КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Завальна діана 2 страница
Қазіргі таңда саяси қатынастардың қолданбалы модельдеуі жүйеліктің есепке алынуымен және компьютерлік техниканың қолданылуымен көптеген мемлекеттердің ғылыми орталықтарында қолданылады. Алайда, бұл салада біріншілік АҚШтың орталықтарына, соның ішінде Солтүстік – Батыстық, Стэнфордтық, Чикаго және Калифорниялық университеттеріне, Массачусетік технологиялық университетерге тиесілі. Ерекше танымалдыққа ие болған аталған орталықтардың қызметкерлері ұсынған ішкі саяси болжамдардың модельдері (ең алдымен халықаралық шиеленістер), кейбір қателіктері мен олқылықтарына қарамағанда, бұл тәсіл зерттеулік тапсырмаларды орындауда таптырмас үлгі бола алады. ХХ ғ 90 жж саяси теорияның институционалдық және нормативтік бөлімдерінің зерттелуі барысында модельдеу әдісінің қайта кең қолданысқа ие болуы күтпеген жағдайлардың бірі болды, себебі алдыңғы он жылдықтарда танымалдығы бойынша модельдеу бірінші кезекте эмпериялық мағлұматтардан алынатын бихевиористік зерттеулерге қарағанда анағұрлым артта қалған еді.
13. Cаяси тəжірибедегі эксперттік қорытындылардың рөлі және олардың маңызы Экспе́рттік қорытндылар —мамандар пікірлері негізінде мәселеге баға беру үрдісі. Эксперттік қорытындылардың түрлері Екі тобын ажыратады: · Жеке(индивидуалды) – бір-бірінен тәуелсіз жеке эксперттер пікірлерін қолдану негізінде жасалады. · Ұжымдық – эксперттердің ұжымдық пікірі негізінде жасалынады. Бірлескен эксперттік қорытынды жеке э.қ-ға қарағанда дәлірек және объективті. Эксперттік баға берудің бірнеше әдістерін қарастырады: · Ассоциациялар әдісі. Басқа объектпен қасиеттері ұқсас бір объектті зерттеуге негізделеді. · Бинарлы салыстыру әдісі. Эксперттің екі альтернативті нұсқаларды салыстыру арқылы барынша ықтимал нұсқасын таңдау · Таңдаулы векторлар әдісі. Эксперттің барлық альтернативті нұсқалардан ең ықтималын таңдау. · Фокальды объекттер әдісі. Зерттелетін объектке кездейсоқ алынған аналогтардың қасиеттерін беру негізінде жасалады. · Жекелеген эксперттік сауалнама. Интервью алу немесе эксперттік пікірлерге талдау жасау.Эксперттердің сұрақтарға жауап беруі, анкета толтыру жүргізіледі, эксперт өз пікірін қорытынды ретінде жеке құжат етіп жазады. · Орта нүкте әдісі. Екі альтернативті нұсқадан орта баға, қорытынды шағарып, 3 альтернативті вариант табу. Эксперттік баға берудің этаптары: 1. Зерттеудің мақсатын қою 2. Зерттеудің формасын таңдап, бюджетті анықтау 3. Ақпараттық материалдарды, анкета дайындау 4. Эксперттерді таңдау 5. Экспертизаны өткізу 6. Нәтижелерді талдау 7. Эксперттік баға нәтижелерімен есептеме дайындау Мақсатты қойған уақытта мәселенің нақты ағдайлары, уақыты, ішкі-сыртқы шектеулерін анықтау қажет. Зерттеудің формасын таңдаған кезде оны да бірнеше түрге бөліп қарастырады. · Тікелей немесе жанама(очный, заочный) · Процедураны өткізу санына байланысты бірқадамды көп қадамды · Эксперттер санына байланысты шексіз, шектеулі.тб Аса танымал әдістерге Дельфи әдісі(көптеген жекелеген эксперттердің анонимді баға беру негізінде ұжымдық қорытынды шығару), ми штурмы(шығармашылық белсенділікті ынталандыру негізінде мәселені оперативті шешу жолы, ол кезде қатысушыларға мәселені шеудің барынша көп шешімдерін,тіптен фантастикалық шешімдерін айтуға ұсынады)жатады. Эксперттерді таңдау кезінде эксперттің бұл мәселеге жеке қызығушылығының болмауын ескеру қажет. Ол үшін Шар әдісі қолданылады, яғни аса құрметті маман бірнеше маманды ұсынады, олар өз кезегінде өз жақсы мамандарын ұсынып, қажетті коллектив жиналады.Экспертизаны өткізу уақытында эксперттерге қысымды болдырмауға (эксперт көпшілік пікірге қарсы болғысы келмеуі, авторитетті адамға қарсы сөз сөйлей алмауы тб) тырысу қажет. «ХХІ ғасырда адамзат дамуының маңызды факторы ретінде ақпарат пен ақпараттық технологиялар болып табылады. Әлемдік ақпараттық технологиялық революция жер шарындағы саясат, экономика, әлеуметтік өмірді радикалды түрде өзгертті. Бұл өзгерістердің жағымды жақтары баршамызға белгілі. Ақпараттық технологиялық прогресспен байланысты потенциалды қауіптерге ақпараттық терроризм, жеке өмірге араласу, ақпараттық қылмыс, ақпараттық соғыс, ақпараттық технологиялардың қару ретінде пайдалану жатады. Барша мемлекеттерде жаңа айбаттарға қарсы тұрудың құқықтық базасын қамтамасыз ету, оның ішінде ақпараттық технологияларды тек заңды қолдану мен халықарарлық ақпараттық қаіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен ұлттық заңнамаларды бірыңғайландыру жауапкершілігі жатыр. Сонымен қатар ұлттық және халықаралық ақпараттық кеңістікті қолдану регламентациясы сөз еркіндігі мен ақапаратқа қолжетімділік секілді демократияның негізгі принциптеріне қарсы тұрмауы керек» Ресей Федерациясы Мемлекеттік Дума Федералды Жиналысының Халықаралық мәселелер Комитеті Төрағасы Д.Рогозин
14. Когнитивті карталау түсінігі. Когнитивті карталау негізі Когнитивті картирлеу әдісі әдетте психология саласында қолданады, ішкі саясат пен халықаралық қатынастарды зерттеуде шешім қабылдаушы тұлғалардың реалды жағдайға қандай көзқараста екенін білу үшінде тиімді әдіс. Саяси процестердегі тұлғалық фактор ролін анықтау мәселесі бірнеше рет саяси көшбасшылықтың түрлі теориялары негізінде және саяси өмірбаяндардың салыстырмалы анализі жолымен қарастырылған. Персоналды саяси ойлаудың қолданбалы зерттеулері арасында ұлкен ғылыми танымалдылыққа ие болған – О.Холсти еңбектері. Р.Мертонның 20 ғ.-дың 40 жж. айтылған персоналды ойлаудың тұрақты сипаттамаларының маңыздылығы туралы идеяларын дамыта отырып, О.Холсти саяси өмір туралы индивидуалды түсінік классификациясын ұсынды. Мұны ол түрлі саяси қайраткерлердің ойлау қабілетін салыстыруға болатын ерекше опереациялық кодты анықтау негізінде жасады. Когнитивтік карталау әдістемесін қолдану техникасы Когнитивтік психология концепциясына сәйкес қолданбалы әдістеменің негізгі ұғымы болып «сұлба» (карта) саналады. Когнитивтік картада адам санасындағы ақпаратты жинау, өңдеу және сақтаудың жоспары(стратегиясы) көрініс табады. Және сәйкесінше оның өткені, қазіргісі және болашағы жөнінде көзқарастарының негізі қалыптасады. «Когнитивтік карта-бұл ортаның саналық көрінісі. Когнитивтік карта ақпаратты қабылдап, анализін бағыттайды». Өзінің формасы бойынша когнитивтік карта- себептік байланыстардың өзгерістік байланыстар арасындағы графиктік бейнесі, өзгерістік нүкте түрінде келтірілсе, арасындағы байланыстар бағдар ретінде белгіленеді. Когнитивтік карталардың индивидуалды және топтық(бірнеше индивидуалды карталардың бір тұтас картаны құру мақсатында үйлестіру,мыс.: саяси партияның фракциялары) түрлері бар. Когнитивтік карталау өзге қолданбалы әдістемелер секілді бағытталған немесе бағытталмаған болуы мүмкін. · Бағытталған когнитивтік карталау кезінде персонацияланған мәтіндік ақпараттың анализі кейіннен зерттеушімен түсіндірілетін және мәтін авторына (мыс.: бұрынғы тарихи тәжірибеге сүйену дағдысы, болжамдық тұжырымдармен түсіндіру, дағдарыстық жағдайларда қатаңдық пен комформизмді таныту) белгілі бір ойлау сипаттамаларына әкеліп шығарады. · Бағытталмаған нұсқасын қолдану барысында мәтін авторы пайдаланатын «құндылықтар жиыны» (негізгі ұғымдар тізімі) анықталады, оның ұғымдарды өңдеу кеңдігі мен тереңдігі, сонымен қатар логикалық құрылымдар мен эмоцианалды ұстанымдардың қолданылуы бағаланады. Әдістемені қолдану кезеңдері 1. бірінші кезең – бұл сараптамалық өңдеудің объектісі болатын ақпараттық база құру мен материалдарды іріктеу болып табылады. Когнитивтік карталау әдістемесі жағдайында нақты қайраткерге, кейде қайраткерлер тобына қатысты мәтіндік ақпараттарды таңдау жоспарланады. 2. екінші кезеңінде біріншіден, саяси қайраткер қолданатын негізгі ұғымдарды анықтау қарастырылады, екіншіден, олар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, үшіншіден, бұл байланыстардың маңыздылығы мен «тығыздығын» бағалау. Ол үшін нақты тұлғаның мәтінін оқу барысында (сөз сөйлеуі) схема-график (когнитивтік карта) салынады. 3. үшінші кезеңі графикалық схеманың ерекшеліктерін сипаттайтын сандық есептермен байланысты. Квантификация нұсқалары түрліше құрылады және не графаның биіктіктерін қарапайым соммалау не олар арасындағы байланыспен шектеледі, немесе олардың рангтары, казуалды детерменизмі,бір биіктікке кіретін немесе шығатын байланыстар мен өзге ерекше техникалардың дифференциациясын жүргізеді. 4. төртінші кезеңде когнитивтік картадағы сипаттамаларының нәтижелерін интерпретациялау жүзеге асырылады. Ол жиілік критерийі бойынша анықталатын орталық каузалды тізбекті орнатудан басталады: неғұрлым түйінге кіретін және шығатын бағдар саны көп болса, соғұрлым автор қолданған түсінік мәтінінің жиілік сипаттамасы жоғары болады. 5. бесінші кезеңінде әдетте шыққан нәтижелердің верификациясы жүргізіледі. Ол өзге орындаушылармен зерттеу рәсімін қайталау жолымен немесе қолда бар ақпаратпен жаңа деректерді критикалық салыстыру негізінде жүргізілуі мүмкін. Аналитикалық жұмыс нәтижелерінің сәтті верификациясы жағдайында олар нақты қолданбалы жобаның қорытынды құжатында жазылып, саяси тәжірибе саласында практикалық қадамдар дайындауда жеке дара немесе аралық негізге айналуы мүмкін.
15. Қазіргі таңдағы Сириядағы тұрақсыздық мәселелері: ситуациялық анализ және SWOT-талдау (Арыстанбек) 16. Статистикалық талдау әдісі. Диплом жұмысының тақырыбы шеңберінде мысал келтіру (ГҮЛБАНУДЫҢ МЫСАЛЫ) Статистика элементтері қоғам өмірінде әрқашан кездеседі, ал оларды күнделікті оқиғалар жиынынан бөліп алу шеберлігі саяси әлем туралы біздің түсінігімізді айқындайды. Мұндай стандартталған мәліметтердің ауқымы статистикалық ауқымға өзгертілуі және кесте немесе графикалық схема түрінде көрсетілуі мүмкін. Қолданбалы статистикада зерттеу обьектісі ретінде бақылаулар мен зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынған статистикалық мәліметтерқарастырылады. Статистикалық мәлімет- обьекттер(бақылаулар,жағдайлар) мен оны сипаттайтын белгілердің(ауыспалы) жиынтығы. Мысалы, зерттеу обьектісі- елдер болса, оның нышандаоры ретінде географиялық: орналасқан континенті, аумағының үлкендігі, теңіз деңгейінен орташа биіктігі, орташа жылдық температура,т.б. және оның жағдайын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштерді қарастырамыз: тұрмыс деңгейі бойынша дүние жүзіндегі орны,ЖІІ көлемі, білімге, әскерге, денсаулық сақтау саласнда кететін шығындар көлемі, жұмыссыздық пен сауаттылық деңгейі,өмір сапасы индексі, өмір ұзақтығы,т.б. Статистикалық және тағы басқа да сандық мәліметтермен жұмыс жасау барысында көбінесе өлшем категориясына жататын түсініктер қолданылады.Соның ішінде, статистикалық талдау әдісі барысында басым қолданатын ұғымдарға,өлшемдерге тоқталып кеткен жөн. · Орта сан- бір категорияға жататын бақылауға алынған элементтердің барлық сандық мәндерінің қосындысын категорияға енгізілген барлық элементтердің жалпы санына бөлу арқылы табылатын жалпыланған көрсеткіш.Орта сан әдетте дағдыдан тыс тым жоғары немесе тым төмен көрсеткіштердің әлдебір қалыпты деңгейін бағалау үшін қолданылады. · Пайыздар – осы көрсеткішті алу үшін белгілі бір ерекшелігі бар элементтер санын бұл категорияға жататын барлық элементтер қосындысына бөліп, жүзге көбейту керек.Әдетте «қай дәрежеде, неше есе...» сияқты біркелкі салыстыруларда қолданылады.Заңдылық(мода) – ең көп оқиғалар кездесетін категория. Оны қайталанатын мәндерді іздеу арқылы анықтайды. · Жиілік – зерттеліп жатқан топ немесе категорияға кіретін түрлі объектілер санын көрсетеді. · Үлес – пропорция. Санның біркелкі шамасын одан да үлкен шамамен салыстыруда қолданылады. · Дәреже – қандай да бір оқиға қайталануының санын оқиғалардың барлық ауқымымен салыстыру. Сандық мәліметтермен жұмыс істеу барысында көбінесе статистикалық терминдер қолданылады: корреляция, стандартты ауытқушылық, көрсеткіш мәні және т.б. Зерттеу обьектісін бірнеше сандық немесе сапалық белгілері бойынша өлшейтін болсақ, обьекттің статистикалық мәліметтері ретінде вектор шығады. Мұнда координат сандар, ал басқа бөлігі сапалық ақпараттар болады. Статистикалық әдіс- статистикалық мәліметтерді талдау әдісі болып табылады. Бұл әдістер адамның барлық қызмет салаларында қолданылады деуге болады. Ғылыми және қолданбалы статистиканың үш түрін бөліп қарауға болады(нақты мәселеге байланысты қолданған тәсілдердің ерекшелік деңгейіне қарай): 1. Қолдану саласындағы ерекшеліктерді ескермей жалпы баға беру әдістерінжасау мен зерттеу 2. Нақты құбылыс пен процестің статистикалық моделін белгілі бір сала талаптарымен сәйкестендіріп жасау мен зерттеу 3. Қолданбалық мәселені шешу үшін нақты мәліметті статистикалық талдау мақсатында статистикалық модельдер мен тәсілдерді қолдану. Статистикалық талдау әдісі көбінесе даму тенденциясын анықтау мен оны болжау жасау мақсатында қолдануда өзектілігі басым.
Берілген статистикадан МЕРКОСУР елдерінің Латын Америкасы елдерімен, НАФТА, өз ішінде, БРИКС елдерімен импорттық қатынастар басым екендігін аңғаруға болады. Ал экспорт бойынша Латын Америкасы, өз шеңберінде, НАФТА, БРИКС басым. Бұл МЕРКОСУР-дың өз территориясына жақын елдермен, сондай-ақ аймақпен экономикалық, сауда қатынастары дамып келе жатқандығын көрсетеді. Осыған қарай отырып, МЕРКОСУР-дың қазіргі таңда валюталық ұйым құруға ұмтылысын оң бағалауға болады. Себебі белгілі бір аймақта валюталық ұйым құру үшін өзара сауда қатынастары 60-70% болу қажет. Демек, МЕРКОСУР тұрғысынан прогресс байқауға болады.
17. Диплом жұмысындағы проблематика. Диплом жұмысы тақырыбының маңыздылығы 18. PEST-талдау əдісі халықаралық жағдай тенденцияларын бағалау әдісі ретінде (Диплом тақырыбы негізінде бір мысал келтіру) 19. (10, 28) Саяси жағдайлар мен үдерістерді зерттеудегі ивент-сараптама. ИГИЛ және Сирия әскерлерінің арасындағы қақтығыстар: ивент-талдау 1. Зерттеу объектісі: Сириядағы ИГИЛ террористтерімен мемлекеттік әсерлер арасындағы қақтығыстар. 2. Акторлар: ИГИЛ, Аль-Каида, Сирия, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Иордания, Канада, Франция, Марокко, Түркия, БАӘ, Бахрейн, Катар, Сауд Аравиясы, Иран. 3. Уақыт параметрлері: 30 маусым 2014 жыл-11 наурыз 2016 жыл. 4. Іс-әрекет түрі: вербальды; физикалық. 5. Ақпарат көздері: БАҚ, Интернет
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 93; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |