КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Сурет 1.2 - сурет
Лекция Ашытқы қамыр дайындау және илеу жабдықтары. Қамыр бөлшектеу жабдықтары. Олардың жіктелінуі және түрлері. Қамыр бөлшектерін пішіндеу жабдықтары. Ашытқы қамырды қамыр илеу машинасында немесе жеңіл илеу машинасында дайындайды. Оның негізгі мақсаты алынған ұнды, ашытқыны және суды жақсылап біркелкі қоспа болғанша бұлғап араластыру. Сонда жентектелген заттар қалмау керек. Оның біркелкілігі араластыру мерзіміне байланысты. Егер қамыр ашытқы қамырсыз бір сатылы тәсілде иленетін болса, қамырды біркелкі болып иі қанғанша илеу керек. Сонда қамырды жеке бөлшектеп, оған пішін беру, жетілдіру процестері жақсы болады. Қамыр илеудің алғашқы кезеңінен – ұнның сумен, ашытқымен, тұзбен қосылуынан бастап, қамырдың ішінде белгілі процестер жүре бастайды. Оның ішінде негізгі процестерге оның физика-механикалық, биохимиялық және коллоидтық процестері негізгі орын алады. Осы кезден бастап-ақ микробиологиялық ашытқы және қышқылдандыру бактерияларының өсіп-өну процестері бастала береді. Ұнның ұсақ қиыршықтары суды өзіне сіңіріп бөртеді де, олар бірімен бірі желімделіп қамырға айналады. Осы қызметі ақуыздан, судан тұратын желімше атқарады. Ақуыздар суды өте көп сіңіріп, желімшеге айналады да, барлық жеке бөлшектерді біріктіреді. Олардың ішінде көптеген ковалентті т.б. химиялық байланыстар пайда болады. Олар қамырдың құрамында жұқа қабырғалы торкөздер құрады. Олардың негізгі желімшелері. Міне осылар қамырдың физика-химиялық қасиеттерін қалыптастырады. Қамырдың құрамындағы желімше, оның жуып бөліп алғандағы желімшеден біраз өзгеше болады. Олардың құрамында су тапшылау келеді. Оның құрамында /қамырдың құрамында/ басқа да крахмал т.б. заттар көп болады. Сонда да осы ақуыздар өздерінің салмағынан екі есе суды көп сіңіріп, жақсы бөрте алады. Ұнның, қамырдың құрамында крахмал өте көп,. Оның механикалық зақымданбаған молекулары өз салмағымен салыстырғанда тек 44 процент қана су сіңіреді, ал зақымданған, угітілген крахмал молекулалары болса 200 процентке дейін сіңіре алады да, жақсы бөртеді. Бұлармен қатар, ондағы кебектің /қарапайым ұнды/ өзі де суды жақсы сіңіреді. Міне осы крахмал мен клетчатка қамырдың қатты заттары деп аталады. Олар қамырдың солқылдақ болу қызметіне қатынасады. Ұнның құрамында суда еритін пентозандар – шырыштар болады.. Олар өзінің салмағынан 1500 процентке дейін су сіңіріп, бөртіп, қамырға, нанға, әсіресе қара нанға ерекше бір шырыштық сезім білдіреді. Қамырдың ішінде ылғалдың бір бөлігі басы бос сұйықтық түрінде дек ездеседі. Олар ақуызбен өзіндік байланыста болады. Осы қатты, сұйық фазалармен қатар, қамырдың ішінде газ да /газ фазасы да/ болады. Ол қамыр илегенде, доғалағанда ішіне кіретін және ол ашығанда пайда болатын көмірқыщқыл газы. Сондықтан қамырды дисперсті әр түрлі /қатты, сұйық, газ түріндегі/ заттардан тұратын күрделі жүйе /система/ деп санайды. Олардың жиынтығы қамырдың физика-механикалық қасиеттеріне өздерінің әсерін тигізеді. Осы қамырдың ішінде күрделі биохимиялық процесстер де жүріп тұрады. Оған протеолиз және амилолиз жатады. Протеолиз деп протеаза ферменттерінің әсерінен ақуыздың, ал амилолиз деп амилаза ферменттерінің әсерінен крахмалдың ыдырау процесстерін атайды. Қамырды илегенде оған әсер ететін механикалық әрекеттер де желімшенің сұйылуын тездетеді. Ол әсіресе осал ұннан қамыр илегенде оны тез сұйылтады. Егер қамыр ұзақ және қарқындата иленсе, онда ол жұмсарады, ал осал қамыр сұйылып та кетеді. Сондықтан әр қамырдың өзіндік илеу мерзімі жеке тағайындалады. Күшті қамыр қарқындата ұзақ илеуге шыдамды, ал осал қамырды қысқа мерзімде илеу керек.
Н.Ф.Гатилиннің үлкен шанақты қамыр дайындау агрегаты. 1 - қара ұннан сұйық ашытқы немесе бидай сұйық ашымалын дайындайтын дежа. 2 - бес бөлімнен тұратын шанақ; 3 - мөлшерлегіш; 4,5 – егер қара ұннан қамыр илеу керек болса, соған арналған араластырғыш /сместитель/; 6,7 - насостар; 8 - Қамыр илейтін дежа; 9 - шанақтың бөлімдері; Бұл агрегат қою және сұйық ашытқы қамырды пайдаланып немесе ашытқы қамырсыз бидай және қара бидай ұнынан қамыр илеуге арналған. Үлкен көлемді қою ашытқы қамыр. Үлкен көлемді ашытқы қамыр деп барлық қамыр илеуге алынатын ұнның 65-70 процентін сұйық ашытқы қамырға қосып дайындалатын ашытқы қамырды айтады. Сұйық ашытқы қамырды барлық керекті ұнның 25-30 процентін пайдаланып дайындалады. Оның ылғалдылығы 65-70 процент болады, ал сұйық тұздалған ашытқы қамырға 0,6 процент тұз салынады. Осы сұйық ашытқыларды ХЗМ-300 маркалы аппаратта дайындалады. Кейбір зауыттардан қамырды ашытқы қамырсыз бірден ашытқы салып илейді. Онда Х-26А және И8-ХАГ-6 шанағы бірнеше бөліктерге бөлінген агрегаттарда иелейді. Қамыр бөлшектеу машиналары. Иленіп ашыған қамырды 1…2%- тік дәлдікпен жекеленген бөлшектерге бөлу қажет. Бұл процесс үшін қамыр бөлшектеу машиналары пайдаланылады. Қамыр бөлшектеу машиналарының жіктелуі әр түрлі болады. Солардың бірі (Лисовенко А.Т. ұсынған) төмендегі 1 суретте берілген. Поршенді сығымдағышы және бөлу барабаны бар қамыр бөлшектеу машиналарына маркалары CD, XTD, PMK, Кооператор, Мультимат, Парта, Универсал және басқа машиналар жатады. Қалақты сығымдағышты бөлшектеу барабаны бар, машиналар қатарына A2-XTH машинасы жатады. Білікті сығымдағышты машиналарға маркалары XDB, PT-2-PMK, XЛC-9 және басқа машиналар жатады. Жаймалау білікшелері бар білікті сығымдағышты машиналар қатарына ФЛТВ, Гефра машиналары жатады. Шнекті сығымдағышты машиналарға XMФ-M2, Кузбасс және басқа машиналар жатады. Шнекті сығымдағышты бөлу барабаны жоқ машиналарына ХДР, Роботер машиналары жатады. Қамыр бөлшектеу машиналарындағы процестерді зерттеу. Жұмыс істейтін қамыр бөлу машиналарына қойылатын шарттар: -қамыр бөлшектерінің массасының дәлдігі; -бөлінген бөлшектердің қасиеттері; -шығындалған меншікті қуат мөлшері; -машинаның сенімді және ұзақ уақыт жұмыс істеуі Қамыр бөлу машинасының жұмысшы камераларында аталған шарттың барлығы орындалу керек. Жұмысшы камерасының көлемі Жұмысшы камерасының ішіндегі сығымдау процесі өтетін көлемі Қысымды «тыныштандыру» құрылымындағы қамыр көлемі Жұмысшы цикл біткен кезде камерадағы қалған қамырдың көлемі аралық немесе буферлік көлем деп аталады. Өлшемді камераның көлемі жұмысшы камераға кірмейді. Олар бұл камераға қамыр сығымдалған кезде жалғасады. Өлшемді камералар көлемін Өлшемді камераға түсетін қамыр алдымен сығымдалып белгілі бір қысымға дейін жұмысшы камерасында «тыныштандырылады» да ары қарай өлшемді камераларды толтырады. Бөлу процесін зерттеуде өлшемді камера жұмысшы камерамен жалғасқан кезі алынады. Бөлу процесінде біршама қамыр өлшемді камераларға сыймай артылып машинаның қабылдау шанағына қайтарылады. Бұл қамырдың көлемін
арқылы анықталады;
Аталған көлемдерді былайша байланыстыруға болады:
Теңдеудің екі жағын
Қамыр бөлу машинасының жұмысын зерттеу үшін машинаның бір циклында жұмсалатын жұмыс балансын құрамыз:
Қамырды сығымдауға кететін жұмыс:
Егер қамыр бөлу машинасында қамыр сығымдалмай тұрып қабылдағыш шанаққа артық қамыр қайтарылса:
Қамырдың қозғалуына кететін жұмыс:
δ- қамырдағы қозғау кернеуінің шегі, Па. L – қамырдың бір циклдағы қозғалу жолы, м. Егер жұмысшы камерасы тік төртбұрышты, ал қамыр сығымдаушы поршень болса, онда
a, b және h – жұмысшы камераның ұзындығы, ені және биіктігі. Қалақты сығымдаушы машина болса:
α- сығымдау бұрышы, рад; b- сығымдау камерасының ені, м; R,r- сығымдаушы қалақ пен камера радиуыстары,м Поршенді машинаның камералардағы қысымды тыныштандыруға кететін жұмыс:
Қалақты сығымдау үшін
Бөлу барабанын қозғауға кететін жұмыс
w- барабанның орташа жұмыс жылдамдығы
j- қозғаушы массаның инерция моментінің келтірімен мөлшері
r- барабанның қисық иінінің радиуысы
1.1 – сурет. Сығымдағышы поршеньді және бөлу басы бар қамырбөлгіш. 1-өлшеу камерасы; 2-бөлу басы; 3-бекіткіш; 4-сығымдаушы поршень; 5-қабылдау шанағы; 6-қысым реттегіш; 1.2 – сурет. Сығымдағышы қалақшалы және бөлу басы бар қамырбөлгіш. 1-реттегіш; 2-бөлу басы; 3-өлшеу камерасы; 4-бөліп кесуші айналмалы бекіткіш; 5- қабылдау шанағы; 6- сығымдаушы қалақ;
Дата добавления: 2014-12-17; Просмотров: 2965; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |