КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Исходные данные 1 страница
S D2 Q Сурет D P3 В P2 Б P1 A D О Q5 Q4 Q3 Q2 Q1 Q S Р5 A Р4 B Р3 C Р2 D Р1 О Q1 Q S d Р3 M N Р1 С Р2 A B Р d S Сурет O Q1 Q2 Q3 Q4 Q D2 P4 d P3 B2 B B1 d1 P2 Б2 Б Б1 D2 P d d1 O Q4 Q3 Q2 Q1 Q S S2 P4 P3 S1 P2 P1 S2 P S1 4 – сурет 3. Сұраныс пен ұсыныстың нарықтық тепе-теңдігі. Нарықтағы тепе-теңдіктің қалыптасуы. Егер баға өзгерсе, сату мен сатып алудың қалай өзгеретінін жоғарыда көрсттік. Бірақ қандай жағдайда немесе қандай бағада тауарды сату-сатып алу жүргізіледі? Осы сұраққа жауап беру үшін, мына мысалды қарастырайық. Картопқа деген сұраныс пен ұсыныс
Баға икемділігі тауардың ұсыныс икемділігі ұғымына да қолданылады. Ұсыныс икемділігі сатуға ұсынылған тауардың бағаларының және санының өзгеруін сипаттайды. Бұл өзгерістер келесі жағдайларда өзгеруі мүмкін: Ұсыныс икемді болады, егер: - Баға 1% өссе ұсыныс кем дегенде 1% жоғары болса; - Ұсыныс бірлік (единичная) икемді болады, егер баға 1% өскенде ұсыныста 1% өссе; - Ұсыныс икемді емес, егер бағаның өсуі ұсыныстың өсуіне айтарлықтай әсер етпес. Қорыта айтатын болсақ, микроэкономикалық талдауда икемділіктің өте үлкен маңызы бар. Кәсіпкерлік практикасында икемділікті талдау жеке тауарлардың өндірілуі мен көлемін анықтауға, тұтынушылар іс-әрекетін білуге, фирманың баға саясатын жоспарлауға, фирма түсімінің максимальды болуының көп мерзімді және қысқа мерзімді стратегиясын құруға т.с.с. көмектеседі.
Осы графикті қарастыра отырып, бағаның өзгеруіне байланысты сұраныс мөлшерінің де өзгергенін көруге болады. Егер баға Р1 дейін өссе сұраныс мөлшері Q1 азаяды, ал баға Р3-ке дейін төмендеген де, сұраныс көлемі Q3-ке дейін өседі, яғни бағаның төмендеуі сұраныстың өсуіне, ал жоғарылауы сұраныстың төмендеуіне әкеледі. Яғни, сұраныс мөлшері мен бағаның арасында кері байланыс бар. Тауарға деген сұраныс мөлшері мен баға арасындағы кері байланысты сұраныс заңы деп атайды. Графикте көрстілгендей сұраныстың бірте-бірте төмендеуі бұл белгілі бір тауарға тұтынушылар сұранысының қанағаттандырылғанын көрсетеді. Сондықтан тұтынушылар қосымша тағы да сондай тауарларды енді өте төмен бағаға алуға дайын болады. Бқл жерде біз экономикалық игіліктерді шекті пайдалылығының кему заңының іс-әрекетін көріп отырмыз. Осы заңды сипаттау үшін суретке қайта назар аударайық. Егер біз қисық сызық пен А нүктесінен В нүктесіне одан әрі сұраныс қисығының абсциссамен (Q) қиылысуына дейін ауысып отырсақ онда сату көлемінің төмендегенін көреміз. Бұл белгілі бір тауар мен қызмет түріне сұраныстың толық қанағаттандырылғанын көрсетіледі, бұл жерде сұраныстың қисық сызығы не оңға не солға жылжыған жоқ, бұнда тек баға сату көлемінің ара-қатынасы өзгерді. Қандай жағдайларда сұраныстың қисық сызығы не оңға не солға жылжиды деген сұрақ туады. Сұраныс қисық сызығының оңға немеме солға жылжуына тек бағаға байланысты емес факторлардың өзгерісі әсер етеді. График түрінде ол төмендегідей көрініс алады (d1 d1) немесе (d2 d2). P1 А А1
- Нарықтың автономиясымен. Сұраныс пен ұсыныс деңгейінде көптеген экономикалық субъектілер әрекет етеді. Олардың біреуі де (өндіріс көлемі мен қуаты шамалы болғандықтан) өндіріске де, бағаға да айтарлықтай әсер ете алмайды. - Өнімнің бірыңғайлылығымен. Сатушылардың көпшілігі сатып алушыларға (тұтынушыларға) стандартты, біртекті өнім ұсынады. - Бағаны қалыптастырумен. Осындай нарықта, баға сұранысымен ұсыныс арқылы стихиялы түрде қалыптасады. Мысалы, қыс және жаз айларындағы сусындар бағаларының айырмашылығы, жекеөндірушілер іс-әрекетінің нәтижесі емес, сұраныс пен ұсыныс заңдылығының нәтижесі болып табылады. - Информацияны алу еркін болуымен. Нарық қатынастарының барлық мүшелері нарық жағдайы туралы хабарларды еркін түрде ала алады. Әрбір сатушы және сатып алушы баға, тауардың сапасы, нарықтағы шығындар және ұсыныс туралы толық және дұрыс хабар ала алады. - Нарыққа еркінмкіру және шығумен. Өндіруші фирмалар мұндай нарыққа еркін түрде кіріп тауар өндіре алады немес өз еркімен шығуына болады. Егер кім де кім өндірісте қандай да бір өнімді қалпына келтіру кере болса, онда мұны жасауға кедергісіз мүмкіншілігі бар. Белгілі бір саланы құрайтын фирмалар бәсеке фирмалардың пайда болуына қарсы тұра алмайды. Мұндай талапқа бүгінгі күні кейбір нарықтар ғана сай келеді. Мысалы: Нью-Йорктағы немесе Лондондағы биржалар, яғни құнды қағаз нарығы. Осы құнды қағаздар нарығы еркін бәсекенің шарттарына сай келеді және төмендегідей сипатталады. - құндықағаздарды сатып алушылар мн сатушылардың көп болуы; - жекелеген фирмалардың құнды қағаздарының біркелілігі мен бірін-бірі ауыстыра алатындығы; - нарық мүшелеріні барлық информацияларды еркін ала алатындығы; - құнды қағаздардың бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде құрылуы. Еркін бәсеке дамыған елдерді экономикасында ХІХ ғ. орташеніне дейін орын алған. ХІХ ғ. екінші жартысында және ХХ ғ. басында ірі кәсіпорындар мен бірлестіктер пайда бола бастады. Мемлекеттің нарыққа әсер етуі жандана түсті. Осы жағдайларға байланысты жетілмеген бәсеке пайда болды. Жетілген бәсекеден айырмашылығы оның іс-әрекетін мемлекеттің
Сұраныстың қисық сызығына әсер ететін бағаға байланысты емес факторларға: халықтың табыстарының деңгейі, сатып алушылар саны, нарықтағы өзара орын алмастыратын және өзара орнын толықтыратын тауарлар саны мн бағасы, тұтынушылар талабы және тұтынушылардың күтуі жатады. Енді осы факторларды толығырақ қарастырайық: 1. Халықтың табыс деңгейі. Табыстардың деңгейінің өсуі сапалы тауарлар мен қызмет түрлеріне деген сұранысты өсіреді. Мысалы: табыстары төмен адамдардың, табыстары өсе бастаған жағдайда олар ет, сүт өнімдерін көбірек ала бастайды, сонымен қатар, нан, картоп сияқты өнімдерді тұтынуды азайтады, сондықтан бұл тауарларға сұраныс төмендейді. Ақырында тұтыну сапасы жоғарылайды. 2. Сатып алушылар саны. Белгілі бір тауар түрлеріне сұраныстың төмендеуі немесе артуы, нарықтағы сатып алушылар санына да байланысты болады. 3. Өзара орын алмастыратын тауарлар саны сұранысты реттеп отырады. Егер олардың біреуінің бағасы өссе, онда оған сұраныс төмендейді де, ал оның орнын алмастыратын тауарға сұраныс жоғарылайды немесе өзара орын толықтыратын тауарға сұраныс өзгерсе, онда басқа тауар түріне де сұраныс өзгереді. Мысалы, магнитофонға сұраныс өссе, кассетаға да сұраныс өседі. 4. Тұтынушылардың талабы. егер белгілі бір тауарға тұтынушының көңілі ауса, онда сол тауарға сұраныс өседі. Керісінше, тұтынушының сонымен қатар, басқа бір тауарға көңілі ауса, онда бұл тауарға деген сұраныс азаяды. 5. Тұтынушының күтуі. Бұл алдағы уақытта бағалар мен табыстардың өзгеру мүмкіншілігіне қарай тауарға деген сұраныстың өсуі немесе төмендеуіне әкліп соғады. Адамдар алдағы уақытта бағалардың өсу мүмкіндігін ескере отырып, тауарларды көп мөлшерде сатып алады немесе алдағы уақытта табыстардың азаюы мүмкіндігіне байланысты олар өздерінің шығындарын азайтады, осыған байланысты сұраныс та кемиді. Сонымен, бағалық емес факторлар тауарға деген сұранысты бағаның деңгейіне байланысты өзгереді. Бағалық емес факторларға байланысты сұраныстың өсуі сұраныс қисық сызығы (dd) оңға және жоғары, ал сұраныстың төмендеуі сұраныс қисық сызығын dd солға және төмен жылжытады. 2. Тауар мен қызметтер сатысы Осы кезге дейін біз тауар көлеміне әсер етіп, сұранысты туғызатын факторларды қарастырайық. Енді біз өндірілген және
және бағаны өсіреді, соның салдарынан халықтың өмір сүру деңгейі төмендейді. Бәсекенің болмауына байланысты монополистер ғылыми техникалық прогресстің дамуын шектейді. Сондықтан, ммлекет бәсекені қорғауға монополияға қарсы паралар қолданады, оны біз монополияларға қарсы күрес деп айтамыз. & 4. Мемлекеттің монополияларға қарсы шаралары. Монополиялардың экономикаға әсер ететін тиімсіз жағын бәсеңдету немесе жою мақсатында мемлекет олардың ісіне тікелей немесе жанама түрле араласып отырады. Мемлекеттік фирмалардың нарықты монополияландыруды болдырмау үшін әкімшіл және нормативті бағыт бағдар әдістерін қолданады. Әкімшілік (заң шығаратын) реттеу әдісі, заңдар арқылы жүргізіледі, монополия мен бәсеклестіктердің арасындағы тепе-теңдікті қолдау және т.б. әдістер қолданады. Монополияларға қарсы заң негізінен алғаш рет АҚШ пен Канадада 1890ж. қабылданды.Оны – Шерман заңы деп атайды, мұнда тауар өндіру мен сауданы шектеуге бағытталған кез-келген бірлестіктердің іс әректтері мен келісімдері заңсыз депесептелінеді. Кейінірек, 1941 жылы тағы бір маңызды заң – Клейтон заңы қабылданды. Бұл заң бірінші кезекте әр түрлі монополиялық практикаларға қарсы бағытталған. Ол заңда баға корпорациялардың акцияларын сатып алу, ықтиярсыз келісім жасауға тиым салынған. Батыс Еуропада монополияларға қарсы зағң соғыстан кейінгі кезеңде қабылданды. Американдық заңдармен салыстырғанда оларда бір қатар ерекшеліктер бар. Бір жағынан, ол сырт көзге тұтынушылар құқығын қорғауға бағытталса, ал екіншіден, егер бұл ерекшеліктер ғылыми-техникалық прогреспен байланысты болса, онда ірі корпорацияларды құруға және өндірісті шоғырландыру прогресін қолдауға бағытталған. Батыс Еуропада монополияларға қарсы заңдар барлық монополияларға емес, ол тек бәсекелектікті шектейтін кәсіпорындарға ғана бағытталған. Нарықтық экономикада монополияға қарсы заң шығарумен қатар нормативті әдіс қолданылады: үкімет тапсырысы, салықтар, пайыздар т.б. Осы тетіктерді пайдаланып, үкімет нарықтың әртүрлі секторы мен бөлшектерінің (сегменттеріндігі) бәскелестік
Графиктен көріп отырғанымыздай, құламалы сұраныс қисық сызығына қарағанда ұсыныс қисық сызығы тауар көлемі мен баға арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Ұсыныс қисығы S- ұсыныс дегенді білдіреді. Ұсыныс қисық сызығындағы (SS) Е нүктесі ең жоғарғы бағаны Р1 (30теңге) жіне нарықта сатуға ұсынылып отырған өскелең тауар көлемін Q1 (2500тонна) көрсетеді. Ал ұсыныс қисық сызығындағы А нүктесі бағаның Р5 (10теңге) төмендегенін оған сәйкес сатуға ұсынылған картоптың көлемінің азайғанын Q5 (500 тонна) көреміз. Демек, ұсыныс қисық сызығы (SS) бағаның өзгеруі мен ұсыныс мөлшерінің арасындағы тура тәуелділігін көрсетеді. Баға неғұрлым жоғарыласа, ұсыныс мөлшері де соғұрлым көбейеді, керісінше баға төмендесе, сатуға ұсынылған өнім көлемі де төмендейді. Баға мен ұсыныс арасындағы тікелей байланысты – ұсыныс заңы деп атайды. Бұл тауар өндірушілердің көп пайда табу мақсатында жоғары бағада көп тауарлар және төмен бағада аз тауар шығаруын көрсетеді. Тауар көлемінің, оның бағасының өзгеруі ұсыныс қисық сызығын жылжытпайды. Мысалы, егер біз ұсыныс қисық сызығындағы А нүктесінен Е нүктесіне және Енүктесінен А нүктесіне дейінгі аралықта (3-сурет) жылжитын болсақ онда сатуға ұсынылып отырған тауар көлеміні өзгерісін көреміз, яғни бұл жағдайда ұсыныс қисық сызығы ешқайда жылжымайды және өзгермеді. Ұсыныс қисық сызығының оңға немесе солға жылжуы бағалық емес факторлар әсерінен болады. Бағаға байланысты емес негізгі факторларға жататындар: 1. Өндіріс технологияларының деңгейі. Өндірісте жаңа техника және технологияны қолдану еңбек өнімділігін арттыруға және шығарылған өнімдерді құның, яғни өндіріс шығындарын төмендетуге ықпал етеді. Бұд жағдайда ұсыныс артады. 2. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасы өндіріс шығындарында тікелей әсер етеді. Егер, ресурстардың бағасы төмендесе, онда өндіріс шығындары төмендейді, ал соған қатысты ұсыныс өседі, немесе ресурстардың бағас өссе, онда шығын да өседі де пайданы азайтады. Бұл жағдай ұсыныстың төмендеуін туғызады. 3. Салықтар мн дотациялар. Салықтардың өсуі өндіріс шығындарын көбейтеді және азайтады. Ал дотациялар (белгілі бір шығындардың орнын толтыру үшін мемлекеттің беретін жәрдем қаржысы) керісінше, өндіріс шығындарын төмендетіп, ұсыныстың өсуіне мүмкіндік береді. 4. Басқа да тауарлардың бағаларының өзгерісі тауарға деген ұсыныстың жоғарылауы немесе төмендеуіне әкеліп соғады.
Таблицада келтірілген мәліметтерге қарай 1 кг картоптың құны 20 теңгеге жеткенде ғана сұраныс пен ұсыныстың тең болатынын көреміз. Егер, тауардың құны 20 теңгеден кем болса, онда картопқа деген сұраныс ұсынысқа қарағанда көп болады. Мысалы, 1 кг картоптың құны 10 теңге болғанда сұраныс 2500 тоннаға артық болады. Ал егер тауардың құны 20 теңгеден жоғары болса, мысалда 1кг картоп 30 теңге болса, онда ұсыныс сұранысқа қарағанда 2050 тоннаға артық болады, яғни базарда артық картоп пайда болады. Бұл жағдайда сатушы картоптың бағасын ұсыныс пен сұраныс теңескенше, 20 теңгеге дейін түсіруіне тура келеді. Демек, каропқа деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдік 20 теңге деңгейінде орын алады. Ұсыныс пен сұранысты теңестіруші баға тепе-теңдік баға деп аталады. Оны төмендегі график арқылы көрсетуге болады. Тауар бағасы Р
Товар көлемі 5 - сурет Графиктен сұраныс пен ұсыныс қисықтары С нүктесінде қиылысатындығынжәне тепе-теңдік бағаның қалыптасқанын көруге болады. Бағаның тепе-теңдік (С) бағадан төмендеуі сұраныстың ұсыныстан артық болғанын көрсетеді (MN), ал баға (P2)жоғары болғанда артық ұсыныс туындайды (АВ). Бұл жерде мынаны ескеру керек, артық ұсыныс бағаны тепе-теңдік бағаға дейін (С) төмендетеді, ал артық сұраныс – сұраныс пен ұсынысты тепе-тең бағаға дейін өсіреді (С). Ұсыныс пен сұраныс өзгермесе тепе-тең баға да өзгермейтін болады. Бірақта, мұндай жағдай, яғни ұсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігі нарықта өте сирек болады. Өйткені, әр түрлі
ресурстардың көпшілігін сол тауарларды өндіретін өндіріске қарай бағыттауды қамтамасыз етеді. Нарықтың кемшіліктеріне мыналар жатады: - Нарықтың тек ақша төлей алатын адамдардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталуы; - Нарықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен тауарларды (жол, білім және денсаулық сақтау жүйесі, қоғамдық көлік, ғылым т.б.) өндіруге мүдделі еместігі; - Нарықтың жұмыс бастылық пен тұрақты табысқа құқықтық кепіл бермуі; - Нарықтың қоршаған ортаны қорғау, қалпына келмейтін ресурстарды сақтаудағы өте төмен қабілеттілігі; - Нарық конъюутурасының тұрақсыз болуы жұмыссыздықты өндірістің тепе-теңдігін бұзылуын, инфляцияны жәнет.б. келеңсіз құбылыстарды туғызуы. Нарықтың мұндай жағымсыз жақтары абсолютті тура болмайды, олар өоғамдағы нарықтың ішкі құрылысымен және тағы басқа да жағдайлармен байланысты. &2 Нарық құрылымы және нарық механизмі Нарықтың қызметтері оның құрылымымен тығыз байланысты болады. Оған өндірісті тікелей қамтамасыз ететін элементтер, сондай-ақ материалдық және ақша айналасының элементтері кіреді. Нарықтың құрылымы көп жақты болады. Тауарлар мен қызмттер нарығы, нарық қатынастарының тарихи бірініші объектісі болып табылады. Еңбек бөлінісінің дамуы барысында тауар және қызмет көрсету нарығы біршама өзгерістерге ие болды. Тауар және қор биржалары, көтерме және бөлшек сауданың әртүрлі формалары маркетингтік ұйымдар пайда болып, дами бастады. Тауарлар мен қызметтер нарығына – тұтыну тауарлар нарығы – азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, қызмет көрсету нарығы – тұрмыстық, коммунальдық, көліктік; тұрғын үй және өндірістік ғимараттар нарығы жатады. Объективті экономикалық жағдайлардың пісіп жетілуіне байланысты, бұл нарықтан жер, еңбек, капитал, яғни өндіріс факторлары нарығы бөлініп шықты. Өндіріс факторлар нарығы деп өндіріс құрал-жабдытарын (капиталды), жұмыс күшін, жерді сату және сатып алуды жүзеге асыратын нарықты айтамыз. Жер нарығы – тек жердің өзі ғана емес, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін фермрлер пайдаланылатын жерлер, жер
сатуға ұсынылған тауарлар көлемі қалай өзгеретіндігінетоөталайық. Өндірілген және сатуға ұсынылған тауарлардың көлемі, тауар өндірушілердің тұтынушыларға ұсынған тауарлардың көлемімен анықталады. Бұл жерде мынаны ескеру керек; ұсыныстың өндірілген және сатуға ұсынылған тауарлар көлемі кейбір жағдайда бір-біріне сай клмуі мүмкін. Себебі, кәсіпорын өзіні ішкі шаруашылығына пайдаланылатын өнімдер бөлігі ұсынысқа жатпайды. Сондықтан, ұсыныс – белгілі бағамен өндірушілердің сату үшін нарықта ұсынылатын тауарлар мен қызметтер жиынтығының мөлщері болып табылады. Ұсыныс – өндірушінің жасап шығаратын және нарықтық бағамен сату үшін өндірілген тауарлардың көлемін көрсететін шкаламен сипатталады. Ұсыныс пен оның бағаға байланысты қозғалысын кесте арқылы ұсынылған картоп мөлшері берілген.
Осы берілгендерді график түрінде көрсетелік. Абсцисса осінде сатуға ұсынып отырған картоптың мөлшерін (Q), ал ордината осінде 1кг картоптың бағасын (Р) белгілейік. S тауар бағасы
Р E Тауар көлемі 3-сурет 6 –тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теорияларының негіздері 1. Сұраныс заңы. Сұранысқа әсер ететін факторлар. 2. Тауарлар мен қызметтер ұсынысы. 3. Нарықта тепе-теңдіктің қалыптасуы. 4. Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі. &1. Сұраныс заңы. Сұранысқа әсер ететін факторлар. Шаруашылықтың нарықтық моделіне негізделген экономикалық жүйеде Не өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек? Деген сұрақтарға өндірілген өнім көлемі мен нарықтық баға жауап береді. Мысалы: кей жағдайда саны шектеулі, аз тауарлардың нарықтық бағасы жоғары болуы мүмкін. Ол негізінен тұтынуды шектейді, ал кейде, баға тұтынылатын тауарлар мен қызметтер көлемінің артуына мүмкіндік туғызады. Нарықтық баға деңгейінің өсуі мен төмендеуіне не әсер етеді? Тауарлар мен қызметтердің бағаларын белгілейтін механизм қандай? Ол сұраныс пен ұсыныс заңдарына негізделген. Біз нарықтық экономиканың осы негізгі заңдарын түсіне отырып, экономикалық жүйені толығымен түсінуге мүмкіндік аламыз. Сұраныс – нарықтың маңызды элементі болып табылады, себебі оның негізін адамдардың қажеттіліктері құрайды. Алайда қажеттіліктің бәрін сұранысқа жатқызуға болмайды. Сұраныс- бұл нарықта ұсынылған тауар мен қызметтер түрлеріне, төлем қабілет бар қажеттілікк негізделеді. Оны тұтынушылар тиісті бағамен сатып алғысы келген тауарлар көлемінің комбинацияларын көрсететін қисық сызық түрінде сипаттауға болады. Ол үшін екі осьтен тұратын графикті қолданалық. Егер абсцисса осіне сатып алынатын тауар көлемі Q арқылы, ордината осінде баға қозғалысын – Р арқылы белгілесек, онда сұраныс графиі немесе сұраныстың қисық сызығы dd түрінде көрініс алады. Товар бағасы P O Q1 Q2 Q3 Q товар көлемі
Факторлардың (баға деңгейі, технолоия, тосу (үміт), т.с.с.) ықпалы арқылы сүраныс пен ұсыныс үнемі қозғалыста болады.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 61; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |