КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі 2 страница
СОӨЖ және СӨЖтапсырмаларын орындаудың және тапсырудың тақырыптық жоспары
Негізгі әдебиеттер 1. C. Тайжанов. Өмір қауіпсіздігі негіздері, Алматы, Дәнекер, 2004, 254 бет. 2. Н. Приходько. Безопасность жизнедеятельности, Алматы, ВШП «Адилет», 2000, 366 c. 3. К.Е.Cаудабеков, Э.А. Алманиязов, Л.Ю. Лухнова, Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни, Алматы, 1999, 240 с. 4. Э.А. Арустамов. Безопасность жизнедеятельности. – Учебник. М. 2003. 5. Л. Балабас, Ж. Аманжолов. Основы безопасности жизнедеятельности, Астана: Фолиант, 2008, 232 с. 6. Л.А.Михайлов, В.П.Соломин. Чрезвычайные ситуации природного,техногенного и социального характера и защита от них, Питер, 2009, 235 с. 7. А.С. Гайсумов, М.Г. Паничев, Е.П. Хроменкова. Безопасность жизнедеятельности, Ростов на Дону: Феникс, 2006, 416 с. 8. Г.С. Ястребов. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф, Ростов на Дону: Феникс, 2009, 397 с. 9. О.Н. Русак, К.Р. Малаян, Н.Г. Занько. Безопасность жизнедеятельности, Спб.: Лань, 2007, 448 с. 10. Т.А. Хван, П.А. Хван. Безопасность жизнедеятельности, Ростов на Дону: Феникс, 2010, 221 с. 11. С.В. Белов,В.А. Девисилов, А.Ф. Козьяков, Л.Л. Морозова и др. Безопасность жизнедеятельности, М: Высшая школа, 2002, 357 с. 12. А.М. Әбдіров, Ғ.Қ.Сейфуллина. Қауіпсіздік техникасы, Астана, Фолиант, 2007, 120 б. 13. Л.А. Михайлов. Чрезвычайные ситуации природного, техногенного характера и защита от них, Спб.: Питер, 2009, 235 с. Қосымша әдебиеттер 1.“Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, 5.07.1996ж. 2.“Авариялық-құтқару қызметтері және құтқарушылар мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, 27.03.1997ж. 3.“Азаматтық қорғаныс туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, 7.05. 1997ж.
Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
Пән бойынша қорытынды бағаның пайыздық мөлшері төмендегідей анықталады: Егер де модуль бір пәннен құралса, онда сол пән бойынша қорытынды бақылаудың нәтижесі модуль бойынша қорытынды баға болып табылады.Мұнда пәннің оқу бағдарламасында қарастырылған жұмыс түрлері (практикалық, зертханалық, есеп-графикалық, курстық) бойынша бағалар да қорытынды бағаға кіреді және төмендегі формула бойынша есептеледі:
мұндағы: Р1 және Р2 – бірінші және екінші аралық бақылау бағалары; Э – емтихан бағасы; ИМ – пән модуліне қорытынды емтихан бағасы; 0,4 және 0,6 – сәйкесті емтихан бағасы мен аралық бақылау бағасының салмақ коэффиценті. Егер модуль бірнеше компоненттерден тұратын болса, онда емтихан негізгі компоненттен (Эок) болады, ал басқа компонентердің қорытынды бақылау түрі реферат, эссе, жобалық жұмыс, курстық жұмыс (Эдк) болып табылады және төмендегі формула бойынша есептеледі:
мұндағы: Эок – негізгі компонент бойынша емтихан; Эдк – басқа компоненттер бойынша емтихан; ККМ – модульдің компоненттер саны; 0,4 және 0,6 – сәйкесті емтихан бағасы мен аралық бақылау бағасының салмақ коэффиценті. ИМ – пәндер модуліне қорытынды емтихандық баға.
Студенттердің бiлiмдерiн бағалау шкаласы «Өте жақсы» бағасы (А; 4,0;95-100%; А-; 3,67;90-94%) егер студент бағдарлама материалын толық меңгергенін көрсетсе және қандай да қателіктер, дәлсіздік жібермеген болса, жұмыстың бақылау тапсырмаларын, коллоквиумдарды, үй жұмыстарын өз уақытында және дұрыс орындаса, егер ерекше ойлау қабілетін көрсетсе, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысса, пәнді оқу барысында өз бетімен қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданса, өз бетімен бағдарлама материалдарын жүйелей алатын болса қойылады. «Жақсы» бағасы (В+;3,33; 85-89%; В; 3,0; 80-84%; В-; 2,67; 75-79%) егер студент бағдарлама материалының 75% -нан төмен емес бөлігін меңгерген, есептеулерде (жауаптарда) өрескел қате жібермеген, бақылау жұмыстарын, тапсырмаларды, коллоквиумдарды, үй тапсырмаларын өз уақытында орындаған және оларды принципиалды ескертулерсіз тапсырған, оқытушылардың нұсқаулары бойынша қосымша әдебиеттерді қолданған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан, жіберілген принципиалды емес дәлсіздікті немесе принципиалды қателіктерді студенттің өзімен түзетілген, оқытушының көмегімен бағдарлама материалын жүйелей алатын болса қойылады. «Қанағаттанарлық» бағасы (С+; 2,33; 70-74%; С –;2,0; 65-69%; С-; 1,67; 60-64%; D+; 1,33; 55-59%; D; 1,0;50-54%) егер студент бағдарлама материалының 50% -нан төмен емес бөлігін меңгерген болса, бақылау және лабораториялық жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау барысында оқытушының көмегін қажет етсе, коллоквиум тапсыру барысында дәлсіздік және принципиалды емес қателіктер жіберсе, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсетпесе, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен ғана шектелсе, материалды жүйелеуде ауыр қиыншылық көрген жағдайда қойылады. «Қанағаттанарлық емес» бағасы (F; 0; 0-49%) егер студент бағдарламада қарастырылған негізгі материал білімінде кемшіліктерді байқаса, бағдарламамен қарастырылған материалдың жартысынан көбін меңгермеген, пән бағдарламасының жартысынан көбін меңгермеген, жауаптарда принципиалды қателіктер жіберген болса, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау түрлерімен қарастырылған жеке тапсырмаларды орындамаған, бағдарламамен қарастырылған барлық негізгі әдебиетпен жұмыс істемеген болса қойылады. Апелляцияға беру тәртібі. Қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген студент емтихан өткізілген соң келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға береді. Емтихан сессиясы кезінде (аралық аттестаттау) ректордың бұйрығымен біліктілігі апеллирленетін пәннің профиліне сәйкес келетін оқытушылардан тұратын апелляциялық комиссия құрылады. Берілген күннен бастап екі күн ішінде арызды студент пен оқытушының қатысында апелляциялық комиссия қарайды. Апелляция нәтижелері хаттамамен оформляется және оның шешімі негізінде студентке жеке емтихандық ведомості жасалады. Ол негізгі емтихандық ведомостіге қоса тіркеледі. Апелляция нәтижелері хаттамамен рәсімделеді және оның шешімі негізінде студентке жеке емтихан ведомостісі жасалады да, ол негізгі емтихан ведомостісіне қоса тіркеледі. Студент апелляция нәтижелерімен таныстырылуы (ауызша немесе жазбаша) қажет. Апелляция пәні болып табылмайтын емтихандар бойынша бағаны өзгертуге рұқсат етілмейді.
4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздануының картасы
5. Дәрістезистері. М-I. Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері Б-I.Адам, қоғам және мемлекет қауіпсіздігінің негіздері.
№1-тақырып.Қауіпті және төтенше жағдайлар туралы жалпы түсінік. Жоспар: 1.1. Төтенше жағдай туралы түсінік. 1.2. Төтенше жағдайлардың мақсаты мен мiндеттерi. 1.3. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.
Тіршілік қауіпсіздігі - адам өміріне төнетін жалпы қауіп- қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Тіршілік қауіпсіздігі курсының мақсаты - қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамның ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау. Осы курсты оқып өткен адамның өз ортасындағы қаупі және өзі мен өзгеге зиянын тигізетін құбылыстарды тануға, соған қарсы білікті әрекет жасауына мүмкіндігі болады. Тіршілік қауіпсіздігі курсының негізгі мақсатына төмендегі мәселелер кіреді: · қауіп-қатерді тани білу, оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың зиянының шамасын, қатер болу мүмкіндігін және т.б.; · болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алу; · қауіп- қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасау. Пәнде мынадай мәселелердің жәй-күйі мен жағымсыз факторлары қаралады: - адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары; - жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық құралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру; - шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жүмыс істеу тұрақтылығын зерттеу әдістері; - ТЖ мен оның салдарын болжау; - Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу; - Тіршілік қауіпсіздігінің нормативтік - техникалық және үйымдық негіздері. Төтенше жағдай (ТЖ) - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін апат, авария, зілзала немесе жойқын қару қолдану салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Табиғи сипаттағы ТЖ-лар - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалары), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипаттағы ТЖ-лар - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қауіпі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін әлектр-әнергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ-лар. ТЖ аймағы - ТЖ жарияланған белгілі бір аумақ. ТЖ-лар таралу ауқымына қарай мынадай болып бөлінеді: - объектілік (зардаптарының таралуы қондырғымен, цехпен, объектімен шектелген);
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 72; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |