КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Тыныс механизмі химизмі реттелуі 2 страница
71.Қысқаша даму тарихы және ғылым ретінде қалыптасуы Адам мен жануарлар организмінің қызметтері жайлы алғашқы деректерді Көне грек дәрігерлері Гиппократ (б.э.д.460-377ж),Аристотель(б.э.д.384-322ж.),Көне Рим дәрігері Гален (171-200ж)жинақтаған.Ал Орта Азиямен қазіргі Қазақстан жерінде X-XI ғасырда аттары әлемге белгілі ғұлаиалар Әбу Наср әл-Фараби(870-950)мен Әбу Әли ибн Сина(980-1037)өмір сүріп,осы уақытқа дейін құндылығын жоймаған ғылыми зерттеулер жүргізген.Физиология ғылым ретінде ағылшын дәрігері Вильям Гарвей(1578-1657)зерттеулерінің нәтижесінде қалыптасты.1628ж жарияланған «Жануарлардың жүрегі мен қанының қозғалысы жайлы анатомиялық зерттеулер»деген еңбегінде жануарлар организмінде қанның тұйықталған жүйемен артерия және ағуы жүрек жұмысымен байланысты екенің дәлелдеді.Италия ғалымы М.Мальпигидің (1628-1694)артерия мен вена қан тамырларының капилляр арқылы жалғасатының дәлелдеп,қан түйіршіктерінің,терінің,өкпенің,бүйректің микроскопиялық құрылысын ашты.Физиология жайлы 8томдықнұсқауларды алғаш рет 1757-1766 ж Швейцария ғалымыА.Галлер жазды.Ал XIXғасырдың 1-ші жартысында чех ғалымы Г.Прохаска,неміс ғалымы И.Мюллер(1801-1858),орыс ғұламасы А.М.Филомафитский(1807-1849) жазған физиология оқулықтары жарық көрді және ол Ресейдегі эксперименттік физиология негізін қалады.Ресей ғалымы Вальтер жүйке жүйесінің ішкі органдарда,ы процестерге әсерін зерттесе,Басов созылмалы тәжірибелер жүргізу үшін малдыңқарнына көбек(фистула)орнату әдісін ұсынды.И.М.Сеченов (1829-1905)қанның газдық құрамын зерттеу үшін абсорбциомент аспабын ойлап тапты,эритроциттердің оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдаудағы рөлін зерттеп,»Ми рефлекстері»атты еңбегінде психикалық процесстердің миқызметімен байланыст екнің дәлелдеп,орыс физиологиясының атасы деген құрметке ие болды.И.П.Павлов (1849-1936) материалистік физиолгияның басты принциптері-организм мен сыртқы ортаның бірлестігі,организмнің біртұтастығы,физиологиялық функциялардыңарабайланыстарын қалыптастырды.Ол 20жыл бойына ас қорыту процестеріне байланыстыы мәселелерді зерттеп,1897 ж “Негізгі ас қорыту бездерінің қызметі туралы дәрістер”деген еңбегін жариялап,физиология ғылымының классигі деген атққа ие болды.1901ж бастап,өмірінің соңына дейін И.П.Павлов орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімі-ми қыртысының қызметін зерттеді.»Жануарлардың жоғары дәрежелі жүйкелік қызметін обьективті зерттеудің жиырма жылдық тәжірибесі»(1923),»Үлкен ми жарты шарларының жұмысы жөніндегі дәрістер»(1927)еңбектері бар. 72. Лейкоциттік формула, оны клиникадағы маңызы Лейкоциттер немесе қанның қызыл түйіршіктері,эритроциттерге қарағанда ірі торшалар.Денесі торша қабығынан,цитоплазмадан,ядродан тұрады.Қандағы саны эритроциттерден 600-800есе кем,диаметрі 5-20мкм.Олардың қандағы сан мөлшері түлік түріне,малдың физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады.Мысалы:жылқыда 1мм3-де 8мың,ірі қарада-8,қойда-9,ешкіде-10,шошқада-12,қоянда-8,итте-12,тауықта-20мың лейкоциттер болады.Лейкоциттердің саны әртүрлі фактор әсерінен ауытқып отырады,санының көбеюін лейкоцитоз,азаюын-лейкопения д.а.Организмде лейкоциттер қорғаушы қызмет атқарады.Оларға фагоцитоз(фаго-жеймін,цито-торша) құбылысы тән.Әртүрлі қорғағыш денелер түзуге,белокты заттардың алмасуы кезінде бөлінген уытты өнімдерді залалсыздандыруға қатысады.Олардың жалған аяқтары болады.Сондықтан амеба тәрізді қозғалады да,қан саңылауларына еркін мин 40мкмдейінгі жылдамдықпен жылжи алады.Лейкоцит цитоплазмасының құрамында түрлі органикалық заттарды(белок,май,көмірсу)ыдырататын ферменттер кездеседіОрганизмге енген бөгде заттарды тез тауып,қоршайды да,қарбып алып,цитоплазмасында қорытып жіберу құбылысын фагазитоз д.а.Мұны орыс ғалымы И.И.Мечников ашқан.Бір лейкоцит 15-20бактерияны жұта алады.Фагазитоз 4 сатыда жүреді:1-аттракция-лейкоциттердің бөгде заттарға қарай жылжып,жақындауы;2-оккупация-ақ түйіршіктердің бөгде заттарды қоршауы;3-пиноцитоз-Жалған аяқтары арқылы бөгде заттардыцитоплазмаға тарту,қарбу;4-лизис-ферменттердің бөгде заттардың ыдырауы,қорытылуы,еруі.Лейкоциттер 2 топқа бөлінеді:түйіршікті(гранулоциттер) және түйіршіксіз(агранулоциттер.)Түйіршікті лейкоциттер тобына базофильдер,эозинофильдер және нейтрофилдер жатады.Базофильдер дөңгелек пішінді,сілтілік бояулармен боялатын торшалар.Лейкоциттердің жалпы санының 0,3-0,5% құрайды.Құрамында қанды ұйытпайтын гепарин және капиллярларды кеңейтетін гистамин деген заттар жинақталады,қоректік заттарды тасымалдауын трефоциттер д.а.Эозонофильдер-ірі,дөңгелек пішінді торшалар.Түрлі токсиндерді заласыздандырады,бөгде белоктарды ыдыратады.Жалпы санының 1-3% құрайды.Нейтрофильдер-сілтілік те қышқыл да бояулармен боялады.Негізгі қызметі-фавгоцитоз жүргізу және микробтардың дамуын тежейтін заттар бөлу.Түйіршіксіз лейкоциттерге моноцит пен лимфоцит жатады.Моноциттер саны лейкоциттердің 4-8% құрайды.Олар сүйек кемігінде,лимфа түйіндерінде дәнекер ұлпаларда түзіледі.Бұршақ пішінді ірі ядросы болады,цитоплазмасы сұрғылт түске боялады.Лимфоциттер лейкоциттердің 21-35% құрайды.Көгілдір түсті цитоплазмасы,торшаның ауқымды аймағын алып жататын қомақты ядросы болады. 73.Лимфаның (сөл) құрылым қағидалары, түзілуі, құрамымен қасиеттері, айналымы. Лимфа-лимфа тамырларымен лимфа түйіндеріндегі сұйық зат. Ол ұлпалық сұйықтың лимфа капилярларына өтуінің нәтижесінде пайда болады. Лимфа организмді қанмен байланыстырады. Оның негізгі қызметі- белоктарды ұлпа аралық қуыстардан қанға қайтару. Ол организмде суды таратуда,сүт түзуде, ас қорытуда, зат алмасу процестерінде маңызды рөл атқарады. Лимфа жүйесі лимфа тамырларынан, лимфа түйіндерінен, көкірек және мойын өзектеріннен тұрады. Лимфа капилярлары қан капилярларының құрылысына өте ұқсас болып келеді. Лимфа капилярларының өткізгіштігі өте жоғары болғандықтан, лимфа жүйесіне ар түрлі бөгде заттар өтіп кетеді. Олар биологиялық сүзгі қызметін орындайтын лимфа түйіндерінде сүзіледіде, торлы эндотелелийлік торшалардың қатысуымен залалсыздандырылады. Лимфа түйіндерінде лимфоциттер түзіледі. Жұқпалы ауру қоздырғыштары осы лимфа жүйесінде тарайды сондықтан малдәрігері малдың лимфа түйіндерінің жағдайына көңіл аударады. Лимфа – мөлдір, сарғылт түсті сұйық. Түрлі органдардан ағатын лимфаның құрамы әртүлі болады. Мысалы ішекті алсақ. Ішектен шыққан лимфа құрамында негізінен альбуминдер ғана болады да, глобулиндер болмайды. Т.б. Лимфа құрамында белоктар және белокка жатпайтын азотты қосылыстар, глюкоза, гормондар тұздар, ферменттер және антиденелер кездеседі. Құрамы жағынан лимфа белоктары плазма белогына ұқсас, бірақ олардың мөлшері өте аз. Белок мөлшерінің аз болуына байланысты лимфаның тұтқырлығы мен тығыздығ плазмамен салыстырғанда төменрек. Лимфа құрамында хлориттермен бикарбонаттар концентрадциясы көбірек. Лимфада эритроциттер болмайды, аз мөлшерде лимфациттер,моноциттер гранулациттер кездеседі. Лимфа құрамында тромбоциттер болмағанымен фибриногеннің болуына байланысты ол ұйыйды. 74.Мал организміне буаздықтың әсері Буаздық кезеңінде ұрғашы мал организмінде көптеген функционалдық өзгерістер байқалады. Ең алдымен, ішкі секреция бездерінің қызметі өзгереді, олардың өзара байланыстарында ерекшіліктер туындайды. Фолликулалардың дамуы үстінде аналық безден бөлінген эстроген гормоны жатыр еттерінің өсуін күшейтіп, оның кілегейлі қабығында торшалардың көбейе өсуін туындатады. Ал сары денеден бөлінген прогестерон гормонының әсерімен ұрық жатырға бекиді. Бұл гормон жатыр етінің окситоцинге сезімталдығын төмендетіп, жатыр қимылын баяулатады, аналық безде фолликулалардың жетілу процесін, овуляцияны тежейді. Буаздық кезеңінде жолдас та көп мөлшерде эстроген және прогестерон гормондарын бөледі. Сонымен қатар тақ түяқты жануарларда көбею процесін нейрогуморальдық реттеуде түліктік ерекшеліктер де байқалады. Мысалы, биелерде буаздықтың алғашқы айында гипофиздің гонадотроптық гормондар бөлу қабілеті күшейіп, сары дене онша көп белсенділік көрсетпейді. Осымен байланысты биелерде буаздықтың алғашқы айларында аналық безде фолликулалар жетіліп, овуляция процесі де байқалуы мүмкін. Сонымен қатар қанда фолликулалардатүзілетін эстрогендер концентрациясы өседі де, жатырға ішіндегі бластоциста ерекше эсер етеді. Осыдан жатырдың кілегейлі қабығында эндометриялық ойыс деп аталатын арнаулы қүрылым пайда болып, ол уақытша эндокриндік без қызметін атқарады. Бұл құрылым торшалары гонадотропин түзіп, оны қанға бөледі де, қосымша фолликулалардың өсіп-дамуына ықпал етеді. Олар жарылған соң орындарында пайда болган сары денелер көп мөлшерде прогесте-рон гормонын бөледі. Бұл ұрықтың жатырға бекуіне мүмкіндік туғызады. Прогестеронның әсерімен эндометриялық ойыстар бүзылып, жатыр гонадотропинінің бөлінуі тиылады. Буаздықтың 3-3,5 айлық кезеңінен бастап, прогестерон мен эстрогендердің ара қатынасын жолдас реттей бастайды. Буаздықтың алғашқы жартысында ас қорыту ағазаларының қызметі күшейіп, азық жақсы қорытылады, оның сіңімділігі артып, малдың қоңы жақсарады. Бірақ буаздықтың екінші жартысында мал арықтай бастайды. Буаздық кезінде бауырда гликоген көп жинақталып, қан қүрамында бейтарап майлардың, липидтер мен холестериннің концентрациясы жоғарылайды. Буаздықпен байланысты қанның жалпы мөлшері көбейіп, бірақ оның мор-фологиялық қүрамы айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды, қанның ұйығыштығы артып, эритроциттердің түну жылдамдығы шапшандайды, гемоглобин деңгейі көп ауытқымайды, қанда каль-ций мен фосфор мөлшері төмендеп, калий деңгейі жоғарылайды. Іштөлдің мүқтаждығын қамтамасыз ету үшін жүректің жұмысы күшейеді, тыныс жиілейді, бүйрек қызметі артып, зәр мен нәжіс бөлу жиілейді. Желінде де күрделі өзгерістер байқалады. 75.Мал өнімталығын реттеудің жаңа биотехнологиялық тәсілдер Эндокринология мен ұрықтану физиологиясының қазіргі кезде қол жеткен жетістіктерін мал өнімталдылығын артыру мақсатында тиімді қолданудың биологиялық жүйесін биотехнологиялық деп атайды. Сыртқы ортаның әртүрлі қолайсыз факторлары, жыныстық айналым кезеңдерінің физиологиялық мәнін дұрыс пайдаланбау малдың қысыр қалдыруына соқтырып, оның өнімталдылығын төмендетеді. Малды дер кезінде шағылыстыру, оның күтімі мен қоректену жағдайларын жақсарту арқыл мұндай жайтарды жойып, тіршілік қабілетті зор төл өсіруге болады. Мал өнімталдылығын арттырудың тиімді тәсілдері физиология, биохимия, эмбриогенетика, биотехнология жетістіктерін пайдалану негізінде ғана қалыптастырылады. Бұл тұрғыда болашағы мол бірнеше бағытты атап өтуге болады. 1. Ұрғашы мал өсімталдылығын әртүрлі гормондар препараттарын –гонадотропиндерді, прогрестагендерді, простагландиндер және олардың синтетикалық аналогтарын қолдану негізінде реттеу тәсілдерін табу. Бұл бағытта малды жасанды жолмен күйлету, оның шағылысу сәтін реттеу арқылы төлдеу мен ұрықтану кезеңдерінің арасын қысқарту, буаздық ерте анықтау, төлдеу мерзімін реттеу сияқты тәсілдерді тиімді пайдалану қажет. Белгілі бір ретпен гормондарды егу арқылы жыныстық қызметтегі ауытқуларды жоюға, жыныс ағзаларның физиологиялық күйін бағыттауға, сүттену процесін реттеуге болады. Прогрестагендер мен простагландиндерді қолдану арқылыкөп малдың күйлеу мерзімін үйлестіріп оларды бір мезгілде ұрықтандыруға мүмкіндік тудыруға болады. Бұл мал өнімін өндіру процесін сұранысқа ыңғайлап өзгертіп отыруға мүмкіндік береді. Шағылыстыру және ұрықтандыру процестерін қолайлы кезеңдерде ұйымдастыру үшін малдың күйтке келетін мерзімін алдын ала болжап отыру қажет. Буаздықты ертерек анықтаудың да маңызы зор. Оны қан құрамындағы прогестерон мөлшеріне қарап немесе радиоиммунологиялық әдіс арқылы анықтауға болады. Туу мерзімін реттеу малға дәрігерлік көмекті көрсету ісін жоспарлау, дәрігерлік шараларды дұрыс ұйымдастыру үшін де қажет. 2. Малдың, әсіресе қойдың, егіз тууын арттыру арқылы өнімталдықты жақсарту. Бұл мақсатта жыныстық айналымның фолликулалық сатысында гонадотропиндер егу тәсілі қолданылады. Малдың қоңын жақсарта отырып, бұл препараттарды орынды қолдана отырып төлді 1,5 есе көп қолданылады. Бұл әдісті қазіргі кезде сиырлардың етті тұқымынан егіз төл алуда көптеп қолданылады.Айта кететін жайт бұл тәсілді бақылаусыз және жорықсыз қолдану пайда бермейді, керісінше зиян келтіреді, яғни мал басының ұсақталып кетуіне мал сапасының төмендеуіне себепші болады. Сол себептенде бұл әдісті асыл тұқымды шаруашылықтар қолдануға болмайды. 3. Эмбриондарды аударып қондыру. Бұл жағдайда жоғары өнімді бағалы ұрғашы мал ұрықтары құндылығы төмендеу малға арнаулы операция арқылы аударылып отырғызылады. Бұл бағыттағы тәжірибелер алғашқы кезде фолликуладан овуляция алдында алынған ұрықтанбаған аналық жыныс торшаларын алмастырып отырғызудан басталады. Қазіргі кезде негізінен ұрықтанған жұмыртқаларды аударып отырғызылады. Транплантация екі түрлі болады: хирургиялық және хирургиялық емес болып жүргізіледі. Хирургиялық әдісті қолданылғанда малдың бүйірін тіліп, ішін жарады да зиготаны аз ғана физиологиялық ерітіндімен пипетка немесе арнаулы түтікше көмегімен жұмыртқа жолына немесе жатыр мойына шайып түсіреді. Бластомер сатысындағы ұрықтарды жұмыртқалық жолға,ал одан кеш даму сатысындағы ұрықты жатыр мүйізіне отырғызады. Екінші әдісті қолданғанда еш операциясыз жыныс жолға жіберіледі. Эмбрионды трансплантациялау қолдан ұрықтандырудан айырмасы-ол мал басын генетикалық тұрғыдан аталық ізбен емес аналық ұямен жақсартуға бағытталған.Транплантация әдісі өте күрделі, бірнеше сатыда жүреді. Ол үшін аналық донорларда суперовуляция тудырып, оларды қолдан немесе табиғи жолмен ұрықтандырады. Содан соң ұрықтанған жұмыртқаларды шайып алып, олардыңөміршеңдік қабілетін және эмбрион жынысын анықтағаннан соң, жыныстық айналымы донормен үйлестірілген реципиент жатырына ауыстырылып қондырылады. Бұл әдісті қолданудың физиолгиялық негізі- ұрықтың біраз мерзім аралығында жатырға жабыспай еркін жүзіп жүруінде. Сондықтан белгілі бір уакыт аралығында бластоцитаны рецепиент жатырына отырғызуға болады. Эмбриондарды тоңазыту арқылы бұл әдістің қолдану шеңберін кеңейте түсуге болады. 4. Жыныс торшаларының өзімен, ядроларымен амалдар. Бұл жағдайда ооциттер мен грааф көпіршіктерін оранизмнен тыс жасанды ортада жетілдіріледі де, жұмыртқаны ұрықтандырылып, эмбрионды немесе жеке бластомерлерді реципиенттерге қондырады. Бұл әдіс әзірше зертханаларда сыналуда. Оны түбегейлі іске асыру жыныстық жетілмеген немесе кездейсоқ жағдайда өліп кеткен құнды сиырлардан жетілген жұмыртқаларды көп мөлшерде алуға мүмкіндік береді. Жұмыртқалар энуклеациялау және оларға тұлға торшалары ядроларын отырғызу әдісінің де зор болашағы бар. Бұл жағдайда жұмыртқалар ұрықтанбай дамып, өсірілетін төлдер сырт белгілерімен генетикалық негізі жағынан бірдей болып, генетикалық біртекті ұрпақ өседі. Аталған әдістерді жетілдіру және кеңінен қолдану жануарлардың өнімталдылық қабілетін толық пайдалануға көбею процесінің биохимиялық табиғатымен эндокриндік реттелу құпияларын тереңірек түсініп, тиімді пайдалануға мүмкіндік берді. 76.Гормондарды мал шаруашылығында қолданудың физиологиялық негіздері Гормондар торшалардағы зат алмасу процесін бағыттай отырып, олардың өсіп-дамуын, жіктелуін қамтамасыз етеді, көбею, қоршаған орта жағдайларына бейімделу процестерін реттейді, гомеостазды сақтауға мүмкіндік туғызады. Гормондар медиаторларға торшалық, молекулалық, гендік деңгейде ықпал етеді. Осымен байланысты организмнің гормондық статусы мен оның өнімділігінің арасында тығыз байланыс қалыптасады. Әртүрлі гормондарды қолдану арқылы организмдегі зат алмасу процесін белгілі бағытта өзгерте отырып, малдың өнімділігін: салмақ қосуын, сүттілігін, жүнділігін, өнімталдығын, жұмыртқалағыштығын, т.б. арттыруға болады. Қазіргі кезде эндокринология, биохимия, биотехнология жетістіктері гормондарды мал шаруашылығы мен мал дәрігерлік жұмыстарда тиімді пайдалануға шексіз мүмкіндіктер беріп отыр.Гормондардың практикада қолданылуы биотехнология жетістіктеріне байланысты. Әрине, гормон препараттарын малдың өнімділігін, өсімталдығын арттыру мақсатында қолданғанда олардың әрекетінің түлік түріне, малдың жасына, физиологиялық күйіне байланысты өзгеретінін, экзогендік гормондардың қайтарымды байланыс принципімен эндокриндік бездер қызметіне тежеуші әсер ету мүмкіндігін ескерген жөн. Олардың нысана ағзаларға қосалқы әсерінің сипатын жан-жақты зертеу де қажет. Эндокринология саласындағы ғылыми жетістіктер мал шаруашылығы мен мал дәрігерлік жұмыста гормондарды мына бағыттарда пайдалануға болатынын көрсетті. 1. Бордақы жас малдың (бұзаулар мен торайлардың) өсіп-жетілуін анаболизмдік немесе гипогликемиялық әсері бар гормондық препараттармен (андрогендер, эстрогендер, инсулин, соматотропин) жандандыру. Бұл мақсатта ұлпаларда белоктардың түзілуін арттырып, олардың ыдырауын бәсеңдететін аноболизмдік эсері басымырақ стероидты препараттарды пайдаланған тиімді. Анаболиктерді емдік мақсатта пневмония мен диспепсиядан жазылған бүзауларға қолданған да жөн. 77.Малдың жыныстық жетілуі Жыныстық жетілу деп жыныс ағзаларының құрылымы мен қызметі жағынан толық жетіліп, организмнің ұрпақты жалғастыруға деген қабілетінің қалыптасқан мерзімін айтады. Жыныстық жетілу организмнің жеке дамып-өсу кезеңінде кенеттен, күрт қалыптаса салатын жағдай емес, керісінше, ол белгілі бір мерзім ішінде эндокриндік статустың бірте-бірте өзгеруінің нәтижесінде туындайтын күй. Жыныстық жетілу процесін реттеуде орталық жүйке жүйесі, атап айтқанда, гипоталамустың преоптикалық аймағы, бадам-шалық ядролар, жүйе қатысады. Жыныстық жетілу кезінде мидың әртүрлі бөлімдерінде, ең алдымен, гипоталамуста, гормондардың әсерімен жыныстық басымдылық пайда болады. Осының нәтижесінде малда тиісті мінез қалыптасады. Сондықтан организмнің гормондық статусына байланысты малдың жыныстық белсенділігі өзгеріп отырады. Жыныстық жетілу мерзімі түлік түріне, малдың түқымдық ерекшеліктеріне, күтіп-бағылу, азықтандырылу деңгейіне, климат жағдайларына байланысты болады. Ұрғашы жануарларда, аймен санағанда, ол мына мерзіммен сипатталады: Шамамен, осындай мерзім ішінде аталық малда да жыныстық жетілу байқалады. Әртүрлі жануарларда физиологиялық жетілу мерзімі, аймен санағанда, мына төмендегі көрсеткішпен бейнеленеді: Ұрғашы мал аталық малмен, шапшаң өсетін мал тұқымдары баяу өсетін малмен салыстырғанда, ертерек жетіледі. Малдың қоректену деңгейінің, күтімінің жақсы болуы оның жетілу мерзімін қысқартады. Малдың шаруашылықта пайдалану мерзімі оның тұқымдық құндылығына, жасына байланысты. Жылқы ұрпақтану қабілетін 18-20, ірі қара 12-14, қой 7-8, шошқа 7-10 жасқа дейін сақтайды. 78. Медиатор -қозу процесін таратуды қамтамасыз ететін химиялық зат. лимфоидты торша өсінділерінен шығатын заттар.Торшалардың заты бөлек субстанциялар маңына орналасуын қамтамасыз етеді. Медиаторлар қан ферменттерінің жүйесіне (кининдар, комплемент жүйесі) жатады немесе медиатор торшаларының (мес торшалар, базофилді, нейтрофилді лейкоциттер, тромбоциттер, моноциттер макрофагтар) өнімдеріне жатады. Қан медиаторларына өте тез аллергия туғызатын заттар жатады. Торша иммунитетінің медиаторлар (лимфокиндер) лимфоциттерде түзіледі, әртүрлі торша жүйелеріне әсер етеді,қызметі организмнің түрлі қорғаныс реакциясын күшейтеді.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 181; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |