КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі 10 страница
Шаруашылық объектілерде жалпы мақсаттағы объектілік-жинақтық топ, механизациялық жұмыс топтары, барлаушы жасақтар ұйымдастырылады. Бұлар апаттан кейін құтқару, қайта өндеу жұмыстарын өзінше орындау үшін керек. Жалпы бағыттағы бөлімдерді күшейту және арнайы тапсырмаларды орындау үшін біраттас қызметтер жасақтары құрылады. Мысалы, құлақтандыру және байланыс, қоғамдық тәртіп жасақтары. Бөлімдерді жасақтау өндірістік қағидамен іске асыралады: кезектермен, цехтармен, өндірістік бөлімдермен, бригадалармен. Жалпы бағыттағы жасақтардың мысалы ретінде жинақталған топ, конмандирімен, оның орынбасарларымен қоса болып табылады. Жинақталған топ, құтқару командаларынан, ал олар бөлімдерден, бөлімдер құрамдас бөлімшелерден тұрады. Мұндай топта өзінің медициналық пункті және санитарлық жасақтары болады, соңғылары санитарлық бөлімшелерге бөлінеді. Мұндай топта өзінің штабы болып, оған тікелей басқару және байланыс бөлімдері бағынады. Осындай жүйе топты ұтқыр және өз алдына бөлім етеді. Жасақтардың құрылуымен қатар кейбір объектілерде жұмыс істеп тұрған химиялық және медициналық лабораторияларын, жуу және жуыну бөлімшелерін, киім және транспортты, адамдарды санитарлық зарарсыздандыру станцияларына бейімдендіреді. Радиациялық, улағыш және бактериялық заттарды нақты белгілеу үшін радиациялық және химиялық бақылау бекеттері құрылады. Ауыл-шаруашылық объектілерінде малды және өсімдіктерді қорғау, жау соққысына душар болған қалаларға көмек көрсету топтары құрылады. Ауыл-шаруашылық объектілерге қаладан кәсіп орындар көшіріліп, зарарданған аймақтардан көшірілген адамдарға көмек және емдеу көрсетуге тура келеді. Оку орындарындағы АҚ шаруашылық объектілеріндегідей ұйымдастырылады, бірақ олардың техникалық мүмкіншіліктері мен ерекшеліктері ескеріледі. ЖОО АҚ басшысы - ректор. Ол бұйрығымен жоғары оқу орнының АҚ штаб басшысын тағайындайды. ЖОО - да штатты жұмысшының біреуі (мысалы, алғашқы әскери дайындық мұғалімі) немесе АҚ жүйесінің штатты жұмысшысы АҚ штабының басшысы бола алады. Сонғы жағдайда оны ЖОО орналасқан аймақтын АҚ басшысы үсынады; бүл, әдетте, өте үлкен ЖОО-на қатысты. Оқу орындарында АҚ жоспары әзірленеді. Ол профессорлық-мұғалімдік құрылымға және студенттерге хабарланады. ЖОО-да, әдетте, қорғаныс паналарына арналған топтар бөлімшелер, құтқару топтары, санитарлық, авариялық-техникалық, қоғамдық тәртіпті сақтау жасақтар қалыптастырылады. Оқу орнының құрамындағы тұрақты тұлға командир болып тағайындалады. Студенттер АҚ-ты қалыптастыру құрамына кіреді және штаб өткізетін объектілі жаттығуға тартылады. ЖОО-да АҚ негізінде, өзінің объектісіндегі адамдарды құтқару үшін құрылады, алайда басқа да мақсаттарға қолдануы мүмкін, мысалы, қорғаныс паналарында қызмет жасау үшін. Оқу орнының практикалық тәжірибесіне байланысты аталмыш қызметтер мен жасақтар үйымдастырылады; медициналық, байланыс, РЗҚ мен ХЗҚ қорғаулары, т.б.; радиациялық және химиялық бақылау бекеттері, УЗ-ды, РЗ-ды, БҚ-ды нақты белгілей үшін лабораториялар. Оқу орындары керекті құралдармен және ЖҚҚ, техника және басқа мүліктермен ауданның АҚ штабы арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін. Табельдік қорғаныс заттары жетіспегенде әскери бөлімдерден немесе әскери оқу орындарынан артық шыққан мүлкін және қарапайым қорғаныс құралдарды қолдануға болады. ЖОО-ның АҚ-тың бастығы және оның штаб бастығы басқа да жақын орналасқан кәсіпорын және мекемелерінің АҚ штабтарымен, жалпы мақсаттағы жасақтармен және қалалық, аудандық, облыстық АҚ қызметілерімен өзара қатынаста болуы керек. Әр студент мыналарды үйреніп, өмірде керек кезінде қолдануға тиіс: -ТЖ қауіпіндегі іс - әрекеттерді; -Жеке дара және үжымдық қорғаныс құралдары мен тәсілдерін қолдану; -Тынысалу мүшелерін қорғайтын қарапайым құралдарды дайындау; -Ауа мен территория РЗ, УЗ, БҚ-мен зарарданғанда аяқ киімдерді және үй киімдерін қорғаныс құралдары ретінде пайдалана білу; -Азық-түлік пен ішілетін суды заладан сақтандыру; Киім мен аяқ киімдерді, дененің ашық жерлерін ішінара санитарлық өндеуден өткізе білу; -Радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау құралдарымен жұмыс істеу; -Радиациялық, химиялық бақылау бекет құрамында және басқа да жасақтарда қызмет ете білу; -АҚ нормативтерін тез және толық орындау; -Жеке дәрі қобдишаны және басқа да медициналық құралдарды қолдана білу; -Зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсете білу; -АҚ туралы басқа да деректермен білімін толықтыру және осы білімді үйретіп, насихаттау; -АҚ-тың әскери емес жасақтарына басшылық ете білу.
Б-П. Төтенше жағдайларды алдын алудың және жоюдың нормативтік-құқықтық негіздері.
№6-тақырып. ТЖ алдын алудың және жоюдың біріңғай мемлекеттік жүйесі, оның құрылымы және міндеттері. Жоспар: 6.1. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 6.2. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. 6.3. Төтенше жағдай министрлігі және басқа да мемлекеттік қызметтер.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі туралы 1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің негiзгi мiндеттерi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы, Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау, салааралық үйлестiру, өрт және өнеркәсiп қауіпсiздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргізiлуiн қадағалау, тау-кен қадағалау, мемлекеттiк материалдық резервтi қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және оның одан әрi дамуын қамтамасыз ету, өрттердiң алдын алу мен сөндiрудi ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады. 2. Министрлiк өз қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. 4. Министрлiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетін Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар шешiмдер шығарады. 5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметi бекiтедi. Министрлiкке кәсiпкерлік субъектілерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Министрлiктiң негiзгi функциялары мен құқықтары. Министрлiк жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) мыналардың саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн, стратегиялық: табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, Азаматтық қорғаныс, салааралық їйлестiру, өрт және өнеркәсіп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, қауіпті өндiрiстiк объектілердегi еңбек қауіпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жїргізілуін қадағалау, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау саласында, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласында; төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіп қауіпсiздiгі жөнiндегi мiндеттердi шешуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеудi және орындауды ұйымдастыру; мемлекеттік және жұмылдыру резервтерi құрамындағы материалдық-техникалық, азық-тїлік, медициналық запастарды және басқа да ресурстарды пайдалану туралы, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою їшiн Қазақстан Республикасының Їкiметiнiң резервiнен қаражатты пайдалану туралы ұсыныстарды әзiрлеу; Азаматтық қорғаныстың бейбiт және соғыс уақытына арналған жоспарын әзiрлеу және оны Қазақстан Республикасының Їкiметіне бекiтуге ұсыну; 2) мемлекеттік саясатты iске асыру саласында: табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды; төтенше жағдайлардан халықты және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғаудың және Азаматтық қорғаныстың жай-күйi туралы есептер дайындайды және ұсынады; табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласында ғылыми зерттеулердi, білімдi насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады; орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халқының орындауы їшін мiндетті Азаматтық қорғанысты даярлау және жїргiзу мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдайды; төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның және Мұнай төгiлулерiне ден қою жөнiндегi ұлттық комиссияның қызметiне республикалық деңгейде басшылық жасайды; төтенше жағдайлардың алдын алу, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау, қaуiптi өндiрiстiк объектілердегi еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсіпте жұмыстардың қауiпсiз жїргiзiлуiн қадағалау, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау жөнiндегi, сондай-ақ мемлекеттiк материалдық резерв аясындағы функцияларды iске acыpaтын Министрліктің ведомстволары мен аумақтық органдарының қызметіне жалпы басшылық жасайды және үйлестiредi; Азаматтық қорғанысқа тiкелей басшылық жасайды; төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi iс-шараларда Азаматтық қорғаныс күштерiне өзiнiң қарауындағы жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтерiне, сондай-ақ төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық хабарлау жүйесiне және республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiне тiкелей басшылық жасайды; Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi жеке құрамының, Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамалары басшыларының, халықтың Азаматтық қорғаныс бойынша дайындығын ұйымдастырады, осы мақсатта тиiсті дайындық бағдарламаларын әзiрлейдi; Азаматтық қорғаныстың авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларын құруды, есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады; өрт, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және Азаматтық қорғаныс саласындағы ведомстволық бағынысты ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ өрт, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және Азаматтық қорғаныс мәселелерi бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың қызметiн үйлестiредi; қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады; қолданыстағы заңнамаға сәйкес Азаматтық қорғаныс, өртке қарсы қызмет органдары және мемлекеттiк материалдық резерв саласындағы мемлекеттiк құпияларды қамтамасыз ету жөнiндегі шараларды қабылдайды; халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттiк материалдық резерв аясында шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызметiн қамтамасыз етедi, ізгiлiк акцияларын өткiзудi ұйымдастырады. 1) өз құзыретiнiң шегiнде орындау үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдауға; 2) өз құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнаманы жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды енгiзуге; 3) төтенше жағдайлар саласындағы нормативтердi, стандарттарды және ережелердi бекiтуге немесе келiсуге; 4) Министрлiкке ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және жою мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды енгiзуге; 7) белгіленген тәртiппен бекiтiлген айырым белгiлерiмен, арнаулы дабылдармен және байланыс құралдарымен жабдықталған арнайы көлiк құралдарына ие болуға; 8) заңнамада айқындалған тәртiппен республиканың бүкiл аумағы бойынша бiрыңғай радиожиіліктер белдеулерiне ие болуға; 10) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы проблемалар жөнiнде журналдар, режимдiк анықтамалықтар, бюллетеньдер және басқа да басылымдар шығаруға құқығы бар.
№ 7-тақырып. Қазіргі замандағы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі. Жоспар: 7.1. ҚР ұлттық қауіпсіздігі. 7.2. Ұлттық қауіпсіздік міндеті мен принциптері. 7.3. ҚР ұлттық қауіпсіздігіне негізгі қауіп қатерлер.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары – Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйенің басым бөлігі болып табылатын және оларға берілген құзыреттің шегінде тұлға және қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекет егемендігін, аумақтық тұтастықты, экономикалық, ғылыми-техникалық және елдің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнайы мемлекеттік органдар. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесін төмендегілер құрайды: - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер және өзге құрылымдық бөлімшелер; - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстардағы, республикалық деңгейдегі қаланың және Республика елордасының аумақтық органдары мен оларға бағынатын қалалық және аудандық басқармалары (бөлімдер, бөлімшелер); - қарсы барлау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелер және өзге ұйымдар. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық, бәрінің заң алдында теңдігінің, адам және азаматтың құқығы мен еркіндігін құрметтеу және сақтау, саяси партиялар және өзге қоғамдық бірлестіктердің қызметтерінен тәуелсіз болу қағидаттарында құрылады. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін Республика Президентімен Республика Парламенті Сенатының келісімімен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын төраға басқарады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi - ұлттық қауiпсiздiк органдары) - Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттiк органдар. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi 1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi: Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi принциптерi. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де бiрлестiктер қызметiнен тәуелсiздiк принциптерiнде құрылады.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 59; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |