Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Рing и traceroute командалары.




Cisco Discovery Protocol (CDP)

CDP құрылғыларға негізгі конфигурациялық ақпараттармен алмасыға мүмкіндік береді. CDP үнсіз келісім бойынша барлық интерфейстерде қосылып тұрады. CDP OSI моделінің екінші деңгейінде(арналық) жұмыс істейді. Сондықтан CDP маршрутизаторланған протокол болып табылмайды және тек қана қосылған құрылғылармен ғана жұмыс істейді. CDP протоколы төменгі деңгей мен жоғары желілік деңгей арасындағы мәлімет алмасуды қамтамасыз етеді. Сондықтан үшінші деңгейдің әр түрлі проколдары бар құрылғылар бір-бірімен қарым-қатынас орната алады.

Құрылғыны қосқан кезде CDP протоколы автоматты түрде қосылады. Бұдан кейін ол CDP протоколы орындалатын қасындағы құрылғыларды автоматты түрде табады. Тыбылған құрылғылардың ішінде тек IP протоколдарымен ғана жұмыс істейтін құрылғылар ғана болмайды.

CDP администраторларға байланыс орнатылған басқа құрылғылардың да мәліметтерін көруге мүмкіндік береді.

CDP протоколы бойынша табылған жақын жердегі құрылғылар туралы мәліметтерді showcdp командаларының жинағы бойынша көруге болады. Ол жанындағы құрылғылар және олармен байланысы бар басқа құрылғылар туралы мынадай мәліметтерді шығарады: құрылғы идентификаторлары, адрестер тізімі, порт идентификаторлары, функционалды мүмкіндіктер тізімі, құрылғының аппаратты платформасы.

Желідегі байланыстын бар-жоғын анықтау үшін сұрату-жауап немесе эхо-пакет протоколдары қолданылады. Бұл протоколдарды қолдану нәтижесінде басқа құрылғыға дейінгі жолдың қауіпсіздігін бағалауға, құрылғылар арасындағы байланыс орнатудың уақытын, жауаптың кешігу уақытын анықтауға болады. Бұндай команданың жұмыс істеуі үшін локальдік желі құрылғысының жету нүктесін білуі жеткіліксіз, сонымен қоса жету нүктесіндегі құрылғы да сұрату көзіне жету жолын білуі керек.

Рing командасы ICMP(InternetControlMessageProtocol) эхо-пакеттерін байланыс верификациясы үшін жібереді. Төменде көрсетілген мысалда 1 эхо-пакеттің өту уақытының асып кеткендігі туралы ақпаратты (.) белгісінің, ал 4 пакет сәтті өткені туралы мәліметті (!) белгісінің шығарылуынан көруге болады.

Switch> ping 172.16.101.1

Type escape sequence to abort.

Sending 5 100-byte ICMP echoes to 172.16.10.1 timeout is 2 seconds:

.!!!!

Success rate is 80 percent, round-trip min/avg/max = 6/6/6 ms

 

Символ Сипаттамасы
! Эхо-жауаптың сәтті жетуі
. Күту уақыты асып кетті
U Жету нүктесіне жету мүмкіндігі жоқ
С Желі жүктемесінің асып кетуі(Перегрузка сети)
І Команда администратормен тоқтатылып тасталды
? Пакеттің белгісіз түрі
& Пакет TTL пакетінің өмір сүру уақытынан асып кетті

Кесте 2. Рing командасының нәтижесі.

 

Тraceroute командасы пакеттердің жету нүктесіне жету жолында орналасқан интерфейстердің(хоптардың) адрестерін көрсетеді.

Switch> traceroute 172.16.101.1

Рing командасының ауқымды түрі мүмкіндігі жоғары режимде ғана қолданылады. Ауқымды режимге кіру үшін Extendedcommands жолында "у"(Yes) әріпін енгізу керек. Диалог режимінде команда параметр мәнін сұрайды. Бұл команда бір құрылғыда тұрып басқа құрылғылар интерфейстарының байланысын тексеруге мүмкіндік береді.

Router# ping

Protocol [ip]:

Target IP address: 2.2.2.2

Repeat count [5]:

Datagram size [100]:

Timeout in seconds [2]:

Extended commands [n]: y

Source address: 1.1.1.1

Type of service [0]:

Set DF bit in IP header? [no]:

Validate reply data [no]:

Data pattern [OxABCD]:

Loose, Strict, Record, Timestamp, Verbose [none]:

Sweep range of sizes [n]:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 91; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopediasu.com - Студопедия (2013 - 2026) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.