Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

И управление процессом




Есеп №6

Есеп №5

Есеп №4

Есеп №3.

Есеп №2

Есеп №1

Вариант

 

Орындаған: БЭк 11-3 тобының

студенті Бораш Б.Б.

Сынақ кітапшасының № 114081

Тексерген:

 

 

Алматы, 2012

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................................3

Негізгі бөлім.............................................................................................................4-7

Қорытынды...................................................................................................................8

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................................9

 

Кіріспе

Елді мекен мен өндірістік ғимараттарды төтенше жағдайлардың қатерінен сақтауда радиациялық, химиялық, инженерлік және өрт қауіпінің жағдайларын бағалау маңызды рөл атқарады. Себебі бұлардың әрқайсысы, соғыс немесе бейбітшілік кезіндегі, жалпы күйді бағалаудың негізгі мәселелері болып табылады.

Құрама-басқармалық бөлімшелер мен ГО штабтары төтенше жағдайларды дұрыс бағалау міндетті. Ол бағалаудағы мақсаты – апат жағдайы болған кезде, тез арада қорғау шараларын, жарақаттанған адамдарға медициналық және басқа да көмек көрсету, жергілікті тұрғындарды эвакуациялауды және т.б. ұйымдастыру болып табылады.

Белгілі бір нысаналардағы химиялық жағдайды бағалау – улану зоналарының аумағын, улы ауаның нысанаға келу уақытын және уланған аймақтағы адамдардың жарақаттану деңгейін жобалауымен сипатталады.

Құрама басқармалық бөлімшелер мұндай қауіпті нысаналардағы жағдайларды әрдайым бақылап отыруы керек. Ал апат болған жағдайдағы белгілі бір мөлшерде іс шараларды ұйымдастыру – үздіксіз бақылаулар мен көптеген есептеулердің нәтижесінде шығады.

Тіршілік қауіпсіздігі – адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.

Қоғамның дамуы адамның өмір-тіршілігін жеңілдетуге бағытталған айрықша жасанды орта туғызды. Бұл ыңғайлылық пен жеңілділік адамдардың қалаларға жиналуының арқасында әрі адамдардың мамандануынан туып отыр. Өз жеке шаруашылығын жүргізіп отырған адамның қолынан бәрі де келеді, жан-жақты істей алады. Ал қала тұрғыны көбінесе бағытталған мамандардың иесі, үй-тұрмысы тіршілігімен қамы жоқ, сондықтан құбырдан судың ағуы, электр жүйесінің бұзылуының өзі қалалықтарды қиын жағдайға душар етеді.

 

 

Қаланың солтүстік ауданы 60 кПа артықша қысым аймағына түседі. Құрылыс тығыздығы 30%, көшелердің ені 30м, ғимараттар көбінесе 7 қабатты болып келеді. Үйінділердің пайда болу мүмкіндігі мен олардың биіктіктерін анықтау.

Шешуі:

№2 кесте бойынша 50 кПа артықша қысым болған кезде бірыңғай үйінділер қалыптасады. №3 кестеден, 30% құрылыс тығыздығы үшін мүмкін болатын үйінділер биіктігі – 3,1 м.Берілген мәліметтерді ескере отырып, көшедегі үйінділерді тазалау жұмыстарын жоспарлауға болады.

 

 

Сағат 14 сағ. 00 мин. Нысана аумағындағы радиация деңгейі 35 рад\сағ. Егер ядролық соққы 10 сағ. 00мин. жасалған болса, онда жарылыстан 1 сағаттан кейінгі радиация деңгейін анықтаңыз.

Шешуі:

1) Радиация деңгейі өлшенген уақыт пен ядролық жарылыс болған уақыт арасындағы уақыт айырмашылығын анықтаймыз:

14 сағ. 00 мин. – 10 сағ. 00мин. = 4сағ.

2) №4 кесте бойынша 4 сағаттан кейінгі радиация деңгейінің коэфиценті.

К5 = 0,189

3) Келесі формула бойынша 1 сағ. кейінгі радиация деңгейін анықтаймыз:

P1=35

P1= P1\K4=35\0,189=185,185 рад\сағ.

 

Су қоймасының көлемі W=65 млн. м3, тесіктің ені В=70 м, бөгетке дейінгі судың биіктігі Һ=60 м, судың орташа қозғалыс жылдамдығы Ѵ=5м/с. Бөгеттен 80 км қашықтықтағы толқынның бұзылу параметрлерін анықтау.

Шешуі:

формуласы бойынша берілген қашықтыққа толқынның келу уақытын анықтаймыз: сағ.

 

Берілген қашықтықтағы толқын биіктігін анықтау.

м

 

Толқын берілген қашықтықтағы өту жылдамдығын келесі формуламен анықтаймыз.

2,407 сағ.

 

t=4T=4*0,52=2,08 сағ.

 

 

Нысана алаңындағы зілзала қарқындылығы, Рихтер шкаласы бойынша VIII баллға дейін жетті. Берілген нысанада металдық каркасы мен жүк көтергіштігі 25-50 т, кран құрылғылары бар өндірістік және әкімшілік және кірпіштен құрылған ғимараттар, металлдық және темірбетондық эстакададағы құбырлар бар.

Зілзала кезіндегі нысана элементтерінің бұзылу сипаты қандай болады?

 

Шешуі:

№8 кесте бойынша, металдық каркасы мен жүк көтергіштігі 25-50 т. кран құрылғылары бар өндірістік ғимараттар берілген шкаладағы зілзала кезінде – орташа бұзылу сипатына ие.

Жеңіл металдық каркасы бар және каркассыз құрылысты ғимараттар VIII баллдық жер сілкінісі кезінде орташа бұзылу сипатына ие.

Металдық каркасты және 30% әйнектелген бетондық құрылысты өндірістік- -әкімшілік мекемелер VIII баллдық зілзала кезінде қатты бұзылу сипатына ие.

 

Қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан ХОО-ның авария болған жағдайдағы химиялық жұқтыру ошағының қауіптілігін бағалау керек. Көлемі 2500 м3 газголдерде сығылған хлор сақтаулы тұр, ауа температурасы +40 0С. Авария орны нысана аймағының солтүстік жағынан 175м қашықтықта орналасқан. Әрі қарай 320 м тереңдікте санитарлық қорғау зонасы, оның арғы жағында тұрғын үй кварталдары орналасқан. Газголдерде қысым атмосфералық болады.

Шешуі:

1. «А» шартына байланысты метеошарт – изотермия, жел жылдамдығы 1 м/с, жел бағыты – солтүстікке бағытталған.

2. №11 кесте.Q0=d ∙ Vx=0,0016 ∙ 1800=2,88т.

3. Формула бойынша (Qэ1 =k1 ∙ k3 ∙ k5 ∙ k7 ∙ Qc) мұндағы k1 – сақтау

шарттарына байланысты болған коэфицент, k3 – басқа ҚӘУЗ токсодозасына әсерінің қатынасымен анықталатын коэфицент. k5 - ауаның вертикаль тұрақтылығын ескеретін коэфицент, инверсия-1, изотермия =0,23, конвекция – 0,08, k7 - ауа температурасының ықпалын ескеретін коэфицент. (сығылған газдар үшін 1-ге тең), Qc – апат кезіндегі төгілген зат мөлшері.

Qэ1=0 ∙ 3 ∙ 0,23 ∙ 1∙ 0,08=0 тонна

4. №12 кесте бойынша улану аймағының тереңдігін анықтаймыз: Г=1,25 км

5. Тұрғын аудандарындағы улану тереңдігі: 1,25-0,175-0,32=0,755км.

Осыдан шығатын нәтиже, уланған ауа бұлттары химиялық қауіпті объектінің қызметкерлері мен жұмысшылары үшін және де қала тұрғындарының бір бөлігі үшін 755 м қашықтықтағы тұрғындарға қауіп төндіреді.

Тегіс бетте орналасқан программалық құрылымның блогы аударылған жағдайдағы қиратушы толқынның фронтындағы артық қысымын анықтау.

Құрал салмағы 200 Н, биіктігі 35 см, ұзындығы 25 см, ені 30 см, ауырлық центрі және құрал ортасындағы ығыстырушы күштің центрлік қысымы:

Шешуі:

П-17 формуласы бойынша көлденең қимасының ауданы (S=0,25∙ 0,35=0,088) арқылы келесіні анықтаймыз:

Pск Н/м2=0,710кПа.

Мұндай жылдам напор кезінде соққы толқынының шегінде 17кПа құрылғы аударылады.

 

 

Қорытынды

Үлкен масшабтағы апаттар болғаннан кейін жүзеге асырылатын іс-шаралар келесі іс-әрекеттерді қамтиды:

· Жергілікті тұрғындарды және нысаналарды апатты жағдайлардың төніп тұрған қауіпін хабарлау.

· Бақылау жүргізу, қираудың деңгейі мен көлемін өлшеу, уланған немесе апат болған аймақтардың диаметрін, селдің немесе су тасқынының жергілікті жерге немесе өндіріс орындарына қарай қозғалғандағы жылдамдығын анықтау.

· Табиғи апаттың қауіпі төніп тұрған елді мекендер мен кейбір нысаналарды анықтау.

· Көмек көрсету шараларына қатысатын бөлімшелердің, апаттың деңгейіне байланысты, құрамын тағайындау.

· Апатты тоқтатудағы іс-әрекеттерді бақылауда ұстау.

· Жарақаттанғандарға медициналық көмек көрсету, оларды жақын емханаларға жеткізу немесе оларды апаттан қауіпсіз жерлерге эвакуациялау.

· Құтқару бөлімшелеріне техникалық, материалдық және көліктік қамтамасыз ету.

· Қауіпсіздік ережелер мен апат болған жағдайдағы іс-шараларды алдын-ала ұйымдастыру.

Табиғи, апат, үлкен көлемдегі өрт және т.б. қауіпті аймақтарда бақылаулар, коменданттық жұмыстар мен жарақаттанғандарды үйінділердің астынан шығару, алғашқы медициналық көмек көрсету, жарақаттанғандарды емханаларға жеткізу, апат болған ауданнан тұрғындарды немесе жұмысшыларды эвакуациялау ұйымдастырылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Өмір-тіршілік қауіпсіздігі

Есептеу-графикалық жұмыстарға арналған әдістемелік құрал. Алматы 2002ж.

2. Адам өмірінің қауіпсіздік негіздері

Дәрістер конспектісі Алматы 2002ж

3. Өмір-тіршілік қауіпсіздік негіздері

Оқулық.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 56; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopediasu.com - Студопедия (2013 - 2026) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.