КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Р жекешелендіру мен мемлекеттендіру. 2 страница
Кәсіпкерлік табысты, бір жақтан, кәсіпорынның табысын бөлудің қорытынды нәтижесі деп, екіншіден, кәсіпкерлік қабілеттердің нәтижесі болғаны үшін сыйлық төлем деп қарауға болады. Кәсіпкерлік табыс қарыз процентімен салыстырғанда алдынала көрсетілген шама емес, ол нақты кәсіпкердің іс-әрекетіне тәуелді болады. Сан жағынан кәсіпкерлік табыс жалпы пайдадан қарыз процентін, сапықтарды және бюджетке жасалатын басқада төлемдерді алып тастағаннан соң қалған калдығы болып табылады. Қызмет етуші кәсіпкерлердің табыстарының көлемі, алу әдісі және пайдалану бағыттары жағынан әр түрлі болады. Кәсіпкерлік табыстың құрамы: Қалыпты пайда — кәсіпкерге осы бағытта қызмет еткені үшін төленетін ақы. Осы пайда фирманың ішкі шығындарына жатады. Егер осы пайда фирманың тұрақтылығын қамти алмаса, онда кәсіпкер өзінің іс-қимылын бизнестің басқа пайдалы бағытына аударады, немесе, басқа фирмада жалақы алуды жөн көріп, кәсіпкерлік қызметтен бас тартады. Қалыпты пайдадан артық түскен табыс,немесе, экономикалық (таза) пайда. Бәсекелік (статикалық) экономика жағдайында таза пайда нөлге тең болар еді. Статикалық экономика деп өзгерістер орын алмайтын экономика түсініледі, мұнда шығындар, ресурстар ұсынысы, сұраныс және табыстардың керсеткіштері тұрақты болады.
84. Адам Смиттің көрінбейтін қол нарығы. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру және оларды ақшаның көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарықтық экономиканы дамытудағы бәсекенің мәнін XVIII ғасырда ағылшынның кемеңгер экономисі Адам Смит әйгілі «көрінбейтін қол» қағидасында ашып көрсеткен. Адам Смит бойынша бәсеке механизм іспеттес, сол арқылы жеке көзқарастар мен экономикалық тиімділік қалыптасады, салалар арасында игіліктердің тиімді бөлінуі жүзеге асады, пайда мөлшері теңеледі. Адам Смит бәсекені рыноктың «көрінбейтін қолы» деп атаған және сол арқылы өзінің экономикалық пайдасы түріндегі өз бас пайдасын ойлаған жекелеген адамдардың талпынысы жалпы қоғамның игілігіне айналады. Бәсекенің негізгі қызметі пайда процент нормасы, баға және т.б экономикалық реттеуші көлемін анықтауда болып табылады. Рыноктық экономика қызмет етуінің механизмі үш басты принципке негізделеді: • маржиналдық (шекті) талдау; • балама талдау шығындары; • экономикалық рационалдылық. 85. Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде. Нарықтық экономика – бұл тауарлар және қызметтердiң сатып алу-сату жөнiндегі экономикалық қатынастардың жүйесi, ол әлеуметтiк-экономикалық мәселелер шешiмдерің тиiмдi қамтамасыз ететiн меншiк, еркiн бәсеке және баға белгiлеудiң барлық формалары, плюрализм шартындағы қазына арқылы iске асады. Нарықтық экономикаға инфрақұрылым қажет, ол өзара байланысты мамандандырылған ұйымдардың жүйесi, тауарлар, қызметтердiң өзара байланысты ағындарының, қазына, бағалы қағаздар және жұмыс күшінің жағдайы жайлы мәселелер жиынтығы. Мысалы, тауарлық нарықта сауда биржасы, көтерме және бөлшек сауда кәсiпорындары, делдалдық қызметпен шұғылданатын фирмалар және т.б жұмыс iстейдi. Нарықтық инфрақұрылым – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нарықтағы қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер жүйесі. Оның құрамы: - ұйымдық база – биржа, жабдықтау-өткізу, делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар, т.б.; - материалдық база – көлік құралдары, қойма, ыдыс шаруашылығы, ақпараттық жүйелер, т.б.; - несие-есеп айырысу базасы – банктер, басқа да несие-қаржы мекемелері. Биржа (лат. bursa — әмиян) — сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны. Биржалар 15 — 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы Биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам Биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты Биржалар тауар Биржасы, қор Биржасы, валюта Биржасы, еңбек Биржасы, т.б. болып бөлінеді
86. Ақша реформасы,себебі,мәні және әлеуметтік салдары. Ақша реформасы - ұлттық валютаны нығайту, ақша айналысын реттеу мақсатында елдің ақша жүйесін қайта құру. Ақша реформасының түрлері: ақшаның көрсетулі құнын сақтай отырып, оның жаңа үлгісін шығарып, ақша белгілерін толық немесе ішінара ауыстыру; ақша өлшемін ірілендіру нысанында деноминациялау; ұлттық валютаның бағамын өзгерту; девальвация — ұлттық валютаның бағамын төмендету; ревальвация — ұлттық валютаның бағамын көтеру. Ақша реформасын мемлекет айналысқа жаңа ақша белгілерін шығару және ескі ақшаны мәжбүрлеп алу жолымен жүзеге асырады. Өндіріс түрпаты немесе қоғамдық-экономикалық формация ауысқан кезде (феодализмнің алтын стандарты капитализм тұсында банкноттық және несиелік түрпатпен ауысты), сондай-ақ соғыстар мен төңкерістердің салдарынан қираған экономиканы тұрақтандыру кезеңінде ақша реформасы сөзсіз жүзеге асырылады. Ақша реформасы толық немесе ішінара болады. Толық ақша реформасы (жаңа ақша жүйесін жасау) жаңа мемлекеттердің пайда болуына байланысты немесе бернеше елдердің ақша жүйесі біріктірілген жағдайда ұлттық акша жүйесінен тыс тұрған ақша жүйесін құру кезінде жүргізіледі (мыс., Еуропалық валюта одағы елдерінің бірыңғай ақша жүйесінің құрылуы). Iшінaрa ақша реформасы (ақша айналысын тұрақтандыру мақсатымен қолданыстағы ақша жүйесін ретке кел- тіру) кезінде әдетте ақша жүйесінің жекелеген элементтері өзгертіледі (мыс., ақша өлшемін шығару тәртібі, оның атауы, бағанын ауқымы, ақша белгілері немесе ақша-несиелік реттеу органдары өзгереді). 87. Кәсіпкерліктің әртүрлі формаларын дамытуды мемлекеттік қолдаудың әлемдік тәжірибесі. Кәсіпкерлік- осы инициативті шаруашылық қызметінің барлық қатысушылары пайда табу мақсатында өзіндік және басқа да мүліктер есебінен тәуекелге баратын іс-әрекет. Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі белгілерге мыналар жатады: өз еркіндік, өзін өзі қаржыландыруы, инициативы, белсенді ізденіс, серпінділік (динамика), мобильдік(жұмылдыру) 88. ТҰК және ұлттық экономика Алғашқы трансұлттық компаниялардың пайда болуын XVII ғасырға жатқызады, алайда зерттеушілердің көпшілігі бұл кезең ХІХ ғасырдың аяғы деп есептейді. Алғаш пайда болған ТҰК-дың қызметі көп жағдайда бұрынғы отарларының шикізат ресурстарын өңдеуімен байланысты еді, ал бұл өз кезегінде оларды отаршылық-шикізаттық ТҰК деп анықтауға негіз береді. Қалыптасқан күндерінен бастап трансұлттық компаниялар халықаралық еңбек бөлінісі эволюциясы, сонымен қатар өндіріс факторларының эволюциясы, интенсификациясы мен интеграциясының нәтижесінде көптеген өзгерістерге ұшырады. Трансұлттық компаниялар капиталдардың бірігуіне негізделетін диверсификацияланған монополиялар түрінде өндірістік қатынастардың халықаралық деңгейге бейімделуінің нәтижесі болып табылады, бұл ұлттық шекаралар шегінде ендігі уақытта адекватты түрде дами алмайтын өндіріс факторларының дамуына кеңістік қалыптастырады. Алғашқы ТҰК-дың қызметі, жоғарыда көрсетілгендей, метрополияларды отарлардан ауылшаруашылық және минералдық шикізаттармен қамтамасыз етуге бағытталды. Сонымен қатар олар шетелдік филиалдары арқылы өздерінің өнімдерінің өткізу нарығын кеңейтуге ұмтылды. Шығу тегі жөнінен трансұлттық компаниялар бұрынғыға қарағанда интернационалды болып табылады. 1970 жылдың өзінде БҰҰ белгілеген 7 мың ТҰК-дың жартысынан көбі екі ел – АҚШ пен Ұлыбританиядан болса, бүгінгі таңдағы 80 мың ТҰК жартысынан көбі әлемнің оншақты елдерінің еншісінде,ал ірі ТҰК басқарушы мемлекеттердің қатарында Қытай (Ганконг), Үндістан,Бразилия, Аргентина, Корея Републикасы және т.б. бар. Негізінен олар электрондық және электротехникалық өнеркәсіп, жанармай-энергетикалық сектор, химиялық-фармокологиялық өнеркәсіп, машина жасау, үлетіру салаларына жатады. Жоғарыда аталғандардан көретініміз, ТҰК үздіксіз зерттеу мен сараптауды талап ететін әлемдік экономиканың жүйеқұрушы факторына айналды. Ұлттық экономика —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды. Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып алған өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды. Өндіріс факторлары нарығында тепе-теңдік орнағанын осы нарыққа түскен өндірістік ресурстардың өзінің сатып алушысының табылғаны көрсетеді, ал сұранысты қалыптастыратын ресурстардың иелерінің шекті табысы, ұсынысты қалыптастыратын әр ресурстың шекті өніміне тең болады. Егер ақша нарығында ұсынылған ақша қаржыларының саны, оның өздерінде болғанын ұнататын адамдар мен кәсіпкерлердің сұранысына тең болса, онда осы ақша нарығында тепе-теңдік болғаны. 89. А. Маршалдың экономикс принципіндегі баға концепциясы «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналасы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз. Маршалдың сіңірген еңбегі –алғаш рет кәсіпкер мен менеджер арасындағы айырмашылықты жиі көрсетуде.
90.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері. Менеджмент – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. Менеджмент құрылымы үш бөлімнен түрады: өндірістік менеджмент; қаржы менджменті; нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе, маркетинг. Өндірістік менеджмент белгілі көлемде, белгіленген сапада, келісімді мерзімде және шығындарды барынша төмен жүмсап, тауарлар өндірумен айналасатын басқарушы қосалқы жүйе болып табылады. Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының қалыптасуын табыстардың барынша мол болуын жөне шығындардың барынша аз болуын қамтамасыз ететін қосалқы жүйе. Нарықтық менеджмент — маркетинг — бұл нарыққа бағытталған фирманың коммерциялық қызметтерін басқару болады. Маркетинг (ағылшынша «маркет» — нарық) нарықтарды тандау үшін, нарыққа кірудің уақытты мен әдістері үшін, жаңа өнім жасалуы үшін, тауардың нарықтағы жылжуы үшін, баға саясаты үшін жауапты болады. Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардыңң тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 88; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |