КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі 3 страница
- жергілікті (зардаптарының таралуы елді мекенмен, ауданмен, облыспен шектелген); - аймақтық (зардаптарының таралуы бірнеше облыспен шектелген); - барынша ауқымды (зардаптарының таралуы бірнеше мемлекеттерді қамтиды). Авария - технологиялық процесстің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы. Зілзала - ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс. Апат (катастрофа) - аймақтық және ірі ауқымды ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс. ТЖ-дын алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ- дың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталғын шаралар кешені. ТЖ-ды жою - ТЖ-лар пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ-лар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық - қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар. Шаруашылык жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар. Баршаңыздың назарыңызға! дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамаларымен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық телевизорларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріп-тұру ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті. Радиациялық қауіпсіздік - белгіленген нормаларға сәйкес қызметшілерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін шаралар кешенімен қамтамасыз етілген радиациялық жағдайдың жай-күйі. Иондаушы сәулелендіру - ортамен өзара әрекет кезінде түрлі белгілердегі иондар түзетін, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендіру. Табиғи радиациялык ая - ғарыш сәулесі және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа әлементтерінде, тамақ өнімдері мен адам организмінде өздігінен бөлінген табиғи радионуклидтердің сәулесі шығаратын сәулелендіру мөлшері. Әсерлі мөлшер - адам организмі мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезімталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейіндегі зардаптарының пайда болу қатерінің шамасы ретінде пайдаланылатын иондаушы сәулелендірудің сіңірілген әнергиясының шамасы. Радиациялык авария - атом әнергиясын қолдану объектісін қауіпсіз пайдалану шегінің бұзылып, бұл орайда адамдардың белгіленген нормалардан тыс сәуле алуына немесе қоршаған ортаның радиоактивті ластануына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан радиактивті өнімдердің және/немесе иондаушы сәулелендірудің қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуі. Радиациялык корғаныш - радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық - гигиеналық, жобалау -конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы. Радиоактивті калдықтар- мөлшері мен құрамы нормативтік құқықтық актілермен реттелген мәннен асып түсетін радиоактивтік заттардан тұратын,шаруашылық қызмет нәтижесінде пайда болған және одан әрі пайдалануға жатпайтын кез келген агрегаттық күйдегі материалдар мен заттар. Радиоактивті қалдыктарды көму - ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жағдайда радиоактивті қалдықтардың оларды қайта алу ниетінсіз орналастырылуы. Радиациялык мониторинг- иондаушы сәулелендіру көздерін пайдаланатын объектілерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйін жүйелі түрде байқап отыру. Өрт-адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану. Өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өрттен қорғалу жай-күйі. Кұтқару жұмыстары - ТЖ-лар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени қазыналарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, ТЖ-ларды бір шектен шығармау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын басу немесе мүмкін ең төменгі деңгейіне түсіру жөніндегі іс-қимылдар. Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалудың жай-күйі. Әскери кауіпсіздік - Қазақстан Республикасының ел тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына әскери сипатта төндірілетін нақты және ықтимал қауіп-қатер мен қол сұғушылықтан қорғалуының жай-күйі. Қоғамдық қауіпсіздік - Қазақстан азаматтары өмірінің, денсаулығы мен берекетінің, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының оларға залал келтіре алатын, ықтимал қауіп қатерден қорғалуының жай-күйі. Төтенше жағдайлар деп табиғи ортаға, адамдардың өмір сүруіне, экономикаға, әлеуметтік өрісіне айтарлықтай кері әсерін тигізетін және қалыпты жағдайдан тез арада ажырататын құбылыстарды айтады. Олар әдетте ғимараттардың қирауына, адамдардың өліміне, құралдар мен материалдық құндылықтардың жойылуына және биоөрісіне нұқсан келтіруге әкеліп соқтырады. Сондықтан осындай оқиғалар (олардың салдарын жою үшін) шұғыл шараларды өткізуді, сондай-ақ құтқару, кезекті күттірмейтін авариялық - қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Төтенше жағдайлар үш ортада пайда болады: өндірісте (техногендік), табиғатта және экологиялық ортада, сонымен бірге болуы мүмкін қарқынымен (көлемділігімен) сипатталады да, жеке (бір кәсіпорнының жекелеген жүйесінде), объектілік, жергілікті, аймақтық және глобальды болып бөлінеді, сонымен авария (сәтсіздік) немесе апат (катастрофа) деп аталады. Экологиялық апатты қасырет деп те атайды, мысалы, Арал қасыреті. Басты белгілеріне шығынның ауырлығы және адам құрбандарының болуы жатады. Авария деп көбіне адам өлімі жоқ оқиғаларды айтады. Стихиялық, апат әдетте көлемді сипатта болады, сондай-ақ, геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық және басқа да жағдайлардың себебімен түсіндіріліп (табиғи өрттер, жаппай көпшілік аурулар) көбіне техногенді сипаттағы авариялар мен апаттардың пайда болуына әкеледі. Экологиялық апаттар тұрғылықты жерде көптеген жағымсыз өзгерістерді туындатады, сондай-ақ әдетте тірі организмдердің өліміне (құстар, балықтар мен көптеген басқа жануарлар) әкеледі; олар стихиялық құбылыстардан да, техногенді авариялардан да өрістеуі мүмкін. Төтенше жағдай адамдардың қаза табуына әкелетін немесе әкеліп соғуы мүмкін олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін халықты айтарлықтай матералдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған апат немесе зілзала салдарынан пайда болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдайлар негізіне: сыртқы және ішкі себептер жатады. Ішкі себептер: Технологиялар күрделілігі; Персоналдар біліктілігінің жетіспеушілігі; Жобалық конструкторлық жетіспеушілік; Қондырғылардың физикалық тозуы; Еңбек тәртібінің төмендеуі. Сыртқы себептер: Стихиялық апаттар; Аяқ астынан электр энергиясын, газды, суды, техникалық өнімдерді тоқтату; Терроризм, соғыс. Төтенше жағдайлардың дамуының бес сатысын айтайық: Теріс эффекттердің жинақталуы; Дамудың периоды; Экстремалды период; Басу периоды; Салдарды жою. Апат – бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмір мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономиқалық және экологиялық залалмен сипатталады. Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі. Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен.Көлемді анықтау кезінде өлшеу үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың саны; апат салдарының әсеріне ұшыраған аумақ көлемі. Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді: - табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала) - жасанды (антропонгендік, яғни адамдық факторлардан туындайды). Табиғи апаттар: 1.Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты ыстық, құрғақшалық, аяз, найзағайдан болған өрт). 2.Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі). 3.Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу). 4.Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығысуы). Жасанды апаттар: 1.Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, теңіз, өзен, темір жол). 2.Өндірістік (радиациялық, химиялық, термикалық). 3.Спецификалық (ерекше жағдайдағы: бактериологиялық, эпидемиологиялық) 4.Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздіктер, лаңкестік, маскүнемдік, нашақорлық, т.б.). Төтенше жағдай – апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процесстерінің жиілігі болып табылады. Бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді. Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді: 1.Пайда болу саласы бойынша. 2.Ведомстволық қатыстылығы бойынша. 3.Аумақтық таралуы бойынша. Пайда болу бойынша төтенше жағдайлар: - табиғи; - техногенді; - жанжалды болып бөлінеді. Табиғи төтенше жағдайлар: - геофизикалық қауіпті құбылыстар - геологиялық қауіпті құбылыстар - метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар - теңіздегі гидрологиядық қауіпті құбылыстар - гидрологиядық қауіпті құбылыстар - табиғи өрттер - адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы - ауылшаруышылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы - ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығу. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға: - өндірістік - транспорттық авариялар - өрттер - КӘУЗ тасталуымен авариялар - РЗ тасталуымен авариялар - БҚЗ тасталуымен авариялар - ғимараттардың кенеттен құлауы - электр-энергетиқалық жүйелердегі - коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар - тазартқыш құрылыстардағы авариялар - гидродинамикалық авариялар жатады. Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға: - қарулы шабуыл - кейбір аймақтардағы толқулар - соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады. Ведостволық қатыстығы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді: - құрылыста - өндірісте - халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық қызмети көрсету саласында - көліктік байланыста Аумақтық таралуы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді: - объектілік - жергілікті - аймақтық - кең ауқымды
№ 2-тақырып. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың сипаттамасы және олардың зардаптары. Жоспар: 2.1. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар. 2.2. Табиғи апаттардың сипаттамасы және олардың түрлері. 2.3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай болғанда адамдардың іс-әрекеті.
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың дамуы байқалды. Жанар таулардың әрекеттері өсті, әсіресе жер сілкіністер тым көбейді, ал топан су басу және қатты дауылдар мен ірі тайфундар әдетке айналған сияқты. Бұл тенденция ескерусіз қалмады, бірақ қауіп мүмкіншілігі биік болған аймақтарда бәрібір көп қабатты үй құрылыстарын, зияны зор өндіріс кәсіпорындарын салу әліде жалғасуда. Осы факторлар қауіпті аймақтарда адамдардың шоғырлануына септігін тигізіп, тұрғындардың өміріне қатер төндіруде, стихиялық апаттардың көптеген катастрофалық зардаптарын туғызуда. - Қауіпті табиғи құбылыстарды себебіне және сипатына қарай жалпы былай жіктеуге болады: - геологиялық (геофизикалық) құбылыстар - жер сілкіністер, жанартаулар атқылауы, жер және қар көшкіндері, селдер; - метеорологиялық (ауа-райына тән) құбылыстар-дауылдар, борандар, құйындар; - гидрологиялық құбылыстар-топан су басуы, цунами, өзендердегі мұздың кептелуі, сеңнің тоқтауы, өкпек желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі; - табиғи өрттер - орман, дала, шым тезек өрттері; - жаппай көпшілік аурулары (жұқпалы аурулардың кең тарап жайылуы) - эпидемиялар (індет), эпизоотиялар, эпифитотиялар. Жер сілкінісі. Жер сілкінісі кенеттен пайды болады. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалысы нәтижесінде теңіздің толқындарынан цунами пайда болады. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан. Қалаларда ғимараттар, өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғыш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Жер сілкінісі кезінде бұзылуы экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек: Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарды алдын-ала ойластыру қажет. 1) 15-20 секундтан аспайтын уақытта жүріп өтетін жолды белгілеп қою; 2) Үйде, жұмыста, жұмыс орнына жақын жерлерде қауіпсіз орынды алдын-ала анықтау; бұлар ішкі негізгі қабырғалардың арлығы, қабырғалардың аралығы, қабырғалар арасындағы бұрыштар. Жер сілкінісі кезінде ең қауіпті болатын жерлер: бұрыштағы бөлмелер, әсіресе соңғы қабаттағы бөлмелер, лифтінің маңындағы бөлмелер. Құлап келе жатқан заттардан, сынықтардан берік стол және кереуеттердің астына тығылуға болады. Жер сілкінісі кезінде: Егер бір қатарлы үйде немесе 1,2-ші қабатта болсаңыз үрей туғызбай 15-20 сек. ішінде ғимараттан шапшаң шығу керек. Неғұрлым ашық, қашық жерге жету. 2-ші қабаттан жоғары тұратын болсаңыз үйдің ішінен қауіпсіздеу жерге басыңызды қолыңызбен жауып орналасасыз. Ø сылақтар, жарық беретін шынының құлап түсу қауіпі болатын болса столдың астына жасырыну; Ø терезеден қашық болу; Ø есіктен шығарда өзгелерді басып, таптап кетуден сақтану, лифтіні пайдаланбау; Ø дүмпу тоқтағанда, арқаны қабырғаға бере жүріп басқышпен түсіп, ғимаратты тастап шығу; Ø көршілердегі балалаларға, егде адамдарға көшеге шығуына көмектесу; Ø үзілген сымдардан сақ болу; Ø көлікте рольде болсаңыз, ашық жерге шапшаң тоқтау. Дүмпу аяқталғанша көліктен шықпау. Жер сілкінісіне дейін аса қажет заттарды алдын ала дайындап қою қажет: Ø Құжаттар; Ø Қажетті дәрі-дәрмектер, запас бинттер; Ø Қалта шам және запас батарейка; Ø Жылы киімдер мен аяқ-киім; Ø Су және қаптамадағы тамақ (2-3 күнге запас); Ø Май шамдар, сіріңке; Ø Сынбайтын ыдыс; Ø Тасымалданатын радиоқабылдағыш; Ø Осының барлығын рюкзакта немесе сөмкеде пәтерге кіре берісте сақтаңыз. Табиғаттың қаhарлы құбылысы - жер сілкіну - жалпы (көбіне) геофизикалық себептерден болатын жер қыртысындағы, оның астынғы қабаттарындағы дүмпу (соққы, қимыл) және жер бетіндегі діріл, тербеліс. Бұның бәрі былай өрістейтін көрінеді. Жер қайнауында әрдайым күрделі процесстер орын алуда. Жер қыртысы бір тұтас емес, оны литосфералық плиталар (блоктар) құрайды-континенталдық және мұхиттық; плиталардың (тахталардың) шеттерін сейсмикалық және тектоникалық жағынан алғанда белсенді опырылу (уатылу) аудандар қоршайды. Литосфералық плиталар әрдайым қозғалыста болып жылына 1-6 см жылдамдықпен түрлі бағыттарға жылжиды. Бұндай қозғалыстардың себебі - жер шарының айналу динамикалық эффектілермен үйлескен жер қыртысының астындағы ыстық және қою сұйықтықтың баяу конвекция түріндегі ағыстары шығар деп білеміз. Бір жерде жаңа сұйық зат төменнен жоғары көтеріліп плиталарды жан-жаққа ығыстырса, екіншісінде плиталар бір-бірін шеттерімен жанай өтеді, ал тағы басқасында бір плита екінші плитаның үстіне мінгесіп оны төменге батырып жатады. Тақталардың осындай баяу қимылдары бара-бара кернеулердің пайда болуына, олардың ұлғаюына әкеледі де оларды арттыра түседі. Енді осы кернеулер ақыры жер сілкінісіне айналу үшін бір түрткі болу керек сияқты. Түрткі ретінде келесі физикалық процесстер болуы мүмкін: ай және күн тартысымен болатын су толысуы; күн белсенділігі; жер полюстерінің орнынан жылжуы; жер субядросының қозғалысы бірқалыпты еместігі (элипс бойынша жылжуы); басқа жердегі сілкіністер; адам әрекеттері; аталған процесстердің бір-бірімен үйлесіп келуі. жарылыс мантияда кернеулер туындатып, жер астын дүмпітетін және бетін дірілдететін жер сілкінудің көзін пайда етеді. Қатты күштердің әсерінен күштену, қозғалыс пайда болады, жер қабаттарының формасы өзгереді, қатпарлары жиырылып, бір-бірінен ажырап, жер түйдектерге айналады. Жарылыс айтарлықтай лезде болатын қатты соққы сипатында, немесе бір қатар дүмпулер түрінде өтеді. Жер қойнауында шоғырланған энергия бәсеңдетіледі. Ол жер қабатының қалыңдығында серпінді толқындар туындатып, солар арқылы жер бетіне жетеді де, қирату себебі болып, бара-бара сейіледі. Жер астынан дүмпу пайда болатын алап- жер сілкіну ошағы -ішінде көптен бері жиналған әнергияның ытқып шығу процесі өтетін жердің қалың бір аумағы болып табылады. Ошақтың ортасынан шартты түрде гипоцентр деп аталатын нүкте алынады. Гипоцентрдің жер бетіндегі проекциясы (пішіні) әпицентр деп аталады. Гипоцентрден тұс-тұсқа бойлай және көлденең жайылатын серпінді сейсмикалық толқындар, ал әпицентрден тұс-тұсқа жердің бетімен үстінгі сейсмикалық толқындар таралады. Күшті жер сілкініс кездерінде жер қабаттың (топырақ) тұтастығы бүлінеді, жер сілкініс жер астынан шығатын гуілге ұласады. Жер сілкіну қағида бойынша, пайда болған кезіне дейін, қашықтыққа байланысты әрқилы қарқындағы көптеген дыбыстар шығарады. Эпицентрге жақын жерде қатпарлы шоқы үйіндісінің опырылғанындай қатты дыбыстар естіледі; одан гөрі алыстаңқыраса дыбыстар күннің күркіреуіне немесе жарылыстың гуіліне ұқсап кетеді. Жер қойнауындағы дүмпулердің нәтижесінде бірнеше секундтың арасында немесе көзді ашып-жұмғанша жер қыртысының бір учаскелері көтерілсе, келесі учаскелері бірнеше сантиметр немесе тіпті, бірнеше метр төмен түседі, ал кейбір учаскелер басқаларына қарағанда горизонталь бағытта да қозғалады. ұйлер мен ғимараттар, көпірлер қирайды, темір жол рельстері иіліп үзіледі. Ағаштар бұтақтарын жерге тигізе теңселеді. Коммунальдық-әнергетикалық желілері істен шығып қалады, адамдар құрбан болады. Газ және әлектр желілерінің бүлінуінен өрт шығады. Тауларда опырылып құлау және көшкіндер, үлкен ойыстар да болуы ықтимал. Су астында жер сілкінгенде орасан зор толқындар - цунами пайда болады; құрғақта сұрапыл қирату пайда ететін, биіктігі 60 метрден асатын цунами тіркелген. Жер сілкіну адамдарға ырымшыл үрей туғызатын зілзала құбылыс. Жер сілкінудің материактерде де, мұхиттарда да болып тұратынын бақылаулар көрсетеді. Жер сілкіну ошағының көлемділігі бірнеше километр мен бірнеше жүз километр арасында өзгермелі. Екі негізгі сейсмикалық белдеу белгілі. Жер орта теңізі - азиаттық сейсмикалық белдеу; бұл Португалия, Италия, Грекия, Туркия, Иран, Солтүстік ұндістан және әрі қарай Малайзия архипелагын қамтиды; Тынық мұхиттық сейсмикалық белдеу- Жапония, Қытай, Қиыр Шығыс, Камчатка, Сахалин және Курил аралдарын қамтиды (Жер шарының сілкіністерінің 90% осы белдеуде өтіп жатады). Қазақстан шекарасында Алматы, Қызыл-Орда, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Жер сілкінудің негізгі сипаттары деп ошағының тереңдігін, магнитудасын және жер бетіндегі қарқындылығын айтуға болады. Жер сілкінудің ошағы әрқилы терендіктерде, көбінесе 20-30 километр тереңдіктегі жер қыртысында пайда болады. Кейбір аудандарда жүздеген километр тереңдіктен шығатын қимылдар байқалады. Магнитуда жер сілкінісінің жалпы энергиясын сипаттайды. Ол эпицентрден 100 км қашықтықта микрон бірлігімен сейсмограф өлшеген топырақ қимылының максимальды амплитудасынан (топырақ теңселу ауытқу шегінен) алынған логарифм болып табылады. Рихтер бағанасы бойынша магнитуда (М) ноль мен тоғыз сандардың арасында өзгереді. Егер магнитуда бірлікке арттса топырақ ауытқуы он есе ұлғаяды, сондай-ақ жер сілкінудің жалпы энергиясы отыз есе артады.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 131; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |