КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Лекция 21
1. Шығындарды факторлық индекстік талдау Индекстік талдау факторлардың әсер етуін сан жағынан бағалау үшін қолданылады. Өнімді өндіру мен өткізу шығындары мынадай факторлардан функционалдық тәуелділікте болады: а) өнім бірлігінің өзіндік құны; ә) өнім өндірісінің көлемі, оның құрылымы; б өнім бірлігінің құны. Кәсіпорынның, оның мамандануының, салалық шығу тегінің ерекшелігіне қарай статистикада индекстeр жүйесі анықталған және олардың өзінің қолданылу шарты бар. Қандай индекстер жүйесі қолданылады? А. Өнім бірлігінің өзіндік құнының (z) немесе өнім өндірісі шығындарының z*q жеке индекстері - бір бірлік кеңістігіндегі, динамикасындағы қандай да бір көрсеткіштің өзгерісін сипаттайды (мысалы өнімнің нақты бір түрінің өзгерісін). Жоспарлы кезеңдегі өнімнің өзіндік құнының жеке индексі (і):
Өнімнің өзіндік құны жоспарының орындалуының жеке индексі(iz):
Өнімнің өзіндік құнының динамикасының жеке индексі (і2):
Мұндағы: іz — өнім бірлігінің өзіндік құнының жеке индексі; Z1 - есептегі кезеңдегі өнім бірлігінің өзіндік құны; Zжос -жоспар бойынша өнім бірлігінің өзіндік құны; Z0 -базистік кезеңдегі өнім бірлігінің өзіндік құны. Өнім өндірісіне кеткен шығындардың жеке индексі:
Мұндағы: izq — өнім өндірісіне кеткен шығындардың жеке индексі; z 1 q1— есептегі кезеңдегі барлық өнімдер өндірісіне кеткен шығындар; z0q0— базистік кезендегі барлық өнімдер өндірісіне кеткен шығындар; zжосqжос жоспар бойынша барлық өнімдер өндірісіне кеткен шығындар. Өзіндік құнның өзгеруінен болған абсолюттік экономнклық тиімділік барлық өнім өндірісінің ақшалай қаражаттарын үнемдеу немесе артық шығындау сомасы бойынша іске асады және ол мына формулалармен есептеледі:
Жоспарлы тапсырмада қарастырылған ақша қаражаттарын артық шығындау (үнемдеу):
Мысалы: Фирма шілде айында әйелдер көйлегін тігуге 3530 теңге жұмсады, ал жоспар бойынша 3450 теңге жұмсалуы тиіс еді. Маусым айында нақты 3480 теңге жұмсалған болатын. Шілде айында мұндай 150 көйлек тігілді, жоспар бойынша 160 көйлек тігілуі тиіс еді. Өзіндік құнның жеке индексін есептейміз: І.Жоспарлы тапсырманы берудің жеке индексі:
Жоспар бойынша әйелдердің жеңіл көйлегін тігудің өзіндік құнын 0,9%-ға төмендету керек болатын. 2. Жоспарлы тапсырманың орындалу индексі:
З.Өзіндік құн динамикасының индексі:
iz (динамикасы)=iz (жос.тапс)* iz (жос.орынд.) Яғни, жоспарлы тапсырмада әйелдердің бір көйлегін тігудің өзіндік құнын 0,9%-ға төмендету көзделген болса, ал нақты іс жүзінде ол 1,4%-ға өсті. Нәтижесінде барлық тігілген көйлектерді есептегенде, 7500 тг, артығымен шығындалғаны анықталады. ∆zqz = (z1 - zжос) • q1 = (3500 - 3480)x150 = 7500тг. Жоспарлы үнемдеудің мөлшері: ∆zqz = (zжос – z0) • qжос= (3450 - 3480)х160= 4800тг. Шығындардың жалпы индекстерінің міндеттері және ерекшеліктері қандай? Ә. Шығындардың жалпы индексі кәсіпорынның немесе салалардағы кәсіпорын топтарының іс-әрекетін сипаттау үшін қолданылады. Берілген бұл индекс динамикада барлығы өнім өндірісі шығындарының өзгерісін, соның ішінде өзгерістерге әрбір фактордың жеке әсер етуін зерттейді, ол келесі тәуелділіктен белгілі:
Бұл тәуелділік экономикалық көрсеткіштер арасында және жалпы индекстер арасында да сақталады: Мұндағы: Іzq - өнім өндірісі шығынының жалпы индексі; Іz - өнім бірлігінің өзіндік құнының жалпы индексі; Іq - өнімнің физикалық көлемінің жалпы индексі. Өнім өндірісі шығынының жалпы индексі мына формуламен анықталады:
Мұндағы:
Осы берілген индекстен барлық өнім өндірісі шығындарының
Соның ішнде факторлар есебінен: а) өнім бірлігінің өзіндік құны, олүшін өнім бірлігінің өзіндік құнының жалпы индексі есептеледі
Мұндағы: Өнім бірлігінің өзіндік құнының өзгерісі әсерінен өнім өндірісінің ақшалай шығындарының артық шығыны (үнемдеуі)
ә) өнім өндірісі көлемінің әсері есебінен өнімнің физикалық көлемінің жалпы индексі (Іq) есептеледі:
Өнім өндірісі көлемінің әсері есебінен ақша шығындарының артық шығындары (үнемдеуі)
Осы индекстердің және шығындардың абсолюттік өсімінің өзара байланысы: 1) 2) Өнімнің өзіндік құнының жалпы индексі ( Өнімнің өзіндік құнының орташа индекстерінің міндеттері, айырмашылықтары қандай? Б. Өнімніңөзіндік құнының орташа индекстері - өзгермелі, тұрақты құрамды құрылымдық қозғалыстар өнімінің өзіндік құнының индекстері. Берілген индекстер біртекті өнім түрлерін шығаратын кәсіпорындар тобының іс-әрекетін зерттеу үшін пайдаланылады. Мұнда кәсіпорындардың мамандануының экономикалық тиімділігі, оның құрылымы ескеріледі. Мысалы, көмір шахталарында көмір өндіру, ауыл шаруашылығындағы астық өндірісі, фермерлік шаруашылықтарда мүйізді ірі-қара мал өсіру. Индекстер орташа өзіндік құнның арақатынасы ретінде есептеледі, олардың көлемі екі фактордың өзгерісіне тәуелді болады: жеке кәсіпорындардағы өнім бірлігінің өзіндік құны және оның өндірісінің құрылымы (жеке кәсіпорындардағы жалпы өнім көлемінен берілген өнім түрінің үлесі). Соның барысында орташа өзіндік құн өлшенген арифметикалық формуламен есептеледі. Индекстердің өзіндік құнының тұрақты, ауыспалы құрамдарының, құрылымдық қозғалыстарының формулалары "Статистиканың жалпы теориясы" курсында қарастырылған. Шығындардың қатысты деңгейі индекстерінің мазмұны неде және оларды есептеу ерекшеліктері қандай? В. Өзгермелі, тұрақты құрамдар мен құрылымдық қозғалыстардың шығындарының қатысты деңгейінің индекстері аймақ, кәсіпорын түрі, меншік формасы, сала, экономика секторы белгілері бойынша шығарылған өнім көлемі және шығындар деңгейіндегі айырмашылықтар, ағымдағы шығындардың тиімділігін сипаттайды. Талдаудың тізбектілігікелесідей: Жеке кәсіпорындармекемелер, қалалар, облыстар бойынша шығынның қатысты деңгейі (u):
Мұндағы:
Өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындарды екі көбейткіштің туындысы түрінде көрсетуге болады: шығынның қатысты деңгейі және шығарылған өнімнің көлемі, яғни:
Кәсіпорындар, қалалар, облыстардағы, экономика салаларының жиынтығы бойынша шығындардың орташа қатысты деңгейі өлшенген орташа арифметикалық шама формуласымен анықталады:
Мұндағы:
Мұндағы: d- өнім шығарудың жалпы сомасында облыстағы (қаладағы) кәсіпорынның өндірістегі үлесі, не үлессалмағы, не құрылымы. Орташа қатысты деңгей (и) шығындардың қатысты деңгейінің (и) әрбір облыста, кәсіпорынға және өндіріс құрылымына (d), яғни әрбір аймақтық үлессалмағына әсерін анықтайды. Шығындардың қатысты деңгейінің өзгермелі, тұрақты құрамдары және құрылымдық қозғалыстары динамикасының орташа индекстерінің формулалары: Өзгермелі құрамды индекс:
Өзгермелі құрамды индекс шығынның қатысты орташа деңгейін екі фактордың есебінен қарастырады: әрбір аймақ бойынша (кәсіпорын) шығынның қатысты деңгейінің және өндіріс құрылымының ауытқуы. Тұрақты құрамды индекс:
Тұрақты құрамды индекс шығынның орташа қатысты деңгейінің, тек қана әрбір аймақ (кәсіпорын, сала) бойынша шығын деңгейінің өзгерісі есебінен, қанша есе өзгергенін сипаттайды. Құрылымдық қозғалыстар индекс
Құрылымдық қозғалыстар индексі тек қана республика өнімінің жалпы массасында әрбір аймақ (кәсіпорын, сала) бойынша шығынның орташа деңгейінің үлессалмағы, не құрылымы қанша есе өзгергенін көрсетеді. Құрылымдық өзгерістер әсерінің индексі жалпы шығын өсіміне шығын деңгейі жағынан өнім шығару құрылымын қайта бөлу үрдістеріне әсер етуді бекітеді. Шығындардың қатысты деңгейлік динамикасының орташа индекстерінің өзара байланысы.
Г. Өнімді өндіру мен өткізудің шығындарын абсолютті артық жұмсау (үнемдеу), барлығы:
Соның ішінде факторлар өзгерісінің әсері есебінен: а) жеке кәсіпорындар, салалар бойынша өнім шығарудың 1 теңгеге есептегендегі шығынының қатысты деңгейі:
ә) өнім шығарудың құрылымы:
=
Мұндағы: б) шығарылған өнімнің көлемі:
Өнімді өндіру мен өткізу шығындарының абсолютті өсімдерінің өзара байланысы:
Мұндай әдіс бойынша материалдық шығындар деңгейіне, өнімнің төлем сыйымдылығына (жалақы сыйымдылығына) келесі жағдайлар бойынша факторлық индекстік талдау жасауға болады: - материалдық шығындар деңгейі немесе өнімнің материаддық сыйымдылығы (төлемақы сыйымдылығы) материалдық шығындар сомасының өнім шығаруға қатынасы ретінде есептеледі; - өнімнің төлем сыйымдылығы еңбекке төлемақы шығынының өнімшығаруға қатынасы ретінде анықталады; - өнімнің жалақы сыйымдылығы жалақы шығындарының өнім шығаруға қатынасы ретінде есептеледі. Кепілдеме: факторлық индекстік талдауға есеп шығару барысында үшінші тарауда берілген "Ұлттық байлық статистикасының" типтік есептерін қолдануға болады.[70] Тақырып 15. Тауар өндіру, қызмет көрсету статистикасы нәтижесінің статистикасы
Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 1133; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |