КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Рассчитаем площадь поверхности теплообмена 4 страница
Аудитор қосымша төленген капиталдың мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеруі, баланстағы осы бап бойынша қалдықты 531 «Қосымша төленген капитал» шоты және осы шот кредиті бойынша 13 журнал-ордердің мәліметтерімен салыстыру қажет. Меншікті капиталдың тағы бір элементі – қосымша төленбеген капитал, ол негізгі құралдардың және ұзақ мерзімді инвестициялардың оларды қайта бағалау нәтижесінде бастапқы құнның ұлғайған сомасы болып табылады. Төленбеген капиталдың пайда болу есебі: 1) мемлекеттің тарапынан кәсіпорынның барлық активтері қайта бағалансын деген қаулысына сәйкес нарықтың сұранысқа сәйкес бағаланады. Бұл процес әр активтің өзіндік коэфицентіне сәйкес жүргізілді. 2) кәсіпорын басқа кәсіпорындарға өзінің үлестік қатынасы бойынша алған дивиденттін көлемінен төленбеген капиталдың үлес салмағы артады. 3) 2006 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның экономикасын 70 % -н құрайтын технопарктердің бағалы қағаздары артуына байланысты. Негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалау сомасына бар болуымен айналымы туралы ақпаратты жинақтап қорытуға 541 «негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал», 5320 «Инвестицияларды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал» және 5320 «Басқа да активтерді бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал» шоттары арналған. Аудитор жоғарыда аталған шоттардағы ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалау бойынша операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексергені жөн. Бұл шоттардың кредиті бойынша негізгі құралдар мен ұзақ мерзімді инвестициялардың бастапқы құны 12 бөлімшенің «Негізгі құралдар», 14 «Инвестициялар» және 40 «Қаржы инвестициялары» тиісті шоттардың дебетімен бірге корреспонденцияға жасаған қайта бағалау нәтижесінде ұлғаю сомасы көрсетіледі, ал дебеттеледі бойынша: а) қайта бағаланатын негізгі құралдар бойынша тозуды түзету сомасы («Негізгі құралдардың тозуы» 13 бөлімшесінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденцияда): Дт 12 бөлімше шоттары Кт 5320 шоты, Дт 5320 шоты, Кт 13 бөлімше шоттары; ә) істен шыққан негізгі құралдар бойынша қайта бағаланған қызмет ету мерзімі ішінде бөлінбеген табысқа көшірілмеген сома (5410 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шотымен корреспонденцияда; Дт 5320 шоты Кт 5410 шоты – НҚ істен шыққанда); б) істен (есептен) ығарылған ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары бойынша қайта бағалау сомасы (5410 немесе 6210 «Инвестициялардың, қаржы инвестицияларының шығарылуынан түсетін табыс» 72 бөлімшелерінің шоттары мен бірге корреспонденцияда). 54 «Қосымша төленбеген капитал» шоты бойынша кредиттік айналымдар 13 журнал-ордерде көрсетіледі. Тексеру барысында баланстың қосымша төленбеген капитал» бабы бойынша. 2.3 Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) аудиті
Аудит жургізу барысында ен алдымен бухгалтерлік баланстың осы бабы бойынша тексеру кезеңі басындағы және соңындағы қалдықтарды Бас кітаптің 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» және 5430 «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоттары арқылы және бұл шоттардың кредит бойынша айналымдары көрсетілетін 13 журнал- ордер мәліметтерімен салыстыру қажет. Сосын бұл шоттардағы шаруашылық операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексерген жөн. Есептік кезең ішіндегі табыстың (зиянның) жиынтық сомасы шоттардың бірінғай жоспарыны сәйкес 571 «Жиынтық табыс (зиян)» шотында белгіленеді.
Корреспонденцияда бұл шоттың кредиті бойынша VII «Табыстар» бөлімнің шотымен алынған табыстың жиынтық сомасы, ал дебит бойынша VIII «Шығындар» бөлімнің шотымен алынған шығындардың жиынтық сомасы көрсетіледі. ДТ 571 және КТ 80 шоттары; ДТ 70 және КТ 571 шоттары; ДТ 7700 және КТ 3110 шоттары; ДТ 571 және КТ 7700; ДТ 571 және КТ 5410 шоттары. 571 «Жиынтық табыс зиян» шоты бойынша дебит кредит айналымдарын салыстыру арқылы 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотына көшірілетін таза пайданың (зиянның) сомасы анықталады. Егер есепті кезеңде пайда алынса, онда 571 «Жиынтық табыс зиян» шоты дебеттеледі және 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоты кредиттеледі, ал зиян шексе, онда керісінше бухгалтерлік жазу түседі, яғни 5410 шот дебеттеледі және 571 кредиттеледі. Жоғарыда атап өтілгендей, заңнамалар мен құрылтайшы құжаттарға сәйкес жасалатын резервтік капиталға аударымдар есепті жылдың бөлінбеген табысы есебінен атқарылады. Есептегі жылдың зиянын жабуға бағытталған резервтік капитал қаржысы сомасына 55- бөлімшенің «Резервтік капитал» шоттары дебиттеледі және 5410 «Есептік жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоты кредиттеледі. Есепті жылдың бөлінбеген табысының едәуір бөлігі серіктестікке қатысушыларға дивидендтпен пен табыс төлеуге кетеді. Оның қалған сомасы 5410 шотынан 5430 шотына көшіріледі, сол корреспонденцияда кредит бойынша «Резервтік капиталдың» 55- бөлімше шоттарымен резервтік капиталдың қаржысын өткен жылдың зиянын жабуға бағыттау көрсетіледі, ал дебит бойынша «Қатысушылардың дивидентттерімен табыстары бойынша есеп айырысудың» 62- бөлімше шоты, «Басқалардың» 3390 шоты және «Басқа да кредиторлық берешек және есеп айырысудың» 68- шоттарымен серіктестікке қатысушыларға дивидендтер мен табыс төлеуге өткен жылдың бөлінген табыс сомасын бағыттау көрсетіледі. Тексеру соңында аудитор бөлінбегн табыстың шамасын бағалау қажет. Бұл осы көрсеткіштің қарқынын көріп, оның өзгеру тенденциясын айқындау үшін, өткен есепті кезеңдер мен салыстыру жолымен жүргізіледі. Талдау үшін әр түрлі ақпарат көздері тартылады, бұған бастапқы құжаттар, бухгалтерлік регистірлер мен соңғы 2-3 жыл ішіндегі қаржылық есптілік формалары да кіреді. Бұдан келіп неге аудитор ең алдымен баланстың осы бабын тексереді деген сұрақ туады. өйткені бұл баланстың ең осал жері болып табылады
Өндірістің нарыққа өту барысында бухгалтерлік қызметтің рөлі артты. Яғни толық және дәйекті ақпарат, өндіріс мүлкі және міндеттемелері пайдаланушыға уақытылы жеткізілуі. Капиталды қалыптастыру мен пайдалануды оқып-білу шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызметін ұйымдастыру аудитінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнын бағалауға байланысты (ҚЕХС 32,39). «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңында бұл терминге мынандай анықтама берілген: «Капитал – жеке кәсіпкердің немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан үлес». Капиталдың ерекшелігі – ол шаруашылық жургізуші субъектінің актив көзі ретінде үнемі алға шығу, соған орай бар-жоғы білінбейді (оны қолмен ұстауға болмайды). Бухгалтерлік есепшоттарының үлгілік жоспарында, 5 «Капитал мен резервтер» бөлігі мынандай кіші бөлімдерді қамтиды: 5000-«Жарғылық капитал»; 5100-«Төленбеген капитал»; 5200- «Сатып алынған меншікті үлес құралдары»; 5300-«Эмиссиялық кірістер»; 5400-«Резервтер»; 5500-«Бөлінбеген пайда»; 5600-«Қорытынды пайда». Қазіргі уақытта жекелеген елдер арасындағы капитал қозғалысы кеңінен дамып отыр. Бұл елдердің әрқайсысы бір мезгілде капиталды шетке шығарушы да, капиталды әкелуші де болады, яғни капиталдардың елдер арасындағы ауысуы жүзеге асады. Бұл жағдайда шетке капитал шығару өз елінде капитал қорлары жетіспеген кезде де жүзеге асырылады, ал шетел капиталының келуі бәсекелік қабілеті төмен ұлттық капиталды ығыстырады. Шетке капитал шығарушы немесе шеттен капитал әкелуші елдердің ара жігін айыру өте қиын. Капитал негізінен кәсіпкерлік және қарыз формасында шетке шығарылады. Кәсіпкерлік капитал шет елдерге тікелей инвестиция түрінде шығарылады. Тікелей инвестиция өз өндірісін құру үшін немесе жергілікті компаниялар акцияларының бақылау пакетін сатып алу мақсатында капитал жұмсау арқылы жүзеге асады. Қарыз капиталы қарыз өсімін әкелетін заемдар, несиелер түрінде шығарылады. Қазіргі уақытта әр түрлі салаларды қаржыландыратын шетел инвестициясының жедел даму тенденциясы байқалып отыр. 1993 жылы дүние жүзіндегі қаржы капиталының көлемі орасан зор мөлшерге — 3 трлн. долларға жетті. Бұл ақшалар дүниежүзілік қаржы рыногының негізін құрайды. Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капи-тал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады, Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарды технология мен тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады. Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Курстық жүмысты толық қарастырып, жан-жақты зерттедім, бірінші бөлімінде кәсіпорындағы меншікті капитал есебінің ұйымдастыруының теориялық негізінде қарастырдым. Екінші бөлімінде меншік капиталының аудитін талдадым.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Типтік шоттар жоспарына әдістемелік нұсқау, Алматы 2005 2. Әбдіқалықов Т.Ә. Шағын кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру: Оқу құралы — Алматы КазМБА, 2004 3. Кеулимжанов К.К., Тулешова Г.К. Бизнес класс, 2006, №б 4. Муканов А.Ж. Бухгалтерский учет и аудит, 2007 5. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. — Центраудит- Казахстан.,- Алматы, 2003. 6. Сейдахметова Ф.С. Особенности учета в различных субъектах хозяйствования: Учебное пособие. — Алматы LЕМ, 2001. 7. Попова Л.А., М.Қ. Жұматов Қарағанды 2003 Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. 8. ҚР Президентінің 28.02.07 №234-111 “Бухгалтерлік есеп туралы” Заң күші бар Жарлығы. 9. Бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік нұсқаулар. 2006 ж. 10. ҚР шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебі шоттарының Типтік жоспары. 11. ҚР “Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексі). 2007 жылдың 1 қаңтарына. 12. Н. А. Айрих “Разработка амортизационной политики в соответствии со стратегией развития предприятия”// “Бюллетень бухгалтера” № 35. 2006г. 13. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. Аудит, Алматы 2006ж. 14. Т. Ә. Әбдіқалықов “Аудит және бухгарлік есеп” Оқу құралы, Алматы, “Қазақ Университеті” 2000 ж. 15. С. Б. Баймұханова, Ә. Ж. Балапанова “Бухгалтерлік есеп” Оқу құралы, Алматы, “Қазақ Университеті” 2001 ж. 16. “Учет основных средств” //Заочная Школа Бухгалтера № 5. 2005. 17. Қ. К. Кеулімжаев, З. Н. Әжібаева, Н. А. Құдайбергенов, А. Ә.Жантаева “Қаржылық есеп” Оқу құралы “Экономика” 2001 ж. 18. Қ. К. Кеулімжаев, З. Н. Әжібаева, Н. А. Құдайбергенов, “Бухгалтерлік есеп принциптері” Оқу құралы, Алматы “Экономикс” 2005 ж. 19. Д.А.Панков “Бухгалтерский учет и анализ зарубежем” Учебное пособие, Минск, ООО “Новое знание” 2001г. 20. В. К. Родостовец, Т. Ғ. Ғабдуллин, В. В. Родостовец, О. И. Шмидт “Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп” Алматы 2004 ж. 21. З.В. Соловьева “Зарубежные стандарты бухгалтерского учета и отчетности”.Москва, “ИНФРА”.
Общая длинна змеевика:
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 69; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |