және материалдық жағдайларын ұлғайту мақсатында пайдаланады. Сонымен қатар, жұмылдыру механизмі, (салық, зейнеткерлік және сақтандыру жүйесі, кеден, ренталық және басқа да төлемдер) халық қаржысына және шаруашылыұ субъектілердің қаржысына бағытталған. Қаржы жүйесін ұйымдастыыру принциптері әртүрлі болуы мүмкін. Қазіргі кезеңдегі кең таралған принциптердің бірі қазыналық (фискаль-қазына) федерализм. Бұл принцип Қазақстан қаржы жүйесінде де қолданылады. Бұл принциптің мәні қаржы жүйесінің жеке буындарының арасындағы қызметтерді нақты бөлуді көздейді, яғни жергілікті бюджет өзінің кірісі және шығысымен мемлекеттік (республикалық) бюджетке кірмейді. Жергілікті орган өзінің бюджетінен қоғамдық тәртіпті сақтауды, мектептерді,емханаларды және т.б. мекемелерді қаржыландырады. Мемлекеттік бюджет: мәні және құрылымы. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз. Қаржы жүйесінде мемлекеттік қаржы маңызды рөл атқарады. Ол экономиканың жалпы жағдайын бейнелейтін барометр. Мемлекеттік қаржының көмегімен қоғам жалпы ұлттық өнімді бөлуді және қайта бөлуді жүзеге асырады. Мемлекеттік қаржы жүйесінің негізгі буыны – мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Сонымен қатар мемлекет, бюджет арқылы экономикалық процесстерді, шаруашылық конъюктораға ықпал етуді, дағдарысқа қарсы шаралары жүзеге асырады. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты. Унитарлық мемлекеттердің бюджеттерден тұрады. Ал федеративті құрылымы бар мемлекеттердің бюджеттері тағы бір буынмен: штат (АҚШ) немесе жерлердің (ГФР) бюджеттерімен толықтырылады. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің кірісі мен шығысының жылдық жоспары болып табылады. Кіріс жағында бюджетке түсетін қаржылардың негізгі көздері, шығыс жағында – оларды пайдалану бағыттары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттің кірісі қосымша құнға салынатын салықтар, акциздер, заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, бонустар, роялти, рента төлемдерді, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін салықтар және т.б. Мемлекеттік бюджет шығындарының басым көпшілігі өндірісті дамытуға, тау-кен өнеркәсібі мен өндеу өнеркәсібіне, құрылысқа, сондай-ақ, мәдениғ рухани, тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсайды. Мемлекеттік бюджеттің шығындары мынадай бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әлеуметтік экономикалық мақсаттардың шығындары, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық шығындары және т.б. Мемлекет мемлекеттік шығындары экономикада тепетеңдікті орнықтыруға кеңінен қолданады. Мемлекет өз шығындарын көбейту негізінде, біріншіден, жиынтық сұранысты ұлайта алады, екіншіден, өндірісті ынталандыра алады, үшіншіден, халық шаруашылығының кейбір салаларын (ғылымды, білімді, қоршаған ортаны қорғауды және т.б.) жедел дамуына тиісті жағдай жасай алады. Сонымен қатар, мемлекеттік шығындарға мультипликациялық (көбейту) тиімділік қабілеті тән, яғни көбейту тиімділігі, себебі, бұл жағдайда мемлекеттің шығындарының өсуі жалпы ұлттық өнімнің көлемінің өсуін қамтамасыз етеді. Мысалы, жол құрылысына мемлекеттік инвестиция өссе, ол жол құрылысымен қатар асфальт өндіруді, сондай-ақ шикізатты өндіруді және т.б. салаларды да өсіреді.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 75; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |