Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тыныс механизмі химизмі реттелуі 4 страница




85. Ор(3)т. Денедегі зат алмасу процесі энергия өзгерістерімен тығыз байланысты. Зат алмасу кезінде қоректік зат-дағы потенциалдық энергия босансып, ол механикалық, жылу, электр, сәуле энергия-на айналады да, ең соңында организмнен жылу түрінде бөл-ді. Сондықтан организмде түз-ген жылу мөлшеріне қарай оның энергиялық шығынын анықтауға болады. Организмге энергия қоректік заттардың құрамында түседі де, ол тіршілік әрекет-ін сақтауға, түрлі өнім-ді синтездеуге жұмсалады. Қоректік зат-дағы энергия негізінен торша-да аралық зат алмасу процесі кезінде босанады. Тірі организмде энергия алмасуының үш түрлі ерекшелігі болады:1) Қоректік зат-дың химиялық энергиясы жылу энергиясына айналмай-ақ бірден түрлі жұмыстар атқаруға жаратыла береді ж/е энергияның басқа түріне ауыса алады. Демек, организм хемодинамикалық двигатель принципімен жұмыс істеп, энергия көзін өте тиімді пайдаланады. 2) Энергия саты-сатымен мысқалданып бөл-ді. Бұл организмді «энергиялық дүмпуден» сақтап, қуатты үнемдеп пайдалануға мүмкіндік береді. 3) Көмірсулар, белок-р, майлар ыдыраған кезде бөл-тін энергия мол қуатты заттар құрамына ену арқылы қорға жинақталып, сақталады. Энергия алмасу кезінде белоктар, көмірсулар, майлар бірін-бірі алмастырып отырады. Бұл олардың энергиялық құндылығына байланысты изодинамия заңдылығына сәйкес жүретін процесс. Изодинамия заңдылығы бойынша 1 г майды 2,3г көмірсу н/е белок алмастыра алады. Ал 1г көмірсуды 1г белокпен алмастыруға болады. Денедегі энергия алмасуын энергия балансын анықтау арқылы зерттейді. Ол үшін организм қабылдаған және бөлген энергия мөлшерін анықтайды. Организмнің азық құрамында қабылдаған энергиясын брутто (жалпы) энергия д.а. Организмге түскен жалпы энергия мен зәр, нәжіс, ашу процесі барысында бөлінген газдар, қабылданған азық пен ішкен суды жылытуға жұмсалған энергия айырмасын нетто-энергия дейді. Демек, нетто-энергия организм тіршілігі үшін жұмсалатын энергия. Брутто энергия мен нәжіс энергиясының айырмасын қорыту энергиясы дейді. Қорыту энергиясы мен зәр энергиясының айырмасын алмасу энергиясы д.а. Алмасу энергиясы организмнің тіршілік әрекетін атқару ж/е өнімдер түзу үшін жұмсалатын рацион энергиясының бір бөлігі.

86. Ор(6)б. Орталық синапс н/е жалғама деп аксон ұшының басқа жүйке торшасының денесімен н/е өсінділермен жалғасқан жерін айтады. Бір аралық не қозғағыш нейрон беткейімен жүздеген, мыңдаған басқа нейрон-р аксон-ы жанасады. Орталық синапстра орналасуына қарай аксосомалық, аксодендриттік ж\е аксоаксолық болып бөл-ді. Егер аксон басқа жүйке торшасының денесімен жалғасса, оны аксосомалық, дендритімен жалғасса, аксодендриттік, ал аксонымен жалғасса, аксоаксолық д.а. Қызметіне қарай синапс-р қоздырғыш ж\е тежеуші болып бөл-ді. Олардың әрқайсысына біраз құрылымдық ерекшелік-р тән. Қоздырғыш синапстар негізінен аксодендриттік болып келеді. Олардың синапстық саңылауы кеңірек (300А шамасында), постсинапстық мембранасы қалың ж\е тығыз болады. Медиаторлар көпіршіктері ірі, дөңгелек пішіндес.Тежеуші синапстардың саңылауы қоздырғыш синапс саңылауынан 1,5-2 есе кем, постсинапстық мембранасы жұқа, медиатор көпіршіктері майда, сопақша келеді. Қоздырғыш ж\е тежеуші синапс-р медиатор-ның сипатымен ерекшеленеді. Қоздырғыш синапс-р қозу толқынын ацетилхолин медиаторын бөлу арқылы таратады. Ацетилхолиннің артық мөлшері холинэстераза ферментінің әсерімен шапшаң бұзылып отырады. Орталық жүйке жүйесінде холинэргиялық синапстар өте кең тараған, олар жұлында, торлы құрылымда, мишықта, қыртыс асты түйін-де, үлкен ми жарты шар-да кездеседі. Қозу берілуі. Синапстар арқылы қозу өтудің екі механизмін айырады: электрлік,химиялық. Ең көп тарағаны химиялық синапст-р, ең азы – аралас синапст-р. Синапстың қай механизмі арқылы қозу өткізетіндігі көп жағдайда синапстық саңылаудың диаметрі айқындайды. Хим-лық синапс-да оның шамасы 10-20 нм-дей. Пресинапстық тоқ саңылауға жеткенде ондағы төменгі кедергіге байланысты жайылып, күші кемиді де, субсинапстық мембранаға оның небәрі 0,0001 бөлігі өтеді. Хим-лық синапста қозудың берілуі хим-лық зат-дың қатысуымен жүзеге асады.

87. Ор (4) ә. Орталық жүйке жүйесінің физиологиялық қасиеттері мен қызметін көптеген әдіс-мен зерттейді. Ең ескі ж\е зертхана мен клиника жағдайында кеңінен қолданылатын әдіс-бақылау әдісі.Бұл әдістің көмегімен көптеген құны мағлұматтар жинақталған. Бірақ организмде жүретін процест-дің, байқалатын құбылыст-дың мәнін терең ұғыну үшін жәй бақылау жеткіліксіз. Орталық жүйке жүйесі қызметін зерттеу әдіс-нің ішінде ертеден қолданылып келе жатқан экспериментальдық әдістің бірі – экстирпация (сылып тастау) әдісі. Мидың белгілі бір бөлік-ін ойып алу арқылы, оларға тән қызметтер анықталады. Экстирпация әдісіне көптеген кемшіліктер де тән. Мидың белгілі бір бөлігі сылынып тасталғаннан соң организмде байқалатын өзгерістер тек сол бөлімнің қызметінің тыйылуымен ғана емес, орталық жүйке жүйесінің біртұтастық қасиетінің жойылуының салдарынан да туындайды. Бұл әдіс қазіргі кезде сирек қолданылады. Орталық жүйке жүйесі қызметін зерттегенде тітіркендіру әдісі де қол-ды. Бұл жағдайда белгілі бір тітіркендіргішпен орталық жүйке жүйесінің нақтылы аймак-на әсер етіп, организм функция-да туындаған өзгеріс-ді бақылайды. Көбінесе, тітіркендіргіш ретінде күші, әсер жиілігі әртүрлі электр тогы қолданады. Тітіркендіру әдісі қазіргі кезде екі нұсқада-жедел ж\е созылмалы тәжірбие жағдайында қолданылады. Орталық жүйке жүйесі физиологиясын зерттеуде электро-энцефалография әдісі (ЭЭГ) маңызды орын алады. Организмнің әрбір тірі торшасы сияқты жүйке торша-на да электро-физиологиялық құбылыс-р тән ж\е торша тыныштық күйден белсенді жағдайға көшкенде онда белгілі заңдылықпен дамитын өзгерістер байқалады. Орталық жүйке жүйесі электрофизиологиясының негізі өткен ғасырдың 70-жыл-да Данилевский мен Кэттон, Сеченов пен басқа ғалым-дың зерттеу-і нәтижесінде қаланды. Қазақстанда нейрофизиология зертханасы Ұлттық ғылым академиясының физиология институында ХХ ғасырдың 70-жыл-да ашылды. Мидың жоғарғы бөлім-нің қызметін зерттеуде Павлов ұсынған шартты рефлекс-р әдісінің маңызы зор. Шартты рефлекстер орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдері қызметінің табиғи бейнесі болып таб-ды, сондықтан оларды бақылау арқылы мидың тиісті бөлім-де жүретін физиологиялық процестер жайлы терең мағлұмат-р жинауға болады.

88. Ор(6)қ. Жүйке жүйесі ішкі ж\е сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру нәтижесінде организмді қоршаған ортаның өзгерген жағдай-на бейімдейді. Сонымен қатар, жүйке жүйесі әртүрлі орган-дың, ұлпа-дың, торша-дың қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Құрылымы. Организмдегі ең қарапайым байланыс түрі «торшадан-торшаға» әсер принципімен қалыптасады. Кез келген торша сыртқы әсерге зат алмасу қарқынын өзгертумен жауап береді. Эволюциялық даму барысында организмнің сыртқы орта әсерлеріне бейімделуі нәтижесінде байланыстың басқа түрі – гуморальдық реттеу тетігі пайда болады. Бұл жағдайда жеке торша-р мен ұлпа-дың физио-лық күйінің өзгеруіне байланысты пайда болған алмасу өнімдері ұлпалық сұйыққа, лимфаға, қанға сіңеді де, осы биологиялық сұйықтар арқылы басқа торша мен ұлпа-дың қызметіне әсер етеді. Организмнің сыртқы әсерге бейімделуінің одан әрі жетілуі нәтижесінде жүйкелік байланыс механизімі пайда болған. Жүйке жүйесі организм реакциясын шапшаңдатады және сыртқы орта әсерінің нақтылы бір мүшеге, н\е мүшелер жүйесіне тікелей бағытталуын қамтамасыз етеді. Эволюциялық қатарда пайда болған жүйке жүйесінің келесі күрделірек түрі- түйінді жүйке жүйесі. Ол былқылдақ денелі-де, құрт-да, буынаяқты-да кездеседі. Жүйке жүйесінің ең күрделі, жетілген түрі – түтікті жүйке жүйесі. Ол омыртқалы жануарларға ж\е адамға тән. Жүйке жүйесінің бұл түрі жүйке торша-ның арнаулы түтікшелердің ішінде шоғырлануы нәтижесінде пайда болады да, ол орталық және шеткей бөлім-ге айқын бөл-ді. Жүйке жүйесінің орталық бөлімін жұлын мен ми құрайды да, шеткей бөлігі жүйке торшаларының өсінділерінен пайда болады. Аталған жүйке жүйесінің негізін – нейрондар құрайды. Филогенездік даму барысында жүйке жүйесі құрылымының өзгеруімен байланысты оның қызметі де күрделенеді.

89. Ор(2)ф. Орталық жүйке жүйесі нейрондар жиынтығынан құралған. Нейрон дегеніміз-дендрит пен аксон бөліктері бар жүйке клеткасы. Орталық жүйке жүйесі-жұлын мен бас миға бөлінеді. Бұл жүйенің ең басты қызметі рефлекс. Рефлекс латыншадан аударғанда «қарсы жауап» деген сөз. Алғашқы рет бұл терминді ғылымға енгізген француз ғалымы Рене Декарт -1644ж. Рефлекс-орталық жүйке жүйесінің сыртқы н\е ішкі тітіркенуге беретін күрделі жауабы. Әрбір рефлекстің өзіне тән рефлекторлық доғасы болады. Рефлекторлық доға дегеніміз тітіркенудің жүретін жолы. Бұл доға бес звенодан құралады: 1. Тітіркенуді қабылдайтын рецептор;2. Тітіркенуді орталыққа жеткізетін афференті жүйке талшық-ы.3.жүйке орталығы.4.қозуды орталықтан эффекторға жеткізетін эфференті жүйке талшық-ы,5.эффектор-жауап беретін орган. Рефлекс болу үшін рефлекторлық доғаның барлық буын-ы қатысуы шарт. Әрбір рефлекстің рецептивтік өрісі болады. Белгілі бір рефлексе қатысатын дененінің аймағын рецептивтік өріс дейді. Орталық жүйке жүйесінде сомалық ж\е вегетативтік жүйке жүйе-нің орталық-ы орналасқан. Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіш-ді қабылдайды ж\е қаңқа бұлшық ет-нің қызметін басқарады, ол оганизмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі орган-дың қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну процес-ін реттейді.

90 – сұрақ Осмостық және Онкостық қысым

Осмостық қысым деп жартылай өткізгіш жарғақтан еріткіштің өтуіне жұмсалатын күшті айтады.Қанның осмостық қысымының мөлщері оның құрамындағы электролит иондарының,белок молекулаларының концентрациясына байланысты.Қанның бұл көрсеткіштерінің мөлшері тұрақты болғандықтан,осмостық өысым да тұрақты,ол 7.7-8.1 атмосфера аралығында сақталады.Қанның осмостық қысымын оның қату температурасы(депрессиясы) арқылы анықтайды.Депрессия сумен салыстырғанда,сұйықтың қату нүктесінің төмендеуін атайды.Қанның осмостық қысымының аз ғана бөлігі оның құрамында белоктардың болуымен байланысты.Қанның осмостық қысымының 60 пайызына жуығы оның құрамындағы NaCL ерітіндісінің үлесіне тиесілі.

Қан белоктарының әсерімен түзілген қысымды онкостық қысым деп атайды.Онкостық қысымының деңгейі аз болғанымен, ол организмде маңызды биологиялық рөл атқарады.Қоректік заттарды сіңіру,ыдырау өнімдерін бөлу,торша аралық сұйық түзу процестері онкостық қысым арқылы реттеледі. Қанның құрамынының тұрақтылығына байланысты осмостық және онкостық қысымдары да тұрақты.Қан тамырларынын қабырғасы электролиттерді жақсы өткізеді,сондықтан олардың концентрациясы қанда,лимфада, және торша аралық сұйықтықта бірдей болады.

Осмостық қысымының деңгейіне қарай ерітінділер уш топқа жіктеледі.Ерітіндінің осмостық қысымы плпзманың осмостық қысымынан тең болса изотониялы;жоғары болса гипертониялы; төмен болса гипотониялы;

91- сұрақ Парабиоз туралы ілім

Н.Е.Введенский 1901 ж өз зерттеу нәтижесінде «Қозу,тежелу,және наркоз» атты еңбегін жариялап,парабиоз туралы теорияны ұсынды. Парабиоз деп тірі ұлпаның күшті немесе үзақ тітіркендіруге тіршілік белгілерін (қозғыштық, өткізгіштік) уақытша, қайтарымды сипатга жоғалтуымен жауап беруін айтады

Парабиоз құбылысының физиологиялық мәнін Н.Е.Введенский ашса,оның шәкіртері бұл құбылыстың табиғатына талдау жасаған.

Бұл теория қозу мен тежелу процестерінің биологиялық мәнін ашып,қозудың тежелуге айналу сырын және соңғы құбылыстарың тіршіліктің тоқтауына соқтырар қауіпі бар екенін көрсетеді.Н.Е.Введенский тәжірибесін бақаның жүйке-ет препаратына жүргізген. Парабиоз сатылары:Тітіркендіру күші мен жауап реакциясы; Теңестіру сатыс;Бұрмалау сатысы; Парабиоз сатылары тіткендіргіштің күшті әсерінен ұлпаларда туындайтын функционалдық өзгерістердің, онымен байланысты өтюзгіштіктің төмендеуі салдарынан дамиды.

Н.Е.Введенский парабиоз туралы ілімі организмдегі бір біріне қарама қарсы қозу мен тежелу процестерінің арасында тығыз байланыс болатынын ашты және бұл екі құбылыстың организмнің тітіркендіруге қайтаратын жауабының екі түрде бейнеленуі екенін айтты.Ол қозғыш ұлпада шектелген, таралмайтын қозу процесі пайда болса,ұлпадағы сандық өзгерістер сапалық сипатқа ие болып,шектен тыс қозу процесінің тежелу процесінің тудыратынын дәлелдеді

92-Пәннің басқа ғылымдармен байланысы

Физиология басқа пәндерге негізгі болып табылады.

Физиология химия мен физикаға, олардың зерттеу тәсілдерін қолданыла отырып сүйенеді.Физиология анатомиямен, гисталогиямен, цистологиямен тығыз байланысты. Ол морфоллогия және физиология құр. үздіксіз б-ты.

Физиология-пәні бұл тірі организмнің қызметті болып табылады. Ол биологиялық ғалымдардың ең маңыздысы. Осы пән организм және оны құрайтын құрылымдардың қызметтін зерттейді.

Физиология-(грек сөзінен физис- табиғат, ал логос ғылым, ілім) бұл біртүтас организм және оны құрайтын құрылымдар да жүретін қызмет пен үрдіс туралы, Организм мен сыртқы ортаның қарым-қатнасын қамтамасыз ететін ғалым.

93. Плазманың құрамы.

Қан плазмасы (қан сарысуы) - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты - қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок); 0,12% глюкоза; 0,7% май; 0,9% тұз болады. Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферменттер, гормондар бар. Плазмадағы нәруыздар (7-8%) 3 топқа бөлінеді: альбуминдер (4,5%); глобулиндер (1,7-3,5 %) және фибриногендер (0.4). Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады. Құрамында фибриноген нәруызы болмайтын қан сарысуы сарысу деп аталады. Қан сарысуы мен сарысудың айырмашылығы: қан сарысуы қаннын сұйық бөлігі, ал сарысу ұйыған қаннан кейінгі сұйықтық (қан ұйығының сығындысы). Альбумин мен глобулин нәруыздары жасушадағы су мен денедегі сұйықтықты реттеуге қатысады. Минералды калий, кальций, магний тұздары болады. Нәруыздар қан ұюына қатысып, плазмаға жабысқақтық қасиет береді. Глюкоза - жасушалар үшін негізгі қуат көзі. Плазмада глюкоза мөлшері 0,04%-дан аз болса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшақеттер жиырылып, құрысады, түйіледі. Глюкозаның концентрациясы тым азайып кетсе, қанайналымы мен тынысалу бұзылып, адам өліпкетуі мүмкін.

94. Пре-, постганглийлік талшықтар, олардың қызмет ерекшешеліктері.

Ганглий — жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының және олардың глия деп аталатын серіктерінің түйіні. Ганглий көптеген омыртқасыздардан бастап адамға дейінгі организмдердің барлығында болады. Ганглийдің соматикалық және вегетациялық деп аталатын екі бөлімі бар, соматикалық ганглийге сезімталдық рецептордың жасушалары, вегетациялық ганглийге қимыл жасушалары жатады. Омыртқалы жанураларда ганглий деп орталық жүйке жүйесінен тыс жатқан жуйке жасушаларды атайды.Ганглийлар жуйесі ағзадағы әртүрлі жуйке құрылымдарын байланыстырады, жүйке импульсінің аралық өңдеуін қамтамасыз етеді және ішкі ағзалардың кейбір функцияларын бақылайды. Вегетативті ганглийлер екі тізбекпен омыртқаның бойында орналасқан. Олардың мөлшері – 0.2 мм ден 1см-ге дейін. Вегетативті ганглийлер барлық ішкі органдардың жұмысын реттейді,, жүйке арқылы өтетін импульстарын жабдықтау және тарату функцияларын орындайды. Омыртқасыз жанурларда әдетте орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) бөліктерін ганглия деп атайды. Оң және сол ганглийларды қосатын талшықтардың жиынтықтарын Комиссура деп атайды. Дене бойындағы ганглийларды қосатын талшықтар жиынтығын Коннектива деп атайды.

95. Рефлекстің жіктелуі.

Рефлекс — ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы. Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р. Декарт. “Рефлекс” терминін жүйке жүйесі физиологиясына чех ғалымы Й.Прохаска енгізді. Рефлекс алуан түрлі болады:1) Биологиялық маңызына қарай: қоректік, сақтану, жыныстық, бағдарлау. 2) Табиғатына қарай: экстерорецептивтік, интерорецептивтік, проприорецептивтік, Экстерорецептивтік – дененің беткейінде, интерорецептивтік – ішкі ағзаларда, ал проприорецептивтік – ет пен буында орналасқан рецептерлорлардың тітіркенуінен басталады. 3) Жүйке орталықтарының орналасу орнына қарай: жұлындық, булбарлық, мезэнцефальдық, диэнцефальдық, қыртыстық. 4) Эфференттік бөлімнің сипатына қарай: сомалық және вегетативтік. Сомалық рефлекстердің эффекторлары дене еттері болса, вегетативтік рефлекстер әртүрлі ішкі ағзалар мен қан тамырларының қызметінің өзгеруімен бейнеленеді. 5) Жауап реакциясының түріне қарай: қимыл-әрекет, сөл бөлу, т.б. 6) Эффекторға әсеріне байланысты: қоздырғыш және тежеуші. Шартсыз рефлекстер – туа пайда болған рефлекстер. Олар белгілі бір жануарлар түріне тән, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Шартты рефлекстер – жүре пайда болған, жеке дарақтарға ғана тән және ұрпақ қуаламайтын рефлекстер.

96.Су жəне минералды заттардың алмасуы

Су мен минеральды заттардың қатысуымен организм тіршілігіне аса қажетті процестер жүзеге асады:ішкі ортаның осмостық қысымының тұрақтылығы,сутектік көрсетуші деңгейі сақталады.Су мен минеральды заттар тірі протоплазманың коллоидтық күйін сақтауға мүмкіндік туғызады,диффузия жəне осмос құрылыстарын қамтамасыз етіп,қоректік заттарды сіңіру,қажетсіз өнімдерді бөлу процестерінде маңызды қызмет атқарады. Су-зат алмасу процесіне қатысатын əртүрлі органикалық жəне бейорганикалық заттардың əмбебап еріткіші.Ол-барлық торшалардың маңызды құрамасы,торшалық алмасуды қамтамасыз ететін орта.

Судың алмасуы. Денедегі судың негізгі қоймасы-бұлшық еттер,онда бүкіл организмдер су мөлшерінің 49%-ға жуығы сақталады.Одан кейінгі орынды тері шелі алады.

Организмде судың үш түрі кездеседі:1)еркін,байланыспаған су.Ол торша мен торша аралық қуыстағы органикалық жəне бейорганикалық заттарды ерітеді;2)байланысқан су,ол коллоидтар құрамына еніп,олардың көпсуіне көмектеседі;3)гидратациялық немесе молекулалардың ішіндегі су,ол органикалық заттар құрамына еніп,солар толыққанды бөлінеді.Организмде су бірде көбейіп,бірде азайып отырады.Соған қарамастан заңның осмостық қысымы əр уақытта тұрақты деңгейде сақталады,себебі торша мен торша аралық сұйық құрамындағы су үздіксіз алмасып,оның мөлшері үнемі реттеліп отырады.

Минералды заттардың алмасуы. Дене органдары мен ұлпалары күлінің құрамында 60-тан астам минералды элементтер анықталған,солардың 45-і тұрақты түрде кездеседі.

Организмдегі минералды заттардың жалпы мөлшері онша көп емес,дене массасының 3,5-4 пайызы шамасында.Минералды заттар организмдегі химиялық реакциялар катализаторлары ретінде маңызды рөл атқарады.

Денедегі мөлшеріне қарай минералды тұздар макро-,микро- жəне ультрамикроэлементтер болып бөлінеді. Макроэлементтер едәуір көп мөлшерде кездеседі,оларға натрий,калай,хлор т.б.элементтері жатады. Микроэлементтер денеде өте аз мөлшерде кездеседі.Оларға темір,мыс,марганец,йод т.б.жатады. Ультрамикроэлементтердің алтын,күміс,селен,радиоактивті элементтер денеде ізі ғана болады.

Натрий негізінен биологиялық сұйықтықтар құрамында кездеседі де,қан мен литваның осмостық қысымын реттеуде маңызды рөл атқарады.Ол қанның буферлік жүйесінің құрамына ене отырып,оның əрекетшіл ортасын қалыпты жағдайда сақтауға көмектеседі.Натрийдің біраз мөлшері органикалық қышқылдармен жəне белоктармен байланысады.Ол ұлпалардағы қозу процесінің туындап,таралуында маңызды рөл атқарады.

Калий -жүректен қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет.Ол жүйке жүйесі мен бұлшық ертең қозғыштығын бəсеңсітіп,кейбір ферменттерді белсендетуге қатысады.Калий иондары қозу толқынын таратуда,ацетилхолин медиаторын түзуде маңызды рөл атқарады.

Хлор -денеде натрий жəне калиймен байланыста болады.Ол қарын сөлі құрамындағы тұз қышқылы түзу үшін қажет.Хлор эритроцит аздығынан оңай өтеді де,газ алмасу процесіне қатысады.Ол қозу процесінің туындауында да маңызды рөл атқарады.

Микроэлементтер- Организмнің өсу,даму процестерін реттеуде,оның əртүрлі ауруларға төзімділікке қалыптастыруда,мал өнімділігін арттыруда үлкен рөл атқарады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 155; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopediasu.com - Студопедия (2013 - 2026) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.