Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Рассчитаем площадь поверхности теплообмена 2 страница




2-ші кезең

1050 5020 – 400 000

1020 5020 – 150 000

1010 5020 – 50 000

1060 5020 – 60 000

1310 5020 – 80 000

2413 5020 – 260 000

2730 5020 – 160 000

900 000

Себебі жарияланған капитал кейде жабылмаған капитал 5020 шоты активті және пассивті болып келуі мүмкін. Сондықтан 5020-дан 2180-қа береміз. Демек бұл шотта басқа кәсіпорынның деиторлық қарызы емес, осы кәсіпорынды ашқан құрылтайшылардың қарызы болып есептеледі. Демек бұл бухгалтерлік есептің ең бір осал жерін көрсетеді. Егер де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен, материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттеліп: 2730, 2411-2417, 1310-1315, 1330 және 5020 шоты кредиттеледі.

Жоғарыда атап өткеніміздей, жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарлық капиталын қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бұл мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе оның бір бөлімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомасы 1270 “Есептелген пайыз” шотының дебеті бойынша және 6110 “Акция бойынша дивидендтер мен пайыз түріндегі табыс” шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Егер де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде 5020 шоты дебеттелген және 5010 шоты кредиттелген-қызыл жазылады.

Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінщі тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.

Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капитал да азаяды, демек: 5010 шоты дебеттеледі де, 1040,1010, 2730, 2411-2417, 1310-1315, 1330 шоттары кредиттеледі.

Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 501,502 шоттары дебеттеледі де, 521 – «Қайтып алынған капитал» шоты кредиттеледі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы жарғылық капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялардың мазмұны Дебиттелетін шот Кредиттелетін шот
  Серіктестіктердің (акционерлік қоғамнан басқа) жарғылық қорының қосқан пайлар және басқадай үлестер есебінен құрылуы (қалыптасуы) 2411-2930 1310-1317 1030,1010,1020  
  Серіктестіктеодің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының акционерлердің шығып кетуі себебінен азаюы   2411-2930 1310-1317 1030,1010,1020
  Кәсіпорынның өзінің акцияларының айналымнан шығарылғандарының құнына    
  Серіктестіктердің (акционерлерден басқа) қоғамның жарғылық қорына қосқан пайлары және басқадай үлестері қайтарылды   1010,1020
  Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың оң курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты өсуі    
  Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың теріс курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты кемуі    
  Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың ақшалай түрде қосқан үлес салаларының келіп түсуі 1010,1020  
  Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың акционерлік қоғамға материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, тауарлар түрінде қосқан үлестерінің кіріске алынуы 2411-2930 1310-1317  
  Акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған өзінің акцияларының құнына   1030,1010  
  Сатылып алынған акциялардың сатып алу және аталы құнының арасындағы айырмашылығының сатып алынған уақытында көрсетілуі: - егер акциялар өзінің атаулы төмен бағаға сатылып алынса; - егер акциялар өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылып алынса    
  Өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылған акциялардың айырма сомасы 2940,1030 1010,1020  
  Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуі 2412-2930  
  Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты оларға бұрын есептеліп жинақталған тозу құнының өсуі   2421-2429    
  Негізгі құралдардың пайдалануына қарай қайта бағалау сомасының анықталған көлемде бөлінбеген пайдаға апарылмағаны    
  Инвесторлардың, серіктестіктердің активтері қайта бағалаудың салдарынан еншілес немесе тәуелді серіктестердіңтаза активтеріндегі үлесінің өзгеруіне байланысты бастапқы инвестиция құнының азаюына    
  Қайта бағадаудың нәтижесінде алынған ұзақ мерзімді қаржы инвестицмяларының бастапқы құны сомасының өсуі    
  Бұрын жүргізілген қайта бағалаудың нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бастапқы құнының өскен сомасына бағасының кемуі      
  Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды есептеп шығарған уақыттағы, олардың бұрын қайта бағаланған сомасы   5410,6210

 

1.4 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі

 

Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

Төленбеген капитал есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5020-ші «Төленбеген капитал» шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады. 5020 «Төленбеген капитал» шоты шоттардың Бас жоспарында, «Меншік капиталы» ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылыды. Сондай-ақ, 5020 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т.б), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.

Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 5020-ші «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары – 501-ші «Жай акциялар», 502-ші «Артықшылықты акциялар» (акционерлік қоғамдарда) және 5010-ші «Қосқан үлестер мен жарналар» (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.

Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асыруылына қарай 5020-ші «Төленбеген капитал» шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:

-материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде-2730 шоттары;

-жерді, негізгі құралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде-2411-2417 шоттары;

-материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде 1310-1315,1317, 1330 шоттары;

-ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде -1010, 1020, 1040, 1050 шоттары дебеттеледі.

Егерде 5020 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын көзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.

5020-ші шоты бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.

Қайтарылып алынған капиталдың есебі. Акционерлік қоғам акционерлермен жалпы жиналысында акциялардың номиналдық құнын (бірақ ең төменгі деңгейден кем болмауы керек),Не жалпы акцияның шығарылуы көлемін қысқарту жөнінде шешім қабылдауында құқылы. Акционерлік қоғам заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға міндетті.

Сонымен қатар Акционерлік қоғамның кредиторлары қоғамның тиесілі міндеттерін орындаудан бас тартуына және олардың шеккен зияндарының орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер бұндай процедура оның жарғысында алдын-ала қарастырылмаған болса, онда олар өз меншік капиталын азайту үшін, мүдделі адамдардың берген өтінішінің негізінде жасалған сот шешімдері керек.

Бұл жағдайда Акционерлік қоғам өзінің акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшыларына олардың мүдделігі мен ынталығын арттыру үшін қайта сатады. сондықан өз акцияларын нарықтық айналымға шығарылады.

Қайтарылып алынған капиталдың есебін жүргізу үшін 521-ші шоты арналған, 501-502 шоттарға қарағанда контрпассивтік шот болып табылады.

521 шоттың дебеті акционерлердің меншігіндегі акцияларды қайтып сатып алынған құнын көрсетеді. Акцияларды қайтып сатып алған кезде:521 шоты дебеттеледі де және 1050,1040,1010,1020,1070 шоттары кредиттеледі.

Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін,не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алынған акциялар номиналдық құны бойынша да номиналдық құннан жоғары немесе төмен құны бойынша да сатып алынуы мүмкін:

1.Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық (атаулы) құнға тең болған жағдайда: 521 шоты дебеттеледі де, және 1050,1040,1010,1020 шоттары кредиттеледі.

2.Сатып алынған акцияның құны номиналдық құнынан төмен болған жағдайда:

-сатып алынған құнына 521 шоты дебеттеледі де және 1050,1040,1010,1020 шоттары кредиттеледі;

-сома айырмасына, яғни акциялардың құны номиналдық құннан аз болған жағдайда:

521 шоты дебеттеледі де және 5410 «Есептік жылдағы таратылмаған табыс» шоты кредиттеледі (яғңи ақша қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайа оларға қосымша қаражаттарды қосады).

3. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналды құннан жоғары болған жағдайда:

- сатып алу құнына:

521 шоты дебеттеледі де,1050,1040,1010,1020, шоттары кредиттеледі;

- сома айырмасына, яғни акцияның құны номинаодық құнынан ариық бағаға сатып алынған жағдайда:

5410 «Есептік жылдағы таратылмаған табыс» шоты дебеттеледі де, 521 кредиттеледі.

Егер акциялар айналыстан шығарып алу үшін акционерлерден қайиып сатып алынса, онда олар мыныдай шоттар корреспонденциясымен беріледі: 501,502 шоттары дебиттеліп 521 шоты кредиттеледі.

Егер де акциялар одан әрі сату мақсатында қайтып алынса, онда олардың номиналдық құны 521 шоттың кредитінен 7410 «Бағалы қағаздаоды сатудан алған шығыстары бойынша шотының дебетіне жатқызылады.

Акциялардың сатылатын құнына, оларды номиналдық құнының мөлшеріне 6210 «Бағалы қағаздарды сатудан алған табыстары бойынша» шоты кредиттеледі де, 2940 «Басқа да» шоты дебеттеледі. Егер де акцияның құны номиналдық құнынан жоғары болса, алынған айырма сомасына 2940 шоты дебеттеледі де, 531 «Қосымша төленген капитал» шоты кредиттеледі.

Акционерлерден сатып алған акцияларды сатқан кезде қоғамның жарлық капиталы өзгермейді.

Қоғам келесі жағдайларда акцияны қайтып сатып алуға құқығы жоқ:

- қоғамның эмитенттелген акциялары толық төленгенге дейін;

- қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталы қайтып сатып алынған нәтижесінде, тиесілі қоғам типтері үшін шығарылғаны (төленген)жарғылық капиталының минималды деңгейінен кем болса;

- қоғам акцияны қайтып сатып алған шақта төлем қабілеттілігі жоқ болса, немесе акцияны сатып алған соң сондай жағдайға тап болатын болса;

- акцияны сатып алатын кезінде қоғамның меншік капиталының көлемі қоғамның жарғылық капиталына шығарылған (төленген)капиталдан кем болса.

Қайтып сатып алынатын акцияның саны бүкіл қоғамның шығарған акциясының 25%-нен немесе қоғамның меншік капиталының 10%-нен аспауы керек. Қоғам акциясын саиып алу мәселесі сол қоғамның жалпы жиналысында шешіліді, осындай шешім шыққан соң отыз күннің ішінде аталған шешімді жүзеге асыруына болады. Сатып алынған акцияны қоғамның ұстаушы реестіріне енгізіді. Қосымша төленген капитал дегеніміз- акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық табысы). Мұндай капиталдың (табыстың) есебі 531-ші «Қосымша төленген капитал» шотында жүргізіледі. Өз меншігіндегі акцияларды сатқанда 531 кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі: 1050,1040,1010,1020. Сатылған акциялар бойынша шоттарды төлеуге ұсынған кезде сатылған акциялардың тұрақты құны 2940-шоттың дебеті мен 6210-шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

Қосымша төленген капиталдың есебі. Капиталдың бұл түрінің есебі үшін 54-ші «Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің шоттары арналған. Бұл бөлімшенің қатарына мынандай синтетикалық шоттар кіреді: 5320-шот «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал»; 1020-шот «Инвестицмяларды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал»; 5320-шот «Басқа да қосымша төленбеген капитал». 54-ші «Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің шоттарында құнсыздануға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және босқа активтерді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат жинақталады.

Негізгі құралдарды қайта бағалау операциялары. Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге жалға алатын негізгі құралдарды, бітпеген (аяқталмаған) күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды қоса алғанда қайта бағалау заңға сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық субъектісі өзі шешуге құқылы. Қайта бағаланған негізгі құралға төмендей корреспонденция жасалады. Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде 2412-2417, 2930 шоттары дебеттеліп, 5320 шоты кредиттеледі, негізгі құралдардың қайта бағалануына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда 5320 шоты дебеттеліп, 2421-2429 шоттары кредиттеледі.

Негізгі құралдардың құнының өзгеруіне байланысты тозу сомасына да түзетулер жүргізеді.

Қайта бағаланған (дооценка) сомасы бөлінбеген табыстар шотына ай сайын көшірілуі қажет және осы есептің дұрыстығын тексеру үшін мынадай есептеулер жасалынады:

Жазбалар мазмұны Сомасы теңге
  Кәсіпорын 1994 жылы жол тегістегіш сатып алды делік. Пайдалану мерзімі 8 жыл. Амортизация нормасы 12,5%: - машинаның бірінші қайта бағалануына дейінгі құны - 1-ші қайта бағалануына дейінгі есептелінген тозу сомасы  
  Қайта бағалау нәтижесінде (01.10.94 ж.,01.07.97 ж.) машинаның құны мен тозу сомасы төмендегідей болады: - жол тегістегіш машинаның құны - машинаның тозуына байланысты есептелген сомасы - машинаның қайта бағаланған сомасы (236390 – 12000) - машинаның қайта бағаланғаннан кейін, қалыптасқан тозу сомасы (103 539 – 2 000 =101 539), енді осыдан машинаны пайдалану кезінде есептелген тозу сомасын шегереміз (64 339 тенге) - машинаның индексацияланған сомасы (224 390 – 37 200)     236 390 103 539 224 390   37 200   187 190
  Машинаны одан әрі қарай пайдалану барысында, яғни 1997 жылдың 1 қаңтарынан 2002 жылдың маусымына дейінгі кезенді жыл сайын бөлінбеген табыстарға көшірілетін соманың деңгей мынаған тең (187 190 теңге /4,5 жыл) 41 597,78

 

Сонымен, кестеде көрсетілген есептеулердің қайта бағаланған негізгі құралдың сомасы мына төмендегі шоттарда көрініс табады, яғни 3 466,48 мың теңгесі 5320 шотының дебетінде және 5410 шотының кредитінде көрсетіледі. Қайта бағалаудың сомасы тек негізгі құралдардың объектісі есептен шыққан кезде ғана себебіне байланыссыз бөлінбеген табыстың сомасына көшіріледі.

Инвестицияны қайта бағалаудың операциялары бойынша. Инвестицияларды қайта бағалау белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Инвестицияларды қосымша есептеу сомалары 542-ші «Инвестицияларды қайта есептеуден алынған қосымша төленбеген капитал» шотының кредиті бойынша көрініс табады:

 

Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын, және басқа да шаруашылық серіктестіктердің жарлық капиталын қайта бағалаудан түскен инвестицияның сомасына    
Қаржылық инвестицияларын қайта бағалаудан түскен сомаларына    
Есептен шығарылғн ұзқ мерзімді қаржылық инвестиция бойынша қайта бағаланған сомасы:   5410,6210

 

5320 шотының дебеті ұзақ мерзімді инвестицияның құнының төмендегенін және олардың баланстық құнының азайғанын көрсетеді, ол кезде қайта бағаланған сомасының шегінде мына шоттар корреспонденцияланады:

- ұзақ мерзімді инвестицияның төмендеген құнына 1150 шоттары кредиттеліп, 5320 шоты дебеттеледі;

- инвестицияның баланстық құнының азайған сомасына 2310 шоттары кредиттеліп, 5320 шоты дебеттеледі.

Басқа да активтердің қайта бағалануымен байланысты операциялары. Активтердің басқа түрлерін (шикізаттарды, материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, отынды, дайын өнімді, тауарларды және басқаларын) қайта бағалау операциялары үшін 5320 - ші «Басқа да қосымша төленбеген капитал» шоты пайдаланылады. Шын мәнінде бұл шот инвестиция – неттосы бойынша бағамның есептен шығарылатын кезеңіне дейінгі айырмасы есепке алу үшін пайдаланылады. Егер де инвестиция – неттосы шет елдегі бөлімшелерге берілсе, бағамдық айырманың жиынтық сомасы табыс ретінде 6250 шоттың кредиті бойынша көрініс табады, ал егер де ол шығыс ретінде танылсы, онда ол 7430 шоттың дебеті бойынша көрініс табады. Мысалы: «Восток» ААҚ-ның нетто – инвестициялары шетел бөлімшелерінде 35% құрайды (шетел бөлімшелеріндегіменшікті капиталы 20 млн. теңгені құрайды, қаржылық инвестициялары «Восток» ААҚ–ның – 7 млн. тенге). 2002 жылдың қаңтарында «Восток» ААҚ-мы шетел бөлімшелеріне 49000 АҚШ доллар, 5 жыл көлемінде бір АҚШ долларына 150 тенге курстық бағамы бойынша қарыз берді. Бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша № 9 «Шетел валютасы бойынша операцияның есебі» (СБУ 9) әр есеп беру кезеңіне құралдарды есептеу (қарыздық міндеттемелерді қоса), валютамен көрсетілген соңғы есеп беру кезеңінің бағамы бойынша теңгемен қайта бағаланады.

Сөйтіп біздің мысалымыз бойынша курстық бағам өзгеріп 31 қаңтар бойынша 152 теңге бір АҚШ долларына, курстық айырмашылық 80 000 тенге сомасын құрайды (40 000 * (152 - 150) «Восток» ААҚ қаржылық инвестицияларының кеңейгендігін білдіреді, және меншік капиталының көбейгендігін білдіреді., 5320 «Басқа да» шотының кредиті бойынша. Ал егер доллардың бағамы теңгеге шаққанда азайса, онда оның бағамдық айырмасы қаржылық инвестицияның қысқарғандығы ретінде бағаланады және ол 543 «Басқа да» шотының дебеті бойынша көрініс табады.

 

1.5 Резервтік капиталдың есебі

 

Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың есебі 55-ші «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 551-ші «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» және 552-ші «Басқа да резервтік капитал».

Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, Акционерлік қоғам және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгілінеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза тбыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.

Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құрған) кезде 5410 шотты дебеттеледі де,551 шоты кредиттеледі.

Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 551-ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады: 621,622,4430 – артықшылығы бар акцилар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде; 5410-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)»,5430-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта құрылған қор сомларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған қорлардың есебі «Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шота жүргізіледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 65; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopediasu.com - Студопедия (2013 - 2026) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.