КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
ARP (AddressResolutionProtocol) 2 страница
Дизайнерде сәйкес келетін құрылғыны таңдап, 2-суреттегі топологияны орнатыңыз. Құрылғыларға ат беріп, әрбіреуінде қолданылатын интерфейстерді ашыңыз. Олардың күйін тексеріңіз. Әрбір құрылғыда CDP showcdpneighbors командаларын қолданып, көрші құрылғылар туралы ақпаратты алыңыз. CDP командаларының скриншотын жасаңыз. Интерфейстерге 3-кестедегі нұсқаларға (v=1-16) сәйкес адрестерді беріңіз. Барлық макалар 255.255.255.0-ге тең. Мысалы, 7-нұсқа үшін (v=7):
3. Адрестердің берілгендігін тексеріңіз. Әрбір құрылғыда showipinterfacebrief командасын орындаңыз. Скриншоттарын сақтаңыз. Егер барлығы дұрыс істелінген болса, сіз кез келген компьютерден басқа компьютер нтерфейстерінің адрестеріне(бірақ бәріне емес) пинг жасай аласыз.
4. Осыны жасап, 6-кестеде * белгісімен белгіленген қосылыстар пингтерінің скриншоттарын сақтаңыз. 5. Router1құрылғысына кеңейтілген пинг жасаңыз. Мына пингтерге 3 скриншот жасаңыз: от i12 к i21, от i11 к i31 и от i22 к i32. 6. Router1-ге Telnet жасаңыз. Пароль орнатыңыз. 7. Router2-ге өтіңіз. Router1-ге Telnet арқылы кіріңіз. Showuser командасын орындаңыз. Сессияны тоқтаптып, қайта жаңартыңыз. Сессияны өшіріңіз. Router2 консолының скриншотын сақтаңыз. 8. Топологияны сақтаңыз. Отчет мазмұны. Отчет электронды түрде жасалып, шығарылады. Отчет мазмұны: 1. 1-сурет топологиясының скриншоты 2. Практикалық бөлімдегі 3 маршрутизатор конфигурациясы.txt файл түрінде. 3. 2-сурет топологиясының скриншоты. 4. Практикалық бөлімдегі.txt файл түрінде 3 маршрутизатор конфигурациясының скриншоттары. №3. Лабораториялық жұмыс. ІР адрестерді тағайындау. Теориялық бөлім
ІР адрестер құрылғыларға екі түрлі әдіспен иелендіреді (присваиваются): 1. Статикалық (қолдан) 2. Динамикалық (автоматты) Статикалық адрес Статикалық адресті қолдана отырып, желілік администратор түйіннің желілік ақпараттарын қолдан настройка жасай алады. Кем дегенде, бұл ІР-адрес, желінің маскісі және негізгі шлюз. Статикалық адрестердің бірнеше артықшылықтары бар. Мысалы, оларды әрқашан желілік клиенттерге қолжетімді болатын принтерлерге, серверлерге және басқа да желілік құрылғыларға иелендіру пайдалы. Егер түйіннің қарапайым ІР-адресі өзгерілсе, онда ол серверге жете алмайды. Адрестерді статикалық иелендіру желілік ресурстарды қадағалауын күшейтеді, бірақ әр түйінге ақпараттарды енгізу көп уақытты алады. Түйінге статикалық енгізу кезінде ІР-адрестерде тек базалық қателер іздеуі орындалады. Сәйкесінше, қателер туындау қауіпі жоғары. Статикалық ІР-адресацияны қолдану барысында нақты адрестер тізімін және олар иеленген құрылғыларды енгізу маңызды. Сонымен қатар, әдетте бұл тұрақты адрестер қайта қолданыла алмайды.
1. Компьютердің ІР-адресі 2. Желінің маскі 3. Негізгі шлюз 4. DNS серверінің ІР-адресі Динамикалық ІР адрес Жергілікті желіні пайдаланушылар саны әрқашан өзгеріп отырады. Жаңа пайдаланушылар желіге қосылуға ноутбуктарымен пайда болады. Басқалары жаңа жұмыс станцияларын орнатады. Әр станцияға ІР-адрестерді қолдан иелендіріп отырмау үшін, бұны автоматты түрде жасау ыңғайлы болып табылады. Ол үшін Dynamic Host Configuration Protocol (DHCP) атты протоколы қолданылады. DHCP адрес, мысалы, ІР-адрес, маска подсети, негізгі шлюз және басқа да настройкалар, жөніндегі ақпараттарды иелендіру механизімін қарастырады. Бұл үлкен желілерде ІР-адрестерді түйіндерге иелендірудің ең тиімді әдісі. Ол қолдау қызметінің мамандарының жұмысын оңайлатады және қателер туындауын азайтады. DHCP-дың тағы бір артықшылығы, ол түйіндерге адрестерді уақытша иелендіреді. Егер түйін өшірілсе немесе желіден шықса, онда оның адресі қайта өолданылуы үшін пулға оралады. Бұл көбіне біресе қосылып,біресе өшірілетін ұялы телефондар қолданушыларына пайдалы.
DHCP клиенті ретінде бірінші настройка кезінде түйінде ІР-адрес, желінің маскі және негізгі шлюз болмайды. Ол бұл мәліметтерді жергілікті немесе Интернет ұсынушысына тиісті DHCP серверінен алады. DHCP серверінде DHCP клиентіне иеленетін ІР-адрестер диапазоны немесе пулына настройка жасалады. ІР-адресті қажет ететін клиент IP- адрес белгіленуі 255.255.255.255 (32 бірліктер) және MAC-адрес белгіленуі FF-FF-FF- FF-FF-FF (48 бірліктер) болатын широковещательді жіберілім (рассылки) түрінде DHCP ізденісі жөнінде хатты жолдайды. Желідегі барлық түйіндер DHCP кадрын алады, бірақ DHCP сервері ғана жауап қайтарады. Ол клиенттің ІР-адрес жөніндегі ұсынысын қорек көзіне жібереді. Жауап ретінде түйін көрсетілген серверге DHCP сұранысын ІР-адресті қолдану жөніндегі растауымен бірге жібереді. Сервер растауды жібереді.
Есімдердің домендік жүйесі (DNS) Күнделікті өмірде біз қолжетімді Интернет желісі қызметіне рұқсат алу үшін әртүрлі географиялық нүктелерде орналасқан мыңдаған серверлерге жүгінеміз. Осы серверлерлердің әрбіріне қосылған жергілікті желіде идентификацияланатын ІР-адрес иелендіріледі. Интернет желісінің әртүрлі қызметтерін ұсынатын барлық серверлердің ІР-адрестерін жаттап алу мүмкін емес. Сондықтан, оның орнына серверлерге іздеу салудың өте оңай әдісі – кейбір ІР-адреспен есімді сәйкестендіру. Есімдердің домендік жүйесі (DNS) жеке сервердің ІР-адресіне сұраныс жіберуі үшін түйіндердің есімдерін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл жүйеде есімдердің тіркелуі мен ұйымдастырылуы арнайы жоғарғы деңгейлі топтар, есім берілген домендер, бойынша орындалады. Интернет желісінің көбіне таңымал жоғарғы деңгейлі домендер қатарына.com,.edu және.net жатады. DNS-серверінде ІР-адрестерге сәйкес келетін домендегі түйіндердің есімдерін білдіретін арнайы кесте жазылады. Егер клиент сервердің есімін білсе,мысалы,веб-сервер, бірақ ІР-адресті іздеу талап етілсе, онда ол осы DNS-серверіне 53 порт арқылы сұраныс жібереді. Клиент DNS настройкасының ІР конфигурация бөліміндегі осы түйінге жазылған DNS-серверінің ІР-адресін қолданылады. DNS-сервер сұраныс алу кезінде өзінің кестесі бойынша сұраныс жасап жатқан ІР-адрес пен веб-сервер арасында сәйкестік бар ма екендігін анықтайды. Егер DNS-серверінде сұраныс жасалып жатқан есім жөнінде жазба болмаса, онда ол өзінің домені аралығында басқа DNS-серверлерге сұраныс жібереді. DNS-сервер ІР-адресті анықтаған соң, ол клиентке жауап қайтарады. Егер DNS-сервер ІР-адресті анықтай алмаса, клиент осы веб-сервермен байланыса алмайды және күту уақытының аяқталып қалғаны жөнінде хаттама алады. Клиенттік бағдарламалық қамтамасынан DNS-протоколы бойынша ІР-адресті анықтау процесі пайдаланушы үшін оңай. Практикалық бөлім Packet Tracer-де келесі топологияны құрамыз.
Бұл жергілікті желіде компьютерлер адрестерді динамикалық түрде, ал желілік принтер және сервер - статикалық түрде алады деп ұйғарайық және DHCP серверіне настройка жасаймыз. Қолданылатын параметрлер: · Қолданылатын желі – 192.168.0.0 255.255.255.0 · Пулдың аты – serverPool · Бастапқы адрес – 192.168.0.21 (бірінші 20 адрестер желілік принтерге, серверге, шлюзға үнсіздік келісімі бойынша беріледі және т.б.) · Негізгі шлюздың адресі – 192.168.0.1 · Динамикалық адрестерді қолданылатын пайдаланушылардың максимальды саны – 80 · DNS серверінің адресі – 8.8.8.8 Серверге басыңыз және Config қыстырмасынан DHCP-ті таңдаңыз және жоғарыда көрсетілген параметрлерді енгізіңіз. Кейін Add -ті басыңыз.
Енді DHCP ceрвердің өзіне 192.168.0.2 статикалық адресті иелендіру керек. Desktop қыстырмасын және IP Configuration таңдаңыз және ІР параметрлерін енгізіңіз.
Осылайша, статикалық ІР-адресті желілік принтерге және негізгі шлюзға иелендіреміз. Негізгі шлюзға статикалық адресті иелендіру үшін (жергілікті желіге қосылған маршрутизатор интерфейсіне) маршрутизаторға басыңыз, Config қыстырмасын таңдаңыз, сіз коммутаторға қосқан (FastEthernet 0/0) интерфесті таңдаңыз. On пунктіне белгі (галочка) қойыңыз (осы интерфейті активті ету іс-әрекеті), кейін ІР-адресті және желінің маскісін көрсетіңіз (192.168.0.2 255.255.255.0). Және компьютерлерге динамикалық адрестерді береміз. PC0-ге басыңыз, Desktop қыстырмасында IP Configuration – ді таңдаңыз және DHCP пунктісін бассаңыз, компьютер DHCP серверіне сұраныс жібереді және бірінші қолжетімді адресті (192.168.0.21) алады.
Сонымен қатар, Cisco маршрутизаторларында DHCP серверінің функцияларына настройка жасауға болады. Қарапайым мысалды қарастырайық, Packet Tracer-де келесі топологияны құрыңыз.
1. Желі 192.168.12.0 255.255.255.0 2. Негізгі шлюздың адресі – 192.168.12.1 3. Пулдың аты – ENU 4. DNS серверінің адресі-8.8.8.8 5. Пулдан бастапқы 10 қолжетімді адрестерді желілік принтер, негізгі шлюз, серверлерге статикалық түрде иелендіру үшін айшықтаймыз (исключаем). 1841 маршрутизаторына басыңыз, CLI (командалық жолақ) қыстырмасын таңдаңыз. Келесі базалық настройканы жасаймыз. Router>en Router#conf t Enter configuration commands, one per line. End with CNTL/Z. Router(config)#hostname TSISI TSISI(config)#int fа0/0 TSISI(config-if)#ip address 192.168.12.1 255.255.255.0 TSISI(config-if)#no shut down TSISI(config-if)#exit Және DHCP серверінің параметрлеріне настрйка жасаймыз: TSISI(config)#ip dhcp excluded-address 192.168.1.1 192.168.1.10 - қолжетімді бастапқы 10 адрестерді айшықтаймыз TSISI(config)#ip dhcp pool ENU – пулдың атына настройка TSISI (dhcp-config)#network 192.168.12.0 255.255.255.0 – желіні көрсетеміз TSISI (dhcp-config)#default-router 192.168.12.1 – негізгі шлюздың адресі TSISI dhcp-config)#dns-server 8.8.8.8 – DNS серверінің адресі TSISI (dhcp-config)#exit Енді компьютерлерді басып, оларға динамикалық адрестерді және желілік принтерге 192.168.12.3 статикалық адресті береміз. Маршрутизатордың настройкасын тексеру үшін мына командаларды орындаңыз: · Show running-config – маршрутизатордың ағымдағы настройкасын шығарады. · Show ip dhcp binding – DHCPсерверіне иелендірілген адрестерді көрсетеді.
TSISI#sh running-config ! (шығыс мәліметтері түсірілген) hostname TSISI ! ! ! ! ip dhcp excluded-address 192.168.1.1 192.168.1.10 ! ip dhcp pool ENU network 192.168.12.0 255.255.255.0 default-router 192.168.12.1 dns-server 8.8.8.8 ! TSISI#sh ip dhcp binding IP address Client-ID/ Lease expiration Type Hardware address 192.168.12.2 0009.7C14.AE4E -- Automatic 192.168.12.3 0001.6362.36E1 -- Automatic 192.168.12.4 00E0.F784.A49B -- Automatic
Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар 1. Бұл жұмысты орындау үшін жоғарыдағы топологияны желілік принтерсіз қолданасыз және тағы да 5 ноутбук (оларды коммутаторға жалғаңыз) қосыңыз. DHCP серверіне 1841 модельді маршрутизаторында настройка жасаңыз. Тапсырма үшін желі және DNS серверінің адрестері төменде көрсетілген, негізгі шлюз адресі – желінің бірінші қолжетімді адресі, пулдың аты ретінде өз есімдеріңізді қолданыңыз.
2. Барлық компьютерлер мен ноутбуктарға динамикалық адрестер тағайындаңыз. 3. Компьютерлер мен ноутбуктарда қолданылатын ipconfig/release және ipconfig/renew командаларының тағайындалуын өздігінен анықтаңыз. 4. Ағымдағы DHCP серверінің настройкасын тексеріңіз. 5. Қандай құрылғылар динамикалық адрестерге ие болғанын тексеріңіз.
Қорытынды сұрақтар:
1. ІР-адрестерді тағайындаудың қандай әдістерін білесіз? 2. Статикалық адрестерді қолданудың кемшіліктері мен артықшылықтары. Статикалық адрестер қандай құрылғыларға тағайындалады? 3. Қашан (қайда) динамикалық адрестер қолданылады? 4. ІР-адрестердің жан-жалы (конфликт) дегеніміз не және көбіне қандай желілерде олар туындайды? 5. DNS сервері не үшін қолданылады?
№4. Лабораториялық жұмыс. Статикалық марштутизация Теориялық бөлім Жіберуші қабылдаушының ІР-адресін анықтаған кезде ол қабылдаушының МАС адресін білу үшін өзінің ARP кестесіне қарайды. Егер қайнар көзі қабылдаушының МАС және ІР адрестері ARP кестесінде бар екендігін тапса, онда ол олардың арасындағы сәйкестікті орнатады және оны арналық деңгей фреймі кезінде ІР пакеттерінің инкапсуляциясына кірісінде қолданылады. Арналық деңгей фреймінің МАС адрестері ARP кестесінен алынады. Осыдан кейін, фрейм физикалық арна арқылы жіберушіден адресатқа жіберіледі. Егер жіберушіде қабылдаушы үшін АДР ІР-адресімен ІР пакеті бар болса және бұл адрес ARP кестесінде жоқ болса, онда жіберуші широковещательді желісі бойынша келесі мазмұнды ARP сұранысын жібереді: желілік интерфейс МАС адресін АДР ІР-адресімен хабарлаңыз. Сұранысты желі сегментіндегі барлық желілік құрылғылар қабылдайды, тек АДР ІР-адресі бар құрылғы ғана оған жіберушіге АДР ІР-адресімен қатар өзінің желілік интерфейсінің МАС адресі жөнінде ақпаратты жіберу арқылы назар аударады. Жіберуші өзінің ARP кестесіне <МАС адрес, IP-адрес АДР > екеуін жазып алады.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 139; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |