Еңіс. Горизонтальді сызықдеңгейге қатысты еңістігі бар темір жол желісінің бойлық пішінінің элементі.
Ұстағыш тұйық. Басқарудан айырылған поезды немесе поездың бөлігін созылмалы еңіспен қозғалуы кезінде тоқтатуға арналатын тұйықтық жол.
Достастық мүше-мемлекеттерінің темір жол көлігі жөніндегі кеңесі - темір жол көлігінің жұмысын мемлекетаралық деңгейде үйлестіретін орган.
Достастық мүше-мемлекеттерінің темір жол көлігі бойынша Кеңесінің Дирекциясы Кеңестің темір жол көлігі бойынша тұрақты қызмет ететін атқарушы органы.
ККМ - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі көлік пен байланыстың республика бойынша қызметін басқару және ұйымдастыру қызметінде біртұтас саясаттың жүргізілуін көздейді.
Магистральді жолдар - Қазақстан Республикасының аймақтарымен және басқа мемлекеттермен қатынасты қамтамасыз ететін темір жол желілері.
studopediasu.com - Студопедия (2013 - 2026) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав!Последнее добавление