Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ARP (AddressResolutionProtocol) 1 страница




Кесте.

Сурет.

Кесте.

Кесте.

Кесте.

Telnet

CDP

Сурет.

Тelnet командасы

TCP/IP протоколдарының құрамына кіретін виртуальді терминалдың telnet протоколы telnet клиент желілік құрылғысы мен telnet сервер желілік құрылғысы арасындағы байланысты орнатуға мүмкіндік береді. Бұл виртуальді терминал режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Telnet алыста орналасқан желілік құрылғыны басқару үшін немесе байланысты тексеру үшін қолданылады. Сәтті орнатылған Telnet-байланыс алыста орналасқан құрылғымен оның консолында отырғандай осы құрылғыны басқаруға мүмкіндік береді. Cisco желілік құрылғысы бір уақытта беске дейінгі Telnet кіріс сеанс протоколдарын қолдана алады.

 

 

Практикалық бөлім.

Cisco желілік құрылғысымен байланыс.

PacketTracer-де 1-суретте көрсетілген топологияны құрыңыз. Маршрутизатор моделін үнсіз келісім бойынша Generic деп таңдаңыз. Құрылғыларға 1-суретте көрсетілгендей ат беріңіз: Router1, Router2 и Router4.

Қара сым Ethernet байланысын, қызыл тізбектей байланысты білдіреді. соединение. Тізбектей байланысты орнату үшін тізбектей байланысты нүкте-нүкте (serialcable) таңдаймыз. Екінші құрылғыны таңдаймыз. Қай маршрутизатордың DCE құрылғысы функциясын атқаратынын таңдаймыз. Бұл құрылғы синхронизацияны береді. Симуляторда ол үшін синхронизация жиілігін анықтау қажет болады. Топологияны сақтаңыз.

 

Cisco желілік құрылғысымен танысу.

1. Router1 желілік құрылғысын таңдау үшін программаның жұмыс алаңындағы керек құрылғының суретіне басу керек. Сонда желілік құрылғының баптауларының терезесі ашылады. CLI терезесін құрылғыны басқару үшін ашамыз.

2. Router1 желілік құрылғысының экранының ортасынан Continue with configuration dialog? [yes/no]: дегенді көреміз.

No –енгіземіз және <Enter> батырмасын басамыз.

Ендігі көретініміз:

Router>

Енді сіз желілік құрылғыға қосылдыңыз және қолданушы режимінің команда жолындасыз. Мұндағы "Router" – бұл желілік құрылғының аты, ал ">" – сіздің қолданушы режимінде тұрғаныңызды білдіреді.

3. Енді мүмкіндігі жоғары режимге өту үшін enable командасын енгізіңіз.

Router> enable

Router#

4. Қолданушы режиміне қайта оралу үшін disable командасын енгіземіз. Желілің құрылғыдан шығу үшін logout немесе exit командасын енгізу керек.

Router# disable

Router>

Router> exit

Router con0 is now available

Press RETURN to get started

 

Желілік құрылғының негізігі командалары.

1. Router1 желілік құрылғысына кіріңіз.

Router>

2. Бұл режимдегі барлық қолжетімді командалар тізімін көру үшін мына команданы енгіземіз:

Router>?

Enter батырмасын енгізудің қажеті жоқ.

3. Енді мүмкіндігі жоғары режимге кіріңіз:

Router>enable

Router#

4. Мүмкіндігі жоғары режимдегі барлық қолжетімді командалар тізімін көріңіз:

Router#?

5. Конфигурация режиміне өтеміз:

Router#config terminal

Router(config)#

6. Желілік құрылғының хостының аты локальді идентификация үшін қолданылады. Желілік құрылғыға кірген кезде сіз хост атын режим символдарының(">" или "#") алдынан көресіз. Бұл ат құрылғы орнын анықтау үшін қолданылуы мүмкін. Құрылғының атын "Router1" деп қойыңыз.

Router(config)# hostname Router1

Router1(config)#

7. Кіру паролі мүмкіндігі жоғары режимге қолжетімділікті реттеуге мүмкіндік береді. Бұл порольдің маңыздылығы жоғары, себебі мүмкіндігі жоғары режимде конфигурациялық өзгерістер енгізуге болады. Бұл режимге паролін "parol" деп орнатыңыз.

Router1(config)#enable password parol

8. Бұл парольді сынап көрейік. Желілік құрылғыдан шығып, мүмкіндігі жоғары режимге кіруге тырысып көріңіз.

Router1>en

Password:*****

Router1#

Мұндағы: ***** - Сіздің енгізетін пароліңіз. Бұл белгілер экранда көрінбейді.

Негізгі Show командалары

Disable командасы көмегімен пайдаланушы режиміне өтіңіз. Қолжетімді show командаларын көру үшін мына команданы енгізіңіз:

Router1> show?

1. showversion командасы желілік құрылғының платформасының типін, операциялық жүйенің нұсқасын, операциялық жүйенің файлының атын, жүйенің жұмыс істеу уақытын, жад көлемін, интерфейстер санын және конфигурациялық регистрді анықтау үшін қолданылады.

2. Сағатты көруге болады:

Router1> show clock

3. Cisco IOS операциялық жүйесінің файл-бейнесі желілік құрылғының флеш-жадында сақталады. Оперативтік жадқа қарағанда құрылғылардағы флеш-жад файл-бейнені тоқ көзі ажыратылса да сақтайды.

Router1> show flash

4. Желілік құрылғының ИКС-і соңғы енгізілген 10 команданы үнсіз келісім бойынша сақтайды.

Router1> show history

5. Алдында енгізілген командаларға қайта оралуға мына екі команда мүмкіндік береді: жоғары бағытталған бағыттауыш (стрелка) немесе <ctrl>P.

6. Буферде сақталған келесі командаға өту үшін келесі екі команда мүмкіндік береді: төменге бағытталған бағыттауыш немесе<ctrl> N

7. Барлық интерфейстердің хосттыры мен IP-Адрестерінің тізімін көруге болады:

Router1> show hosts

8. Келесі команда әрбір интерфейс туралы толық мәліметті береді:

Router1> showinterfaces

9. Әрбір telnet сессиясы туралы мәліметті келесі команда көмегімен көруге болады:

Router1> show sessions

10. Терминалдың конфигурациялық параметрлерін келесі команда көрсетеді:

Router1> showterminal

11. Құрылғыға терминалды линиялар бойынша жалғанған қолданушылардың тізімін көруге болады:

Router1> show users

12. Интерфейс контроллерлерінің күйін көрсететін команда:

Router1> show controllers

13. Мүмкіндігі жоғары режимге өтейік.

Router1> en

14. Барлық қолжетімді show командаларын көрейік:

Router1# show?

Мүмкіндігі жоғары режимде қолданушы режимдегі барлық show командалар мен бірнеше жаңа командалар бар.

15. Желілік құрылғы жадындағы активті конфигурацияны көрейік. Ол үшін мүмкіндігі жоғары режимде болу керек. Активті конфигурация автоматты түрде сақталмайды және тоқ көзі өшкен кезде ол сақталмай өшіп қалады.

Router1# showrunning-config

Ақпараттың келесі бетіне өту үшін More жолында пробел батырмасын басу керек.

16. Үшінші деңгейлік протоколдардың күйін көруге келесі команда мүмкіндік береді:

Router# showprotocols

Интерфейс конфигурациясына кіріспе.

Желілік құрылғы интерфейстарын қалай қосу(көтеру) керек екенін және интерфейсті UP күйіне өткізу үшін не керек екенін білейік.

1. Router1 желілік құрылғысында конфигурация режиміне кірелік:

Router1# conft

Router1(config)#

2. Енді біз Ethernet интерфейс баптаймыз(настраиваем). Ол үшін біз интерфейс конфигурациясының режиміне кіруіміз керек:

Router1(config)# interface FastEthernet0/0

Router1(config-if)#

3. Бұл режимдегі барлық қолжетімді командаларды көрелік:

Router1(config-if)#?

Ауқымды конфигурациялау режиміне шығу үшін exit командасын теріңіз. Интерфейс конфигурациясының режиміне қайта кіріңіз:

Router1(config)# intfa0/0

Біз интерфейстің қысқартылған атын қолдандық.

4. Әрбір командаға кері команданы алдына no сөзін тіркеу арқылы жаза аламыз. Бүл интерфейсті іске қосады:

Router1(config-if)# no shutdown

5. Интерфейке сипаттама қосайық:

Router1(config-if)# description Ethernet interface on Router 1

Интерфейс сипаттамысын көру үшін мүмкіндігі жоғары режимге өтіңіз және showinterface командасын орындаңыз.

Router1(config-if)# end

Router1#show interface

6. Енді Router 2 желілік құрылғысына қосылаңыз және оның хостының атын Router2 қылып ауыстырыңыз.

Router# conf t

Router(config)# hostname Router2

Войдѐм на интерфейс FastEthernet 0.

Router2(config)# interface fa0/0

Интерфейсті қосыңыз.

Router2(config-if)# no shut down

Ethernet байланысының екі шетіндегі интерфейстер қосылған кезде, экранда интерфейстің активті екендігі туралы хабарлама шығады.

7. Тізбектелген интерфейстердің конфигурациясына өтейік. Router1-ге кірейік. Тізбектелген байланыс линиясы үшін маршрутизатор қандай құрылғы түрінде қызмет ететінін білейік: DTE (dataterminalequipment) құрылғысы немесе DCE (datacircuit) байланыс құрылғысы

Router1# show controllers S2/0

Егер -...... DCEcable......-, дегенді көрсек, біздің маршрутизатор байланыс құрылғысы болып табылады және ол мәліметтерді жіберу кезінде такт импульстерінің синхронизациялық жиілігін береді.

Ол жиілік белгілі бір жиіліктер қатарынан алынады.

Router1#conf t

Router1(config)#int s2/0

Router1(config-if)#clock rate?

Выберем частоту 64000

Router1(config-if)#clock rate 64000 және интерфейсті көтереміз

Router1(config-if)#no shut

8. Router4 маршрутизаторына өтеміз және оған осындай ат береміз. Онда serial2/0 интерфейсіне өтеміз.

Тізбектей байланыстың екі шетіндегі интерфейстер қосылған кезде, экранда интерфейстің активті екендігі туралы хабарлама шығады.

9. Әрбір құрылғыдағы конфигурацияланған интерфейстер UP күйнде тұрғандығын тексерейік.

Router1# sh int s2/0

Router1# sh int e0/0

Router2# sh int e0/0

Router4# sh int s2/0

 

1. Router1 маршрутизаторында CDP істейтін барлық интерфейстер туралы мәліметтерді шығару үшін мына команданы енгіземіз:

router1#showcdpinterface

Біз екі интерфейстің де ашық және CDP пакеттерін жіберетініне көз жеткізуіміз керек.

2. Желілік құрылғының CDP-жаңартуын қабылдап және жіберетініне көз жеткізгеннен кейін, біз CDP-ны қосылған құрылғылар туралы ақпаратты білу үшін қолдана аламыз. Мына команданы енгізіңіз:

router1# showcdpneighbors

Біз бәрін дұрыс істедік. Router1 маршрутизаторы Fas 0/0 (LocalIntrfce) интерфейсі арқылы интерфейсі Fas 0/0 (PortID) сериясы 1000 (Platform) Router2 (DeviceID) маршрутизаторымен (Capability) және интерфейсі Ser 2/0 сериясы 1000 router4 маршрутизаторымен байланысқанын көрдік.

3. Көршілері туралы мәліметті білу үшін router1-ге мына команданы енгізіңіз:

# showcdpneighborsdetail

Бұл команда бір құрылғыны көрсетеді. Ол желілік деңгейдің адрестік мәліметін көру үшін қолданылады. Қазіргі кезде бұл деңгей бізде бапталмағандықтан Entryaddress(es) жолы бос. Бұл команда, сонымен қоса, IOS нұсқасы туралы мәліметті көрсетеді..

10. "Router4" туралы мәліметті білу үшін router1-ге мына команданы жазыңыз:

router1# showcdpentryRouter4

Бұл команда showcdpneighbordetail командасы шығарған мәліметтерді шығарады, бірақ белгілі бір құрылғы үшін ғана. Хост аттарының регистрге сезімтал екендігін есте ұстағаныңыз жөн.

11. router1-ге router1-дің CDP жаңартуларын көршілеріне қаншалықты жиі жібертінін және көршілерінде бұл мәліметтер қаншалықты ұзақ сақталатынын білу үшін мына команданы енгізіңіз:

router1#showcdp

Жылдамдығы аз CDP құрылғыларынан жолақтардың өту уақытын азайту үшін router1-ді өшіріп

(config)# nocdprun

Және оны қайтадан қосуға болады.

(config)# cdprun

 

Кейде CDP-ны құрылғыдағы белгілі бір интерфейс үшін ғана өшіру қажет болады, мысалы оның өткізу жолы қысқа болғанда немесе қауіпсіздік шарттарын сақтау барысында. Router1-дегі FastEthernet 0/0 интерфейсіндегі CDP-ны өшіру керек.

router1 (config)# interface fa0/0

router1 (config-if)# no cdp enable

router1 (config)# Ctrl-Z

router1# show cdp interface

Шығарылған қорытындылар нәтижесінде біз енді FastEthernet 0/0 интерфейсін көрмейміз.

 

Интерфейстердегі IP адрестерді баптау.

1. Router1 құрылғысына қосыламыз жәнеEthernet интерфейсіне IP адрес береміз.

Router1(config)# interface fa0/0

Router1(config-if)# ip address 10.1.1.1 255.255.255.0

2. S0/0 интерфейсіне 172.16.10.1 255.255.255.0 IP адресін береміз, интерфейс конфигурациясынан шықпай:

Router1(config-if)# in s0

Router1(config-if)# ip ad 172.16.10.1 255.255.255.0

Тізбектей байланыс кезінде толығымен бір желі іші бөлінетінін ескеру керек.

3. Router2 құрылғысына қосылып FastEthernet 0/0 интерфейсіне 10.1.1.2 255.255.255.0 IP адресін береміз.

Router2(config)# interface fa0/0

Router2(config-if)# ip address 10.1.1.2 255.255.255.0

4. Router4 құрылғысына қосылып Serial 2/0 интерфейсіне IP адрес орнатайық:.

Router4(config-if)# ip address 172.16.10.2 255.255.255.0

5. Әрбір құрылғыдағы активті конфигурацияны қарап, онда берілген IP адрестердің шығуын қараңыз.

Router1# show running-config

Router2# show running-config

Router3# show running-config

6. Әрбір интерфейс жөніндегі IP ақпаратты қарап, конфигурацияланған интерфейстердің UP күйіне өткендігін тексеріңіз:

Router1# show ip interface

Router2# show ip interface

Router4# show ip interface

Қысқаша мәліметті show ip interface brief командасы арқылы көруге болады, мысалы:

Router1# show ip in bri

 

Router2# show ip in bri

Router4# show ip in bri

8. Router1 құрылғысына қосылайық. Онымен байланысқан Router2 құрылғысындағы FastEthernet 0/0 интерфейсіне пинг жасайық:

Router1# ping 10.1.1.2

Router4 құрылғысындағы Serial 2/0 интерфейсіне пинг жасайық:

Router1# ping 172.16.10.2

Сәтті жасалды.

9. Router2 құрылғысына қайта оралайық. Router1 құрысғысындағы FastEthernet 0/0 интерфейсінің 10.1.1.1 адресіне пинг жасау керек.

Router4 құрылғысына қайта оралайық. Router1 құрылғысындағы Serial 2/0 интерфейсінің 172.16.10.1 адресіне пинг жасау керек.

Router1 құрылғысындағы FastEthernet 0/0 интерфейсіне пинг жасап көрелік:

Router4# ping 10.1.1.1

Операция сәтсіз аяқталды.

Енді Router2 құрылғысындағы FastEthernet 0/0 интерфейсінің 10.1.1.2 адресіне пинг жасап көрелік.

Операция сәтсіз аяқталды.

10. Router2 құрылғысына қайта оралайық. Router1 құрылғысындағы Serial 2/0 интерфейсінің 172.16.10.1 адресіне пинг жасап көрелік. Операция сәтсіз аяқталды. 172.16.10.2 адресіне пинг жасап көрелік. Операция сәтсіз аяқталды. Бізде бұндай сәтсіздіктердің болуы маршрутизаторларда маршрутизаторларды баптамағандықтан.

11. Router1құрылғысына кіріңіз. Router2-ге өтетін пакеттердің жолын анықтаңыз.

Router1# traceroute 10.1.1.2

и Router4

Router1# traceroute 172.16.10.2

Сіз хоптарды бір-бірлеп көруіңіз керек

12. 10.1.1.2 адресінен 172.16.10.2 адресіне кеңійтілген пинг командасын жасаңыз.

Router1# ping

Target IP address: 172.16.10.2

Extended commands [n]: y

Source address: 10.1.1.2

Абай болыңыз: симуляторда telnet шектеулі түрде болады.

1. Router1 құрылғысына кіріңіз. Бізге желілік құрылғылардың telnet-сессияларын қабылдағаны және олардың парольмен қорғаулы болғандығы керек. Желілік құрылғадағы әрбір жолақ құрылғы қолдана алатын активті telnet-сессиясын потенциалды түрде білдіреді. Біздің желілік құрылғылар vty терминалдарына араналған 5-ке дейінгі жолақтарды қолдана алады. Біз барлық 5 жолақты да қолданамыз:

Router1(config)# line vty 04

Router1(config-line)#

2. Енді желілік құрылғыға жүйеге кіру үшін пароль берелік:

Router1(config-line)#l ogin

Router1(config-line)# password parol

3. Router2 құрылғысына кіріп, Router1 құрылғысымен telnet-байланыс орнатайық. Ол үшін FastEthernet 0/0 интерфейсінің ІР адресін қолданамыз.

Router2# telnet 10.1.1.1

4. Біз пароль сұрайтынын көреміз. parol паролін енгізіп, <enter> батырмасын басыңыз.

Желілік құрылғының атының ―Router1‖ -ге өзгергенін көреміз, мұның себебі: Router1 құрылғысымен telnet-байланысын орнатуымызда. Router2 құрылғысының 10.1.1.2 адресінен байланыс орнатылғандығын көрсететін команда:

Router1> show user

 

Сontrol-shift-6 батырмаларын бірге басып қайтадан жіберіңіз де, бірден х батырмасын басыңыз. Желілік құрылғы атының қайтадан ―Router2‖ -ге өзгергеніне назар аударыңыз. Енді сіз қайтадан Router2 құрылғысындасыз.

Router1> <Control> + <Shift> + <6> потом <x>

Router2#

6. show sessions командасын енгізіңіз. Бұл команда барлық активті telnet-сессияларын көруге мүмкіндік береді. Тelnet-сессиясын жаңарту үшін, жаңартқыңыз келетін сесия номерін анықтаңыз(біздің жағдайымызда бір ғана сессия бар, номері-1) және resume 1 командасын енгізіңіз:

Router2# Show sessions

Router2# resume 1

Router1#

7. Енді хост аты Router1-ге ауысты. Сontrolshift-6 комбинациясын және x батырмасын Router2-ге оралу үшін басыңыз.

Router1# <Control> + <Shift> + <6> потом <x>

Router2#

8. Сессияны жабыңыз.

Router2#disconnect 1

Жобаны толығымен және әрбір роутердің жеке конфигурациясын тексттік файл ретінде сақтап қойыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Команда жолында командаларды енгізу режимдерінің қандай түрлері бар?

2. Команда жолында команда енгізу режимдерінде бір-біріне қалай өтуге болады?

3. Табуляция батырмасының командаларды енгізуде рөлі қандай?

4. Ауқымды конфигурациялау режиміне кіріп, меншікті конфигурациялауды қосып және бұл режимдерден қалай шығуғы болады?

5. Бұрын енгізілген командаларды қалай көріп, оларды қайталауға болады?

6. CDP деген не, ол не үшін және оны қалай қолдану керек?

7. Рing командасы қандай ақпаратты шығарады?

8. Бір құрылғыда тұрып басқа құрылғылар жұбына пинг жасауға бола ма?

9. Тraceroute командасы не үшін?

10.Тelnet протокол командасы не үшін?

11. Хост атын қалай беруге болады?

12. Қолданушы режимінде show командалары көмегімен қандай мәліметтерді көруге болады?

13. Мүмкіндігі жоғары режимде show командалары көмегімен, қолданушы режімінде көре алмайтын, қандай мәліметтерді көруге болады?

14.Тізбектей байланыс үшін маршрутизатор қандай құрылғы ретінде болады?

15.Тізбектей байланыс кезінде қандай құрылғыда синхронизация жиілігін орнатуға болады?

16. Қалай интерфейсті көтеріп және оның күйін анықтауға болады?

17.Қалай интерфейске IP адресті орнатып және оның орнатылғандығын көруге болады?

18. Құрылғылар арасында пинг неліктен жүрмеуі мүмкін?

19.Тelnet-сессиясын қалай тоқтатып, жаңартуға болады?

20.Тelnet байланысын қалай жабуға болады?

Жұмысты жасау және тапсыру тәртібі:

1. Теориялық және практикалық бөлімді оқу және жасау.

2. Оқытушыға теориялық бөлімді бақылау сұрақтарына жауап беру арқылы тапсырыңыз.

3. PacketTracer-де практикалық бөлімді жасау.

4. Өз нұсқаңызды алып, PacketTracer-де өздік жұмысты жасаңыз.

5. Өздік жұмыс тапсырмаларының нәтижесін оқытушыға тапсырыңыз. Роутерлердің конфигурациялары бар файлдарды көрсетіңіз. Компьютерлердің 4-таблица бойынша пингтелетінін көрсетіңіз.

6. Тelnet-тің жұмыс істеуін көрсетіңіз.

7. Отчѐтті дұрыстап жасаңы. Отчѐт мазмұнын төменнен қараңыз.

8. Отчетті қорғаңыз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 115; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopediasu.com - Студопедия (2013 - 2026) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.