КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Завальна діана 1 страница
Ндістан Неғұрлым ірі өзендері: Ганг, Инд, Брахмапутра, Годавари, Кришна, Нарбада, Маханади, Кавери. Олардың көпшілігінің егіншілік үшін маңызы зор. Ірі көлдері аз, олар негізінен шығу тегі мұздық немесе тектоникаллық таулы аудандарда орналасқан. Ең үлкені — Кашмир жазығындағы Вулар көлі. Өзендерінің кейбіреулерінде кеме қатынасы бар. Негізгі табиғи ресурстары: тас көмір, темір, мыс, хром кентастары, боксит, алтын, марганец, мырыш, қорғасын, мұнай, табиғи газ, алмас. Үндістанның “Испат Интернэшнл” компаниясы Қарағанды металлургия комбинатын, бірқатар көмір кеніштері мен электр энергиясы нысандарын өз басқаруына алды. Пәкістанда металлургия, газ, мұнай өңдеу, цемент шығару өндірістері жақсы жолға қойылған. Бангладеш Ганг, Брахмапутра, Мегхна өзендерінің бастауында орналасқан.металлургия, мұнай өңдеу, цемент және тыңайтқыш шығару, кеме жөндеу өндірістері жақсы жолға қойылған. Көліктің басты түрі – өзен жолы. Пайдаланымдағы су жолының ұзындығы 4,5 мың км. Бутан Шығыс Гималайдың биік тау аңғарларында, Брахмапутра өз. бойында орналасқан Непал Непал жері таулы келеді. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 қатар тау жотасы созылып жатыр, аралықтарында үлкен аңғарлар мен қазаншұңқырлар бар. Н-дың солт. және шығыс шекараларында әлемдегі ең биік шыңдар Джомолунгма (Эверест, 8848 м) және Канченджанга (8585 м) тұр.Өзендерінің (Ганг алабы) ағыны қатты, су құламалары көп. Ірі өзендері: Карнали, Гандак, Коси, Багхмати. Шри-Ланка Шри-Ланка жері негізінен жазық. Оңтүстіктің баспалдақты таулы-қырат (ең биік жері – Пидуруталагала тауы, биіктігі 2524 м), оңтүстік-батыс бөлігін аласа Раквана тауы (биік жері Гонгала тауы, 1359 м) алып жатыр. Жағалауы негізінен аласа, маржанды рифтермен қоршалған, лагуналар көп. Оңтүстік және шығыс жағалауы қойнаулы келеді. Пайдалы қазбалары – графит, асыл тастар, фосфат, гранит, мрамор, темір кентасы, монацитті құм. Өзендері қысқа, бірақ суы мол, гидроэнергия қорына бай. Ірі өзендері – Махавели, Калу, Келани.мұнай айыру, цемент з-ттары, мата тоқу, киім тігу және аяқ-киім ф-калары, металл өңдеу, т.б. өнеркәсіп орындары бар. Сыртқа шай, табиғи каучук, киім, кокос пальмасы өнімі, асыл тастар (негізінен сапфир) шығарады. Мальдив Республикасы Үнді мұхитында орналасқан Мальдив аралдары құрамында 2 мыңнан астам ойпатты, шағын аралдар — атолдар бар. Мальдив аралдарында 1 300 аралдар бар, соның шамамен 202 аралында халық қоныстанған. Ауғанстан Ауғанстан территориясы Иран таулы қыратының солтүстік-шығысында орналасқан. Елдің көп бөлігін таулар мен олардың арасындағы алқаптар алып жатыр.[14] Елдің солтүстігінде Бактрия жазығы орналасқан, оның ішінде Қарақұмның жалғасы болып табылатын құмды-сазды шөл жатыр. Оның оңтүстігі мен шығысын таулы жүйелер көмкеріп жатыр: Сафедкох (=Ақ таулар) және Сиахкок (=қара таулар) деген жоталардан тұратын — Паропамиз және Гиндукуш таулары. Оңтүстігінде Орта-ауғандық таулар мен Газни-Қандағар қыраты орналасқан. Батысында, Иранмен шекаралас, Наомид (=үмітсіздік шөлі) үстірті мен Систан ойпаты жатыр. Елдің қиыр оңтүстігін Гауди-Зира ойпаты, Дешті Марго (=өлім шөлі) сазды-тасты шөлі, Гармсер және Регистан құмды шөлдері алып жатыр. Гиндукуштың батысында биіктігі 3000-4000 м Хазараджат таулы қыраты бар. Пәкістанмен шекаралас аумағында елдің ең биік нүктесі — Ношак тауы орналасқан (биіктігі 7492 м). Индке құятын, Кабулдан басқа, өзендердің барлығы ағынсыз. Олардың ішіндегі ең ірілері — елдің солтүстік шекарасымен ағатын Әмудария, жер суаруға алынатын Герируд, және Систан ойпатына Фарахруд, Хашруд, Харутруд өзендерімен бірге құятын Гильменд, олар тұщы сулы Хамун көлін құрайды. Өзендер негізінен қар суымен және мұздықтар суымен қоректенеді. Жазытықтардағы өзендердің суы көктемде молайып, жазда тартылып қалады. Таулы өзендердің гидроэнергопотенциалды қасиеті бар. Көп аудандарда жер асты сулары сумен жабдықтау мен суару көзі болып табылады.Ауғанстанның жер асты қойнауы пайдалы қазбаларға бай, бірақ шеткері таулы аймақтарда орналасқандықтан оларды өндіру өте қиын. Тас көмір мен бағалы металлдар кені, берилл, күкірт, тұз, мәрмәр, лазурит, барит, целестин кендері бар. Мұнай, табиғи газ, гипс кен ошағы кездеседі. Мыс, темір, марганец ен орындары зерттелген. Кабулдың жанындағы Айнак мыс кені, Еуразиядағы ең ірі кен ошағы болып саналады (кен қоры 240 млн т., құрамы 2,3% (2006 ж. бағалау)). Және Кабулдың маңында Хаджигек темір кен орны бар (кен қоры 428 млн т., құрамы 62-68%), ол оңтүстіказиялық аймақтағы ең ірісі Ауғанстан өнеркәсібін су электр стансалары мен әскери-механикалық зауыт сияқты бірді-екілі кәсіпорындар құрайды. Солтүстік шекарасында газ құбыры тартылған. Тас көмір мен цемент өндіріледі Оңтүстік Азиядағы энергетикалық мәселе бойынша ынтымақтастық СААРК шеңберінде 2000 жылы басталды. Энергетика бойынша Комитет құрылды. 2004жылы маңызды сала ретінде көңіл бөлініп, арнайы жұмыс тобы құрылды. Энергетика министрлерінің бірінші кездесуі кезінде (2005жылы) энергоүнемдеу, энерготиімділікті арттыру бойынша жұмыс істейтін эксперттер тобын құру туралы шешім қабылданды. Эксперттер тобы «жол картасын» жасады. СААРК 13-саммитінде Исламабадта СААРК энергетика орталығын құру туралы шешілді. Негізгі мақсат – энергетикалық ресурстарды дамыту, аймақтағы энергетикалық сауда, қалына келетін және балама энергия көздерін дамыту. Азиялық даму банкімен бірге ынтымақтаса отырып, сауда мәселесі қарастырылды. 10. Саяси жағдайлар мен үдерістерді зерттеудегі ивент-сараптама Зерттеу жүргізуде мамандарды оқиғаны зерттеуден кейін туындаған жеке жағдайлар туралы ақпарат жиі қызықтырады. Мысал ретінде әскери әрекеттер нәтижесінде туындаған жағдайлар, революция, көтерілістер, террорлық әрекеттер мен дипломатиялық демарштар, мемлекеттік төңкерістер мен партиялардың белсенділігін айтуға болады. Осындай жағдайларда келіссөздерде жақтардың ұсыныстарының өзгергені, шиеленіс қатысушыларының талаптары мен басқа да маңызды оқиғалар туралы жалпы фактологиялық деректер қолдану жеткілікті болса да, өте көп саяси үдерістердің аспектілері сыртқы бақылаушылар үшін жабық күйде қалады. XX ғ. 60 жылдары американдық зерттеуші Т.Чилли жұмысының ықпалында назарды белгілі бір оқиға шеңберінде жақтардық өзара әрекетін құрайтын оқиғаның қарқынды жиілігі мен деңгейіне тоғыстырды. Бұл әдіс “ивент-сараптама” немесе “жағдаятты сараптама” деген атауға ие болды. Және ол қазіргі таңда әр түрі нүсқада жүзеге асырылады. Ивент- сараптама қолданылған жобалар зерттелетін оқиға түрі, қарастырылатын акторлар саны, уақыт параметрлері бойынша ерекшеленеді. Берілген мәліметті жүйелеу мен өңдеу келесі белгілер бойынша орындалады: ✓ Субъект-инициатор (кім) ✓ Сюжет (не) ✓ Объект (кімге қатысты) ✓ Оқиға күні (қашан) Алғашқыда ивент-сараптама әдісі АҚШтағы толқулар кезінде зорлықтың ұжымдық деңгейінің вариативтілігін оқыту құралы ретінде қолданылды. Осыған орай тәжірибелер экономика мен саясатқа қарсы жаппай-социалды тәртіпсіздіктер туралы әр жылғы мәліметке сүйенеді. Ивент- сараптаманы қолданудың мақсаты экономикалық құлдырау мен жаппай тәртіпсіздіктің үйлесімділігін анықтау болды. Тарихшылар және әлеуметтанушылармен жүргізілген қолданбалы жобалар шеңберінде оқиға туралы ақпаратты қайта жазу(кодировка) ережесі, мұрағаттан алынған ақпаратты басшылыққа алу ережесі жасақталды. Ивент-сараптама қолданылған жұмыс қорытындысы көтерілістер мен жаппай толқулар саяси жүйенің барлық тобының тепе-теңдігін бұзу туралы куәландыратын тезисті бекітті. Қазіргі таңда ивент-сараптама кең ауқымға ие –әскери шиеленістерді зерттеу, саяси зорлық көрсету, жаппай қимылдар мен көтерілістер динамикасы. Әдіс әр түрлі оқиғаларды сараптауға мүмкіндік береді. Ивент-сараптама зерттеу техниканы бірыңғай тұтас ретінде қарағаннан гөрі саяси жағдайдың өзгеру сипаты туралы ақпаратты көбірек қолданады. Ивент- сараптама әдісін қолдану техникасы Ивент- сараптама әдісі жеке елдер мен халықаралық аренадағы болып жатқан ахуалдың негізгі тенденциясын анықтау мақсатымен оқиғаның қарқындылығын байқауға негізделген. Ең алдымен сараптамалық қорытындыға “төменнен” көтерілу болса, кейінірек барлық үлкен мәнділікке нормативті моделдер ие болды. Бірақ екеуі де қазіргі зерттеу тәжірибесінде қолданылады. · Бірінші жағдайда зерттеуші үдерістің қандай элементін маңызды деп белгілейтінін алдын ала анықтамайды, яғни бақылаудың негізгі объектісін ғана анықтайды. · Екінші жағдайда ақпаратты жинайды.Бұл мақсатта үдерістің немесе жағдайдың элементтерінің қайсысы зерттеу үшін көбірек маңызға ие екені алдын ала анықталады. Бірақ зерттеудің екі түрінде де бақылаулар тығыз үйлеседі. Ивент-сараптама әдісін қолданудың негізгі кезеңдері 1. Ақпаратты жинақтау. Ақпараттың қайнар көзінде әр түрлі мәліметтер қолданылады: ресми есептер, хабарламалар,жаңалықтар, статистика т.б. Бірақ барлық деректер бір-бірімен сәйкесу керек. Мәліметтер деңгейіне назар аудару керек. Жалпы жинақталған дәлелдердің ”толықтық” және “ жеткілікті ұстанымын” ұстап түру өте маңызды. 2. Фактлер мен құбылыстың жіктемелік жүйесін құру болып табылады. “Кім оны жасайды:өздері\басқалары” ұстанымымен мәліметтерді топтастыру. Негізгі мәселе бақылаудың бірлігін анықтау болып табылады.Негізгі зерттеу мақсатына байланысты бақылау бірлігінің екі түрі белгіленген: · Іс-әрекет субьектісі-свои/чужие · Іс-әрекет түрі-Физикалық және вербальды · Іс-әрекет мақсатына байланысты-дұшпан \бейтарап\әріптес. 3. Матрициялық жіктемені толтырудың қорытынды есебі. Осында туындайтын мәселенің бірі- сандық көрсеткіштерден жағдайдың сапалық бейнесін тұжырымдауға ауысуы. Объективті себеп салдарынан саяси өзара әрекет санатының сапалылығын анықтау үшін арқа сүйеуге болған дәл цифрлар- шындығында болмайды. Салыстырмалы маңыздылығын анықтауды қолданған абзал, егер жағдаятты ақпаратты қолдануда мәліметтердің статистикалық өңделгенін іске асыру керек болса.Мысалы палестина-израиль шиеленісі кезінде жаулық әрекеттің динамикасын талдап, 2004 ж сәуір қақтығыстары қандай үлесті құрағанын (яғни барлық қарулы әрекет санынан) анықтауға болады. 4. Әр түрлі уақыт кезеңінде оқиғаның түрі мен оның аспектілерін сипаттайтын сараптамалық салыстыруды жүргізу болып табылады. Ивент- сараптау жұмысы шеңберінде жағдаятты мәліметтерді салыстыру келесі негіз бойынша жүргізіледі: • бір уақытта әр аймақта өткен оқиғаны салыстыру (мысалы әр түрлі елдердегі ауыл тұрғындарының жаппай толқулары); • бір аймақтағы әр түрлі уақыт кезеңінде өткен оқиғаны салыстыру (мысалы 1830ж, 1930ж, 1968ж Франциядағы көтерілістер); • екі немесе одан да көп уақыт кезеңінде әр түрлі аймақтағы оқиғаларды салыстыру (Приднестровье, Тәжікстандағы шиеленістерді реттеу) • Оқиғалар уақыты мен оның бірізділігін дәл анықтаған тарихи салыстырмалық сараптама. 5. Қорытынды қадамында алынған қорытындының тексерісі(верификация) жүреді. Сараптамалық жұмыстың қорытындысын сәтті бекіту қолданбалы жобаның қорытынды құжатында жазылады. Методологиялық таңдау әрқашан зерттеудің алдыңғы кезеңінде жүреді және ол мақсатқа байланысты. 11. Компаративті (салыстырмалы) əдіс. Диплом жұмысының тақырыбы шеңберінде мысал келтіру (ТОЛҚЫН МЕН ГҮЛБАНУДЫҢ МЫСАЛЫ БАР) Салыстырмалыәдіс — бұлекінемесеодандакөпобъектілерді (үрдістерді, зерттеунәтижелерінжәнет.б.) бір-бірімен салыстыру мақсатында ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсететін әдіс. Аталмыш әдіс барлық салаларда қолдану жағынан әмбебап болып келеді, әрі ғылыми зертте әдістеріне жатқызылады. Кез келген салыстырмалы зерттеу келесі кезеңдерден тұрады: 1) деректерді іріктеу мен сипаттау; 2) ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау мен сипаттау; 3) эксперименттік гипотеза түріндегі элементтер арасындағы байланыстарды құру; 4) Гипотезалардың кезектегі тексерілуі; 5) кейбір негіз салушы гипотезаларды “мойындау”; Компаративті әдіс келеі үрдістерге қол жеткізуге көмектеседі: 1) кез келген сала туралы білім жүйесін дамыту, жетілдіру; 2) себеп-салдарлық байланыс тұрғысынан үрдістерге, институттарға, құбылыстарға және т.б.баға беру; 3) оқиғаларды, тенденция мен салдарларды болжау. Компаративті әдіс (мысал). Дипломдық тақырып: Барак Обама әкімшілігі тұсындағы ОА мемлекеттері мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастар: салыстырмалы талдау. Дипломдық жұмысқа сәйкес Барак Обама әкімшілігінің екі кезеңдеріне салыстырмалы талдау жасау.
Анализді талдай отырып, МЕРКОСУР мүшелік құрамы аз болғандығына қарамастан, аймақтағы негізгі ұйымдардың бірі екенін аңғаруға болады. Қызметі жағынан Рио тобынан әлдеқайда ерекшеленеді. Рио тобының ерекшелігі – мүшелік құрамының басымдығында әрі қызметі жалпы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. МЕРКОСУР басты статистикалық көрсеткіштерге ие екендігін байқаймыз.
12. Моделдеу статусы-əдістемелік құрал ретінде. Моделдеудіңғылыми инструмент ретіндеқолданылуы. Саясаттызерттеудегімоделдеу мен жүйелілік. Саясатты зерттеуде модельдеу ерекше орынға ие. Модельдеудiң саясатты зерттеу құралдарының арасында жетекшi орынға ие болуы - оның тек iс жүзiндегi экономикалық және әскери-техникалық сфераларындағы қол жеткiзген жетiстiктерiнде ғана емес, сонымен қатар, XX ғ. екiншi жартысындағы ғылыми жобалардың аналитикалық-болжамдық ориентациясының өсуiмен түсiндiрiледi. Модельдеу- таным теориясының маңызды категориясының бiрi. Модельдеу идеясы төңiрегiнде ғылыми зерттеудiң әр әдiсi негiзделедi. Мәселен бұл әр түрлi белгiлер мен абстрактылық үлгiлер қолданылатын теориялық зерттеулер болса да немесе заттық үлгiлердi қолданатын эксперименталды зерттеу болса да барлығының негiзi модельдеу идеясында жатыр. Модельдеу түрлері: 1. Логикалық-интуитивті модельдеу. Мазмұнды үлгілерді формализациялау және квантификациялау. 2. Эмперикалық 3. Нормативті модельдеу. Құрылу тәсiлi жағынан модельдер эмпирикалық (мәлiметтер гипотезаға сай жиналады) және нормативтi (бiр немесе бiрнеше теориялар негiзiнде құрылады). Модельдер масштабына және логикалық деңгейлерге сәйкес макро- мен микромодельдерге бөлiнедi. Бiрiншi жағдайда шынайы саяси құбылыстың абстрактiлi және жалпылама бейнесi қарастырылса, екiншiсiнде оның бөлек аспектiлерiне назар аударылады. Модельдердiң басқа да классификациясы бар, мәселен,көрсеткiштер квантификациясының денгейiне тәуелдiлiгiне сәйкес, саяси мiнез-құлық типтерiне байланысты, динамикалық статусқа сай және т.б. Қолданбалы саяси модельдеуде ерекше көзге түсетiн: детерминизмге (зерттеу жүйесiнiң мiнез-құлқын сипаттайтын теңсiздiк пен теңдеу формуласымен ұсынылады) ұшырай алатын математикалық модельдер; оптимизация модельдерi (белгiлi бiр шектеулерде максималданатын немесе минималданатын мәлiметтерге ие), сонымен қатар, мүмкiндiктер (орта мәндi пайданың максимизациялау талпынысына негiзделген шешiмi бар теңдiк пен теңсiздiк формуласы арқылы айқындалады).Бірақ осы модельдермен жұмыс істеген жобаны атқарушы адамдардың жоғарғы деңгейдегі математикалық дайындығын көрсетеді және модельдеумен салыстырғанда белгілі бір спецификаға ие. Саяси білім сферасына қатысты модельдеу арнайы әдістемелік құрал-саймандар жиынын қарастырады. Оның ішіндегі ең бастысы жүйелік тәсіл. Бұл тәсіл тек объекттің өзін ғана емес, сонымен қатар, оның қоршаған ортасын да зерттеуге мүмкіндік береді. Жүйелі тәсіл модельдеуде Д.Истонның ғылыми қолданысқа енгізген саяси ықпалдастық кешенінің негізгі құрылымдық сипатын көрсететін графикалық сызбасы арқылы кең қолданысқа ие болды. Көп жағдайда жүйелік тәсіл әр түрлі гуманитарлық зерттеулердің әдіснамалық базасы ретінде танылады. Осы себепті, жүйелік тәсілді қолдану барысында зерттеуші бақылаудағы құбылыстың (ахуалдың немесе үдерістің) ең маңызды мәселелерін анықтауы қажет. Екіншіден, жүйеге қолдау көрсететін немесе жүйеге қатысты талаптар қоятын акторларды (жетекші және екінші реттік) анықтау қажет. Үшіншіден, ықпалдастықтар сараптамасын өткізу (шешім қабылдау үдерісі). Төртіншіден, нақты ықпалдастықтың барлық жүйесінде пайда болатын проблемаларға қатысты салыстырмалы түрде эффективтілігін анықтау үшін саяси қызметтің нәтижелерін сараптау міндетті. Бесіншіден, зерттеуде бақылаудағы құбылыстың өзгеру ортасына қарай «жауап реакциясын» – ың сараптамасын да қосу қажет. Жүйелік тәсілдің тізбектілігі сақталған жағдайда, әрбір бес кезеңінің аналитикалық үдерістері біріктірілген модельдің арнайы блогын құру фактісіне әкеліп соғады, ал ол болса кезекте көптеген эмпериалық шартталған элементтердің пайда болуына әкеледі. Осыған байланысты, аналитикалық әдіс ретінде эмпериялық мәліметтерді модельдеу түрі тағы да бір өзгеше сипатқа ие, атап айтқанда қатаң немесе салыстырмалы түрде жеңілдетілген нұсқамадағы жүйелілік
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 66; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |