КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Организация как основа современного менеджмента. Жизненный цикл организации 2 страница
Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. 21.Құн заңы. Ақшаның концепциясы металдық, номиналдық, сандық Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен өлшенеді. Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді. Ақшаның осы заманғы концепциясы (XVII-XVIII) ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды: яғни · металдық · номиналдық · сандық теорияларна байланысты болады. Ақшаның металдық теориясы - капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде, әлемдік ақша ретінде таныды. Оның негізгі өкілдері «меркантелистер» мектебінің өкілі. Томас Мэн мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды. «Ақшаның номиналды теориясының - негізгі ерекшелігі мынадай деді - ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ». Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және американ экономисті Пол Самуэльсон. Ақшаның сандық теориясының-негізін қалаушылыр ағылшын экономисті Дж. Локк пен Д. Рикардо. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Яғни ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деді. Ең алғаш - қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң кезінде 1769 жылы пайда болды. 23.Ақшаның пайда болу тарихы. Ақшаның атқаратын қызметі,мысалдар Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршығы, аң терісі, мал мен алтын, тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметті барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс алады. Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон–Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған. Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің «банкнот» деп аталатын қағаз ақшаларын шығара бастады. Ақшаның атқаратын қызметтері. 1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді. 2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет 3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады. 4. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды. 5. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады. Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады. 24.Тауар-ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың пайда болуы. Нарық, айырбас, айналым категориялары өте тығыз байланысты және күнделікті тұрмыста көп кездеседі. Қоғамдық еңбек бөлінісі қызмет пен еңбек өнімдерінің айырбасталуына мүмкіндік туғызады. Бұған байланысты айырбас барлық экономикалық дәуірге кіретін экономикалық категория болып табылады. Айырбастың ең көп тараған формасы - бартер. Бартер - бір тауардың екінші тауарға ақшасыз айырбасталуы (Т-Т). "Айырбас" пен "тауар айналымы" арасында айырмашылық бар. Тауар айналымы - жанама түрде ақша мен тауар айырбасы (Т-А-Т). Олай болса тауар айналымы ақша айналымымен байланыста болады. Алайда көптеген жыл көлемінде тауар айналымы кездейсоқ құбылыс деп ұйғарылды. Тек ол қазіргі жалпылық сипатқа ие болған кезде ғана нарық жүйесінің дәлелін қарастыруға болады. Бұл 6-7 мың жыл бұрын болған. Алғашқы кезеңдері нарық деп - адамдар тауарлар мен қызметтердің айырбасын жүргізетін жерді атаған. Тауар өндірісі қоғамдық еңбек бөлінісінің кеңінен дамуына байланысты. Нарық әркелкі, сондықтан оны әртүрлі жақтарынан оқьп үйренуге болады. Нарықты сату - сатып алу көзқарасы жағынан қарастырсақ, ол ұсыныс пен сұраныс және өндіруші мен тұтынушы арасындағы өзара арақатынас сферасы деуге болады. Ал экономиканы ұйымдастыру жағынан қарастырсақ, ол экономиканы қалыптастырудың қоғамдық формасы болып табылады. Нарық қатысушылардың позициясы жағынан оны шаруашылық субъектілері арасындағы қоғамдық байланыс деп айтуға болады. Нарық - экономикалық ұйымдасқан қатынастар жүйесі. Ұдайы өндірістің барлық салаларында өндіру, тұтыну, бөлу, айырбастау, сату- сатып-алу арқылы жүзеге асырылатын жүйе. Нарық келесідей маңызды қызмет атқарады: Біріншіден, қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни "не, қалай, кім үшін өндіру керек?" мәселелері шешіледі; Екіншіден, өндіруші мен тұтынушы арасында байланыс қалыптасады. Нарықтың әрбір қатысушысы бір мезгілде әрі сатушы, әрі сатып алушы болып табылады. Ол өміріне қажетті немесе өндірісіне қажетті тауарды сатып алады да, осы нарықта өзі өндірген өнімді, немесе мүлікті, не болмаса жұмыс күшін сатады; Үшіншіден, нарық арқылы өндіріске кеткен шығындарды айқындауға болады. Нарық тек не өндіру ғана екенін анықтамайды, сонымен қатар қоғамға қажетті өнімді алу үшін қанша шығын жұмсайтынын айқындайды. Егер шығын деңгейі жоғары болса, онда өнімді сатып ала алмайды және өнім алдағы уақытта өндірілмейді. Дәлірек айтқанда, нарыққа шығындарын жаба алатын және бағалары қолайлы тағайындалған тауарлар шығады; Төртіншіден, нарықтың маңызды қызметі - бағаны белгілеу. Баға сұраныс пен ұсынысқа қарай ауытқып отырады. Егер тауардың қандай да бір көлемі сұранысты жоғарылататын болса, онда баға төмендейді, оған сәйкес өндіріс пен ұсыныс та төмендейді. Керісінше, жоғары баға өндірісті кеңейтеді.Бұл өсулер тепе - тең баға қалыптасқанша жалғаса береді; Бесіншіден, нарық өндірушілерді дифференциалдайды. Бәсеке кезінде шығыны нарықтық бағадан төмен фирма өмір сүре алады. Бұл кезде фирма пайда таба алады. Егер жұмсаған шығындар нарықтық бағадан асып кететін болса, ол бос шығындалуға алып келеді. Өндірушілердің дифференциясы тиімді фирмалардың дамуына, ал тиімсіздерінің жойылуына алып келеді. 25.Нарық инфрақұрылымы.Нарық,нарық түрлері. Нарық, айырбас айналыс-бұл категориябар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық - қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі. Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді. Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар. · сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады. · экономиканы ұйымдастыру формасына қарай – нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды. · рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы. Рынок (нарық)– бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі. Қазіргі нарық инфрақұрылымсыз, яғни көмекші салалар мен ұйымдарсыз мүмкін емес. Нарық инфрақұрылымы - бұл нарық қатынастарының сәтті жұмыс істеуін қамтамасыз ететін коммерциялық және мемлекеттік фирмалар мен мекемелердің жиынтығы. Нарық инфрақұрылымының үш түрін ажырату қабылданған: тауар, қаржы және еңбек нарығы. Тауар нарығының инфрақұрылымы биржалық емес сипаттағы делдал фирмалары, жәрмеңкелермен, аукциондармен, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарымен, тауар биржаларымен ұсынылған. Қаржы нарығының инфрақұрылымы өзіне валюта және қор биржаларын, банктерді, сақтандыру компанияларын және қорлады қосады. Еңбек нарығының инфрақұрылымы өзіне еңбек биржасын еңбекпен қамту қызметі мен кадрларды даярлау мен жұмыс күшінің миграциясын реттеуді және т.б. қосады. 26.Нарықтың атқаратын қызметтері.Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері Нарық - экономикалық ұйымдасқан қатынастар жүйесі. Ұдайы өндірістің барлық салаларында өндіру, тұтыну, бөлу, айырбастау, сату- сатып-алу арқылы жүзеге асырылатын жүйе. Нарық келесідей маңызды қызмет атқарады: біріншіден, қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни "не, қалай, кім үшін өндіру керек?" мәселелері шешіледі; Екіншіден, өндіруші мен тұтынушы арасында байланыс қалыптасады. Нарықтың әрбір қатысушысы бір мезгілде әрі сатушы, әрі сатып алушы болып табылады. Ол өміріне қажетті немесе өндірісіне қажетті тауарды сатып алады да, осы нарықта өзі өндірген өнімді, немесе мүлікті, не болмаса жұмыс күшін сатады; Үшіншіден, нарық арқылы өндіріске кеткен шығындарды айқындауға болады. Нарық тек не өндіру ғана екенін анықтамайды, сонымен қатар қоғамға қажетті өнімді алу үшін қанша шығын жұмсайтынын айқындайды. Егер шығын деңгейі жоғары болса, онда өнімді сатып ала алмайды және өнім алдағы уақытта өндірілмейді. Дәлірек айтқанда, нарыққа шығындарын жаба алатын және бағалары қолайлы тағайындалған тауарлар шығады; Төртіншіден, нарықтың маңызды қызметі - бағаны белгілеу. Баға сұраныс пен ұсынысқа қарай ауытқып отырады. Егер тауардың қандай да бір көлемі сұранысты жоғарылататын болса, онда баға төмендейді, оған сәйкес өндіріс пен ұсыныс та төмендейді. Керісінше, жоғары баға өндірісті кеңейтеді.Бұл өсулер тепе - тең баға қалыптасқанша жалғаса береді; Бесіншіден, нарық өндірушілерді дифференциалдайды. Бәсеке кезінде шығыны нарықтық бағадан төмен фирма өмір сүре алады. Бұл кезде фирма пайда таба алады. Егер жұмсаған шығындар нарықтық бағадан асып кететін болса, ол бос шығындалуға алып келеді. Өндірушілердің дифференциясы тиімді фирмалардың дамуына, ал тиімсіздерінің жойылуына алып келеді. 27. Өтпелі экономика және оның негізгі сипаттық белгілері. Өтпелі экономика типтерін өту процесстерінің сипаты мен ауқымы бойынша айырады. Өтпелі экономиканың ғаламдық және локалды типтерін бөліп қараймыз.Ғаламдық адамзаттың бір дәуірден екінші дәуірге өтуімен байланысты:индустриалдық дәуірге дейінгі индустриалдық Постиндустриалдық; осылардың арасында локалдық өтпелі процестер жүзеге асады: дәстүрлі экономикадан әртүрлі нарықтық экономикаға өту.Өтпелі экономиканың сипаттық белгілері: 1.инерциялы экономика;Қоғам мен оның экономикасы қысқа мерзімде өзінің сипатын,түрін және жағдайын өзгерте алмайды. 2. Өтпелі экономиканың тұрақсыздығы;кез келген ең жаңа экономикалық түр мен қатынастар тез жойылады. 3. Өтпелі экономикадағы ескі және жаңа экономикалық элементтер,түрлер, бөлшектердің бір мезгілде болуы;мемлекеттік меншік түрімен бірге жеке меншік пайда болаып,ол әртүрде байқалады.Сөйтіп аралас меншік түрі пайда болады. 4. Өтпелі экономиканың тарихилығы;өту белгілі бір тарихи мерзім кезінде және белгілі мемлекетте болады. 5. Өтпелі экономиканың өзіне тән арнайы құбылысы,тіршілігі,ерекшелігі бар;Себебі барлық әледік қауымдастықтағы елдер әртүрлі даму баспалдағында болып,экономикалық жүйенің әртүрлі моделін қолдануда. 28.Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту кезеңдері. Қазақстан қазіргі кезде нарықтық экономиканы дамытуға бағытталған құрылымдық реформаны қамтитын бағдарламаны жүзеге асыруда. Қазақстандағы экономиканы реформалау процесі 1991 жылы желтоқсанда тәуелсіздікті жариялағаннан кейін күшейе түсті. Сол сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін бірнеше реформалар іске асырылды: 1. 1992 жылы қаңтарда-бағаны ырықтандыру; 2. 1993 жылы қаңтарда қабылданған Конституция; 3. 1993 жылы сәуірде-Ұлттық жекешелендіру бағдарламасы; 4. 1993 жылы қарашада – ұлттық валюта-теңге; 5. 1993-1994 ж.ж. дағдарысқа қарсы бағдарлама; 6. 1995 жылы ҚР Конституциясында жеке меншікті мойындау; 7. 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша-несие саясатын жүргізу, индикативті жоспарлар; 8. 1997 жылы қазан – Қазақстанды дамытудың 2030жылға арналған даму стратегиясы; Еліміздің 2030 жылға дейінгі мерзімге белгілеген басты жеті бағыты мыналар: ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік 1. ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамды нығайту 2. инвестицияның жоғарғы деңгейінен және ішкі қаражатпен нарықтық экономика негізінде экономиканы көтеру 3. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жақсы тұрмысы 4. Энергетикалық ресурстар және инфрақұрылым 5. Кәсіпқой үкімет 6. Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күрес. Өз экономикасын қайта құрудағы өте күрделі мәселелерді шешуге аяқ басқан Қазақстанның бастан кешкен қиыншылықтарын ескермеуге болмайды. Ол жеке меншік сектордың жоқтығы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап сауда ауқымындағы монополиялар, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сатып алу және несиелер мен мамандандырылған банкілерді мақсаткерлікпен бөлісуге дейін ескі құрылымға қоса макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттілігі. Мұның сыртында экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік нарықпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың нарықтық қатынастарға барабар ойлау жүйесі болмаған. 29. Қазақстан-2030 Стратегиясының басымдықтары Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: · Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды. · Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды. · Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау. · Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды. · Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 84; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |