КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Рассчитаем площадь поверхности теплообмена 3 страница
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы резервтік капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар
Басқа да резервтік капитал есебі, 552-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шоттан заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді. 552-шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 551-шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.
1.6 Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі
Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің Бас есеп-жоспарындағы 56 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі. 5410-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)». 5430-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)». Енді осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарастырып көрейік. Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянының сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған 5410 шоты пайдаланады. Есеп берілетін жылдың соңында 5410-шотқа жыл ішінде есептелген табыстың немесе зиянның сомасы жазылады: жыл ішінде алынған табыс сомасына 571-ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты дебеттеліп,5410-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шоты кредиттеледі. Жыл ішінде алынған зиян соиасына жоғарыдағы жазу керісінше жазылады. Сонымен қоса, 5410 шоттың кредит және 551 шотының дебеті – есепті жылдағы алынған зиянды өтеуге бағытталған резерв капиталының сомасын көрсетеді: 561 шоттың кредиті және 5320 шоттарының дебеті – есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудың сомасы, қызмет барысында бұрындары таратылмаған табыстың сомасын және ұзақ мерзімді инвестицияның сомасын көрсетеді; 5410 шоттың кредиті және 521 шоттың дебеті - өз акцияларын қайтып сатып алған кезде, номиналдық құнынан төмен болған соманың айырмасы көрсетіледі. 5410-шоттың дебеті бойынша мынандай шаруашылық операциялары көрініс табады: 551-ші «Заңмен белгіленген резервтік капитал», 552-ші «Басқа да резервтік капитал» шотының кредиті қолданылып жүрегн заңдарға сәйкес құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерінде резервтік капиталға аударылған сомасы; 621-ші «Жай акциялар бойынша есеп айырысулар», 4430-ші «Басқа да кредиторлық қарыз және есептесулер» шоттарының кредиті – жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерге, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктердің қатысушыларына табыс төлеуге, есепті жылда жұмсалатын бөлінбеген табыстың сомасы; 521-ші «Қайтарылып алынған капитал» шотының кредиті – акционерлерден өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) құнынан жоғары бағаға сатып алғаннан түскен айырма сомас. Есепті жылдың бөлінбей қалған табысы (зияны) есептен былайша шығарылады: бөлінбеген табыс сомасына: 5410-шот дебеттеледі, 5430-шот кредиттеледі; бөлінбеген зиян сомасы: 5430-шот дебеттеледі, 5410-шот кредиттеледі. Жоғарыда келтірілген жазбалардан кейін 5410-ші шот бойынша қалдық қылмауы керек,сондықтан ол міндетті түрде 571 шотымен жабылады. Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) есеп берілетін жылдан бұрынғы жылдары пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян сомаларының қолда бао және қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға арналған, ол 5430-шота жүргізіледі. 5430 шоттың кредиті бойынша келесідей шаруашылық операциялары: өткен жылдардың белгіленген тәртібінде таратылмаған табыстың сомасы 5410 шоттың дебетінде; өткен жылдардағы өтелмеген зиянды өтеу үшін бағытталған резервтік капиталдың сомасы 551,52 шоттарының дебетінде көрініс табады. 5430 шоттың дебеті бойынша төмендегідей шаруашылық операциялары: - өтенк жылдардың белгіленген тәртібінде жабылмаған (өтелмеген) зиянның сомасы 5410 шоттың кредитінде; шаруашылық серіктестіктерінің қатысушыларының табыстар мен жай және айрықша акциялар бойынша төленетін дивидендтердің есепті жылдағы алынған табыстың есебінен өтеуі 621,622,4430 шоттрының кредитінде; жарғылық капиталды толықтыру үшін өткен жылдарда алынған табыстан аталған мақсатқа бағытталған сомасы 501,502,5010 шоттарының кредитінде көрініс табады. Жиынтық табыстың (зиянның) есебі. Есепті кезеңнің жиынтық табысын немесе зиянын есепке алу үшін 571 «Жиынтық табыс (зиян)» шотын пайдаланады. Егер де кәсіпорын табысы болса, онда шот активті болуы мүмкін. Жыл ішіндегі әртүрлі қызмет түрлерінен түскен табыстар 70-ші «Негізгі қызметтен түскен табыстар» бөлімшесінің 6010-709 шоттарында, 72-ші «Негізгі емес қызметтен түскен табыс» бөлімшесінің 6210-6280 шоттарында, 80-ші «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» бөлімшесінің шоттарында, оған 7010-808 шоттар кіреді, сондай-ақ 7110,7210,7410,7470,7700,861,871 шоттарында жыл бойы жалпы алынған табыстан алынатын шығыстар жинақталады. Жыл аяғында алынған табыстар сомасына шоттардың мынандай корреспонденциясы жасалады: 70-ші «Негізгі қызметтен түскен табыстар» бөлімшесінің (6010-709 шоттар) және 72-ші «Негізгі емес қызметтен түскен табыс» бөлімшесінің шоттары (721-727 шоттар) дебеттеледі, 571-ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты кредиттеледі. Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан алынған табыстар сомасына шоттардың мынандай корреспонденциясы анықталады: 86-шы «Төтенше жағдайлардан түскен табыстар (зиндар)» бөлімшесінің 861-864-шоттары және 87-ші «Басқа ұйымдарға үлестік қатынастан түскен табыстар (зиян)»шоттары дебеттеліп, 571 «Жиынтық табыс (зиян)» шоты кредиттеледі. Жыл аяғында 80-бөлімшенің 7010-808-ші,7110,7320,7410-7470-ші шоттарының кредитінен есептелінген шығыстар 571-ші «жиынтық табыс (зиян)» шотының дебетіне көшіріледі. 71-ші «Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сату кезінде берілетін жеңілдік, осындай-ақ бағаны кеміту бөлімшесінің шоттары бойынша табыстар мен зияндар болулары мүмкін. Табыс сомаларын 71-бөлімшенің 711-6030 шоттарының дебеті бойынша және 571 шотының кредиті бойынша көрсетіледі; зиянды 71-бөлімшенің 711-6030 шоттарының кредитінен 571-шоттың дебетіне көшіріледі. 571-ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты салыстырушы операциялық шоты болып табылады: онда табыстар (571-шотың кредиті) және зияндар (571 -шоттың дебеті) салыстырылады. Табыс 571-шоттың дебеті бойынша және 5410-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотының кредиті бойынша көрініс табады. Шығын 571-шоттың кредиті және 5410-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шотының дебеті бойынша көрініс табады. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) шоты бойынша жүргізілетін операциялар
2 Меншік капиталының аудиті 2.1 Меншік капиталын аудиттеу көздері мен жарғылық капитал аудиті
Меншікті капиталды қалыптастыру мен пайдалануды оқып-білу шаруашылық жүргізуші субъектінің іс-қызметін ұйымдастыру аудитінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Меншікті капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнын бағалауға байланысты. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңында бұл терминге мынадай анықтама берілген: «Меншікті капитал – субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері». Меншікті капиталдың ерекшелігі – ол шаруашылық жүргізуші субъектінің актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді (оны қолмен ұстауға болмайды). 30 «Қаржылық есеп беруді ұсыну» БЕС-де меншікті капиталға мыналар жатады деп көрсетілген: жарғылық резервтік қосымша төленген және қосымша төленбеген капитал, бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян). Меншік капиталы отандық бухгалтерлік есептің жаңа объектісі болып табылады, яғни ол аудит үшін де жаңа. Жаңа бухгалтерлік есеп – 2-де «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі ашулар», меншік капиталына: жарғылық капитал, қосымша төленген және төленбеген капитал, таратылмаған табыс (жабылмаған зиян) кіретіндігі көрсетілген. Бұл меншік капиталының элементтерінің әр қайсысы маңыздыболғандықтан,бұлардың әр қайсысының аудитіне жеке тоқталамыз. Жарғылық капитал меншік капиталының негізгі элементі болып табылады,өзімен қатысушылардың (иелік етушілердің) субъект құруда оның қызметін қамтамасыз ету үшін салымдарын білдіреді. Жарғылық капиталдың орындалатын функциялары мен құрылуы өндірістің ұйымдастырушы-құқықтық формаларына байланысты. Шаруашылық субъектілердің үш негізгі функцияларын белгілеуге болады. Біріншіден, ол субъектінің қызметінде меншіктің негізі болып табылады, яғни бастапқы капиталы. Екіншіден,жарғылық капиталының құрылуы құрушылардың (акционерлердің) субъекттідегі қатысу бөлігін (процентін) анықтайды, оған жалпы жиналыстағы қатысушылардың дауыс көлемі және оның табыс көлемі (дивиденді) сай. Үшіншіден жарғылық капитал үшінші жаққа міндеттердің орындалуына кепіл береді, сондықтан заң бойынша оның минималды мөлшері белгіленген. Толық көлемде жарғылық капитал бұл функцияларды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде және акционерлік қоғамдарда орындайды, яғни жарғылық капитал қатысушылардың салымдары мен акцияға жазылуларына байланысты құрылады. Жарғылық капитал толық және командитті серіктестіктектерде бір ғана функцияны орындайды – меншік негізі болып табылады. Меншік салымы өндіріс кооперативінің бастапқы капиталы және қызметті ұйымдастыру және оны құруда кететін шығыстарды жабу үшін арналған. Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталы – бұл мүлік сомасы, меншік иесімен бекітілген (республикалық немесе жергілікті басқару органымен) өндірістік қызметтердің орындалуы үшін. Бұл меншік бөлінбейді,салымдар бойынша үйлестірілмейді, сәйкесінше бұған жұмыс коллективі де,бөлек еңбек өндірістерінің де құқы жоқ. Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталы, өндіріс кооперативі сияқты, екі функцияны орындайды – мүліктік және кепілдік. Жарғылық капиталды тексергенде аудитор бірінші кезекте келесі жағдайларды қарастырады: 1) Бас кітап бойынша баланстық көрсеткіштерді тексеру; 2) синтетикалық және аналитикалық есепті енгізудің дұрыстығын тексеру; 3) жарғылық капитал құрылуының дұрыстығын тексеру; 4) құрушының салымдары толық және уақытылы келуін жазуды тексеру; 5) жарғылық капиталының өзгеруінің дәлелділігін және қатысушылардың құжаттарының және уақытылы енгізілуін тексеру; 6) мүлікті түгелдеу және басқа мүліктік құқық, өндірістің жарғылық капиталына жарна ретінде негізу 7) жарғылық капиталы есебінде табылған қателіктерді,өңделген және дәл ұсыныстар бойынша жұмыс істеп тұрған заң бойынша жою; 8) жарғылық капитал көлемінің құқықтық-нормативтік акті талаптарына сай болуын; 9) жарғылық капитал мөлшерінің өзгеру ықтималдығын; 10) бухгалтерлік есепте жарғы капиталының шамасына ықпал ететін операцияларды көрсетудің және қолданған корреспонденциялардың дұрыстығы, көбінесе олардың ішінде төменгідей өткізбелерге ерекше көңіл бөлінеді: Дт 5020 «Төленбеген капитал» шотына және Кт 5010 «Салымдар мен пайлар» шотына қатысушылардың салымдары сомасына; жарғы капиталы мөлшері ұлғайғанда Кт 5010 «Салымдар мен пайлар» шотына, 12 «Негізгі құралдар», 20 «Материалдар», 22 «Тауарлар», 42 «Банктердегі аккредитивтегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шотардағы ақша», 44 «Ұлттық валюта ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша» және 45 «Кассадағы қолда бар ақшалар» бөлімшелердің шоттарына жазу түседі. Жарғылық капиталды тексеру бағдарламасына мынадай аудит процедуралары кіреді.
Бұл аудит процедураны жүргізгенде тексерушінің басты анықтайтыны: субъектінің қашан және қай ауданда тіркелгендігі, құрушылары кім және олардың жарғылық капиталында бөлігі қандай, құрылу тізімі қандай? Жарғылық капиталының құрылу тізімі заңмен және құрушы құжаттармен реттеледі. Меншік формаларына байланысты әртүрлі құрылады. Мемлекеттік субъектілердің жарғылық капиталы, мемлекеттік бюджеттен субъектіні пайдалану және қызметін жүзеге асыру кезеңінде басталады (барлық құрылыс, монтаждау,жөндеу жұмыстары,құралдардың сомасы, айналым және ақша қаражаттарынан тұрады). Мемлекеттік емес коммерциялық кәсіпорындардың жарғылық капиталы құрушылардың салымдарынан құралады (ақшалай, материалдық т.б).сондықтан ол бірнеше құрушы акционерлік қоғамдардың, заңды және жеке тұлғалардың, серіктестіктер және басқа құрушы субъектілердің меншігі болып табылады. Аудитор білу керек, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тіркелуі және қайта тіркелуінде жарғылық капитал тексерілмейді. Тәуелсіз экспертпен орындалатын экспертиза қызығушы тұлғамен төленеді. Тексеру орындалуы мүмкін: 1) қатысушының талабы бойынша, (ол құрушы болады), серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң; 2) соттың шешімі бойынша; 3) әр қаржылық жылдың – қаржылық есеп берудің қорытындысы бойынша.
2.2 Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті
Резервтік капитал – іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады. Басқаша айтсақ, резервтік капитал – кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе, кәсіпорынның оны құруға құқы жоқ. Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны баланстың «Резервтік капитал» бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық акционерлік қоғам резервтік капиталды қоғамның шығындарын жабу үшін жарияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс. Қоғамның резервтік капиталы мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан бастап екі жыл ішінде құрылуы тиіс. Ол акционерлік қоғамның жалпы жиналысы белгілейтін мөлшерде, таза табыстан (пайдадан) жыл сайын аудару жолымен қалыптасады. Егер қайсыбір төлемдер нәтижесінде қоғамның резервтік капиталы оның жарияланған жарғылық капиталының 15%-нен кем болып қалса, онда қоғам көрсетілген шамаға дейін резервтік капиталды толықтыру үшін аударымды жаңғартуға міндетті. Резервтік капиталды қалыптастыру мен пайдалану былайша көрсетіледі. 1. Резервтік капиталға аударымдар – Кт 551 «Құрылтай құжаттарда белгіленген резервтік капитал», 552 «Басқа да резервтік капитал» шоттары және Дт 5410 «Есепті жылдық бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шоты бойынша. 2. Резервтік капиталды пайдалану Дт 551,552 шотары бойынша жазба негізінде корреспонденцияда шоттармен бақыланады: а) «Қатысушылардың дивиденттері бойынша есеп айырысу» 62 бөлімшесі және 4430 «Басқа да» шоты «Басқа да кредиторлық берешектер және есеп айырысу» 68 бөлімшесі бойынша есепті жылдың табысы болжаған жағдайда немесе жеткіліксіздігі кезінде серіктестікке қатысушыларға дивиденттер мен кіріс төлеуге; ә) «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» 56 бөлімшесі кәсіпорынның есепті кезең немесе өткен жыл ішіндегі шығындарын жабуға. Резервтік капитал есебі 13 журнал-ордерде жүргізіледі. Аудитор резервтік капиталды тексергенде оны құру мен пайдаланудың дұрыстығын, баланста көрсетілген «Резервтік капитал» бабы бойынша жыл басы мен соңындағы қалдықтарды 13-ші журнал-ордердің мәліметтеррі бойынша Бас кітапта келтірілген 501 шот қалдқтарымен сәйкестігін міндетті түрде анықтауға тиіс. Қосымша төленген капитал – меншікті акцияларды өткізу құнының атаулы құннан артқан сомасы болып саналады. Акциялар бойынша сияқы, меншікті акцияларды өткізу құнының атаулы құнынан артқан сомасы Кт 531 «Қосымша төленген капитал» шотының корреспонденциясында Дт 1050, 1040,1010 шоттарымен бірге немесе 334 «Басқа да дебиторлық берешек» шотында көрсетіледі.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 98; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |