Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Астана, 2014 жыл.




№1. Лабораториялық жұмыс. Ортамен танысу

Теориялық бөлім

 

Packet Tracer бағдарламалық өнімдері Cisco компаниясының маршрутизатор мен коммутаторларының кең спекртінен желілік топологияларды, жұмыс бекеттерді және Ethernet, Serial, ISDN, Frame Relay типті желілік байланыстарды құруға мүмкіндік береді. Бұл функция оқу үшін және де жұмыс үшін орындала алады. Айталық, жоспарлау деңгеуінде желіге настройка жасау үшін немесе ақауларды жою мақсатында жұмыс істейтін желінің көшірмесін жасау үшін.

Cisco Packet Tracer ұшырымын жасау үшін (для запуска) орындалып жатқан файлды, PacketTracer5.exe, шақырту қажет. Бағдарламаның жалпы көрінісін 1.1-суретінен көруге болады.

1.1-сурет. Packet Tracer бағдарламасының жалпы көрінісі.

 

Бағдарламаның жұмыс аймағы келесі элементтерден тұрады:

1. Menu Bar - File, Edit, Options, View, Tools, Extensions, Help мәзірлерін қамтитын панель.

2. Main Tool Bar - File, Edit, View және Tools командалық мәзірлеріне және Network Information батырмасына рұқсат алу үшін ярлыктардың графикалық суреттерінен тұратын панель.

3. Common Tools Bar - бағдарламаның жиі қолданылатын құрылғыларына (Select, Move Layout, Place Note, Delete, Inspect, Add Simple PDU және Add Complex PDU) рұқсатты қамтамасыз ететін панель.

4. Logical/Physical Workspace and Navigation Bar – жұмыс аймағын физикалық немесе логикалыққа айырып-қосуға, және де кластер деңгейлері арасында алмасуға мүмкіндік беретін панель.

5. Workspace – желінің құрылуы орындалатын, симуляцияға бақылау жүргізілетін және әртүрлі ақпараттар мен статистикалар қарастырылатын аймақ.

6. Realtime/Simulation Bar – осы панель закладкаларының көмегімен Realtime және Simulation режимдерінің арасында айырып-қосылуға болады. Сонымен қатар, ол PowerCycleDevices-ке қатысты PlayControl батырмаларын және Simulation режиміндегі EventList айырып-қосылғышын қамтиды.

7. Network Component Box – жұмыс жазықтығына орналастыру үшін құрылғылар мен байланыстар таңдалатын аймақ. Ол Device-Type Selection және Device-Specific Selection аймақтарын қамтиды.

8. Device-Type Selection Box – Packet Tracer-дегі құрылғылар мен байланыстардың қолжетімді түрлерін қамтитын аймақ. Device-Specific Selection аймағы таңдалған құрылғыларға байланысты өзгереді.

9. Device-Specific Selection Box – жұмыс жазықтығында желі құруға қажетті нақты құрылғылар мен байланыстарды таңдау үшін қолданылатын аймақ.

10. User Created Packet Window – желіде симуляция сценариясы кезінде құрылған пакеттермен басқаратын терезе.

Топология құру үшін Network Component панелінен құрылғыны таңдап, кейін Device-Type Selection панелінен таңдалған құрылғының түрін таңдау керек. Осыдан кейін,бағдарламаның жұмыс аймағы алаңында (Workspace) мауыстың сол жақ батырмасын басу қажет. Сонымен қатар, құрылғыны Device-Type Selection аймағынан тікелей орын ауыстыруға болады, бірақ бұл жағдайда құрылғының моделі үнсіздік келісімі бойынша таңдалады.

Бір құрылғының бірнеше даналарын жылдам құру үшін, Ctrl батырмасын ұстап тұрып, Device-Specific Selection аймағындағы құрылғыға басып, Ctrl батырмасын босату қажет. Осыдан кейін, құрылғылар көшірмесін қосу үшін жұмыс аймағында бірнеше рет басуға болады.

Packet Tracer-де келесі құрылғылар түрлері ұсынылған:

- Маршрутизаторлар

- Коммутаторлар (сонымен қоса көпірлер)

- Хабтар мен қайталауыштар

- Түпкі құрылғылар – ДК, серверлер, IP-телефондар

- Сымсыз құрылғылар: қолжетімділік нүктесі және сымсыз маршрутизатор

- Қалған құрылғылар – бұлт, DSL-модем және кабелді модем.

Бағдарламаның жұмыс аймағына 1.2-суретте көрсетілгендей қажетті элементтерді қосайық.

Әр элементті қосқан кезде қолданушы оған ат беруге және қажетті параметрлерді орнатуға мүмкіндігі бар. Ол үшін қажетті элементті мауыстың сол жақ батырмасымен басып, құрылғының диалогтық терезесінде Config қыстырмасына (вкладка) өту керек.

Әр элемент қасиеттерінің диалогтық терезесінде екі қыстарма болады:

- Physical – құрылғының графикалық интерфейсін қамтиды және онымен жұмысты физикалық деңгейде симуляция жасауға мүмкіндік береді.

- Config – құрылғының настройкасы үшін барлық қажетті параметрлерді қамтиды және бұл үшін ыңғайлы интерфейсі бар.

Сонымен қатар, құрылғыға байланысты, қасиеттерде таңдалған элементтің жұмысын басқару үшін қосымша қыстырма болуы мүмкін: Desktop (егер түпкі құрылғы таңдалса) немесе CLI (егер маршрутизатор таңдалса) және т.б.

Қажет емес құрылғыларды бағдарламаның жұмыс аймағынан өшіру үшін Delete (Del) батырмасы қолданылады.

Қосылған элементтерді біз жалғағыш байланыстары көмегімен байланыстырамыз. Ол үшін Network Component Box панелінен Connections қыстырмасын таңдау қажет. Кабельдің қолайлы түрін таңдаймыз. Мауыс көрсеткіші курсор «connection» түріне өзгереді. Бірінші құрылғыға басып, байланыс жасауға лайықты интерфейсті таңдау керек. Кейін екінші құрылғыға дәл сондай операцияны орындап басамыз. Сонымен қатар, Automatically Choose Connection Type (желідегі элементтерді автоматты түрде байланыстырады) көмегімен байланыс жасауға болады. Байланыс жасауды қажет ететін әр құрылғыны таңдаймыз және басамыз. Құрылғылар арасында кабельді байланыс пайда болады, ал әр шеттегі индикаторлар байланыс статусын көрсетеді (индикаторлары бар интерфейстер үшін).

1.3-сурет. Packet Tracer-дегі қолданылатын (поддерживаемые) кабельдер түрлері.

 

Packet Tracer кең диапазонды желілік байланыстарды қолдайды (1-кестені қараңыз). Кабельдің әр түрі интерфейстің нақтылы түрлерімен ғана байланыса алады.

Кабель түрі Сипаттама
Console Консольдық байланыс ДК мен маршрутизатор немесе коммутатор арасында орындалуы мүмкін. Консольдық сеанстың ДК-мен жұмыс жасауы үшін кейбір талаптар орындалу қажет: байланыс жылдамдығы екі жақта да бірдей болуы керек, екі жақ үшін 7 бит (немесе 8 бит) мәліметтер болуы керек, адалдық бақылауы бірдей болуы керек, 1 немесе 2 тоқтатқыш биттері (бірақ олар бірдей болуға міндетті емес) болуы керек, ал мәліметтер ағыны екі жақ үшін не болса да болуы мүмкін.
Copper Straight-through Бұл кабель түрі OSI-дың әртүрлі деңгейлерінде жұмыс істейтін құрылғыларды байланыстыру үшін Ethernet таратушы стандартты ортасы болып табылады. Ол келесі типті порттармен жалғануы керек: мысты 10 Мбит/с (Ethernet), мысты 100 Мбит/с (Fast Ethernet) және мысты 1000 Мбит/с (Gigabit Ethernet).
Copper Cross- over Бұл кабель түрі OSI-дың бірдей деңгейлерінде жұмыс істейтін құрылғыларды байланыстыру үшін Ethernet тартушы ортасы болып табылады. Ол келесі типті порттармен жалғануы керек: мысты 10 Мбит/с (Ethernet), мысты 100 Мбит/с (Fast Ethernet) және мысты 1000 Мбит/с (Gigabit Ethernet).
Fiber Оптикалық порттар арасында байланыс жасау үшін оптоталшықты орта қолданылады (100 Мбит/с немесе 1000 Мбит/с).
Phone Телефондық линия арқылы байланыс модемдік порттары бар құрылғылар арасында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Модемдік байланыстың стандартты ұсынысы – бұл желілік бұлтқа қоңырау шалатын түпкі құрылғылар (мысалы, ДК).
Coaxial Коаксиальдық орта коаксиальдық порттар (мысалы Packet Tracer бұлтымен байланысқан кабельді модем) арасында байланыс жасау үшін қолданылады.
Serial Дәйекті порттар (последовательные порты) арқылы байланыс көбіне WAN байланыстарында қолдаылады. Осындай байланыстарға настройка жасау үшін DCE-құрылғы жақтарына синхронизация орнату қажет. Синхронизация DTE талғамға байланысты орындалады. DCE жақтарын порт жаңындағы кішкентай “сағат” иконасы арқылы анықтауға болады. SerialDCE байланыс түрі таңдалғанда байланыс қолданылатын бірінші құрылғы DCE-құрылғыға айналады, ал екіншісі – автоматты түрде DTE жағы болады. Егер SerialDTE байланыс түрі таңдалған болса, жақтардың керісінше орналасуы мүмкін.

1-кесте. Packet Tracer-дегі байланыс түрлері.

 

Желі құрылғаннан кейін оны мәзірдің File -> Save пунктін немесе Main Tool Bar панеліндегі Save иконасын таңдап сақтау керек. Сақталған топология файлы *.pkt кеңейтілімінде болады.

Packet Tracer бізге Cisco компаниясының барлық коммутаторлары мен маршрутизацияларында орнатылған IOS операциялық жүйесінің командалық жолақ интерфейсімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Құрылғыға қосылғанда біз онымен шынайы құрылғының консольімен(за консолью реального устройства) жұмыс істеп жатқандай жұмыс істей аламыз. Симулятор іс жүзінде шынайы құрылғыға қолжетімді барлық командаларды қолдауын қамтамасыз етеді.

Коммутаторлар немесе маршрутизаторлар командалық жолақ интерфейсіне қосылу үшін қажетті құрылғыға басып және қасиеттер терезесінен CLI қыстырмасына өту арқылы жүзеге асыруға болады.

Түпкі құрылғыларда (компьютерде) командалық жолақ жұмысының симуляциясы үшін қасиеттерден Desktop қыстырмасын таңдап, кейін CommandPrompt ярлыгына басу керек.

Симуляторда файлдармен жұмыс жасау

Packet Tracer қолданушыға маршрутизатор немесе коммутатор сияқты кейбір құрылғылардың конфигурациясын мәтіндік файлдарда сақтауға мүмкіндік береді. Ол үшін қажетті құрылғының қасиеттеріне өтіп, Config қыстырмасындағы “Export…” батырмасын StartupConfig немесе RunningConfig конфигурацияларын экспорттау үшін басамыз. Осылайша, қажетті конфигурацияларды *.txt кеңейтіліміне ие болатын файлда сақтау үшін диалогтық терезені аламыз. Құрылғы конфигурациясымен running-config.txt (аты үнсіздік келісімі бойынша) файлдың мәтіні құрылғыларда IOS-да show running-config командасының көмегімен алынған ақпараттар мәтінін ұсынады.

Әр құрылғының конфигурациясы жеке мәтіндік файлда сақталатындығын ескеру керек. Қолданушы сақталған файлдағы конфигурацияны еркін мәтіндік редактор арқылы қолдан өзгере алады. Құрылғыларға сақталған немесе өзгертілген настройкаларды беру үшін қажетті StаrtupConfig конфигурацияларын жүктеу үшін Config қыстырмасындағы “Load... ” батырмасын немесе RunningConfig конфигурацияларын жүктеу үшін “Merge…” батырмасын басамыз.

 

Практикалық бөлім

1. Бағдарламаның жұмыс аймағына екі Switch-PT коммутаторларын қосамыз. Үнсіздік келісімі бойынша олардың аттары Switch0 және Switch1 болады.

2. Жұмыс аймағына үнсіздік келісімі бойынша аттары PC0, PC1, PC2, PC3 болатын төрт компьютерлерді қосамыз.

3. 1.4-суретте көрсетілгендей құрылғыларды Ethernet желісіне байланыстырамыз.

4. Save (мәзірде File -> Save) батырмасын басып құрылған топологияны сақтаймыз.

5. PC0 құрылғысының қасиетін оның бейнесіне басып ашамыз. Desktop қыстырмасына өтеміз және CommandPrompt басып run жұмысын симуляциялаймыз.

6. Егер? еңгізіп және Enter-ді бассақ, командалар тізімін аламыз. Компьютерді конфигурациялау үшін командалық жолақтан ipconfig командасын қолданамыз. Мысалы:

ipconfig 192.168.1.2 255.255.255.0

 

Желінің ІР адресі және маскісін құрылғының ыңғайлы графикалық интерфейсінде енгізуге болады (1.4- суретке қараңыз). Құрылып жатқан желі маршрутизацияны талап етпегендіктен, DEFAULTGATEWAY аймағы – шлюз адресі маңызды емес.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 63; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopediasu.com - Студопедия (2013 - 2026) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.