КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Емтихан билеті №2, 20, 21, 26, 27 2 страница
Шарлардың өзара әрекеттескенге дейінгі импульстерін теңдіктің бір жағына, өзара әрекеттескеннен кейінгі импульстерін тендіктің екінші жағына шығарсақ, онда Теңдеудің сол жағында денелердің өзара әрекеттескенге дейінгі, оң жағында өзара әрекеттескеннен кейінгі импульстерінің қосындысы берілген және олар өзара тең. Әрбір дененің импульсі өзгергенімен, олардың импульстерінің қосындысы өзгеріссіз қалды. Сонымен, тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді (сақталады): Бұл — импульстің сақталу заңы деп аталатын табиғаттың негізгі заңдарының бірі. Егер біз қарастырған мысалдағыдай екі дене ғана болмай, бірнеше дене әрекеттессе де, бұл қорытынды кезкелген тұйық жүйе үшін дұрыс болып табылады. Бұл заңның дұрыстығын адамзат тәжірибесінің өзі айқын дәлелдеп беріп отыр. Әрине, барлық нақты жүйелер тұйық болып табылмайды. Алайда импульстің сакталу заңын көп жағдайда қолдануға болады. Қуат. Механизмнің уақыт бірлігінде істейтін жұмысын қуат деп атайды.
мұндағы dA – жұмыс, dt – уақыт, яғни қуат – жұмыстың уақыт бойынша алынған туындысы. Егер қозғалтқыштың (двигательдің) жұмыс істеуі кезінде қуаты тұрақты болса, оның қозғалысы бір қалыпты болады, ендеше қуат: күш векторының жылдамдық векторына скалярлық көбейтіндісін береді
Қуаттың өлшем бірлігі - Ватт (Вт), 1Вт – 1с –та 1 Дж жұмыстың жасалуы, 1Вт=1Дж/с. Энергия. Табиғатта жұмыс істеу салдарынан материя қозғалысының формасы бір түрден екінші түрге өзгеріп отырады. Осы өзгеріс кезінде жұмыс жасалынады, бұл жұмыс - энергия деп аталады. Сондықтан, неғұрлым жұмыс көбірек жасалынса, соғұрлым энергия көп болады. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігінің сандық мөлшерін энергия деп атайды. Энергия жұмыспен тығыз байланысты болғандықтан, жұмыс қандай өлшем бірлікпен өлшенсе, энергия да сондай өлшем бірлікпен өлшенеді. Кинетикалық энергия. Материалдық нүктеге түсірілген күштің жасаған жұмысы дененің жылдамдығының өзгеруіне байланысты. Бұл байланыс материалдық нүктенің кинетикалық энергиясы деп аталады. Егер дене инерция күшінің нәтижесінде ds –ке орын ауыстырса, істелген жұмыс
яғни, v жылдамдықпен қозғалатын массасы m дененің кинетикалық энергиясы:
Сонымен, кинетикалық энергия дененің тек массасы мен жылдамдығына тәуелді. Сондықтан, ол 1) жүйенің күй функциясы болып табылады; 2) барлық уақытта оң; 3) әртүрлі инерциалды санақ жүйесінде бірдей емес. Потенциалдық энергия. Потенциалдық энергия - денелердің өзара орналасуын және араларындағы әсерлесу күшін сипаттайтын жүйенің механикалық энергиясы. Потенциалдық энергия денелердің немесе олардың бөлшектерінің өзараорналасуы кезіндегіжұмыс қорымен өлшенеді. Мысалы, материалдық нүкте ауырлық күшінің біртекті өрісінде қозғалғанда, яғни бір денені бірдеңгейден екінші деңгейге көтергенде істелетін жұмысты есептеу арқылы потенциалдық энергияны табуға болады. Массас ы m дене Жербетінен h биіктіккекөтерілсін, сонда оның потенциалдық энергиясы жасалынған жұмысқа тең:
2) х – ұзындыққа созылған серіппенің потенциалдық энергиясы:
2. Ток көздердің ЭҚК. Толық тізбек үшін Ом заңы. Тармақталған тізбек үшін Кирхгоф ережелері, Ом жэне Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалдық түрі. Тұрақты электр тоғы. Тұрақты электр тогы, оның сипаттамалары және пайда болу шарттары. Электр қозғаушы күші, кернеу. Тізбектің біркелкі және әркелкі бөліктері үшін Ом заңы. Дифференциал түріндегі Ом және Джоуль-Ленц заңы. Кирхгоф ережелері. Газдардағы ток. Термоэлектрондық эмиссия Тұрақты электр тогы. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысын - электр тогы дейміз. Электр тогы ток күші деп аталатын шамамен сипатталады. Ток күші уақыт бірлігі ішінде берілген өткізгіштің көлденең қимасынан өтетін зарядтар шамасы: Мұндағы: q - өкізгіштің көлденең қимасы арқылы t уақыт ішінде өтетін электр заряды. Тоқ күшінің өлщемі - 1 Ампер. Электр тогы өзі өткен бет бойынша біркелкі таралмауы да мүмкін. Электр тогы сан жағынан ток тығыздығы деген шамамен сипатталады. Сонымен ток тығыздығы деп өткізгіштің бірлік көлденең қимасынан өтетін ток күшін айтамыз: Егер dt уақыт ішінде өткізгіштің көлденең қимасы арқылы заряд тасымалданса Ал, өткізгіштегі ток тығыздығы мынаған тең болады: Тоқ тығыздығы - векторлық шама. Өлшем бірлігі: Электр тогы тұрақты болу үшін өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы (немесе кернеуі) тұрақты болу керек. Өткізгіштің тұрақты кернеуін болдыру үшін белгілі бір энергия қоры қажет. Осындай тұрақты кернеуді әдетте ток көздері немесе кернеу көздері деп атайды. Кез келген ток көзінің ішкі кедергісі r болады. Ток көзінің екі полюсі болады, оның жоғары потенциалы бар жағы - оң, төменгі потенциалы бар жағы - теріс деп аталады. Осы полюстердің арасында потенциалдар айырымы болады. Сонда ток көзінің полюстеріндегі кернеу: Егер ток көзінің ішінде электрлік кернеуліктен басқа ешқандай әсер болмаса, онда зарядтар қозғалысы оң полюстен теріс полюске бағытталып, ішкі кедергісі арқылы ток жүрер еді де, потенциалдары теңескеннен кейін токтың жүруі тоқтар еді. Ал, шын мәнінде ток көзі сыртқы тізбекке қосылмағандықтан, оның кернеуі ұзақ сақталады, сөйтіп онда ешқандай ток болмайды. Өйткені, ток көзінде электростатикалық күштерден басқа күштер, яғни бөгде күштер деп аталатын күштер бар. Зарядтарды тасымалдау жұмысын жасайтын бөгде күштерді, әдетте электр қозғаушы күштер (э.қ.к.) деп атайды. Сонымен, ток көздерін э.қ.к. көздері дейді де, оны Э.қ.к. - нің өлшемі потенциал өлшеміндей, яғни 1 Кл зарядты тасымалдау үшін істелетін жұмыс 1Дж болатын э.қ.к. өлшеміне 1В алынады: Ток потенциалдың кему жағына қарай бағытталған. Электр күштері арқылы орын ауыстырған зарядтың жұмысы: Ұзындығы l өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы немесе кернеуі: Тұйық тізбектегі зарядқа әсер ететін бөгде күш: Тұйық тізбектегі зарядқа әсер ететін бөгде күштің жұмысы: Зарядқа тағы да электростатикалық өріс күші әсер етеді: Демек, тізбектің әрбір нүктесіндегі зарядқа әсер ететін қорытқы күш:
Ал, осы күштің тізбектің l бөлігіндегі жұмысы: Тұйық тізбек үшін электростатикалық күштің жұмысы нөлге тең, сондықтан: Ом заңдары. Өткізгіштің кедергісі. Омның тағайындаған заңы бойынша біртекті металл өткізгіштің бойымен ағатын ток күші осы өткізгішке түсірілген U кернеуге пропорционал болады: Тұйық тізбек үшін Ом заңы былай тұжырымдалады: тұйық тізбектегі ток күші э.қ.к.- і шамасына тура пропорционал да, тізбектің сыртқы және ішкі кедергілерінің қосындысына кері проорционал болады. Яғни, Бөгде күштер әсер етейтін өткізгіш біртекті өткізгіш деп аталады. R шамасы өткізгіштің электрлік кедергісі деп аталады. Өлшем бірлігі: Ом. Өткізгіштің кедергісі өткізгіштің материалына, өлшеміне және формасына байланысты. Біртекті цилиндр тәрізді өткізгіш үшін: Ом заңының дифференциалды түрі мынадай: Мұндағы: Өткізгіштерді тізбекке қосудың екі түрі бар: егер өткізгіштерді тізбектей қоссақ, онда олардың толық кедергісі Тоқтың қуаты. Джоуль - Ленц заңы. Электр күштерінің жұмысы: Өткізгіштің қимасынан dt уақыт ішінде q заряд ағып өтеді десек, онда q=It. Сонда, электр тогының жұмысы: dA=IUdt. Ал, тұрақты ток үшін: A=IUt. Тоқтың қуаты: Қуаттың өлшем бірлігі: Ватт. Сонда: 1 Вт= 1А·В болады. Егер ток қозғалмайтын металл өткізгіш арқылы жүрсе, онда біршама жылу бөлініп шығады, осы кезде ток жұмысы энергияның сақталу заңына байланысты жылуға айналады: dA=dQ. Cөйтіп, бұл жылу мөлшерін A=IUt өрнегін ескере отырып былай жазуға болады: Джоуль – Ленц заңы былай тұжырымдалады: өткізгіштен бөлініп шығатын жылу мөлшері уақытқа, өткізгіштің кедергісіне және ток күшінің квадратына пропорционал болады. Жылу мөлшері де жұмысқа сәйкес Дж -мен өлшенеді. Джоуль – Ленц заңының дифференциалды түрі: Тармақталған тізбек үшін Кирхгоф ережелері:
3. Кернеулігі 2000 В/м болатын біртекті электр өрісі шамасы 5×10–6 Кл зарядқа қандай күшпен әсер етеді: E q F E E
ЕМТИХАН БИЛЕТІ №5 1. Идеал газ молекулаларын жылдамдықтары бойынша жіктеудің максвелл заңы. Барометрлік формула. Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі заңын қорытқан кезде молекулалар әртүрлі жылдамдықпен қозғалады дедік. Көптеген соқтығысулар нәтижесінде әр молекуланың жылдамдығы модулі және бағыты бойынша өзгереді. Бірақ молекулалардың хаосты қозғалуының нәтижесінде барлық қозғалыс бағыттары ықтимал, яғни орташа есеппен кез-келген бағытта қозғалатын молекулалар саны бірдей. Молекулалық-кинетикалық теория бойынша молекулалар соқтығысқанда жылдамдық қанша өзгергенімен газдағы массасы m0 молекуланың тепе-теңдік қалыпта тұрақты температурадағы Т= const орташа квадраттық жылдамдығы Молекулалардың жылдамдық бойынша таралу заңын қорытып шығарғанда Максвелл газ өте көп молекулалардан тұрады, молекулалар бірдей температурада тәртіпсіз жылулық қозғалыста болады және газға күш өрістері әсер етпейді деп алды. Максвелл заңы Егер молекулалардың жылдамдық диапазонын
Ықтималдылық теориясының әдістерін пайдалана отырып, Максвелл Формуладан көргендей
Дата добавления: 2014-12-27; Просмотров: 1201; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |